Постановление Правления 2016 жылғы 28 қаңтар Алматы қаласы №18 город Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын бекіту туралы



Дата14.06.2016
өлшемі161.02 Kb.
#136058
түріПостановление




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2016 жылғы 28 қаңтар
Алматы қаласы




18
город Алматы


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

клиенттердің активтерін

сенімгерлік басқару жөніндегі

қызметті жүзеге асыруы

қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидалары бекітілсін.

2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2016 жылғы 28 қаңтардағы

№ 18 қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы

қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Қағидалар Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруына қолданылмайды.



1. Жалпы ережелер
3. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңға және Қағидаларға сәйкес реттеледі және жүзеге асырылады.

4. Азаматтық кодекспен, Ұлттық Банк туралы заңмен, Қағидалармен реттелмеген бөлігінде Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметі Ұлттық Банктің ішкі құжаттарымен және клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шарттарымен (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) реттеледі.

5. Қағидаларда Азаматтық кодексте көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) активтер – клиентке тиесілі ақша мен қаржы құралдары;

2) бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған шетелдік эмитенттердің, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

3) бэнчмарк – клиенттің стратегиялық мүдделерін көрсететін, клиент эталон ретінде таңдайтын қаржы құралдарының немесе индикативтік көрсеткіштердің жиынтығы. Бэнчмарк кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау шамасы болып табылады;

4) инвестициялық көкжиек – клиенттің активтерін инвестициялау нәтижесі айқындалатын уақыт аяқталғаннан кейінгі уақыт бөлігі;

5) инвестициялық кіріс – активтерді инвестициялау нәтижесінде алынған олардың өсімі;

6) клиент – Ұлттық Банкпен сенімгерлік басқару шартын жасасқан заңды тұлға;

7) клиенттің портфелі – клиенттің ақшасы мен қаржы құралдарының жиынтығы;

8) мүдделер қақтығысы – Ұлттық Банк пен оның клиентінің мүдделері өзара сәйкес келмейтін, бірмезгілде Ұлттық Банк сенімгерлік басқарушы да, операция/мәміле тарапы да болатын жағдай;

9) стратегиялық мүдделер – кірістіліктің қалаулы деңгейі және тәуекелге тағаттылық таныту;

10) сыртқы қаржы нарығы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы;

11) уәкілетті бөлімшелер – Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша функциялар жүктелген бөлімшелері;

12) үстеме кірістілік – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен бэнчмарк кірістілігі деңгейінің арасындағы айырма;

13) ішкі қаржы нарығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резиденттерінің арасында мәмілелер жасау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.

6. Клиенттің активтерімен мәмілелерді Ұлттық Банк ішкі қаржы нарығында да, сыртқы қаржы нарығында да клиенттің есебінен және соның мүддесі үшін жасайды.

2. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті бөлімшелердің функциялары
7. Ұлттық Банк клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде мынадай функцияларды орындайды:

1) клиенттермен сенімгерлік басқару шарттарын дайындайды және жасайды;

2) клиенттердің активтерімен мәмілелерді олардың есебінен және олардың мүддесі үшін өз атынан жасайды және орындайды;

3) сенімгерлік басқарудағы активтерді қосалқы есепке алуды жүзеге асырады;

4) клиентке сенімгерлік басқару шартында көзделген мерзімдерде және тәртіппен клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты ақпаратты ұсынады;

5) Ұлттық Банктің есепке алу жүйесінің деректерін клиенттің, кастодианның, орталық депозитарийдің және/немесе тіркеушінің деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

6) клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару бойынша Азаматтық кодексте және сенімгерлік басқару шартында белгіленген құқықтардың шектеулерін сақтайды;

7) сенімгерлік басқару шарты бойынша ақпараттық, консультациялық және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.

8. Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі мәмілелерді жасауға және орындауға ағымдағы бақылауды уәкілетті бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады.

3. Ұлттық Банктің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыру тәртібі
9. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруды тиімді жүзеге асыруы мақсатында клиент дербес немесе Ұлттық Банкпен бірлесіп активтерді басқарудың инвестициялық стратегиясын және бэнчмарк құрылымын айқындайды.

10. Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға қабылдауы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

11. Әлеуетті клиент сенімгерлік басқару шартын жасау мақсатында Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) клиенттің жазбаша сұратуларға қол қоюға уәкілетті қызметкерлерінің қол қою үлгілері және мөр (ол бар болса) бедері бар нотариат куәландырған құжат үш данада;

2) клиент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

3) егер Ұлттық Банктің клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделмесе, клиенттің уәкілетті органының Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімінің көшірмесі;

4) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер клиент өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырса – қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттар.

12. Сенімгерлік басқару шарты Қағидаларға қосымшаға сәйкес Ұлттық Банк пен клиент арасында жазбаша нысанда жасалады. Тараптардың келісуі бойынша сенімгерлік басқару шартына Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар енгізіледі.

13. Сенімгерлік басқару шартын оны жасасқан күннен кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірмей кейіннен сенімгерлік басқару шартының түпнұсқаларымен алмаса отырып факсимильді көшірмелермен алмасу жолымен жасауға жол беріледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің

клиенттердің активтерін

сенімгерлік басқару жөніндегі

қызметті жүзеге асыруы

қағидаларына

қосымша
Нысан


Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару

шарты
Алматы қаласы 20_ жылғы «___» ___________



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________ арқылы, бір жағынан, және _______________________, бұдан әрі «Клиент» деп аталады, ________ негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________ арқылы, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталады немесе жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа ала отырып төмендегілер жайында осы Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқару шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады.


  1. Шарттың мәні




    1. Клиент Ұлттық Банкке активтерді береді, ал Ұлттық Банк өз атынан және Клиенттің мүддесі үшін оның иелік етуіне, пайдалануына және басқаруына берілген активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

    2. Клиенттің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің құрамы осы Шарттың 1-қосымшасында көзделген.




  1. Негізгі ережелер








    1. Ұлттық Банк активтерді тиісінше басқару мақсатында Клиент өз активтерімен қандай іс-әрекеттер жасай алатын болса сондай кез келген іс-әрекеттер жасауға құқылы, Ұлттық Банк инвестициялық шешімдерді нарықтық талаптарға және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшада көзделген Клиенттің инвестициялық стратегиясына (бұдан әрі – Клиенттің Инвестициялық стратегиясы) сәйкес өздігінен қабылдайды.

    2. Клиенттің активтерін сенімгерлік басқару өз атынан және Клиенттің есебінен Клиенттің Инвестициялық стратегиясында рұқсат етілген қаржы құралдарымен мәміле жасау қажеттілігін болжайды.

    3. Ұлттық Банк қызмет көрсету кезінде Клиенттің Инвестициялық стратегиясына және Шартқа сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша кіріс алуға немесе шығынның болмауына кепілдік бермейді. Ұлттық Банк Клиенттің активтерін Клиенттің Инвестициялық стратегиясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттерін орындамауына, банкрот болуына немесе таратылуына байланысты қандай да бір шығын және/немесе кіріс алмағаны үшін жауапкершілік атқармайды.

    4. Клиенттің Инвестициялық стратегиясының өлшемдерін анықтауды және талдауды Клиент Ұлттық Банкпен келісім бойынша жүргізеді.

    5. Клиент Шарт бойынша пайда алушы болып табылады. Активтерді орналастырудан нақты алынған инвестициялық кіріс Ұлттық Банктің кірісі болып табылмайды және егер Шартта өзгеше көзделмесе, қайта инвестициялауға жатады.

    6. Клиент сенімгерлік басқаруға берілетін активтерге үшінші тұлғалардың құқықтары жоқ екендігін растайды және кепілдік береді.

    7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру және активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру арасында мүдделер қақтығысы туындаған кезде біріншіге басымдық беріледі.

    8. Ұлттық Банк Клиенттің өтініші негізінде ақшаны есепке алу үшін банк шотын, орталық депозитарийде бағалы қағаздарды есепке алу үшін ДЕПО жеке қосалқы шотын және Қазақстан Республикасының кастодиан-бейрезидентінде жеке шот ашады.

    9. Ұлттық Банк Клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде Клиенттің Инвестициялық стратегиясы шеңберінде инвестициялық кірісті алу немесе олар бойынша тәуекелдерді және зияндарды барынша азайту мақсатында Клиенттердің активтерін инвестициялау бойынша шешім қабылдайды.

    10. Ұлттық Банк клиенттің активтерін сенімгерлік басқару тиімділігін клиенттің Инвестициялық стратегиясында белгіленген шектеулерді ескере отырып белгілі бір инвестициялық көкжиек үшін тиісті бэнчмарктарға қатысты Клиент портфелінің үстеме кірістілігін анықтау жолымен бағалайды.

    11. Салықтар және төленетін басқа да міндетті төлемдер 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төленеді.



  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері




    1. Клиент Ұлттық Банктен оның активтерін сенімгерлік басқарумен байланысты ақпаратты жазбаша сұратуға және алуға құқылы.

3.2. Клиент:

1) Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

2) Шарттың 5.3.-тармағында көзделген мерзімде Ұлттық Банкке Шарттың 5-тарауына сәйкес активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты комиссиялық сыйақыны және шығыстарды төлеуге;

3) ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-на (онына) дейін Ұлттық Банкке қарсы салыстырып тексеру үшін:

сенімгерлік басқаруға берілген/сенімгерлік басқарудан алынған активтерді салыстырып тексеру актісін;

ақша қалдығын және айналысын салыстырып тексеру актісін;

көрсетілген қызмет үшін дебиторлық/кредиторлық берешекті салыстырып тексеру актісін;

көрсетілген қызмет үшін кірістерді/шығыстарды салыстырып тексеру актісін ұсынуға;



  1. активтерді Шарттың 4-тарауының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарудан алу туралы жазбаша сұрату ұсынуға;

  2. Ұлттық Банкпен келіскеннен кейін Клиенттің Инвестициялық стратегиясына өзгерістерді енгізуге;

6) өзгерістер енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке Клиенттің Инвестициялық стратегиясына енгізілген барлық өзгерістер туралы хабарлауға;

  1. Клиенттің Инвестициялық стратегиясы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегені үшін жауапты болуға міндеттенеді.

3.3. Ұлттық Банк:

1) Клиент Шарттың 5.3.-тармағын бұзған жағдайда, Клиенттің банк шотынан акцептсіз тәртіппен ақшаны алуға;

2) Клиенттен:

Клиенттің активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы төлеуді;

Ұлттық Банк Клиентің активтерін сенімгерлік басқарумен байланысты шеккен нақты шығыстарын өтеуді;

Шарттың 6.1.-тармағына сәйкес өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.

3.4. Ұлттық Банк Клиенттің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы және шетел валютасындағы ақшасын олар Клиенттің портфеліне келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инвестициялауға және/немесе қайта инвестициялауға міндеттенеді. Клиенттің кастодианда ашылған, тиісті үзінді-көшірмелермен расталған тиісті шоттарына ақша түскен күн Клиенттің портфеліне ақша түскен күн болып табылады.


  1. Активтерді алу және толықтыру

4.1. Клиенттің активтерін толықтыру шектеусіз жүзеге асырылады.

4.2. Клиенттің активтерін толық немесе ішінара алу Клиенттің жазбаша сұратуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыралады. Егер өзгешесі Клиенттің Инвестициялық стратегиясында көзделмесе, Клиент активтерді алу басталған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын жазбаша сұратуды береді.

4.3. Клиенттің портфелін алу және толықтыру ақшамен де және қаржы құралдарымен де жүргізіледі. Қаржы құралдарымен көрсету бойынша алу/толықтыру сомасының есебіне қаржы құралдарының алу/толықтыру күніндегі нарықтық құны қабылданады.




  1. Активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты комиссиялық сыйақыны және шығыстарды төлеу

5.1. Клиент Ұлттық Банкке активтерді сенімгерлік басқару үшін қызметке Ұлттық Банктің тарифтеріне сәйкес ақы төлейді, сондай-ақ Ұлттық Банк Шарт бойынша қызмет көрсету кезінде нақты шеккен шығыстарын өтейді.

5.2. Ұлттық Банктің активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарына:

1) кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметтеріне ақы төлеу;

2) активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты төлемдерді жүргізу бойынша шығыстар;

3) активтерді сенімгерлік басқару кезінде туындауы мүмкін басқа да шығыстар, оның ішінде оларды бағалау бойынша шығыстар жатады.

5.3. Ай сайын, Ұлттық Банктің шот-фактурасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Клиент Ұлттық Банкке комиссиялық сыйақы төлейді және Ұлттық Банк активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты нақты шеккен шығыстарын өтейді.


  1. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Клиент Ұлттық Банкке комиссиялық сыйақы және көрсетілген қызмет үшін нақты шеккен шығыстарға Шартта көрсетілген мерзімде ақы төлеуді кешіктірген жағдайда, ол Ұлттық Банкке ақы төлеген күнді қоспағанда әрбір кешіктірілген жұмыс күні үшін төленуге тиісті сомадан 0,01% (ноль бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде өсімпұл төлейді.




  1. Төтенше жағдай

7.1. Дүлей күшке жататын табиғи апаттар, авариялар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-қимылдар туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын, Тараптардың Шарт бойынша өзінің функцияларын орындауына кедергі келтіретін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің қабылдаyы, егер зардап шеккен Тарап осындай жағдай туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей және байланыс болған кезде орын алған жағдай туралы басқа Тарапқа хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тезірек жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

7.2. Шарттың 7.1.-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайлары ықпал ету объектісі болған Тарап басқа Тараптың талап етуі бойынша болған оқиғалар туралы растайтын құжаттарды, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты уәкілетті органның растаған кез келген құжаттаманы ұсынуға міндетті.

7.3. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы дүлей күш жағдайлары орын алған уақытта тоқтатылады және олар аяқталғаннан кейін бірден қайта жаңғыртылады.

7.4. Шарттың 7.1.-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайлары тоқтатылғаннан кейін, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.


  1. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау барысында туындаған келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

8.2. Егер Тараптар келіссөздер арқылы келісімге келмесе, реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес сотта қаралады.


  1. Шарттың қолданылу мерзімі

9.1. Осы Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.

9.2. Әрбір Тарап басқа Тарапқа болжамды бұзылатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.

9.3. Осы Шарт бұзылған кезде Ұлттық Банк Шарт бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сенімгерлік басқаруда тұрған активтерді Клиент көрсеткен шотқа аударады. Клиент 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке көрсетілген қызмет үшін комиссиялық сыйақы сомасын толық көлемде ақы төлеуге, сондай-ақ Ұлттық Банк Клиенттің активтерін сенімгерлік басқаруға байланысты нақты шеккен шығыстарын өтеуге міндеттенеді.




  1. Басқа да талаптар

10.1. Шарттың 10.2.-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартқа өзгерістер Шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

10.2. Тарап атауы, орналасқан жері, деректемелері өзгерген жағдайда, басқа Тарапқа тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша хабарлауға міндетті.

10.3. Тараптар қайта құрылған жағдайда барлық құқықтары мен міндеттері Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.

10.4. Шарт төрт түпнұсқа данада жасалды: екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде, олардың екі данасы (бір мемлекеттік тілде және бір орыс тілінде) Ұлттық Банкте қалады және екі данасы (бір мемлекеттік тілде және бір орыс тілінде) Клиентке беріледі. Әрбір данасының заң күші бірдей.

10.5. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.




  1. Тараптардың орналасқан жері және деректемелері




Ұлттық Банк

Клиент

Ұлттық Банктің атынан



Клиенттің атынан




Клиенттердің активтерін

сенімгерлік басқару

шартына

1-қосымша


Клиенттің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің құрамы

Клиенттердің активтерін

сенімгерлік басқару

шартына


2-қосымша
Клиенттің Инвестициялық стратегиясы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет