Аңдар: Енді не істейміз? (абыр-сабыр болады)
Сайқымазақ: Ендеше, балалар, сендермен бір ойын ойнап жіберейік!
Ойынның аты – «Ақ сандық – көк сандық». Бəріміз шартын білеміз ғой.
(Ортаға екі бала келеді, ойын ойналады, бір-екі рет қайталанады.)
Көрдіңдер ме менің достарым қандай екенін?!
Қоян: Сайқымазақ, мені кешірші. Мен енді олай жасамаймын. Кел,
біздің ортаға. Балалар, бізді кешіресіңдер ме?
Сайқымазақ: Балалар, оларды кешіреміз бе?
Балалар: Иə, иə, иə!!!
Сайқымазақ: Ендеше, балалар, мен олармен бірге туған күн кешіне
барайын. (Сайқымазақ үстелге отырады, бір кезде бəрі шай ішіп отырғанда
бір айқай естіледі. КУ-КА-РЕ-КУ!)
Аңдар: Балалар, бұл ненің даусы болды екен?
Балалар: Бұл – Тауықтың дауысы! (Сол кезде ортаға қу түлкі келеді.
Қолында құшақтаған тауығы бар).
Көжек: Ой, бұл кім болды екен? Ааа, бұл сен бе, түлкі? Қош келдің!
Түлкі: Сəлеметсіңдер ме, достарым! Сəлем, Қоян! Туған күніңмен,
Қоян!
Көжек: Рақмет, түлкі.
Түлкі: Жарайды (деп əндетіп былай дейді)
Туған күніңмен, Көжек!
Туған күніңмен, Көжек!
Туған күніңмен, Көжек!
Көжек: Балалар, осындай əн бола ма? Маған ұнамады. Сендерге ше?
Балалар: Жооқ!
Көжек: Достарым, осындай əн бола ма?
Аңдар: Иə, бізге де ұнамады.
Көжек: Ендеше, сен бізге бір би билеп бер! Солай ма, балалар?
Балалар: Иə, солай жасасын!
(Көңілді бір музыка ойналады, түлкі би билейді.)
Түлкі: Достар, келіңдерші, оданда бəріміз билейікші! (Аңдар
бəрішығып, бірге көңілді музыкаға билейді. Бір кезде аю құлап түседі.)
Аю: Достар, мен шаршадым. Біраз демалайықшы.
Достарыңызбен бөлісу: |