Султанова Ақмарал Хамидоллақызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы



Дата05.07.2016
өлшемі66.08 Kb.
#179223
Султанова Ақмарал Хамидоллақызы

БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы

«Ақбота» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету

Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың да рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.


Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Ата – аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез – құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым – қатынасы қалыптасады. «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас өспірімдердің жан - жақты даму негіздері – мектепке дейінгі мекемеден бастау алады.
«Зерек бала» бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4 - 5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дүкен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады. Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады. Ойын түрлері:


Дидактикалық ойыны
Шығармашылық ойыны
Сюжеттік рөлдік ойыны
Қимылды ойындар
Ұлттық ойындар
Педагогикалық ойындар
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойыны Үстел үсті ойыны Сөздік ойыны
«Дәл осындайды тауып ал»
«Салыстыр да, атын ата»
«Қай ағаштың жапырағы»
«Бірдей ойыншықты тап»
«Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр» «Қандай затқа ұқсайды?»
«Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш»
«Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап»
«4 - ші не артық?» «Есіңде сақта» «Сөз ойла»
«Сөз құра»
«Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман» «Жалғастыр»
«Үш сөз ата»
Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.
Балаларды ойын арқылы санай білуге үйрету мынадай топтарға бөлінеді:
• Сан және санау
• Көлем.
• Пішін.
• Уақытты бағдарлау.
• Кеңістікті бағдарлау.
«Сан және санау» көлемінде балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді.
«Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқа» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал «Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс - әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды
(таңертең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс - әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.
«Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді, оның жоғары және төменгі оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
«Пішін» бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру.
4 – 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Сонымен қатар балаларға тағы бір ойын түрі саусақ ойының ойнатуға болады.Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Баламен оқу іс - әрекетін өткізу алдында алдын – ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалаптасуына, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады, кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше. Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады» Ойын баланың тек  тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі  бола алады.

Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды.

Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн.

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.




Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
2. Журнал «Балабақша» 2009 жыл
3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл 4.Ядышко В.И., Сохин Ф.А.  Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп», 1982.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет