Покровка селолық округі әкімі Қ.Едіресовтың «2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Покровка селолық округі 4 елді мекенді біріктіреді: Покровка – 676 аула, халқы – 1905 адам; Мальцев селосында – 77 аула, халқы – 221 адам; Еңбек ауылында – 59 аула, халқы – 245 адам және Есіл селосында – 50 аула, халқы – 147 адам. Барлығы – 863 аула, селолық округі бойынша 2518 адам тұрады.
Округтың аумағында мынадай ірі ұйымдар – Есіл ауылшаруашылық колледжі, колледжге қатысты кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істейді, осында 9-талапты мамандық бойынша 1100 оқушы оқиды, 110 адам жұмыс істейді. Есіл АЭС-та – 70 адам, “Орман шаруашылық мекеме” ММ-де – 45 адам. “Есіл су” РМК-де 62 адам жұмыс істейді. Покровка орта мектебінде, Еңбек негізгі мектебінде, колледжге қатысты негізгі мектепте барлығы 324 оқушы бар. Ал мектепке дейінгі шағын орталықта 40 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ біздің округте Покровка дәрігерлік емхана мен 3 фельдшерлік пункті қызмет етеді.
Селолық округтың экономика негізін аграрлық сектор құрастырады. Округ бойынша егін көлемі 11040 га құрастырады. Округте 9 ЖШС-і, 6 ФШ-тар, 21 ШҚ-ы жұмыс істейді.
2008 жылы 14,5 ц/га өнімділікпен 10586 гектар жер көлеміне дән себілді, жалпы түсімі 153545 центнер құрастырды. “Табыс-Агро” ЖШС-і –14,2 ц/га (Н.Молдахметов); “Бай-Еңбек” ЖШС-і – 14,0 ц/га (Қ.Қожасов); “Агро-Сега” ЖШС-і – 17,1 ц/га (С.Гарагуль); “Тұрмыс” ЖШС-і – 15 ц/га (Б.Байматов); “Мальцев” ЖШС-і – 14,2 ц/га және басқа шаруашылық басшылары жақсы өнемділік алды.
Жылдан жылға “Атамекен-Агро-Есіл” ЖШС-і көкөніс өсірумен айналысады. Серіктестік өнімдерін тек селолық округі тұрғындарын қамтамасыздандырмай, сондай-ақ ауданда, облыста өнімдерін сатады. “Табыс-Агро” ЖШС-і (Н.Молдахметов), “Лесное” ШҚ-ы (С.Гарагуль) және “Заря” ФШ-ы басшылары 13,5 млн. теңгеге жаңа техника сатып алды.
Егістік және орып жию жұмысын өткізу үшін 2008 жылы біздің астық шаруашылықтарына ЖММ арзандатуға мемлекеттен 7 млн. теңгеден аса жәрдемақы бөлінді.
Селолық округте “Табыс-Агро” ЖШС-нің диірмені жұмыс істейді. Бұл диірмен тек қана селолық округке қызмет көрсетпей, басқа ауылдың тұрғындарына да көп пайда береді. Бүгінгі күнде ұнның бірінші сорты 1 килограммы 60 теңге тұрады.
2008 жылы жалпы саны 1 млн. 251 мың тенгеге 130 тонна ұн өндірілді. Округте 2 шағын наубайхана жұмыс істейді: Есіл ауылшаруашылық колледжінде жалпы саны 1 млн. 419 мың теңгеге 29,4 тонна нан пісірілді және “Гарагуль” ЖК жалпы саны 474000 мың теңгеге 9,5 тонна нан пісірілді. Бүгінгі таңда нан бағасы 45 теңге.
Халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерін шешу жөнінде мал шаруашылығы дамуы және өнімдердің өңдеуі маңызды міндет деп көрінеді. Селолық әкімдігімен тұрғындардан ет және сүт сатып алуы ұйымдастырылды. Округте мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша бағдарлама толық орындалды. Ет сатып алу бойынша “Колзун” ЖК-де мұздатқыштар бар 3 пункті жұмыс істейді. Бұл өте қолайлы, әсіресе жазғы түрде. Покровка селосында мал сою орны ашылды.
2008 жылы 1 млн. 80 мың теңгеге 4 адам жеңілдетілген несие алды.
Округте шаруашылықтық субъектілерде орташа жалақы – 24000-нан 27000 теңгеге дейін. Бөлек шаруашылықтарда 35000 теңгеге дейін.
Халықтың жұмыспен қамтылуы сұрақтарын шешу, тұрмыстарын әрі қарай жоғарылату үшін шағын және орта бизнестың, дамуы өте маңызды деп есептеледі. Осы сұрақтарды шешу үшін округте нақты жұмыс өткізіледі.
Он тоғыз дүкен жұмыс істейді, бұлардың ішінде екі дүкен 2008 жылы ашылды; Есіл ауылында – 3 дүкен; Мальцев селосында – 1 дүкен; Еңбек ауылында – 1 дүкен; Покровка селосында 14 дүкен қызмет етеді. Осылардың бірі “Ет” дүкені. Сондай-ақ 5 кафе, 2 АҚС, 1 ГҚС, дәріхана, токарлық шеберхана, екі ұсатқыш, тұрғындарға отын дайындау бойынша екі лицензиат бар.
Сағат сайын жолаушыларды тасу үшін “Покровка-Явленка” жол бағыты ашылды және “Покровка-Петропавл” жол бағыты қызмет етуде.
Бүгін округте отын, тұрпайы жемдер мал жемін дән азықты сатып алу, бақшаларды жырту мәселелері шешілді.
2009 жылы АҚС және ГҚС құрылысы жоспарлануда. Бұл қосымша алты жұмыс орны. Шағын наубайхана ашу бойынша құжаттар дайындалуда, тағы екі жұмыс орны ашылады. Покровка селосында тағы бір дүкен ашылады. Бұл екі жұмыс орнын қамтиды. Бүгінгі күні шағын бизнесте 86 адам істеп жатыр.
Өмір сапасының негізгі көрсеткіші – ол ең әлсіз тұрғындардың әлеуметтік қорғаныш деңгейі. 2008 жылы селолық округте 130 адам жұмысқа орналасты. Соның ішінде 75 үнемі жұмыс орны жаңадан құрылды. Аз қамтамасыздандырылған отбасылар саны – 24, барлығы – 92 адам. Мемлекеттік адрестік көмек 1 млн. 762 мың теңгені 36 отбасы (110 адам) алды. 18 жасқа дейін мемлекеттік балалық жәрдемақы 1 млн. 575 мың теңгені 170 балаға 97 отбасы алды. Азық-түліктің қымбаттағанына байланысты әлеуметтік көмек ретінде 383 мың теңгені 17 отбасы (49 адам) алды.
Қоғамдық жұмысқа 22 адам орналасты. 2008 жылы біздің селоның Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрғазы Алимкин еліміздің астанасы – Астана қаласына әуетур бойынша барып келді. Село тұрғындарының өмір сапасының жоғарылатуына село инфрақұрылымының дамуы әсер етеді. Покровка селосында үш жыл бұрын цифрлық стансасы құрылып, нөмірлер сыйымдылығы 383 бірлігіне көбейді, бұған сәйкес сапасы жақсарды. 2008 жылдың ішінде 63 абонент қосылды.
“Ауыз су” бағдарламасының қаржы салымының жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Еңбек ауылында су мұнарасының құрылысы аяқталды, оған 2007 жылы мемлекет тарапынан 8 млн. 610 мың теңге бөлінді.
“Жасыл ел” президенттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде 2008 жылы 730 көшет егілді.
Покровка селосында дәрігерлік емхан жұмыс істейді, онда күрделі жөндеу жүргізілген, электр жылуы қосылған, 3 млн. теңгеге жабдық алынған. “Жедел жәрдем” жаңа автокөлігі алынған. Әр елді мекенде фельдшерлік пункттер жұмыс істейді, олар келесі сомаға жабдық алды: Есіл селосындағы ФП – 691 мың теңгеге; Еңбек ауылындағы ФП – 467 мың теңгеге, Мальцев селосындағы ФП – 765 мың теңгеге, барлық фельдшерлік пункттерге телефон құрылды. Мектептерде және колледжде медициналық қызметкерлер бар.
Білімнің әрі қарай дамуы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету. үшін ең маңызды ұстаным. Округте Ж.Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжі бар. Мұнда 9 мамандық бойынша 716 оқушы оқиды, кәсіптік лицейде 224 оқушы, колледжге қатысты негізгі мектепте 63 оқушы білім алуда. Покровка орта және Еңбек негізгі мектептерінде білім мемлекеттік тілде берілуде. Округіміздің оқу орындары телефондандырылып, Интернет желісіне қосылған.
Есіл ауылшаруашылық колледжінде компьютерлік сынып толық жаңартылды, музыкалық аспаптар, спорттық құрал-жабдықтар алынды. Покровка орта мектебіне физика кабинеті алынды, компьютерлік сынып жаңартылды, 2008 жылы жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылы Еңбек негізгі мектебінде қазан ауыстырылды, ал 2009 жылы бұл мектептің шатырын жөндеуі жоспарланып отыр. Оған 3780 мың теңге берілді.
Студенттер білімінің сапасын көтеру үшін және бас паналарын жақсарту үшін осы жылы 320 орынға арналған 4-қабатты жатақхана қайтадан жаңартылды.
Мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар бөлінеді. Покровка орта мектебіне қатысты мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Мұнда 40 бала, үш бала Мальцев. Тек 2008 жылы ғана шағын орталық үшін жергілікті бюджеттен 7 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар “ГАЗель” автокөлігі берілген балаларды шағын орталыққа әкеліп, үйлеріне апаруына берілген. Есіл және Мальцев селолардан балаларды апарып әкелу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 315000 мың теңге бөлінеді. Округтың барлық мектептерінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Өткен жылы аз қамтамасыздандырылған отбасылардан 15 оқушы жалпы оқу қорынан тегін тамақ ішіп жүрді. Еңбек мектебінде 5 бала тамақтанды.
Селолық округте барлық маңызды күндерге арналған мәдени-бұқаралық шаралар өткізіледі. 5700 кітап данасымен селолық кітапхана жұмыс істейді.
Округтың спортшылары республикалық, облыстық, аудандық спорттық шараларына қатысады. Есіл ауылшаруашылық колледжі, Покровка орта және Еңбек негізгі мектептерінде жақсы спортзалдар бар, сауықтыру топтар жұмыс істейді. Округте қоғамдық құрамалармен, мектептермен және колледжбен шынайы байланыста екі учаскелік инспектор жұмыс істейді.
Тұрғындармен абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Бүгін әр азамат өзінде, өз отбасында мемлекет жағынан назарын сезеді. Аудан әкімінің өткен есеп беру кездесуінде 4 ұсыныстар және ескертулер түсті, олар оң шешілді.
Әкімдердің жыл сайын беретін есептері – демократияға қарай біздің мемлекеттің салмақты қадамы.
Достарыңызбен бөлісу: |