Өзендегі су ағысының жылдамдығы 4 м/с. Қайық суға қатысты 3 м/с жылдамдықпен ағысқа перпендикуляр бағытта қозғалады. Қайық қозғалысының жағаға қатысты жылдамдығын анықтаңдар.
Автобус орнынан қозғалған сәтте – ақ 1,5 м/с2 тұрақты үдеуге ие болады. Ол қанша уақыттан кейін 54 км/сағ жылдамдық алады?
36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4 с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
Жүк мәшинесі тұрақты үдеумен жүріп келе жатып, жолдың бір бөлігінде өзінің жылдамдығын 15 м/с – тан 25 м/с – қа дейін арттырады. Егер жүк мәшинесі 1,6 м/с2 үдеумен қозғалса, жылдамдықтың осы артуына қанша уақыт кеткен болар еді?
Велосипедші 0,8 м/с2 тұрақты үдеумен таудан түсіп келеді. Егер оның бастапқы жылдамдығы 2,0 м/с болса, онда 10 с – тан кейін велосипедшінің жылдамдығы қандай болады?
Физиканың эксперименттік және теориялық әдістері. Физика – тәжірибеге сүйенетін ғылым; ол қолданатын негізгі мәліметтер мен физиктер жасайтын қорытындылар эксперимент нәтижесінде тәжірибеден алынады. Алайда, негізінен математиканың құралдары мен әдістеріне сүйене отырып жасалатын теориялық талдаусыз белгісіз заңдылықтарды түптеп зерттеу мүмкін болмаған еді. Физикалық заңдар. Барлық құбылыстар мен үрдістер өзара белгілі бір себеп-салдарлық байланыста болады. Бақылаулар мен тәжірибелер негізінде оқымыстылар әртүрлі шамалардың өзгерулері арасындағы заңды және белгілі бір себептік өзара байланыстарды анықтайды. Физикалық шамалар және оларды өлшеу. Физикалық шамалар өзгерістерін қашанда өлшеулер арқылы, сандық жолмен анықтауды қажет ететін дене қасиеттері мен үрдіс сипаттамаларын ашып береді, яғни берілген шаманы бір бірлікке баланған тура сол тектес белгілі бір шамамен салыстыру арқылы анықтайды.
Физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Негізгі және туынды бірліктер. Физикалық шаманың өлшемділігі. Негізгі бірліктерді таңдау. Негізгі бірліктердің саны. Бірліктер жүйесін таңдаудың шарттылығы. Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ). Уақыт бірлігі – секунд. Ұзындық бірлігі – метр. Масса бірлігі – килограмм. Ондық еселік және үлестік бірліктер. Материя қозғалысының формалары әртүрлі: механикалық, электромагниттік, жылулық, және басқалары. Материя қозғалысының ең қарапайым түрі болып қозғалыстың механикалық формасы саналады: әртүрлі денелердің бір біріне салыстырмалы түрде орын ауыстыруы және дене формасының өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |