Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_________________ Б. Имашев
2015 жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «__» ____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы «__» ______________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «__» _________
№ _____ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 418 -құжат);
2. «Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 957 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 453 - құжат);
3. «Туристік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 456 - құжат);
4. «Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 104 - құжат).
Достарыңызбен бөлісу: |