Тақырыбы: Алтын күз! Өтетін уақыты



Дата15.05.2024
өлшемі14.8 Kb.
#501213
алытн кун


Тақырыбы: Алтын күз!


Өтетін уақыты: 17.11.2023


Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Арайлы «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Сіздердің құрметтеріңізге 9 сынып қыздарының орындауында «Мен деп Ойла» әні


Жүргізуші:Уа, халайық халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық .
( Сайыскерлер ортаға шығады)

Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.


Әділ қазылар алқасы:


Жоспар
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)
3.Ханшайым мен Ханзаданың вальс биі
1-бөлім
Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан
Өнерімен, білімімен аты озған
Әдеп-ғұрпын жоғалтпай аулымыздың
«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.
(Әр сынып өздерін таныстырып өтеді)
2-бөлім
Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашан да нанымды.
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)


3- бөлім
Жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бұл айын.
Ханшайым тапқыр қыз болды
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды.
Би де билеп, ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
(Ортаға Ханшайым мен ханзаданы вальс биіне шақырамыз)
Қорытынды.
Жүргізуші: Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерін анықтайық . Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар алқасына сөз береміз.
(Жеңімпаз марапатталады!)
Жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі
«Күзгі бал» кешін аяқтаймыз.
Сайыстың турлары
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)
8.Ханшайым мен ханзаданың вальс биі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет