Тақырыбы: «Табиғат тіршілігі құстар»
Мақсаты:Білімділік:Балаларды «адамға құстар не береді?», «құстарсыз
адам не болар еді?» деген сұрақтарға ойландыру.
Табиғат жайлы түсінігін тереңдету , жалпы
құстардың пайдасы.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Өз
Бетімен,жұмыс істеуге машықтандыру.Жауапкершілік
сезімін ояту.
Тәрбиелік: Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға
үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: , ойын.
Көрнекілігі:Қабырға газеттер, буклеттер, құстардың суреттері, т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг, сыныптағы ынтымақтастықты қалыптастыру .
Шаттық шеңберді құру:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иеліп сәлем береміз,
Біз әдепті боламыз.
Балалар бір-біріне көктем туралы тілек айтып, соңында сабақтың тақырыбын ашып береді. " Табиғат тіршілігі құстар "
2. Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі жаңа сабағымызда құстар туралы айтпақпыз. Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 507 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор.
-
Жыртқыш құстар
|
|
Қыстайтын құстар
|
-
Табиғат – біздің байлығымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.
Көктем келді шуақты күндерімен,
Көктем келді арайлы таңдарымен.
Көктем қандай тамаша керемет қой
Құстар келіп, ағаштар бүршіктеген.
Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің
Үйшік жасап берейін.
Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Құс сұлуы - аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді көл көркі,
Құс патшасы мен болам.
Құстар туралы мақал – мәтелдер:
1.Жаралы құсқа тас атпа.
2.Қойнына кірген құсты мерген де атпайды.
3.Баға білсең –құс та бағлан.
4. Құс терісіне қарай сұлу,
Адам ісіне қарай сұлу.
Сергіту сәті.
Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
Тақтаға құстардың сүреттерін ілу және олардың аттарын табу.
Құстар туралы жаңылтпаш.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Ойын: «Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын ойын.
Құстар қалай дауыстайды?» дидактикалық ойын.
Қарға------ қарқылдайды
Сауысқан----- шақылдайды
Шымшық------ шиқылдайды
Тоқылдақ --------тоқылдайды
Құр ----------- құрқылдайды
Қарға- қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс.Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
Тоқылдақ- Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс.Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Өзге құстарға жемін табуға көмектеседі.
Қарлығаш -Адам досы.Қарлығаш жыл құсы.Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады. Төсі ақ, құйрығы айыр.
Аққу -Достықтың, махабаттың белгісі. Табиғаттың көркі. Құстың сұлуы, оны атуға болмайды.
Бүркіт-Құс бегілер аң аулауға бүркітті алып шығады. Бүркіт-қыран құс.
Қорытындылау. Сұрақтар:1. Құстар туралы не білесіңдер?
2. Құстар нені қорғайды?
3. Ағаштар не үшін керек?
4.Үй құстарын атаңдар?
5. Құстар қай мезгілде келеді?
6. Ќай мезгілде ұшып кетеді?
7.Құстардың қандай пайдасы бар?
Үйге тапсырма:Құстардың суретін салып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |