119
Шөжек: Апа, егер мен үстімді кірлетпесем майға қуырылған тəтті тары
бересің бе?
Тауық: Тəтті тары? Қыт-қыт, қыт. Егер уəдеңде тұрып үстіңе кір
жуытпасаң тəтті тары беруіме болады. Ал, мен кеттім, менің жұмысым бар,
қыт-қыт....
Шөжектер: Біз шөжекпіз, шөжекпіз
Əн саламыз безеп тіл.
Би билейміз еш талмай.
Доп ойнаймыз шаршамай.
Саққұлақ: Сəлем, балапандар!
Шөжек: Сəлем, Саққұлақ!
Саққұлақ: Сен не, доп сатып алғансың ба?
(
Допты тебеді, бас киімін жұлып алып,ағаштың басына іледі.)
Шөжек: Бер, бер деймін.
Саққұлақ: Бойың жетсе, аласың.
Шөжек: Саққұлақ, берші,
сенің қолың кір,
жаңа ғана маған анам
кірлетпе деген.
Саққұлақ: Менің қолым кір ме? Мə, ендеше саған. (
қолын сүртеді)
Жақсылап секірсең аларсың, қанаттарың бар емес пе? Мүмкін, торғай болып
ұшарсың. Салют! Музыка!
Шөжектер: Енді қайтеміз, анамыз ұрсатын болды ғой.
(Балапандар кетеді. Саққұлақ көңілді музыкамен би билейді.
Би аяқталған соң, сахнадан кетеді. Сахнаға жылап көжек шығады.)
Достарыңызбен бөлісу: