3 Дәріс. Биосфера және оның табиғат пен қоғам өміріндегі ролі.
Биосфера – грекше биос- өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдітердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы дене мағына береді.
Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы XIX және XX ғ.ғ арасындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелдеген орыс ғалымы В.В.Докучаев.
XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламорк болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін « гидросфера», «литосфера» ұғымымен бірге ХХ ғасырдың аяғында австрия ғалымы ұсынады.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процесстері туралы ілімнің негізін салған академик В.И.Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 % -дан 50 %-ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып табылады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құралады. Олар : атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
-
Атмосфера
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 16-сы
|
Атмосфера жер шарын түгелдеп орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейіін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95%) , яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28%), азот (75,50%), яғни 3,8*1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және ионосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.
Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты . Орташа биіктігі 10*12 км-ге жетеді.
Стротосфера – латынша «stratum ion» - төсем, тағы сондай сиякты теңіз деңгеінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.
Ионсфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.
-
Гидросфера
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.
-
Литосфера
Литосфера - жердің қатты қабаты Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғы бозальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосефра қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сытрқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өніп өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 17-сі
|
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000-3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы бисофераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл,жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.
Қосымша сұрақтар:
1.Биосфера туралы жалпы түсінік.
2. Биосфераның негізгі компоненттері.
№4 Дәріс. Жер бетінің негізгі құрылымы-экологиялық салдар.
Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, суға қосылып, одан адам организміне түседі.
Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Онық жер бетінен қалыңдығы 10-18 км қашықтықты қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз.
Көміртегі оксиді () және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді – улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның канындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі,ауа райының өзгеруі, қауіпті циклондар мен
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 18-сі
|
цунамилар,шқлейттену,өрттер, т.б. ) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар, метан, азот оксиді,озон,т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей көмірқышқыл газдарының қызып, жалпы атмофера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90-жылдары -0,035 %-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал.
Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда «топан су» қаупін туғызары сөзсіз.
Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. Осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмңн бәріміздің де білгеніміз жөн.
«Озонның жұқаруы»XIX ғасырдың атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлщері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км² аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұщырап,хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымының мәліметі бойынша сферадағы озонның 1 %-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сиқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 19-сі
|
шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданады. Оның мақсаты – озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қышқыл жауындар – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид ( ) пен азот тотығы ( пен азот қос тотығы ) және азот тетраоксиді ().
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледң. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
Сол сияқты отынды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 % автокөлік , 30 % электростанциялар, 20% өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардар шегеді.
«Смог (улы тұман». Смог ағылшын сөзң. Түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар.
Лондондық тұман типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 20-сы
|
Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873,1882,1891,1948, т.б. жылдары зардап шекті.
Фотохимиялық тұман. Атмосфеа қабатында азот оксидьері, көмірсулар,озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмаышлығ автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұман алғаш рет 190 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң, бұл құбылыс Нью – Йорк, Токио, Сеул, Афин т.б. қалаларда байқалғаны тарихұа мәлім.
Қоымша сұрақтар:
1. Тропосферадағы өзгерістер
2. Экологиялық салдар
№5 Табиғаттағы зат және энергия айналымы.
Экожүйедегі органикалық заттектредің синтезімен ыдырауына сүйенген биогенді элементтердің айналымын заттектердің биоталық айналымы деп аталады. Биогенді элементтерден басқа биоталық айналымға биотаға өте қажетті минералды және әртүрдлік өртеген қосылыстарда тартылады. Сондықтан, тіршілікпентығызбайланысты, негізіненкөміртек, су, азот, фосфор, күкірт және биогенді катлондар сияқты химиялық заттектердің алмасуы циклдерден тұратын биологиялық айналымның бөлігін биогеохимиялық айналым деп аталады.
Көміртегініңайналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы және суда еріген көмірқыщқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу немесе ортаныңжану нәтижесінде көмірқышұыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт ғасырға тең.
Экожүйедегі көмітек айналымына толы жетісандық талдауды 1990 жэколог-ғалымВ.Г.Горлеков жасаған. Оның геологиялық мәліметтерге сүйенген
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 21-сі
|
тұжырымы бойынша биогенді элементтердің мөлшері 100000 жылда 100% өзгеріп отыруы мүмкін екен.
Соңғы жылдары адамның шаруашылық әрекеті, әсіресе құрамында көміртек болатын отын мен ағашты өте көп мөлшердежағу арқылы көміртектің айналымына елеулі әсер етті.
Азот айналымы. Өсімдіктеразоттыыдырағанөліорганикалықзаттаналады, бактерияларақуыздардыңазотынөсімдіктерсіңіреалатынтүргеөткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот фиксациялаушы бактериялар мен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерін бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады.
Оттек айналымы. Отек айналымы фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 230 т .жылына, ал биосферадағы оның жалпы массасыт. Жер бетінде ең көп таралға нэелемент: оның мөлшері атмосферада-23,1(288 мг/л); литосферада – 47,2; гидросферада – 86,9. Гидросферадағы бос оттектің мөлшері орта шамамен 4,5мг/л, осы оттекті су организмдері өздерінің тіршілігне жұмсайды. Ауадғы оттектің мөлшері келмейтіндерге планетаның қайнауындағы пайдалы қазбалар-материал «қара, түсті,асыләрісиреккездесетін,радиаактивтіматериалдар) рудалары, беймметалды қосылыстар (өнеркәсіптіңметаллургиялық,химиялықжәнебасқадасалаларынаарналғаншикізаттар), жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит) энергия сақтағыш көздері (мұнай,газ,көмір) жатады. Құм ресурстарды ңқайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәуірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Қалпына келетін табиғи ресурстар жойылатын – олар қолдану нәтижесінде жойылмай бір түрден екінші түрге айналатын ресурстар, мысалы темір және басқа металдарың рудалары,фосфор,күкірт және басқа да элементтердің қосылыстары.
Қосымша сұрақтар:
1. Биологиялық айналым
2. Геологиялық айналым
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 22-сі
|
№6 Дәріс. Ландшафты қабықша, табиғаттағы ритмикалық құбылыстар.
Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның ластануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлық зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ, суға қосылып, одан адам организміне түседі. Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Онық жер бетінен қалыңдығы 10-18 км қашықтықты қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне және қоршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз. Көміртегі оксиді () және монооксид (СО). Жалпы отын жаққан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді – улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның канындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады.
Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі,ауа райының өзгеруі, қауіпті циклондар мен цунамилар,шқлейттену,өрттер, т.б. ) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар, метан, азот оксиді,озон,т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін ұзын толқынды жылу сәулелерін өткізбей көмірқышқыл газдарының қызып, жалпы атмофера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90-жылдары -0,035 %-ке жетіп, 20%-ке көбейіп отыр. Бұл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30%-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компьютерлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температурасының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мұхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда «топан су» қаупін туғызары сөзсіз.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 23-сі
|
Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін қауіпті проблема. Осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмңн бәріміздің де білгеніміз жөн.
«Озонның жұқаруы»XIX ғасырдың атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлщері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км² аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.
Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұщырап,хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жұқару процесі басталып, космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) ұйымының мәліметі бойынша сферадағы озонның 1 %-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сиқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданады. Оның мақсаты – озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің ғалымдар ұжымы еңбек етуде.
Қышқыл жауындар – атмосфераға байланысты қазіргі кезеңдегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид ( ) пен азот тотығы ( пен азот қос тотығы ) және азот тетраоксиді ().
Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледң. Құрамында қышқыл бар тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп қауіпті зиян келтіре бастайды.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 24-сі
|
Сол сияқты отынды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады.
Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинақталады. Жалпы атмосфераға азот қышқылының 95% көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 % автокөлік , 30 % электростанциялар, 20% өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, одан жауын құрамында жер бетіне түседі. Нәтижесінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардар шегеді.
«Смог (улы тұман». Смог ағылшын сөзң. Түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұманның 2 типі бар.
Лондондық тұман типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873,1882,1891,1948, т.б. жылдары зардап шекті.
Фотохимиялық тұман. Атмосфеа қабатында азот оксидьері, көмірсулар,озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұманнан айырмаышлығ автокөлік моторларынан шығатын газдарды құрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұман алғаш рет 190 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң, бұл құбылыс Нью – Йорк, Токио, Сеул, Афин т.б. қалаларда байқалғаны тарихұа мәлім.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 25-сі
|
Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіладамзат қауымын алаңдатып отыр. Оның зардаптары төмендегі жинақталған кестеде көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі
Химиялық ластану түрлері
|
Табиғи ортаға тигізетін әсері
|
Адамға тигізетін зардабы
|
Ауыр металдар
Қышқыл жауындар
Радиация
Биологиялық,батериялық жолмен ластану
Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар
|
Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар
Көмір қышқылылың көбеюі,оттегінің азаюы
Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы
Биологоиялық қару сыналған жер (Қазақстан Арал теңізінде)
Ракеталардың ұщырылуы, атом қаруларын сынау
|
Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға қысқартады
Адам баласына зияны тиеді,сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді
Адам баласы сәуле ауруына ұшырайды
Адам биологоиялық ластанудан оба,шума,алапес,т.б. ауруларға шалдығады
Озон қабатының жұқаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды
|
Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығ бар. Қысқа толқынды тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиактивті нуклидтер. Міне,осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде аурулар пайда болады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэта, сияқты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам,жануар организмдерінде
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 26-сы
|
ақуыз,фермеш және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ұшырайды, ал аз мөлшерде алса ұзақ уақыт сәуле ауруныа шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі – 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа – 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр – 300-500 рентген мөлшерінде; 4-ші дәрежесі өте ауыр – 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде жүреді: бірінші кезең – сәуленің организмге әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас айналу бас ауру,жүрек айну,құсу,іш өту,терінің бозаруы,қан қысымның секірмелі болуы, естен тануы. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін уақытша аурудың жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни, жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен үш жетіге дейін созылады. Әлсізідік, терлегіштік,тәбетінің төмендеуі,ұйқысының бұзылуы байқалады және қанда өзгеріс боады. Үшінші кезең – өте жоғары мөшерде сәуле алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп,ішіне қан құйылады. Жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт жетіден кейін шаштары түседі, қан құюы бұзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия,іш өту,қанның бұзылуы,т.б.). төртінші кезең – сәуле ауруының жеңіл түрі, бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса,онда адам бірінші кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше айға созылып, қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі байқалады.
Егер тамақ не су арқылы радиактивті заттар адаманың ішкі органдарына түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді немесе 25-30 г балшық суын ішкізеді. Адсорбент радиактивті заттарды қанға өткізбей сіңіріп алады. одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 литр беріп құстырып,асқазаннан қударады. Адам баласы сәулемен қатар әр ттүрлі жарақат алса ішіне қан құйылған жағдайда еш қимыл жасатпай 5 % хлорлы кальций ерітіндіін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле ауруымен
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 27-сі
|
ауырған адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап тұз қосылған су беріп,аз-аздан жиі тамақтандыру керек. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиактивті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немқұрайлылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткзу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр станциялары,мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде апат болғанкезеңде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиактивті шөгінділердің өзі бірнеше мындаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Осы қалдықтар жыл сайын қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.
Радиактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергисы американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам өміріне қауіпті радиактивті шлак тзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа емес. Радиактивті қалдықтарды теңізге, мұхитқа,өзенге тастауға рұқсат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айалған. Жыл сайын мұхит түбіне радиактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық нормаға дейін радиактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 28-сі
|
Адам күнделікті тұрмыста да түрлі тұрмыстық техникалардан, компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы телевизор қараудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.
Атмосфераның озон қабатының жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер бетіне өту қаупін туғызцда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластаушылардан басқа адамда әр түрлі ауру туғызатын биологиялқ ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адам организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі 1500000 жануарлардың 50000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам паразиті болып есептелінеді. Адам паразиттерінің иесінің денесінде тамақ керек боғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер,кенелер,масалар,бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, олардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Оларға безгек аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден бір шарт – адам организмінің әлсіреуі,оынң қорғансыз қалуы.
Қосымша сұрақтар:
1. Табиғи құбылыстардың байқалу белдеулері
2. Қазақстанның ландшафты аймақтары
№7 Дәріс. Әлемдік мұхит белдеулері, экологиялық салдар.
Планетамыздың 3/4 бөлігін (70,8%) алып жатқан Әлемдік мұхит суының салмағы 1,4.1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұның ішінде мұхит суының еншісіне 97%, құрлық суларына 1%, мұздықтарға 2% келеді. Жер планетасындағы барлық теңіздер мен мұхиттардың жиынтығы болып табылатын Әлемдік мұхит планета тіршілігіне үлкен әсер етеді. Мұхиттағы сулардың үлкен массасы планетаның климатын түзіп, атмосфералық жауын-шашын көзі болып табылады. Мұхиттар бүкіл оттегінің жартысынан аса бөлігімен қамтамасыз етіп, атмосферадағы көмір қышқыл газының мөлшерін реттейді. Әлемдік мұхиттың түбінде минералды және органикалық заттардың
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 29-сы
|
үлкен массасы жинақталып, өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мұхиттар мен теңіздерде жүретін геологиялық және геохимиялық процестер бүкіл жер қойнауына қатты әсер етеді.
Әлемдік мұхиттың негізгі байлығы – ондағы биологиялық ресурстар (балықтар, зоопланктон, фитопланктон және басқалары). Мұхиттың биомассасы жануарлардың 150 мың түрін, 10 мың балдырлар түрін біріктіреді. Ондағы тіршілік әлемі – дұрыс және үнемді пайдаланудың арқасында таусылмайтын үлкен азық ресурсы болып та табылады.
Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі рөл мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына тиесілі. Өйткені планета атмосферасына тұсетін оттегінің 70% -ы планктондарға жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепетеңдікті сақтауда үлкен рөл атқаратын болғандықтан, оны қорғау – халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік мұхиттың негізгі ресурсы – су. Оның құрамында уран, калий, бром, магний сияқты 75 химиялық элементтер бар және бүкіл әлем бойынша өндірілетін тұздың 33%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Континенталдық шельфтерде алтын, платина кен орындары орналасып, бағалы тастар кездеседі.
Жағалаудағы шельфтерде мұхит мұнайын барлау және өндіру қарқынды жүруде. Әсіресе, Парсы, Венесуэла, Мексика шығанақтарында, Солтүстік теңіздегі кен орындарында мұнай өндіру жұмыстары қарқынды жүрсе , бүкіл Калифорния, Индонезия жағалауларын, Жерорта және Каспий теңіздерін мұнай платформалары алып жатыр. Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Жалпы су қорының 97,5 % тұзды минералды болып келеді. Теңіз суларын ерітінді деп есептеуге болады, себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың мөошері орта есеппен 35г/кг.
Тұщы сулардың қоры жарпы су қорларының 2,5% құрайды, немесе 35 млн.км3 . Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 г/л аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.км3. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктика мұздарында- 97 %.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 30-сы
|
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.
Табиғи суларды ластайтын компоненттерге биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.: физикалық күйіне байланысты- ерімейтін, коллоидты, еритін, табиғатына қарай- минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.
Минеарлы компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан- жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары, т.б. кіреді.
Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85 % ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км3 таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.
Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантты мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1 мг/м3-ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы200-300мг/м3 жеткенде экологиялық тепе теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқа да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одын әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады.
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 31-сі
|
Судағы мұнайдың көлемі 800 кг/м3жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілік нысаны тегжеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Бұ бірінші кезекте, мұхит балдырларының көмегімен түзілетін оттектің мөлшерін күрт төмендетеді, сөйтіп осы элементтерді әлемдік балансының бұзылуынаәкеп соқтырады.
Мұнай өңдейтін, коксхимия және басқа да өндірістердің ақаба суының құрамына кіретін фенол қосылыстары табиғи суқоймаларына түскенде өсімдіктер мен тірі организмдерде жүретін маңызды биологиялық процестердің жүруін тегжейді, әсіресе балықтардың өсіп өнуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Мысалы, мұнай өнімдерінің мұндағы концентрациясы 16,1 мг/л болғанда ірі балықтарға, 1,2 мг/л- барлық личинкаларына, 1,4 мг/л- бентосқа, 0,1 мг/л- планктонға қолайсыз әсерлерін тигізеді.
Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған аймақтарда орналасқан, олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары, су қоймалрына, атап айтқанда, Каспий теңізіне, Жайық, Ертіс өзендеріне, Бұқтырма су қоймасына, Балқаш көліне және т.б. су объектілеріне тасталып тұрады.Соңғы он жыл ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің, т.б. құрамына кіретін, өндірсітерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсер тигізеді. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігішк еледі, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде, судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сойтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады.
Тұщы су бассейндерінің рН 3,7-4,7 аралығында болса қышқылданған, 6,95-7,3 бейтараптанған, 7,8 үстінде-сілтіленген болып саналады. Тұщы суаттарда рН мағынасы тәулік бойы өзгеріп отырады. Қандай су болса да рН тереңдік деңгейімен байланысты болады. Тұщы сулармен салыстырғанда теңіз сулары сілтілеу келеді, рН мағынасыда аз өзгеріп отырады. Суы тұщы өзен мен көлдерде рН мағынасы 6-7 аралығында болады, көбіне организмдер осы деңгейге бейімделген. Сулардың радиоактивті заттармен ластануы улкен
ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012
|
№3 басылым 03.09.2012ж.
|
59 беттің 32-сі
|
қауіптілік туғызады. Мысалы, тіршілік белгісінің ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 млн.т көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр. Осындай көп мөлшерде қалдықтардың пайда болуына себеп болған уран кейін өңдейтін химия кешені құрамындағы күкірт қышқылы зауыты, химия гидрометаллургия зауыты сияқты кәсіпорындар. Олар өздерінің қалдық сулары мен қоқыстарын ешбір залалсыздандырмастан, табиғи ойпанға ағызып отырған. Куннен кунге көлдегі су деңгейі төмендеп, жағалау ашылып, осы жағдайдың салдарынан құрғаған улы тозаңдар желмен көтеріліп, Ақату қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің, саяжайлардың жер, әуе бассейндерін, теңіз айдынын ластап, адамдар денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатер төндіру қауіпі күшеюде. Қалқыма қатты бөлшектер тұрақты суспензиялардың түзілуіне себебін тигізіп, судың түрі мен мөлдірлігін төмендетіп, судағы өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін тегжейді.
Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадан гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су ресурстары көздерін- Арал мен Балқаш көлдерінің жағадайын келтіруге болады.
Қосымша сұрақтар:
1. Жердің географиялық эволюциясы
2.Қоғам мен табиғи ортаның әсерлесу формалары
№8 Дәріс. Табиғи ресурстар және қорғау мәселесі.
Достарыңызбен бөлісу: |