КІРІСПЕ
Пайдаланған пластмассаларды екіншілік өңдеу (рециклинг) және қалдықтардың қоршаған ортаға және экологияға әсеріне байланысты пластикалық материалдарды қайта қалпына келтіру, полимерлік өндірістің ең маңызды проблемаларының бірі болып саналады.Қоршаған ортаның әсеріне жоғары беріктілік қасиет көрсетуіне байланысты бұл материалдар қалыпты жағдайда ұзақ уақыт сақталады. Бірақ полимерлік қалдықтарды пайдаланудың қоршаған ортаға әсері маңызды экономикалық фактор ретінде қарастыруға болады. Сондықтан энергия мен материалдар қайта қолданысқа түседі. Бұл табиғат қорын пайдалануды қысқартуға, қоршаған ортаның ластануын төмендетуге, энергияны пайдалануды азайтуға және экономикалық жағынан пайда әкелуге мүмкіндік береді. Әлемде екіншілік өңдеудің алуан түрлі стратегиялары ұсынылуда. Қазіргі кезде механикалық және химиялық өңдеуде және энергияны қайта қалпына келтіруде даму жүруде. Арнайы қондырғылардың көмегімен орындалатын механикалық өңдеу материалдардың екіншілік қолдануын қамтамассыз етеді. Материалдарды қайта қалпына келтіру үшін химиялық өңдеу арқылы мономер түрінде өнім аламыз, содан жаңа полимерлі шикізат және химиялық заттар мен отын алынады, бірақ бұл әдіс арнайы қондырғылар мен ресурстарды талап етеді.
Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда. Бұл факторлар, және де экологиялық сауаттылықтың өсуі полимерлік материалдарды жаңа өңдеу бағдарламаларының пайда болуына жол ашуда. Қазіргі кезде пластмассалық материалдар қалдықтарын өңдеудің бірнеше жолдары ұсынылған, олардың ішінде биоыдырайтын полимерлерді өңдеу, термоөңдеу, химиялық өңдеу және полимерлік материалдарды екіншілік қолдану. Пайдаланған пластмассаларды екіншілік қолдану үшін стимул жеткілікті: экологиялық аспект, тұтынушының сұранысы, заң талаптары және төменгі баға.
Қазіргі кезде кең көлемде сұранысқа ие болып жүрген полимерлердің бірі болып полиэтилентерефталат (ПЭТ) саналады. Бұл материал әр түрлі бұйымдар өндірісінде (геоматериал, талшық, синтепон, киім, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын үлдір, бөтелке, және т.б) қолданылады.
Пластмассаны екіншілік өңдеудің бірнеше түрі бар. Қалдықтарды өңдеу зауыттарында біріншілік өңдеу төменгі сортты материалдарды қайта пайдалануға мүмкіншілік береді.Бұл термопластты полимерлі материалдарға байланысты, себебі термопластты полимерлі материалдар ластанудың төменгі дәрежесін көрсетеді.Екіншілік өңдеу бөлуден, тазалаудан және негізгі өнімдерді таза полимер ретінде немесе қоспа ретінде қайта қолданудан тұрады. Үшіншілік өңдеу үшін полимерлік кесінділер субстанция алу үшін химиялық өңдеуге ұшырайды, мономер, химикат немесеотын. Полимерлі қалдықтарды энергияны бұрынғы қалпына келтіру үшін өртеуге болады. Полимердің құрылысы және оны қолдану аясына байланысты, жасалатын бұйымдарға байланысты өңдеу түрі таңдалады. Полимер композициясы құрамының ластануына байланысты кейбір полимерлердің қасиеттері нашарланады, сондықтан да басқа полимерлерден толықтай бөлінуі қажет. Көптеген полимерлі материалдар балқымайды және оларды мына жолмен өңдеуге болмайды; ал басқалары қыздыру арқылы бастапқы мономерге дейін жайылады. Қазіргі кезде полимерлерлік материалдарды өңдеуге аса көп көніл бөлінуде әсіресе дамып келе жатқан бұл полиэтилентерефталат қалдықтарын өңдеу және әр турлі салаларда пайдалану болып табылады. Әлемде пластмасса өндірісі күннен күнге артуда және дамуда, ал Қазақстанда бұл өндіріс түрі енді қолға алына бастауда, сондықтан қай жағынан да алып қарамасақ полимерлі материалдарды өңдеу мен одан бұйымдар жасау пайдалы және қолайлы болып табылады.
Жобаның мақсаты полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелерді екіншілік өңдеу процесі арқылы полиэфирлі талшық алу цехының жобасын жасау(380кг/сағ өнімділікпен). Бұл үшін келесі міндеттер қойылған: материалды іріктеу, сапасына байланысты барлық талаптарға сай; өндіріс технологиясын суреттеу; қондырғыны таңдау; материалды және жылу балансын есептеу; өндірісті технико-экономикалық негіздеу; қауіпсіздік ережелері мен қоршаған ортаны қорғауды суреттеу.
Қазақстанда алғаш рет полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелерден полэфирлі талшық алуға арналған зауыт іске қосылуда. Осы өндірістің іске қосылуы нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысында пластикалық бөтелкелерді утилизациялау проблеммасы біртіндеп шешілуде және полиэфирлі талшық өндірісі басталуда.Ол синтепон, геоматериал, жалпы және арнайы бағыттағы киімдер және т.б. өндірісте қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |