Қала әкімі А. Н. Генрихтың 2010 жылы халық алдындағы есептік кездесулеріндегі баяндамасынан тезистер Құрметті курчатовтықтар!



Дата30.06.2016
өлшемі55.5 Kb.
#168052
Қала әкімі А.Н.Генрихтың 2010 жылы халық алдындағы есептік кездесулеріндегі баяндамасынан тезистер
Құрметті курчатовтықтар!

Дәстүр бойынша жаңа жылды халық алдында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берумен ашамыз. Тәжірибе көрсеткендей, осындай кездесулерді өткізу атқарған жұмыстарымызға басты баға беретін ақиқат өлшемі. Билік пен халық арасындағы сұхбат тұрғындарды жүргізіліп жатқан саясат туралы дұрыс ақпараттандыруға, қаладағы барлық өзекті проблемаларға уақытында көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Өткен 2009 жылы Қазақстан жаһандық экономика мен саяси процестерге бетбұрды. Ішкі істерімізге осы процестердің ықпалы болашақта да жоғарлайтын болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты өзінің жыл сайынғы Жолдауында жолдарды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды, тұрғын үй коммуналды-шаруашылық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асырудың және экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын ұсынды. Осы құжат «Жол картасы» деген атау алды.

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партияның кезектен тыс ХІІ съездінде Қазақстан Республикасы Президенті «ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАҒДАРЫСТАН БЕТБҰРУ ЖОСПАРЫН» ұсынды. Елбасының тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен еліміздің индустриалды-инновациялық дамуының Бесжылдық жоспарының жобасы әзірленді.

Өткен жылдың оң қорытындысына Елбасының көрегендік саясаты арқасында Үкіметпен жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралары айқын. Ішкі өнім өндірісінің өсуі, банктік саланың тұрақтылығы, жұмыссыздық пен инфляцияны қалыпты ұстау, сонымен қатар ірі индустриалдық жобаларды жүзеге асыру, Кедендік кеңестің болашағы – осының барлығы бүгіннің өзінде дағдарыстан тұрақтылық, дағдарыстан бетбұру жолына бағыттайды.

Қазақстанның дағдарысқа қарсы күресте әлеуметтік бағыттағы сипатта қолданып жатқан барлық шаралары әйгілі халықаралық сарапшылармен тиімді деп саналды.

Мемлекет Басшысының бағыты өзінің оң нәтижелерін көрсетті.

Есептік кезең жалпы қала үшін тиімді болды. Біз барлық көрсеткіштерді ойдағыдай орындай алдық.

Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын орындай отыра, біз, курчатовтықтар еліміздің жетістіктері мен нәтижелеріне өз үлесімізді қосудамыз.

Бүгінгі күнге статистика мәліметтері бойынша қалада 11038 адам тұрады. Орыстар 54%, қазақтар 39 %, украиндар 2%, немістер 1,4%, басқа ұлттар 3,6%.

Орташа айлық номиналды еңбекақы Курчатов қаласының ірі және орта кәсіпорындарында 2009 жылдың қазан айында 70664 теңгені құрды.

Өткен жылға 1177,0 млн.теңге сомасына өңдірістік өнім өндірілді, негізгі көрсеткіштің индексі 104,5% құрды.

Қала аумағында ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер 2 шаруа қожалықтары мен тұрғындардың өз шаруашылығы.

Жүзеге асқан ет – 115,3 тонна, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен төмен, өндірілген сүт – 650,9%, жұмыртқа-46,1 мың дана, 24,9% өсті.

Ауыл шаруашылық мал мал басы артты.

Орта және шағын бизнес - қала экономикасының ең маңызды бөлігі және оның басты қоры.

Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету және дамыту Бағдарламалардың іс-шараларын орындау нәтижесінде негізгі көрсеткіштердің оң үрдісі байқалуда.

Курчатов қаласында шағын бизнестің 62 кәсіпорыны тіркелді, оның ішінде жұмыс жасайтындары -35, белсенділері-19.

2009 жылдың тоғыз айына шағын бизнес субъектілерінен салық түсімдері 52,3 млн.теңгені құрды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,0% жоғары, жергілікті бюджетке түсімдер 37,2 млн.теңгені құрып, 12,0% жоғарлады.

Бағалардың деңгейіне бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қаланың сату орындарында негізгі өндірістік және өндірістік емес тауарларға күнделікті бағалар мониторингісі жүргізілуде.

Инфляциялық процестерді ұстау мақсатында меморандумдарды келісу жүзеге асырылады. Қала әкімдігінің және нан пісіру наубайханалары мен сауда жүйелерінің өкілдері арасында меморандум келісілді, осыған байланысты нанды сатуға 2 теңгеге немесе 4,9% үстеме белгіленді.

Сонымен қатар негізгі өндірістік өнімдерді сатуға 10% үстеме қолдану туралы 17 дүкен иелерімен меморандумдар келісілді.

Ет өнімдерін жүзеге асыру кезінде делдалдылықты болдыртпау мақсатында 15% төмен бағада әлеуметтік баға бойынша етті сатуға екі шаруа қожалықтардың басшыларымен меморандум келісілді.

Жеміс-жидек өнімдеріне бағаларды төмендету мақсатында қалада төмен бағада жеміс-жидектерді сату бойынша екі арнайы дүкен жұмыс жасайды.

Көлік арқылы жеміс-жидектерді, Семей қаласының құс фабрикасының өнімдерін сату бойынша Семей қаласының кәсіпкерлерімен жұмыс жалғасуда.

Қаланың саудасына ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерін тарту және ет, жеміс-жидек өнімдеріне бағаны төмендету мақсатында тұрақты түрде жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің, сонымен қатар жақын орналасқан өңірдің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен жәрмеңкелер өткізіледі. 2009 жылы 24 жәрмеңке өткізілді.

Өткізілетін жәрмеңкелерде тауарды өндірушілердің бағасы бойынша шұжық, ет өнімдерін сату бойынша «Валеас» ЖШС келісім өз мәртебесіне жетті.

Сонымен қатар жәрмеңкелерде қант, макарон өнімдерін, күрішті, сұйық майды бөлшек бағада сататын Семей қаласының кәсіпкерлерімен байланыс орнатылды.

Есептік кезеңге қалада шағын және орта бизнестің нысандары ашылды: 2 кафе, 7 дүкен.

Әлеуметтік қорғау. Халықты жұмыспен қамту саласында 2010 жылдың 1 қаңтарына белсенді жұмыстар жүргізілгендіктен 707 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша -367 және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша -340. «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 376 жұмыс орындары құрылды және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 496 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2010 жылғы 1 қаңтар жағдайына ресми түрде тіркелген адамдар саны 52, жұмыссыздар үлесі 0,8%.

Төмен қамтамасыз етілген азаматтар саны 230 адамды құрып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 8 адамға немесе 3,4% төмендеді.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылды, осы мақсаттарға 2009 жылы 305 мың теңге шығындалды.

Мұқтаж адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жалғасын тапты.

ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға 5 және 2 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша бөлшектік өтемақы туралы облыстық әкімдіктің шешімі жүзеге асырылуда.

Осы әлеуметтік көмекті 451 адам алады, соның ішінде соғыстың барлық қатысушылары мен мүгедектері.

Төмен қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалардың жоғары оқу орындарындағы оқуларын төлеуге 650,0 мың теңге бөлінді. Осы оқу жылында Семей қаласының педагогика институтында қаламыздың 2 студенті оқуларын жалғастыруда.

Семей сынақ полигонында сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны 2009 жылы 2 631, 06 теңге сомасында 158 адам алды.

Халықтың орта номиналды ақшалай кірістері 2 тоқсанға 42 883 теңгені құрды, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 22,9% жоғары және облыстың орташа деңгейінен 41,8% жоғары.

Күн көріс деңгейі 2009 жылдың 4 тоқсанына 11308 теңгені құрды.



Білім беру жүйесінде сапалы және қол жеткізімдік білім беру қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, білім беру жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.

Қалада үш жалпы білім беретін күндізгі мекемелер, 280 орынға арналған балабақша, балалар саз мектебі, екі балалар жасөспірімдер клубы, балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Облыстық бюджеттің қаражаты есебінде күрделі жөндеу жүргізгеннен кейін мемлекеттік тілде оқытатын мектеп 2009 жылғы қыркүйек айында ашылды.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлықпен қамту 100% құрайды. Барлық білім беретін мекемелер Интернет жүйесіне қосылды.

Білім беру жүйесін қаржыландыру үрдісі сақталуда, 2009 жылы 239,3 млн.теңге бөлінді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 5,1% артық.

Қаланың білім беру жүйесінің жұмысына ағымдағы жылы бөлінген қаражаттар көлемі қалалық бюджеттің шығыс көлемінен 30% құрды.

№3 орта мектептің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 3,4 млн.теңге көлемінде ақша бөлініп, игерілді.

Білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен биология кабинетін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 4,1 млн.теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінді.

Жыл сайын балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спортпен шұғылданатын балалар саны артуда, 2009-2010 оқу жылдарында 350 бала білім алуда. 2009 жылы балалар таэквондо, гір тасын көтеру, қол күресі және шағын-футбол бойынша жарыстарда алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағып, жақсы нәтижелер көрсетті.



Денсаулық сақтау саласы ең маңызды сала болып табылады, оның қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын жақсартуға, аналар мен балалардың денсаулығының жағдайын жақсартуға, әлеуметтік-маңызды аурулардан ауруға шалдығу мен өлімді төмендетуге, халықтың денсаулық деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

2009 жылы қалалық аурухананы қаржыландырудың жалпы деңгейі 124,8 млн.теңгені құрды, 2008 жылмен салыстырғанда 15,7% жоғары. Облыстық бюджетте қаражаттың болмауы 2009 жылы қалалық аурухананың ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыруға қаражат бөлінген жоқ.

2009 жылғы қаңтардан бастап қазан айы кезеңінде туу көрсеткіші 168 адамды, өлім көрсеткіші 86 адамды құрды. Нақты көрсеткіш 82 адам, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 70,7% артты.

Ауруға шалдығу мен өлімнің деңгейін төмендету мақсатында амбулаторлы-емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде.



Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 266,5 млн.теңгені құрды. Жалпы алаңы 228,0 шаршы метрге тұрғын үй ғимараттары пайдалануға енгізілді.

«Ертіс» ӘКК «Нұрлы көш» республикалық бағдарламаның шеңберінде 2009 жылы оралмандардың отбасылар үшін көп пәтерлі 4 үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Отбасылар Курчатов қаласына көшіп келуді бастады.

Курчатов қаласына азаматтардың келуімен тұрғын үйге сұраныс мәселесі жоғары болып қалуда. «Капстрой+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Өскемен қаласы) 2009 жылы Абай көшесі, 38 бойында орналасқан үйді өз қаражаттары есебінде қалпына келтірді. Курчатов қаласы әкімдігі мен «Капстрой+» ЖШС арасында қаланың тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бөлінуін қажет ететін отбасыларына пайдалануға беру мақсатында жаңа үйдегі 9 пәтерді мемлекеттік меншікке тапсыру бойынша келісім-шарт жасалды. 2 қарашада тоғызға жуық мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттік ұйым жұмысшыларының отбасыларына, сонымен қатар «әлеуметтік қорғалатын азаматтар» санатындағы курчатовтықтарға қалпына келтірілген үйлердің пәтерлерінен кілттер табыс етілді. Қалған пәтерлер тұрғындар үшін ипотекалық несие шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қаланың индустриалды-инновациялық дамуы Бағдарламасы шеңберінде 3 шілдеде мемлекет Басшысымен өткен телекөпір кезінде мұнай-газ желілері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін полиэтилендік және сәуле шығару материалдарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы электрондарды тездету өндірістік ЭЛВ-4 базасында радиациялық технологиялар кешендерінің технологиялық желілері пайдалануға енгізілді. Осы өндірістік кешен технологиялар паркіне шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға мүмкіндік берді.

11 желтоқсанда радиациялық қауіпсіздік және экология Институтында №27 корпус ашылды. Қалпына келтірілген ғимаратта спектрометрикалық зерттеулерді жүргізу жөніндегі топпен топырақтың, судың, аэрозольдердің, ауыл шаруашылық және өндірістік өнімдердің альфа-, бета-, гамма-спектрометрикалық зерттеулері жүргізілетін болады.



Жол картасы. Осы бағдарламаның шеңберінде қалада 7 жоба жүзеге асты. 1 желтоқсанға 156,024 млн.теңге сомасы немесе жалпы қаражат көлемінен 99,95% игерілді, осы мақсаттарға қаралған 84,1 мың теңге сомада қаражаттар игерілмеді – конкурс қорытындысы бойынша үнемделген қаражаттар қалалық кітапхананың ғимаратын ағымды жөндеуге бағытталды.

Жол картасы арқасында қарасты аумақты көркейтумен қалалық Мәдениет үйін күрделі жөндеу, қалалық кітапхананы ағымды жөндеу жүргізілді, құрылысшылар Саябағы көркейтілді, қалалық жолдардың 4,75 мың шаршы метрге ағымды жөндеулері жүргізіліп, 1757 қума метрге су желілері мен 4598 қума метрге жылу жүйелері ауыстырылды, қалалық ауруханада автоклав кабинеті жөңделді. Өткізілген іс-шараларға байланысты қаланың сәулеттік көрінісі жақсарды.

367 жаңа жұмыс орындары құрылды, 2,1 млн.теңге сомасына салық салынды.

Жастар тәжірибесі бағдарламасын ұлғайтуға және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 5,3 млн.теңге сомада мақсатты трансферттер бөлініп, толық көлемде игерілді.

Жол картасы шеңберінде жастар тәжірибесіне 62 адам жіберілді (жоспар бойынша 30 адам), 84 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі – мемлекеттік билік өкілдері үшін маңызды міндет.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қалада 4 өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда: құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу, жемқорлықпен күресу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру-тәжірибелік сипаттағы атқарылған шараларды есепке ала отырып, есептік кезеңге тіркелген қылмыстардың саны 2,9% төмендеді.

Бірақ ауыр қылмыстардың санының артуы байқалды 2008 жылы 6 болса, 2009 жылы 10 дейін жетті. Қоғамдық орындарда орын тапқан қылмыстар саны 41% жоғарлады.

Осы жағыдай қалалық полиция бөлімінің сапалы жұмысын және қоғам жағынан қолдауды қажет етеді.

Қоғамдық –саяси жағыдай. Әлеуметтік-экономикалық дамудың орнықты динамикасы, ақпаратты-насихаттау жұмыстары, азаматтық қоғам институттармен қарым-қатынас қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға әсер етеді. Үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен жұмыс қалпына келтірілді. Есептік кезеңге қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды, ал шіркеуге жаңа тәлімгер тағайындалатын болады.

Қаланың қоғамдық-саяси өмірінде «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы маңызды орын алады. Жыл ағымында партия бастамасымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын қоғамның бірігуіне бағытталған 35 жуық іс-шаралар өтті. Жемқорлықты жою мақсатында партия филиалының жанында жемқорлықпен күресу жөніндегі Кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Курчатов қаласы прокуроры мен Кеңес төрағасының қатысуымен ай сайын жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізіледі.



Құрметті курчатовтықтар!

2010 жылы біз келесі іс-шараларды өткізуді жоспарлаудамыз:

қаланың 2014 жылға дейінгі даму Бағдарламасын әзірлеп, бекіту;

«Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру;

шағын бизнестің жаңа өндірістер мен жаңа нысандарын ашу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған барлық әлеуметтік бағдарламаларды толық көлемде жүзеге асыру;



табиғатты қорғау саласында қатты-тұрмыстық қалдықтардың полигонын құру жұмыстарын жалғастыру, жасыл көшеттердің алаңдарын жоғарлату;

Семей-Курчатов жолын жөндеу жұмыстарын жалғастыру, қалалық аумақтарды көркейту;



саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет