Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus
Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco). Сипаттамасы: сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчаркаға ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.
Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырдың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Басүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады. Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.
Қасқыр
Құйрығы үлкен, серпімділік буынына дейін түседі. Қыста жүні сәнді, ал шөлді қасқырдың жүні қатты болады. Жыл мезгіліне байланысты жүнінің түсінде айырмашылық байқалмайды. Шөл қасқырының бас сүйегі ірі және көлемді. Бет жағы мықты тістерінің орналасуына байланысты ұзыншақ, миы үлкен емес. Тістері өте күшті, жыртқыш тістері үлкен, тістері аса ұзын емес, бірақ негізі жалпақ келеді. Апанын адам аз жерлерде борсықтың, түлкінің інін кеңітіп (1-2 м), таудың беткейінде, жыраларда кездеседі. Таралуы. Қасқыр еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. ТМД-да барлық жерлерде кездеседі. Қасқыр көбінесе ірі және орташа көлемді жемтіктермен, үй жануарларымен қоректенеді. Қазақстан территориясында қасқыр барлық жерінде кездеседі, бірақ біркелкі емес. Бұл жыртқыштар сулы және қорек бар жерде ғана жүреді. Қасқырлар өзінің ареалында санын өздері ретейді. Бұл табиғат санитар, себебі кез келген жыртқыш сияқты біріншіден, ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптаудың маңызды факторы болып табылады. Қабан, құлан, елік қасқырдың негізгі жемтігі болып табылады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Жаз мезгілінде қасқыр өзін және бөлтірігін саршұнақпен, сұртышқанмен асырайды, ал қыста үй жануарларына шабады. Көбеюі және өсу шегі. Ересек қаншық қасқырдың күйлеуі шағылысуға дейін 1 ай бұрын бастайды (2-ден 6 апта). Кейбір аналықтар наурыз айының бірінші жартысында шағылыса алады. Жас аналықтар жорыққа 22 айында шығады және шағылысу ересек аналықтарға қарағанда 7-14 күн кешігеді. Қасқырдың иттермен шағылысу жағдайлары да кездеседі. Қасқырлар өзара шағлысады: ата-ана х бала, бауыр х қарындас. Жануарлар бірін-бірі иіскеп, мұрындарымен бір-бірін итеріп, тістерімен терісін тістейді. Қаншық қасқырдың жүктілігі 62-63 күн шамасында. Аналықтар 22 айында жыныстық жетіледі. Халықшаруашылығындағы маңызы. Адамдардың жыртқыштарға деген көз қарасы теріс. Қасқыр мал шаруашылығына көп теріс әсерін тигізеді, жыл бойына малға шабады. Қасқырды қазіргі кезде жүн алу мақсатында көп пайдаланбайды, бірақ қасқыр жүнінің тауарлық бағасы жоғары. Бұдан жасалған бұйымдардың өткен уақыттарда маңызыз зор болатын. Қазіргі уақытта қасқыр терісі көне заманның бұйымы ретінде қабылданады және унты, тұлұп т.б. тігуде таптырмас материал болып табылады. Қорқау қасқыр-Canis auerus Linnaeus.
Систематикасы (жүйеленуі): қазіргі уақытта қорқау қасқырдың 4 түрі эфиопиялық (C.simensis Ruppel), жолақты (C.adustus Sundevall), чепрачный (C.mesomelas Schreber) және қорқау (Canis auerus Linnaeus). Бірінші 3 түрі Африкада мекендейді, соңғысы Африкада, Еуропада және Азияды. ТМД территориясында 1 түрі-қорқау қасқырдың 2 түр тармағы кездеседі. Бұлардан Қазақстанда қорқау қасқыр таралған. Сипаттамасы: Қорқау қасқыр — ірі сүтқоректілердің өлекселерін жеп, тіршілік етеді. Сырт белгілері бойынша қасқырға ұқсайды. Мөлшері қасқырдан еі есе кіші. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау, жерді қазып, кемген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Емшегі 5 жұп. Жоғарғы ерінінің төмені бөлігі, басының төменгі жағы және тамағының алдыңғы бөлігі ақшыл-қызғылт түсті, мұрны көзіне дейінгі аралықта ақшыл қоңыр сұр түісті, арқасы көзге жақсы көрінетін дағы бар сұр, құйрығының үсті жирендеу, орта шені ашық түсті және төменгі бөлігі қара түсті. Бассүйегі қасқырдыкіне ұқсайды, бірақ бас сүйегі ұсақ және көлемі кіші.
Қорқау қасқыр
Таралуы: Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Кавказ маңыда және Орта Азияның оңтүстігінде бір түрі — теңбіл қорқау қасқыр кездеседі. Апандары өсімдік бұталарымен, жапрақтарымен және бұталы өсімдіктер шырмауықпен жақсы оралып жауын-шашын өткізбейтіндей жақсы қорған бола алады. Көбеюі және өсу шегі. Қорқау 1 жылда 1 ұрпақ береді. 9 айында жыныстық жетіледі. Аналықтар 10 айында шағылыса береді. Балаларын көздері жабық күйінде, тіссіз туады. Халықшаруашылығындағы маңызы.
Терісі сапасы жағынан қасқырдікінен төмен, жылуды жақсы ұстайды, тері салмағының жеңілдігімен бағаланады. Өндірісте терісінен малақай, жаға, тон тігуге пайдаланады. Бұзау, лақ, қозыға шабады. Елді мекендерде құстарды ұрлайды.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
-
Жыртқыштар отрядына сипаттама бер
-
Систематикасын (жүйеленуін) атаңдар
-
Халықшаруашылығында маңызы қандай?
-
Көбеюі мен өсу шегі қалай жүреді?
-
Қасқырдың қорқау қасқырдан қандай айырмашылығы бар?
6 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Иттер тұқымдасы. Түлкі туысы (VULPES OKEN).
Түлкі — Vulpes vulpes Linnaeus.
Системетикасы (жүйеленуі): дене мөлшері кішілеу (денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6 – 7 кг) және құйрығы ұзын (55 см-ге дейін) үлпілдек, ұшы ақ аяқтары қысқалау болып келеді. Құлақтары үлкен, ұштары үшкір келеді. Түлкінің естуі, иіс сезу қабілеті ерекше жақсы дамыған бірақ көруі әлсіз. Аяғындағы бармақ сүйелдері үлкен емес. Түлкі терісінің бояуы ашық сары түстенсұо-қызыл қошқыл түске дейін өзгереді. Қазақстандық түлкінің түкті жамылғысы үлпілдек, түсі ашық сары. Қарны мен құрсағы ақ түсті, ал аяқтары қаралау сұр жолақты болып келеді. Ірі түлкі – караганка. Бұндай түлкі түрі қызылқұм, мойынқұм және ....... шол даларында кездеседі. Бұл итүлкінің басқа түрінен ерекшелігі мынада: түкті жамылғысы қатты және ұзын болады, құйрығы ұзын, ұшы әлсіз ақ түсті және де тамағы мен кеудесі ақ реңге боялған болады. Сиппатамасы: басқа түрлермен салыстырғанда дене бітімі ірі келеді. Денесінің ұзындығы 52-77см, ал құйрығы 39-5см. Еркегінің салмағы 3,3-6,8, ұрғашысы 3,3-6,0кг аралығында болады. Жүннің жоғары жағы қызыл- қошқыл түстен ақшыл сары сұрлау түске және қара араласқанға дейін өзгереді көбіне тамағы мен кудесі, денесінің алдыңғы бөлігі, құйрығы лас ақ түсті болып келеді, кейде қаралау немесе тіптен қара түсті болады. Біріқ құйрығының ұшы әр уақытта ақ түсті. Таралуы: Бүкіл Еуропада, Африкада, Азияның көп бөлігінде, және солтүстік Америкада таралған. Біздің Республикамызда Альпы тауынан шөлге дейін, дала мен орман далада, яғни Республикамыздың барлық жерінде кездеседі дерлік..
Караганка Ақ түлкі
Түлкілердің арасында өздерінің жүнінің түсін өзгертетіндер кездеседі. Оларда денесінің жоғарғы бөлігі қаралау, ал төменгі бөлігі қара сұр, кейде тіпті қара түсті, арқасында крест тәрізді қара суреті бар түрлері кездеседі. Тағы бір түрі бар оның арқасындағы крест тәрізді суреті қара бұрыл түсті, ал денесінің төменгі бөлігіәрқшанда қара түсті болады. Оларды кресті түлкілер деп атайды. Сонымен қатар бүкіл денесі қара түсті, кейде бұрыл рен кездесетін түрі болады. Бұрыл рен көбінесе қабырғасанда, аяғында көрінелі, ал қошқыл түс мүлдем болмайды. Жүндерінің түсін өзгертіп тұратын түлкілер қазақстанда жиі, ал крестілер, серебрянка және қара бұрыл түлкі сирек кездеседі. Түлеу: Түлкі жылына 1 рет түлейді. Онтүстік Қазақстанда көктемгі түлеу кезеңі ақпанның ортасында – ақ байқалады. Бірқалыпты түлеу кезінде ескі жүн уыс – уыс болып толық түсіп, орнына жана түк өсіп шығады. Жаз бойы түлкі жүнінң бір қабаты ғана өседі. Сол себептен жүні жұқа және қатты болады. Күзге қарай мамық жүні өсе бастайды кейін жүні ақырындап қалындап, қазақстанның онтүстік бөлігінде қарашаның бірінде, солтүстікте- 15 қарай қалыптасады. Тұрақты орны және уақытша тығылатын жері. Інің өзі қазады немесе борсықтыкін тартып алады. Інінің бір неше есіктері, ұзың дәріздері болады, олардың бәрі ең түпкі ұяға барып тіреледі. Інің көл жағасына, жайылым жерлерде қазады. Мезгілге байланысты тәуліктік күн көруі. Мінез құлқы. Түлкінің белсенділігі азығына байланысты. Көбінесе бұл жыртқыш кеш қарайғанда шығады жәнеде азығы коп болады қарыны тоқ болса, түн ортасына қарай дем алады. Танға жуық қайта жорыққа шығады, сосын түске қарай, күндіз тағы дем алады. Өз азығын белсенді түрде кеш мезгілінде 17-22 сағат аралығында іздейді. Ерте коктемде жорыққа күндізде шыға береді. Тіптен түлкіні қатты аязында жорыққа шыққаның байқадық. Бұлар ұсақ кеміргіштермен, көбіне тышқандармен қоректенеді, сонымен қатар жерде ұялайтын құстардың ұяларын бұзады, майда құстарды ұстайды. Қоңыр күзбен қыста жануарлар қорегі аз боғанда, әр- түрлі жеміспен шырынды өсімдіктерді жейді. Мысалы қант қызылшасының қалған түбіртегін кеміреді.
Көбеюі және өсіп дамуы. Түлкі 49 -58 кун аралығында жиірек 52 кун буаз болады.
Әр күшіктегенде 4 -6 , кейде тіпті 12 ге дейін туады. Оларды ата – анасы бірге тәрбиелейді. Күшіктері әлсіз, соқыр, тіссіз және есту қабілеті жетілмей туады. Салмағы 100 – 115г аралығында, дене ұзындығы 10 -15 см құйрығы 3,4 -3,5 см болады. 1,5 -2,5 айлықтарында жорыққа шығып кетеді. Түлкі жұптасып тіршілік етеді. Күйлеу уақыты қаңтар- ақпан айлары. 50 – 60 күннен кейін аналығы арнайы апанда 15-ке дейін жәутігін әкеледі. Халық шаруашылығындағы маңызы: кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл шаруашылығына оң әсер етеді. Орман далада Солтүстік Қазақстанда жылына 2000тышқан тектестерді құртады. Түдкі терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. 50-60 жыл бұрын Қазақстанда жылына 100 мың түлкі терісі дайындалатын, ал 1985 жылы 2 мыңнан аспады.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
1.Жыртқыштар отрядына, иттер тұқымдасы түлкі туысына сипаттама беріндер?
2.Жүйеленуін айтып беріндер?
3.Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4.Кобеюі өсіп дамуы қалай жүреді?
7 тақырып. Жыртқыштар отряды жанат тәрізділер тұқымдасы (PROCYONIDAE).
Жыртқыштар отрядының және жанат тұқымдасының сипаттамасы:
Жануарлар әр түрлі көлемді, салмағы 0,8 ден 160 кг ға дейін болады. Сыртқы келбеті жақсы ерекшеленеді: кейбір түрлері мысықты, түлкіні, жанат тәрізді итті, аюды еске түсіреді. Мұндай жануарлардың ерні және мұрны қозғалмалы тұмсық (хобот). Тұқымдастың ең ірі өкілі гиганттық панда – денесінің құрылысына қарай орташа көлемді, аюға ұқсайды. Басы әр түрлі формалы, болек түрлерінің беткі бөлігі созылынқы басқаларыныкі қысқа. Құлақтары қысқа сәл домалақ келген, аяқтарында 5 бармақ болады. Табаны кобінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ұзыншақ келеді. Тырнақтары қысқа, бүктелген және жанынан қысылған. Көп түрлерінде тартылмыған. Түкті жамылғысы жақсы дамыған қалын және биік. Түсі бір қалыпты сары немесе бұрыл ашық жирен және қара түс аралас болып келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішікентай және ірі болады. Азу тістері өткір емес. Көп түрлері (гиганттық пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдас ареалы 2 бөлімшеден тұрады: бірінші бөлігі солтүстік. Американың үлкен бөлігін, орталық және Онтүстік Американы, ал екінші бөлігі онтүстік Шығыс Азияның Гималай ауданыны, Непал және Сикким, жоғары Бирманы, Юньань, Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 8 туыс және 15 түрді құрайды, олардың 2 туысы онтүстік шығыс Азияны мекендейді.
Жаннат туысы— PROCYON STORR.
Жаннат туысы орташа көлемді жануарлар. Денесінің ұзындығы 41-60, құйрығы 20-40 см , салмағы 15-22кг. Денесі сәйкесінше қысқа, аяқтары ұзын, басы, бет бөлігі жалпақ, құлағы сәл домалақтау, көздері үлкен, азу тістері жалпақ. Аяғы бес бармақты, бармақ арасы жарғақпен қосылған. Білегі мен табаны қысқа, түкпен қапталған бұл түктер денсіндегі түктерден қатты еркшеленеді. Түкті жамылғысы қалың үлпілдек келеді.
Систиматикасы (жүйеленуі): үлпілдек жүнді, қысқа аяқты, орташа мөлшердегі жануарлар, мөлшері және түсінің ерекшелігіне қарай жанат тәрізді итті еске түсіреді. Құлақтары үлкен ұш жағы домалақтау, қыс мезгіліндегі жүнінің түсі бұрыл-сұр, жирен және қызылдау ренді, күнгірт. Жүнінің ұш жағы қаралау болғандықтан терісі ұсақ шымырлау келеді. Денесінің төменгі бөлігі ашық түсті, білегі мен табаны ашықтау тіпті ақ түсті түктермен қапталған. Бармақтары терен ойылған, құйрығында 5-7 ге дейін қара немесе бұрыл түсті сақиналары бар. Басы сұр түсті. Құлақтарында негізінен артқы болігінде үлкен емес қара дақтары бар. Жанаттың бас сүйегі үлкен ми қорабымен ерекшеленеді, мұрын сүйектері қысқа және жалпақ, есту барабаны домалақ формалы. Жыртқыш тістері ұзын емес жоғарғы тістері түзу төменгілері сәл бүгілген. Төртінші және бірінші жоғарғы азу тістері бірдей ал екінші азу тістері біріншісінен екі есе кіші аталығыныңдене ұзындығы 435-545 аналығы 410-570 мм. Аталығының құйрық ұзындығы 200 – 405, аналығыныкі 192-340 мм. Жануарлардың салмағы жыл мезгіліне байланысты ауысып отырады 5,4 – 15,75 кг.ға дейін тіптен 22,2 кг. ға дейін өседі.
.
Енот
Түлеу: ересек жануарлардың түлеуінің бастапқы белгілері сәуір айында, ал буаз аналықтарда сәл кешірек байқалады. Түлеу басталған кезде денесінің әр түрлі бөлігінде уыс- уыс жүндер пайда болады . Қыстық жүннің түлеуі бас және мойыннан басталады, кейін денесіне ауысады. Түлеуі тамыздың 2 ші бөлігінде аяқталады. Жас жануарлар қыстаудан кейін ересектерден бұрын наурыз айының ортасында түлей бастайды. Таралуы: жанат Солтүстік Америка және Америкадан Панама каналына дейінгі бөлікті алып жатыр. Бұлардың санына табиғаттық жағдайлар өте көп қар жамылғысы әсер етеді. Бұл кезде жануарлар өздерінің азықтарын таба алмайды, сондықтан бұл фактор жанатардың тірі қалуын анықтайды. Жанат азық тандамайды таралу аймығына байланысты өсімдік және жануарлармен қоректене береді. Құрт-құмырсқалардан басқа жабайы жүзім, құрма, долана т.б. қоректенеді. Батпақты Висконсин штатында жануар негізінен балық, андатыр, шаян, жұзім және жүгерімен қоректенеді.
Тәуліктік өмір салты: мінез құлқы, жанат кешкі және түнгі уақытта белсенді жануар. Інінен күн батқанда шыққаннан түні бойы азық іздеумен болады . Жанат ағаштарда жақсы өрмелейді, бірақ азығын негізінен жерден аулайды. Судын жанынан тапқан олжасын суда шайқайды, содан кейін жейді, сондықтан полоскун атауын алды. Ұйқыға кетуі: қатты және қары мол қыста ұйқыға кетеді, аяз күндерінің ұзақтығына байланысты ұйқыға кету кезеңі 4 айға дейін созылады. Көбеюі және өсіп дамуы. Жанаттар жылына бір рет туады. Буаз болу мерзімі 63 күнге дейін созылады. Шағылысу мерзімі ақпан наурыз айларында басталады. Балаларын сәуір мамыр айларында туады, жетілуі туғаннан кейін 18-20 күн, 45 күнде тісі шығады және 2,5 айлығында анасымен бірге жорыққа шығады. Тәуелсіз өз бетімен өмір сүру салтын 6 айлығында бастайды аналықтарының жыныстық жетілуі жасқа дейін, ал аталықтары 2 ші жылында ғана жыныстық жетіледі. Жанат көбінесе жұптасып өмір сүреді.
Халық шаруашылығындағы маңызы: жанат жүн өндірісінде бағалы аң және отаны Солтүстік Америкада көп мөлшерде ауланады. Зиянды құрт-құмырсқалармен, кемірушілерді жойып пайдасын келтіреді. Жанаттың еті өте дәмді және Америкада деликотес болып саналады. Жанат тектес иттікіне қарағанда жүні жоғары сапалы. Жанатты тұзақ құрып аулайды. Қазақстан мен Өзбекістанда жанат пайда болғанынан бастап ол өндіріс көзі болмады. Біздін ойымызша қар көп түсетін аймақтарда жанаттарды тек арнайы шаруашылықтарда өсіруге болады. Жанат – Қазақстан мен орталық Азиядағы орман, жаңғақты ормандар үшін өте пайдалы.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
-
Жыртқыштар отряды, жанаттар тәрізділер тұқымдастарына сипаттама беріндер?
-
Систиматикасын атаныздар?
-
Халақ шаруашылығындағы маңызы қандай?
-
Көбеюі мен дамуы қалай жүреді?
8 тақырып. Жыртқыштар отряды. Аю тәрізділер тұқымдасы.
Жыртқыштар отряды, аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама.
Тұқымдастын кейбір түрлері жыртқыштар отрядының ең ірі өкілдері болып саналады аюлардың денесі үлкен дене тұрқы сәйкесінше қысқа және мықты. Басы үлкен, көздері кішкентай ұясына терен орналасқан, құлақтары домалақ және кей түрлерінде ұзыншақ, мойны қысқа жуан, жерге табанын тигізіп журеді 5 бармақты жүрген кезде барлық табаны жерге тиіп жүреді, тырнақтары шетінен қысылған тартылмаған және сәл бүгілген, білегінде және табанында суйелдері бар, құйрығы өте қысқа жүні ұзын және қалын, тек малайлық аюдын жүні қысқа және сирек емшектері 1 - 3жұп түсі бір келкі ақ бұрыл немесе қара. Кеудесінде және мойнында ашық ақ дақтар және жолақтар болады бас сүйегі үлкен барбанды камералары тығыз. Бас сүйегінің беткі жағы ұзыншак, жақтары сәйкесінше ұзын және мықты. Жақтын төменгі бөлігінде кіші көлемді ішке карай қайырылған альвеолярлық өскіні бар тістері толық бірінші 3 азуы немесе басқа тістері жоқ болуы мүмкін сондықтан тіс саны 40 не одан аз болады. Азу тістері дөнестеу жалпақтау, жыртқыш тістері мықты. Тұқымдас ореалы солтүстік америка Еуразия арктикалық босейіннен солтустік Африка және
онт. Америка бөліктерінде таралған. Ареалдын азауы антропогонезге байланысты. Аюлар жазық немесе таулы ормандарда таралған, ал ақ аю арктикада мекендейді. Түрдін көбі кез келген азықпен немесе өсімдікпен тек ақ аюғана жануар қоректі. Кейбір аюдың түрлері қысқы ұйқыға кетеді. Күзде жиналған майлардың арқасында қыстап шығады. Жылна бір рет көбейеді. Балалары 1 – 2 – 3 болады түнде белсенді келеді. Көру қабілеті әлсіз есту қабілеті өте жақсы аюлар жануарлардың жоғарғы дамыған тобы. Кейбір түрлері қолға тез үйренеді. Көп аудандарда спорттық немесе аңшылықта пайдаланады.ауыл шаруашылығына тигізетін кері әсері өте көп емес. қазырғы кезде аюдын коп түрі қорғалады. Көп түрдің артқы жақ бөлігі көлемді келеді.
Систематикасы (жүйеленуі): тұқымдас 7 түр 4 туысқа біріктірілген.
Ubus туысында — 4 түр, Tremarctos туысында — 1 оңтүстік америкалық очковый аю, Meluisus туысында -1 — оңтүстік азиаттық аю-губач және Helarctos туысында— 1 оңтүстік азиаттық малайлық аю. ТМД және Қазақстан фаунасында екі — Ursus arctos isabellinus — тяньшаньдік, және белокоготный, бурыл аю — кәдімгі бурыл аю. Очаковый аю (Tremarctos ornatus). Сипаттамасы: орташа көлемді жануар денесінің ұзындығы 1,5-1,8 метр, салмағы 148кг., жүні сабалақ қара немесе бұрыл ренді. Таралуы: онт. Америкада таулы ормандарда бұталы жерлерде мекендейді қызылы кітапқа енгізілген.
Малайлық аю Медведь-губач
Малайски аю бирунаг деген атау тағы бар. Тұқымдастын ең кіші өкілі.
Сипаттамасы: ұзындығы 110-140см, салмағы 65кг. бұл қысқа мұрынды мықты жануар аяқтары ұзын, табаны жалпақ денесі қара қысқа жүнмен қапталған кеудесінде ақ немесе жирен түсті таға тәрізді белгісі бар таралуы бирма үнді қытай Тайланд мемлекеттерінде таралған. Ағашқа жақсы өрмелеуге бейімделген. Көбеюі және өсіп дамуы: моногамдарға жатады, аналық 2 бала туады. Қысқы ұйқыға кетпейді. Медведь губач (ерінді). Сипаттамасы: туыстағы жалғыз түрі малайлық аюдан үлкен денесінің ұзындығы 1,4-1,8 метр салмағы 130 кг. аяқтары ұзын тырнақтары үлкен, мұрыны ұзын, жүні қатты сабалақ әсіресе иық арасында түн мезгілінде белсенді күндізгі уақытта көбінесе ұйықтайды. Индостан ормандарынан Шриланкаға дейін таралған.
Көбеюі және өсіп дамуы буаз болу ұзақтығы 7 ай. 1- 3 бала туады. Қызыл кітапқа кіргізілген.
Әдебиеттер: 1-9 (негізгі), 10-12 (қосымша)
Сұрақтар:
-
Жыртқыштар отряды аю тәрізділер тұқымдасына сипаттама берініздер
-
Системетикасын атаныздар
-
Халық шаруашылығындағы маңызы қандай
-
Көбеюі мен өсіп дамуы қалай жүреді
-
Аюлардың өз ара ерекшеліктері қандай (медведь-губач, медведь- очаковый, бурый - медведь)
9 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Сусар тұқымдасы (MUSTELIDAE).
Жыртқыштар отряды, сусар тұқымдастарына сипаттама
Шөл сусары Колонок
Тұқымдас дене тұрқы жағынан өмір сүру салтын әр – түрлі жануарларды біріктіреді. Денесінің мөлшері 11 см (ақ тышқан) 150 см (калан) арасында. Денесі сәйкесінше ұзыншақ, аяқтары қысқа, табан және жартылай табан тигізіп жүреді, көбінің тырнақтары тартылмаған. Табаны мен білезігі түкпен қапталған, сирек жаланаш болады. Кейбір түрлерінің бармақтарының арасында жақсы жетілген жүзу жарғақтары болады, әсіресе артқы аяқтарында. Бас сәл созылынқы, мұрны үшкірлеу келген құлақтары кей түрлерінде үлкен, үшкірленген кей түрлерінде кішілеу, домалақтау, тағы бір түрінде тіпті қысқалау, есту жолдары тұйықталады. Мойны қысқа. Құйрығы өте ұзыннан қысқаға дейін өзгеріп отырады. Түкті жамылғысы қалың және жібек тәрізді, кейде сирек ұялаған болады. Түстері әр – түрлі келеді. Жылына 1 не 2 түлейді. Түкті жамылғысы жиі түрлерінде қыс мезгілінде ақ түске ауысады. Емшегі 1- ден 4 жуыққа дейін болады. Бас сүйегінің құрылысы жануарлардың көлеміне және тіршілік ету салтына қарай әр – түрлі болады. Көп түрінің бас сүйегі көлемі бойынша үлкен емес, бет жағы қысқа, ми қабығы томпайып келген. Ірі түрлерінде айдар жақсы көрінеді. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Азу тістері қоректенуіне қарай өткір дөнестеу, ал кейбірінде жай дөңестеу болады. Сезу мүшелерінен есту қабілеті және иіс сезу қабілеті күшті дамыған. Жылына 1 ұрпақ береді мұнда 1 ден 10 бала және одан коп болады. Көп түрлерінде жасарын сатысы белгілі ол бірінші күннен 7 айға дейін созылады .
Адаптация және жоғарғы экологиялық бейімділік сусар тұқымдасынан барлық ландшафта- тундырадан шөлге дейін және тау етегінен, альпі жайылымдарына дейін. Олар Австрияда, тынық мұхитының онтүстік бөлігінде және Факленд аралдарында. Сусарлардың халық шаруашылығында маңызы зор.
Олар жун өндірісінде бағаланады. Бұл тұқымдастың көп түрлері зиянды кеміргіштерді, зиянкестер мен олардың личинкаларын жоюшы болып саналады. Тұқымдастың жүйеленуі әлі анықталмаған. Тұқымдаста 24 туыс, оның 64 түрі бар, олардың 8 туысы және 18 түрі ТМД фаунасына бейімделген қазақстанда 6 туыс және 14 кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |