04214-4-04.01.20.200/03-2012
|
№1 басылым
|
50 беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-14-4.04.01.20.200/03-2012
|
ПОӘК
«Қазақстанның биоресурстары» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы
|
№1 басылым
|
050607 – "Биология" мамандығына арналған
"Қазақстанның биоресурстары"
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР
СЕМЕЙ – 2012
Мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
4. Глоссарий
Абиотикалық фактор – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайы.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаға әсері.
Антрофагенді фактор – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.
Бентос- су қоймаларының түбінде мекендейтін ағзалар жиынтығы.
Биоценоз -бірге тіршілік ететін, бір бірімен байланысқан түрлер
Биогеоценоз- түрлік құрамы, әр түрлі ағзаларда мекен ету ортасы байланысты.
Биосфералық- тіршілік белгілерін қамтитын табиғи жүйелер.
Биолюминесценция - тірі ағзалардың жарыққа шығу қабілеттілігі.
Гелиофиттер - жарық сүйгіш түрлер.
Гидатофиттер -су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі суға батып тұрады.
Гидрофиттер- құрлық су өсімдіктері, суға төменгі бөлігі батып тұрады.
Гигрофиттер- ылғалдылығы жоғары бейімделген құрлық өсімдіктері.
Гидрофилдер- ылғал сүйгіш жануарлар.
Геобионттар- даму циклі топырақта өтетін жануарлар.
Геофилдер - бір бөлігі топырақта тіршілік ететін жануарлар.
Геоксендер- топырақта баспана ретінде пайдаланатын жануаралар.
Гомойтермді- ағзаларға зат алмасуы тұрақты, жылу реттелуі.
Гомеостаз- тірі жүйелердің, популияцияның динамикалық тепе теңдігі.
Детрит - өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзіледі.
Динамикалық тепе -теңдік популияция санының ауытқуы.
Демография - халықтың құрлымын, динамикасы мен көбеюі.
Мезофилдер -орташа ылғалдықта тіршілік ететін жануарлар.
Макроклимат- географиялық орналасу аймағы.
Мезоклимат-орман, егіс даланың, тау беткейлерінің климаты.
Микроклимат -ағзаның деңгейіндегі климаты.
Мезофиттер- қоңыржай, ылғалды жерде өсетін өсімдіктер.
Ксерофиттер- құрғақ жерде өсетін өсімдіктер.
Нектон -су түбімен байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын ағзалар.
Планктон - су ағысының көмегімен өозғалатын ағзалар.
Популияция - бір бірімен өзара тіршілік ететін түрлер.
Зоопланктон - барлық тереңдікте кездеседі.
Суккуленттер-ұлпаларында суды көп жинайтын өсімдіктер.
Склерофиттер- құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Сциофиттер- көлеңке сүйгіш өсімдіктер.
Факультативті гелиофиттер- көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
Фотопериодизм - ырғақтың өзгеруі.
Эфемерлер- өсімдіктердің жоғары түрлерінде кездеседі.
өзгертілетін геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады.
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік.
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді жасау мәселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы.
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының орнын анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек.
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы.
Делеция – мутацияның нәтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы.
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан және тірі денелерден организмнің қорғану әрекеті.
Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға бағытталған организмнің бейімділік жауабы.
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру.
Кариотип – түрге тән хромосома жиынтығы.
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде жасушаның жаңа типін жасау әдісі.
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе ұрпақтар.
Кодон – триплет.
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге әсер етіп, белгінің пайда болуына себеп болады.
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны.
Мейоз – жыныс жасушасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нәтижесінде төрт гаплоидты жасушаның пайда болуы.
Мозаиктер - әртүрлі генотипі бар жасушалардан тұратын организм.
Мутаген – физикалық және химиялық аген мутацияның жиілігін жоғарылатады.
Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын өзгеріс.
Ноненс кодондар – амин қышқылдарының ешқайсысына сәйкес калмейтін трансляцияны тежеуші ролін атқаратын кодондар.
Онкогендер – эукариоттар жасушаларынан залалды ісіктерге өзгерте алатын белоктарды кодтайтын гендер.
Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі өзгерістер жиыны.
Полимерия – бір белгіге әртүрлі, бірақ ұқсас ететін аллельді емес гендердің Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің дамып өсуі.
Плазмидтер – хромосомамен байланыссыз дербес өмір сүретін сақина тәріздес өзара әрекеттесуінің түрі.
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының өсуі.
Профаг – бактериялық жасушаға тұқым қуу материалы қосылған фаг.
Рестриктазалар – ДНҚ-ны кесетін фермент.
РНҚ- полимеразалар – ДНҚ үлгісімен РНҚ синтездейтін ферменттер.
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің, бактериялардың және вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы.
Транспозон – геномда өз орнын ауыстыра беретін ДНҚ фрагменті.
Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы
Шағылыстыру – белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін жұптау.
Эволюция – тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.
1.Дәрістер
Тақырып.1.Ресурстану ботаниканың құрамдас бөлігі.
Ресурстың түрлері. Оның өзектілігі. Қазақстан биоресурстарының маңызы.
Ресурстану ботаникалық ғылымының жас бөлімі.Қазақстанның флорасы мен өсімдіктері бірлестіктері бойынша Қазақстан территориясында өсімдіктер ресурсы анықталған. Қазақстанда өсімдіктер ресурсы бойынша зерттеулер бастамасын П.С. Массагетов бастаған1921 жылы Қазақстандық өсәмдәктердің дәрілік және улылық қасиеттеріне байланысты Жетісу арқылы Алтайдан Өзбекстанға саяхат жасаған.
Биосферадағы ресурстар 3 топқа бөлінеді.Ол қайталанбайтын, қайталанатын және таусылмайтын ресурстар. Қайталанатын ресурстарға топырақ, өсімдік, жануарлар және де су қоймалары жатады.Осылардың ішіндегі өсімдіктер дүниесімен жануаралар дүниесі биосфераның тірі ресурстары деп атайды.Өсімдіктер дүниесі. Дүние жүзінде 300 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдік түрлері кездеседі.Олардың адамдар мен биосфера үшін маңызы зор.Өсімдіктер топырақтың құнарлығын арттыруға, қара шірікті көбейтуге қатысады.Ауадағы көмір қышқыл газдан фотосинтез арқылы көміртекті алып, ауаға оттек бөлінеді.Теңіз суларындағы газдың құрамы да өсімдіктермен байланысты болады.өзгеруіне де байланысты болады. Соынмен Біздің елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көніл аударылып отыр.Шөлдің сұр қоңыр және құмды топырақтарына эфемерлік сораңды өсімдіктер жабыны тән. Шөлдің барлық өсімдіктері суды топырақтың ең терең қабаттарынан сіңіруге және аз буландыруға бейімделген. Тамырлары өте ұзын, жапырақтары өте ұсақ , тікен тәрізді. Ағаштары өте сирек , тек аздап сексеуіл кездеседі. Қысқа көктем маусымында эфемерлер мен эфемероидтар өзінің дамуын толық аяқтайды. Жартылай бұталардан жусан, сораң таралған. Тау етегінің өсімдік жабыны жусандардың эфемерлер мен эфемероидтары таралған.
Жануаралар ресурстары Сүтқоректілердің ең көп тарағаны қолқанаттылар отряды.Оларға жарғанаттылар жатады. Оңтүстік Қазақстан обылысының терр. Кемірушілер отряды кең тараған. Бұл суырлар, саршұнақтар, сұр тышқандар. Су ресурстары оңтүстік Қазақстан терр. біркелкі таралмаған.Өзендер жүйесі таулы аудандарда таралған. Оңтүстік Қазақстан обылысында жер асты суларының кен орны бар. Өзен аңғарларындағы жер асты сулары бар.Топырақ ресурстары сұр топырақпен жабылған. Жер биіктеген сайын топырақтың түрі өзгереді.
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық бұрынғы КСРО Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67-статьясында: «СССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» — делінген.
1. Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қолға алынып, В.И. Лениннің қолы қойылған бірқатар Декреттер қабылданғаны белгілі. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі казіргі жағдайда табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берген-ді. Оның айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде нақтылы жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980 жылы КСРО Жоғарғы Советінің үшінші сессиясында «Атмосфералық ауаны корғау туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» Заңдардың қабылдануы — кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының белгісі.
2. Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей іспеттес. Сондықтан да табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына халық тарихына, оның аңыз - әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз қаласының маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Қөрпеш пен Баян-Сұлу бейіті және тағы басқалар.
Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп - мөлдір 38 мыңнан астам көлдер мен су қоймаларын, 11 мын өзенді, 21,6 миллион гектар жасыл жапырақты ну орманды, өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің 158 түрін атауға болады.
Қазақстанда сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары, Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты атанған, тау - тасына дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз. Бірақ табиғаттын бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, онын өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып - жандануы аялы алақан қамкорлығын күтеді. Ғылым мен техниканың шарыктап өсуі, ауыр индуетрияның және алып құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын калпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың рөлін айтып жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты — қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық — Ақсу - Жабағьшы , Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Маркакөл т. б. бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан босатылған.
Қорықтардың ережесіне сәйкес қорық жерінде мал жаюға, шөп шабуға, ормандарына кіріп ағаш кесуге, дәрі-дәрмектік шөптер жинауға, жеміс-жидек, өсімдік тұқымдарын дайындауға, балық аулауға, аңшылық құруға, су қоймаларын шаруашылыққа пайдалануға, пайдалы қазбаларды өңдіруге, жер қопару және басқа да шаруашылық жұмыстарын жүргізуге үзілді-кесідді тиым салынған.НАУРЫЗЫМ
«Табиғат лабораториясы» атанған қорықтардың ішінде тұқым қуалаушылық ұрпақтар жалғасында организмдердің ұқсастығын ғана емес, сондай-ақ преформацияланған болар еді. Тұқым қуалаупшлықтың жай-жапсарын ұғу үшін пангенез теориясын ХІХ ға1сырда көптеген басқа да атақты ғалымдар, тіпті Ч.Дарвиннің өзі қолдады. Ч. Дарвиннің "уақытша пангенез гипотезасы" бойынша ұрпақтың белгілері, оның ата-анасының әр турлі денелерінен шығып, жыныс клеткаларға келіп түскен дискретті тұқым куалайтын элемент - гемулла арқылы анықталады. Сонымен генетика ғылым ретінде 1900 ж. пайда болды, ал оның негізін 1865 ж. Г.Меңдель салды. Бұл екі арада генетика үшін маңызы зор клетканың бөліну зандылықгары және оның материалдық заттары ашылды. 1874 ж. орыс ғалымы ИД.Чистяков клетканың бөлінуін, 1882 ж. Флеминг хромосомаларды ашты.Э.Ван-Бенеден 1883 ж. аскариданың ұрықтану процесін зерттей отырып, жыныс клеткаларындағы хромосомалардың саны екі есе аз болатынын көрсетті, ал 1887 ж. Т.Бове
50% рцессивті (аа), яғни генотипі де фенотипі де 1:1 қатынасымен ажырасады. Бұны анализдік будандастыру деп атайды.
Тақырып 5. Ресурстану әдістері. Дәрілік өсімдіктер қорын анықтау
Дәрілік өсімдіктер түрлері. Қолданбалы және теориялық әдістер.
«Дәрілік» өсімдіктер адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.Халық медицинасы арқы-лы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.
Кейінгі жылдары ғалым-дар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот (алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық және далалық практика кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пай- да жоқ. Қызғылт семізот - тан жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса, ол кейбір адамдардың қан қы-сымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері «алтын тамыр» және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайда-ланып келді. Халық меди-цинасында пайдаланылға-ны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі. Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.И.Потанин император географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Монғолияның солтүстік батысына саяхат жасаған.
Тақырып 6. ТМД елдеріндегі өсімдіктердің табиғи ресурстары және оларды тиімді пайдалану .
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық бұрынғы КСРО Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67-статьясында: «СССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» — делінген.
1. Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қолға алынып, В.И. Лениннің қолы қойылған бірқатар Декреттер қабылданғаны белгілі. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі казіргі жағдайда табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берген-ді. Оның айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде нақтылы жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980 жылы КСРО Жоғарғы Советінің үшінші сессиясында «Атмосфералық ауаны корғау туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» Заңдардың қабылдануы — кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының белгісі.
2. Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей іспеттес. Сондықтан да табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына халық тарихына, оның аңыз - әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз қаласының маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Қөрпеш пен Баян-Сұлу бейіті және тағы басқалар.
Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп - мөлдір 38 мыңнан астам көлдер мен су қоймаларын, 11 мын өзенді, 21,6 миллион гектар жасыл жапырақты ну орманды, өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің 158 түрін атауға болады.
Қазақстанда сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары, Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты атанған, тау - тасына дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз. Бірақ табиғаттын бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, онын өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып - жандануы аялы алақан қамкорлығын күтеді. Ғылым мен техниканың шарыктап өсуі, ауыр индуетрияның және алып құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын калпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың рөлін айтып жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты — қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық — Ақсу - Жабағьшы , Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Маркакөл т. б. бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.
Тақырып 7. Қазақстанды ресурстық тұрғыдан аудандастыру.
Сұрақтар:
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерстерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.Кез-келген мемлееттң ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуы қамтамасыз етуі тиіс:
-
Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі.
-
Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Тапбиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Мұндай аудандардың мынадай түрлері бар: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғаттағы қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық аудандар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық (Калахари) резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (анада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоббий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда 2 ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түр себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты реакциялық қамтамасыз ету.Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді:
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың га. Бес өсімдік белдеулеріне 1000-нан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрл Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Мұндай аудандардың мынадай түрлері бар: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғаттағы қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық аудандар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық (Калахари) резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (анада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоббий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.
Қазақстанда 2 ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түр себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.
Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты реакциялық қамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |