Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Эмитенттерге және олардың қор



бет1/3
Дата16.07.2016
өлшемі461.13 Kb.
#203545
түріПостановление
  1   2   3


Жоба



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы






город Алматы





Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы



«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.

  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

  3. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын жоғарыда көрсетілген Талаптарға сәйкес келтірсін.

  4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.


Ұлттық Банк

Төрағасы



Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 22 қазандағы

№ 189 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы»
2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311 жарияланған));

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы»


2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған, № 9).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда жарияланған № 10).

4. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 28 тамыздағы № 04.2-09/207 бұйрығы (Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, № 9, 2008 жыл, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 10, 2008 жылғы 15 қазан).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5532 тіркелген).

6. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 04.2-44/18 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5529 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2008 жылғы 26 ақпанда № 30 1627 жарияланған);

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5625 тіркелген).

8. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 наурыздағы № 04.2-44/84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5682 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 5 маусымда № 84 (1507) жарияланған).

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарының листингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 шілдедегі № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5742 тіркелген).

10. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 20 тамыздағы № 04.2-44/145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5781 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 2 қазанда № 150 (1743) жарияланған).

11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 262 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 тіркелген).

12. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 ақпандағы № 04.2-40/33бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6115 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылғы 25 мамырда № 73 (1868) жарияланған).

13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6189 тіркелген).).

14. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 04.2-40/124бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6502 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 27 қазанда № 284 (26345) жарияланған).

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7789 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 тамызда № 562-569 (27642) жарияланған).

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 233 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8008 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 402-403 (27221-27222) жарияланған).

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 332 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8163 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 20 ақпанда № 71 (28010)) жарияланған).


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



2014 жылғы 22 қазандағы

189 қаулысымен

бекітілді


Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына,

сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген

санаттарына қойылатын талаптар

1. Осы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптар мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің (өздерінің) құрылтайшысының (құрылтайшыларының), қатысушысының (қатысушыларының), акционерінің (акционерлерінің) – осы немесе басқа да мемлекеттік заңды тұлғаның кепілдігіне не олармен байланысты (үлестес) тұлғалардың кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;

2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;

3) борыштық бағалы қағаз – иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

4) жергілікті атқарушы органдардың облигациялары – республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

5) индекстік қор – активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;

6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;

7) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

8) қаржылық емес ұйым – қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;

9) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) – енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің осы талаптарға сәйкес келетін қор биржасының тізімі, оның ішінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы операторы айқындаған тізім;

10) листингтік компания – бағалы қағаздары ресми тізімге (ресми тізіміне айналысқа жіберілген) енгізілген заңды тұлға;

11) ресми тізімінің секторы - эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген (айналысқа жіберілген), Талаптармен белгіленген талаптарға сәйкес келетін қор биржасының ресми тізімінің бөлігі;

12) рұқсат беру бастамашысы – бастамасымен бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қор биржасының мүшесі;

13) сауда алаңы – қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;

14) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені;

15) біліктілік талаптары - «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 87 қаулысымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 13 мамырда № 8462 тіркелген, бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарын кіргізу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары;

16) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

2. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы айналысына Қазақстан Республикасынан бөлек басқа мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (тізімде айналыста болуға рұқсат берілген) бағалы қағаздарға рұқсат беріледі.

3. Қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (рұқсат беріледі).



4. Қор биржасының ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:

1) акциялар;

2) борыштық бағалы қағаздар;

3) исламдық бағалы қағаздар;

4) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

5) туынды бағалы қағаздар;

6) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

7) мемлекеттік бағалы қағаздар.

Қор биржасының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.

Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларынан басқа, қосымша секторлардың қызмет етуі қарастырылуы мүмкін.

5. «Акциялар» секторы екі санатқа бөлінеді: бірінші санат және екінші санат.

6. Қор биржасының ресми тізімінің бірінші санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.

Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;

2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;

3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енген аудиторлық ұйымдардың бірі олардың біліктілік талаптарға сәйкес келуі негізінде жүзеге асырады;

4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:

егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;

егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.

Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан көп емес мерзім өтуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет