Петров Григорий АҚ лала гүлдер өлкесі



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата11.03.2024
өлшемі349.33 Kb.
#494934
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
pdf Finlyandia a 1179 lalag 1199 lder mekeni Grigoriy Petrov



Петров Григорий
АҚ ЛАЛА ГҮЛДЕР ӨЛКЕСІ
Қазақ тіліне тәржімалаған:
Әлия Ибрагимова
Алматы 2017
1


ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
П 29
Қазақ тіліне тәржімалаған:
Әлия Ибрагимова
Петров Григорий
П 29 Ақ лала гүлдер өлкесі. – Алматы, 2017. – 112 бет.
ISBN 978-601-06-4099-3
«Ақ лала гүлдер өлкесі» кітабы – Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды
жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз
мемлекетінің даму жолында табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін осы жолда
қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Осы тұрғыдан алғанда,
бұл кітап – күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне
жақыннан үңілуге мүмкіндік беретін таптырмас туынды.
Еңбек барша оқырман қауымға арналады.
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.04
ISBN 978-601-06-4099-3
Білімді дамыту мен зерттеу ассоциациясы, 2017
2


АЛҒЫ СӨЗ
Неге біз бұл кітаптың аудармасын Қазақстанда шығарамыз деп шештік? Неліктен
біз бұл салада қызмет істеп келеміз? Неліктен мыңдаған ұстаздар күнде тұрып
мектепке, оқу орталықтарына, жоғарғы оқу орындарына барады?
Абай өзінің қара сөздерінде отансүйгіштікке қатысты жеңіл әрі ауқымды
анықтама берді. Отансүйгіштік Абай атамыздың ойынша – Отанға қызмет еткен адам,
ал Отан дегеніміз – ең әуелі халық.
Біз білім саласында қызмет істеп келеміз және де бізді халықтың жақсы өмір сүру
жолында жігер қайратының қаншалықты мықты екенін көруге болатын мысалдар
шабыттандырады.
Біздің халық, біздің отандастарымыз оқуға, сапалы білім алуға, өз өмір салтын
жақсартуға талпынады, бірақ бұл талпыныс тек өзінің отбасы, өзінің қоршаған ортасы,
өзінің жетістігі мен ғана шектеліп қалады.
Бұл кітап ой-өрісіңізді, игілікке деген құштарлығыңызды кеңейте түседі. «Ақ лала
гүлдер өлкесі» кітабы білімді азаматтардың жақсылыққа деген құштарлығы, бүкіл
халықтың жақсылықта болуына жұмсалғанын суреттейді. Мінеки енді қазіргі таңда,
200 жылдан кейін Финляндия – білім саласында ең озық елдердің қатарында. 
Бізде өз тарапымыздан, мақтан тұтатындай, айқын әрі жетістікке толы
болашағымызды құру үшін, өз елімізді сүйіп, өз балаларымызды жақсы көріп және де
әрқайсымыз өз тарапымыздан күш салысуға міндеттіміз.
Бұл кітап – шабыттану, қызықты әрі пайдалы ой – пікірлерге толы талап, тілек. Біз
бұл кітапты, білім бер мен ағарту, Абай атамыз айтқандай расында да «жүректің
шамшырағы» екеніне сенетін пікірлестерімізбен бөліспекшіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет