Тәлбия: «Ләббәйкә Аллаһумма ләббәйк. Ләббәйкә лә шәрикә ләкә ләббәйк. Иннәл-хамда, уән-ниъмәтә, ләкә уәл-мулк. Лә шәрикә ләк»
Мағынасы: «Уа, Аллаһым! Міне мен Сені алдыңдамын. Міне, мен сенің алдыңдамын. Сенің ешбір серігің жоқ. Міне, мен сенің алдыңдамын. Расында мадақ та, ығмет те, мүлік те Саған ғана тән. Сенің серігің жоқ».
Тауап жасау дегеніміз – Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап – Алла тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес, Алла тағалага деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалаты ғибадат. Ихрамға кірген адам миқатта өткеннен бастап, Қағбаны көргенде дейін тәлбия айтуын тоқтатады. Қажы әл-Харам мешітіне оң аяғымен:
Арапша.........
«Әъузу билләһил-ъазыйм, уә би уәжһиһил-кәрим уә султаниһил-қадим миаш-шайтанир-ражим. Бисмилләһ, уәс-салату уәс-сәләму ъалә Расулилләһ. Аллаһуммафтах ли әбуәбә рахматик» деген дұғаны оқып кіреді.
Мүмкіндік болса, қара тасты сүйгені абзал. Егер қатты кептеліс болса, онда өзге қажыларға зиян келтіріп бармаған дұрыс. Сондай-ақ тауап жасағанда санақ қара тастың бұрышынан басталып, Қағбаны жеті рет айналады. Қағбаны айналу кезінде қара тастың тұсына жеткенде оған сәлем беріп, оң қолды көтеріп, алақанын қарата: «Аллаһу Акбар!» дейді. Қара тас орналасқан бұрыштың сол жағында «Йемен бұрышы» бар. Йемен бұрышына жеткен уақытта мүмкіндік болса, сол бұрышты ұстаған абзал. Адамдармен сығылысп ұстаған дұрыс емес. Йемен бұрышы мен қара тас бұрышының арасында:
«Раббәнә әтинә фид-дуния хәсәнәтән, уә фил-ахирати хәсәнәтән, уә қинә ъазәбән-нәр» дұғасын оқиды.
Мағынасы: «Раббымыз, бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және тозақ азабынан сақтай гөр».
Кәфирун» сүресі
«Бисмилләһир-Рахманир рахим.
Қул йә әйюһәл-кәфирун. Лә аъбуду мә таъбудун. Уә лә әнтум ъабидунә мә әъбуд. Уә лә әнә ъабидум-мә ъабәдтум. Уә лә әнтум ъабидунә мә аъбуд. Ләкум динукум уә лия дин».
Ықылас сүресі
«Бисмилләһир-рахманир рахим.
Қул һууаллаһу әхад. Аллаһум-самәд. Ләм йәлид, уә ләм йуләд, уә ләм йәкул-ләһу куфууән әхад».
Сағи жасау үлгісі
Тауап жасап болғаннан кейін Сафа мен Маруаның арасында жүруге шығады. Сафа төбешігіне жақындап тұрып Алла тағаланың Құранда бастағаны тәрізді қажы да:
«Иннәс-сафа уәл-маруата мин шаъайрилләһ. Фәмән хажжәл-бәйтә әуиътәмәра фәлә жунәха ъалейһи әййәттаууәфә биһимә. Уә мән тәтаууаъа хайран фә-инналлаһә шәкирун ъалим» деген аятты оқу арқылы құлшылығын бастайды.
Мағынасы: «Расында Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен. Сонда кім қажылық неме умра орындаса, ол екеуінде тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кім қосымша жақсылық жасаса, Алла- шүкірлікті Қабыл етуші, толық Білуші» (Бақара сүресі, 158-аят.)
Аятты оқып болғаннан кейін Сафа төбесіне көтеріліп, Қағбаға қарап, екі алақанын көтере жайып, Аллаға мадақ, «Аллаһу Акбар» деп тәкбірлер, шын көңілмен дұға жасап, былайша мадақ айтады:
«Лә иләһә иллал-лаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә иләһә иллаллаһу уәхдәһу, әнжәзә уәъдәһу, уә насара ъабдаһу, уә һәмәзәл-әхзәбә уәхдаһу»
деген дұғаны оқыған абзал. Аталмыщ мадақтар мен тәкбірді және дұғаны үш реттен оқыған жақсы.
Мағынасы: «Жалғыз, серігі болмаға Алладан басқа құдай жоқ. Билік пен мадақ Оған тән. Ол әр нәрсеге Құдіретті.Жалғыз Алла өзге құдай жоқ. Ол уәдесін орыдады, пендесіне (Пайғамбарға) көмек берді (жеіске жеткізді, бүкіл топты жалғыз Өзі жеңді».
Достарыңызбен бөлісу: |