ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «сяси психология»



Дата11.07.2016
өлшемі159.47 Kb.
#192663


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.33/02-2013



«Саяси психология» пәнінен студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№1 басылым 18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«СЯСИ ПСИХОЛОГИЯ»

«5В050300» – «Психология» мамандығына арналған




СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013

(a)

Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы А. Коңырова

“__13__” _____09_____ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ



    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №__1____ «_13_»___09_____ 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Т. Кунслямова
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №__1____ «_17_»____09____ 2013 жыл


ОӘБ төрағасы_________ Ш. Кенесбаева

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №__1___ «_18_»____09____ 2013 жыл


ОӘК төрағасы_________ Г. Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ №1 басылым 18.09.2013 ж.

Мазмұны
1 Жалпы талаптар

2 Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі



  1. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы

  2. Курс форматы

  3. Курс саясаты

  4. Баға қою саясаты

  5. Әдебиеттер



  1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР




    1. Оқытушы және пән жайлы жалпы мағлұматтар

Қоңырова Арай Абдыхановна, аға оқытушы, психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі

«Психология» кафедрасы

Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89, №1 оқу корпусы, кабинет № 1212

Сабақтың өткізілу орны- аудитория №1209

Берілген пән бойынша кредиттер саны-2


    1. Пәннің қысқаша мазмұны

Саяси психология – ол «Психология» мамандығы бойынша білім беру стандартында белгіленген, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған маңызды психология саласының бірі.

Саяси психология психологиялық бөлімінде оқитын үшінші курс студентеріне арналған. Бұл курс бойынша студенттер жеке тұлғаның, сонымен қатар әлеуметтік топтардың саяси психологиялық ерекшеліктерімен танысады.



    1. Пәннің мақсаты

Студенттердің қазіргі замандағы саяси психология жөніндегі білімдердің маңызы мен рөлін саналы ұғынуы, таңдаған шеңберінде, кәсіби қалыптасуындағы мәнісін түсінуі болып табылады. Сондай-ақ, аталмыш курсты оқып-үйрену студенттерде көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, саяси мінез-құлық пен саяси мәдениет дағдыларының қалыптасыуна әсер етеді.

1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:

– Саяси психологияның өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі,пәні,негізгі ұғымдары мен әдіснамалық ұстанымдарын анықтау;

– Саяси психологияның тарихи даму жолын талдау;саяси психология бойынша студенттердің білімдерінің деңгейін көтеру;

– Қазіргі саяси психологияның негізгі тұжырымдамаларын оқып-үйрету негізінде студенттердің білімдерін жүйелеу.

- Саясат феномені, саяси жүйенің психологиялық аспектісі мен проблемаларын теориялық және эмпирикалық зерттеу;

- Саяси сана, саяси мінез-құлық, саяси мәдениеттің динамикасын зерттеуде психологиялық ғылымдар тұрғысынан келуге үйрету;

- Студенттердің саяси психология мәселелері жайлы білімдерін өзінің кәсіби іс-әрекеті мен қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік практикасында табысты қолдануға ынталандыру.


    1. Оқып-зерттеу нәтижесінде студент:

- Қазіргі саяси психологияның теориялық және әдістемелік аппаратын білу;

- Қазіргі саяси психологияның мәселелерін анықтаудағы негізгі бағыттар мен тұрғыларды білу:

- қазіргі саяси қатынастардың даму ерекшеліктері білу;

- халықтардың саяси мәдениеті, саяси мінез-құлқы, саяси санасы, саяси көшбасшыларының психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеуді және талдауды жүргізу ебедейлігі;

- саяси мәдениеттің дағдыларын жетілдіруге әсер ететін практикалық ұсыныстарды жасай білуген үйрету;

- Саяси сана, саяси мінез-құлық, саяси мәдениеттің динамикасын болжау мен мониторинг жасудың дағдыларына үйрету;



    1. Курс пререквизиттері:

- жалпы психология; әлеуметтік психология;

- саясаттану, социология, философия, мәдениеттану. психология тарихы, Қазақстан тарихы



1.7 Курстың постреквизиті:

- этнопсихология

- дін психологиясы

- әсер ету психологиясы

- кикілжің психологиясы және оларды реттеу

5 Студенттерге арналған пән бойынша жұмыс бағдарламасы

Кесте 2





Тақырыптар

Мазмұны

Сағаттар саны

Д

СПС

ЗС

СӨЖО

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Саясат психологиялық феномен ретінде

Саяси психологияның психологиялық және саяси негіздері. Оның пәні мен міндеттері. Зерттеу объектілері, принциптер.

1

1

1,5

4,5




2

Саяси психологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, детерминанттары

Саяси процестер. Саяси психологияның методологиялық және логикалық аппараты ретінде. Саяси сана, саяси мәдениет, саяси психика. Саяси процестердегі психологиялық феномендер –биосаясат, вайленсология.

1

1

1,5

4,5




3

Саяси психологияның негізгі тарихи кезеңдері.

Аристотель, Платон, Макиавелли, Руссо, Гобс, Смит, Гегельдің саяси –психологиялық идеялары. Батыс саяси психологиясының бастауы.АҚШ-тағы «мінез-құлықтық қозғалыстарың»дамуы ХХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі саяси идеялар.Саяси психологиягның жеке элементтерінің қазақ ақын-жыраулары ой-толғауларында көрініс табуы.Мемлекеттің саяси құрылысы жайлы қазақ хандары мен билерінің көзқарастары(Қасым хан, Тәуке хан,Төле би,Абылай хан және т.б) Саяси психологияның қазіргі жағдайы мен келешегі.

2

2

3

9




4

Жеке тұлғаның саяси психологиясы.

Саяси әлеуметтену мәселелері. Азаматтық позициялар. Саяси сана мен саяси ойлаудың генезисі (Ж.Пиаже, ДЖ.Адельсон). Саяси белсенділіктің психологиялық концепциялары. Азаматтардың саяси өмірге қатынасу немесе қатынаспауларының негізгі мотивтері.

1

1

1,5

4,5




5

Лидерліктің саяси психологиясы.

Саяси лидерліктің негізгі теориялары. (Б.Д.Парыгин, Э.Хартли, К.Шатл)Лидерліктің типтері мен жалпы типологиясы (Г.Лассуэль, Д.Рисман, Д.М.Бернс типологиялары). Билік психологиясыЛидерлік феноменді қазіргі қалыпта түсіндіру.

1

1

1,5

4,5




6

Саяси зорлық-зомбылық психологиясы.

Саяси психологиядағы диктатура ұғымы және түрлері. Тоталитаризм құбылысы. Қарсылық наразылық көрсету, көтеріліс адамның келіспеушліік реакциясы ретінде.Зорлық – зомбылықтың психологиялық мәні оның түрлері. Еркіндік психологиясы. Белсенділік пен плюрализм еркіндіктің парадигмалары ретінде.

2

2

3

9




7

Саяси мәдениет психологиясы

Саяси сана динамикасы. Саяси сананың психологиялық детерминанты.Авторитарлық жүйе.Саяси мінез-құлық психологиясы.Саси мәдениеттің негізгі психологиялық үлгісі.Макроәлеуметтік және саяси жүйенің саяси міне-құлық мәдениетіне әсері.Саяси мәденитетің қалыптасуындағы мотивтердің рөлі.

1

1

1,5

4,5




8

Саясаттағы кіші топардың психологиясы.

Топ саясат субъектісі ретінде. Кіші топтардың типтері мен типологиясы. Саясаттағы шағын топтардың қалыптасу кезеңдері, олардың дамудың әр түрлі деңгейлері мен сатыларындағы негізгі сипаттамалары. Саяси әрекеттестік жағдайындағы топтық қысым, ұйымшылдық және интоптық фаворитизм.Лидер және топ.

1

1

1,5

4,5




9

Саяси психологиядағы ұлттық-этникалық топтар мәселесі.

Ұлттық-этникалық топтардың негізгі түрлері. Оның негізгі құрылымдары: ұлттық мінез, ұлттық сана. Эгоцентризмнің саяси-псих.-лық негізі.

2

2

3

9




10

Саясаттағы масса психологиясы.

Масса және массалық сана. Г.Тард, Г.Лебон, З.Фрейд,Т. Адорно еңбектеріндегі «бұқаралық адам психологиясы».Негізгі түрлері. Тобыр, бұқара, публика. Мазмұны және қасиеттері. Индивид және массалық әрекет-қылық.

1

1

1,5

4,5




11

Саяси психологияның қолданбалы проблемалары.

Саяси-психологиялық білімдерді қолданудың негізгі сфералары және негізгі компоненттері. Психологтың саясат саласындағы қызметінің негізі бағыттары

2

2

3

9













15

15

22,5

67,5






3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Саяси психология» пәні бойынша 15 сағат дәріс және 15 сағат практикалық сабақтар жоспарланған. Пән мазмұны болашақ психологтарды таңдаған мамандықтарының қыр-сырларымен, кәсіби іс-әрекеті бағыттарымен таныстырады.

Дәріс, семинар сабақтарында студенттер конспектілеу жұмысымен айналысып, негізгі ойлар мен термин сөздерді жазып отырады. Соңынан оны талдау жұмысымен айналысады.

СӨЖ, СОӨЖ жұмыстары шығармашылық тапсырмалар ретінде түрлі формаларда орындалуы мүмкін. Солардың ішінде кең түрде кездесетіні-реферат.



Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
4 КУРС ФОРМАТЫ

Берілген тақырыпты конспектілеу, талдау

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну;

  2. Әр тақырып бойынша 5-7 негізгі түсініктерді білу.

  3. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу;

  4. СӨЖ, СОӨЖ жұмыстарын жазуда міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет;

  5. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс;

  6. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


5 КУРС САЯСАТЫ

Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Сабаққа кешікпеу.

  2. Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу.

  3. Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау.

  4. Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу.

  5. СОӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Аптасына және бақылау түрлері бойынша ұпайлардың қойылуы төмендегі кестеде көрсетілген.



«Саяси психология» пәні бойынша ұпайлардың есептелу үлгісі

Кесте 3

Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4

1

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

5




2

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

20




3

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

25




4

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

30




5

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

35




6

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

45




7

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

50







1-7 апта бойы барлық аудиториялық сабақтар түрлеріне қатысу

30







Рубеждік бақылау-1

60




1-7 апталар бойынша оқыту нәтижелерінің жиынтық ұпайы

300




8

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

5




9

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

20




10

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

20




11

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

25




12

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

30




13

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

30




14

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

35




15

Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ

45







8-15-ші апта бойы барл Практикалық сабақ, СӨЖ,СОӨЖ ық аудиториялық сабақтар түрлеріне қатысу

30







Рубеждік бақылау-2

60




8-15 апталар бойынша оқыту нәтижелерінің жиынтық ұпайы

300




Емтиханға берілетін барлық ұпай

400




Академиялық кезең бойынша барлық ұпайлар

1000





8. Әдебиеттер

        1. 8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1 Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений, - М.: МГУ, 1994

8.1.2 Ольшанский Д. В. Основы политической психологии. – Екатеринбург Деловая книга, 2001

8.1.3 Гозман Л.Я., Шестопал Е.Б. Политическая психология. Ростов-на-Дону: Феникс, 1996

8.1.4 Дилигенский Г.Г. Социально-политическая психология. – М.: Новая школа, 1996

8.1.5 Крамник В.В. Социально-психологический механизм политической власти.- Л.:ЛГУ, 1991

8.1.6 Юрьев А.И. Введение в политическую психологию. – СПб.: СПбГУ, 1992

Майрес Д. Социальная психология. /пер. с англ. – СПб.: Питер Ком,1999

8.1.7 Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности./ пер. с англ. – Мн, 1999


8.2 Қосымша әдебиеттер тізімі:

8.2.1 Ольшанский Д.В. Политическая психология // Психологический журнал. – 1992. – №2.

8.2 2 Политология: Энциклопедический словарь. – М, 1993.

8.2.3 Шестопал Е.Б. Психология политики. – М., 1989.

8.2.4 Handbook of political psychology. / Knutson J. (ed.) – San Francisco, 1973

8.2.5 Political psychology: contemporary problems and issues. – San Francisco, 1986






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет