Практикалық қызметтің неғұрлым мәнді нәтижелерін жариялау, көпшілікке көрсету болып табылады



Дата11.11.2022
өлшемі31.7 Kb.
#464627
Педагогтың е-портфолиосы және оған қойылатын талаптар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: Педагогтың е-портфолиосы және оған қойылатын талаптар


Орындаған: Р.Құрметбек
Тексерген: Д.Есенұлы

Алматы 2022
Педагогтың е-портфолиосы және оған қойылатын талаптар

Портфолионың негізгі мақсат-бағдары – практикалық қызметтің неғұрлым мәнді нәтижелерін жариялау, көпшілікке көрсету болып табылады. Бұл нәтижелер жүзеге асырылған жобалар, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу, педагог жүргізген зерттеулер түрінде болуы мүмкін. Мұғалімнің өмірдегі барлық лайықты нәтижелерін көрсететін «табыстар досьесі» болуы керек. Мұндай досье – мұғалім портфолиосы. Портфолионың негізгі мақсат-бағдары – практикалық қызметтің неғұрлым мәнді нәтижелерін жариялау, көпшілікке көрсету болып табылады. Бұл нәтижелер жүзеге асырылған жобалар, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу, педагог жүргізген зерттеулер түрінде болуы мүмкін. Портфолио педагогқа өз жұмысының нәтижелерін талдауға, қорытуға және жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға, сөйтіп одан да жоғары нәтижелерге жету жолында кедергі-қиындықтарды жеңуге байланысты іс-әрекет жоспарын құруға мүмкіндік береді. Мұндай портфолиода, ең алдымен, сол маманға тән кәсіби дамудың «базалық» принциптері көрініс табуы қажет. Оның өз жұмысына деген көзқарасы эссе немесе күнделік жазбалары түрінде хатқа түсірілуі тиіс. Мұғалім одан мынандай сұрақтарға жауап таба алатын болуы керек: Кәсіби тұрғыдан даму не үшін қажет? Оның негізі неде? Дамудың бағыттары қандай? Бұл процесте кім көмек бере алады? Тиісті білім мен тәжірибені қайдан іздеуге болады? Өзіңді өзің бақылау үшін дамудың құрылымы мен бағдарламасын әзірлеу керек. Даму бағдарламасы мыналарды қамтиды: а) негізгі іс-әрекеттер; ә) олардың орындалу мерзімдері; в) бұлардың атқарылуын бақылау формалары. Мәселен, сәуірге дейін бұл тақырып бойынша қала кітапханаларынан әдебиеттер қарау. Бақылау формасы – конспектілер, каталогтық карточкалар, материалдық папкілер жасау.
Мұғалім қызметінде дамудың формалары мен әдістерін айқындаудың мәні зор. Оған мыналар енеді: – пән бойынша да, оны сабақ түрінде өткізу әдістемесі бойынша да жаңа білімдерді игеру; – жоғары білікті педагогтардың жұмысын бақылау; – өзекті мәселелерді әріптестермен бірге талқылау; – тәлімгермен немесе методистпен тұрақты түрде жұмыс жүргізу; – жаңа бағдарламалар мен жоспарлар жасау; – сабақтардың видеожазбаларына талдау жасау; – мамандық бойынша әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді оқу; – практикалық дағдыларға машықтану. Мұғалім қызметінің тағы бір аспектісі – қолданылатын әдістердің тиімділігін арттыру және жаңа әдістер мен жаңа технологияларды игеру. Мақсаттарды белгілеп, қолданыс үлгілерін жинақтаумен бірге, әр түрлі жағдайлар бойынша жұмыс жүргізу кезіндегі олардың тиімділік деңгейлеріне, дидактикалық және тәрбиелік әлеуетіне талдау жасау қажет. Мәселен, мынадай жазба жасалуы мүмкін: «Бір-бірін үйретуге байланысты шағын топтар бойынша жұмыс жүргізу 8–11 сынып оқушылары арасында ғана және тиісті дайындық жұмыстарынан кейін барып мүмкін болады. Шағын топтарды бір-бірімен қайшылыққа келмейтін үлгірімі әр түрлі деңгейдегі балалардан жасақтаған тиімді». Жаңа әдістерді қолдануға байланысты тәжірибе жинақтау үшін жұмыс соңынан мынадай сұрақтарға жауап беруге болады: 1. Жаңа әдістеме бойынша жұмыс жүргізген уақыт ішінде оқушылар үлгірімі мен тәрбиесіне қатысты не өзгерді? Олардың дамуы қай бағыттарда көрінді? 2. Бұл өзгерістерге мұғалімге қатысты қандай оқытып-үйрету фактілері ықпал етті? 3. Болған өзгерістерге тағы қандай фактілердің әсері бар (ата-аналардың, өзге мұғалімдердің, құрдастардың ықпалын, жасөспірімнің қызығатын әуестіктерін негізге алу және т. б.). 4. Оқытып-үйретуде жаңа әдістеменің тиімділігін қандай факторлар төмендетті? Портфолио маманның кәсіби жетістіктерін бағалауда тиімді құрал бола алады. Әдетте адам жұмысын бағалаудың үш тәсілі бөліп аталады: – оның қызметіне байланысты баға; – алға қойған мақсаттарға қол жеткізу деңгейінің бағасы; – алдынала белгіленген критерийлерге сәйкестіктің бағасы. Мектепте бұл үш тәсілдің үшеуі де қолданылады. Ресми мақсаттар үшін қолданысқа біріншісі (адам нені атқарады, оны қалай атқарады) және үшіншісі (белгілі бір аттестациялық категориядағы педагогқа қойылатын талаптарға қаншалықты сәйкес келеді) алынады. Бірінші және үшінші жағдайға байланысты портфолиоға жинақталған ақпараттар шамамен бірдей болады. Бірінші жағдайда педагог қызметінің түрлері мен бағыттары туралы неғұрлым мол және сан-салалы ақпараттар жинауға баса көңіл бөлген жөн. Педагог жұмысына баға беру үшін мектеп әкімшілігіне арнап материалдар ұсынғанда «Портфолио», жалпы, мыналарды қамтуы тиіс: – өткізілген сабақтардың үлгілері мен видеожазбалары; – қолданылатын жұмыс әдістері мен формалары жөніндегі материалдарға шолу; – іс нәтижелері (оңды және кері); – мұғалімнің мектептегі жұмыс тиімділігіне берілген баға; – оның жұмыстарына ресми түрде берілген баға; – білімі туралы және білігін арттырғандығы жөніндегі құжаттамалар. Мұғалім өзінің кәсіптік жолын, көзқарастары мен жоспарларын көрсететіндей материалдарды жинауы тиіс. Олардың жұмыс жүргізілген жылдар бойынша жинақталғаны дұрыс. Бұл педагогтың өз даму динамикасын, сондай-ақ, өзіне және кәсібіне, жұмыс әдістері мен тәсілдеріне деген көзқарастарындағы өзгерістерді жіті қадағалап отыруына мүмкіндік береді. Кейде сол жылдардағы әдістердің бірі қайтадан өзіне «жақын» әрі өзгелерінен тиімдірек болып көрінуі мүмкін. Бұған қоса, құжаттарды жыл бойынша жинақтау оларды жылдам табуға да оңтайлы әрі портфолионы өзге мақсаттарда жасақтау үшін де қолайлы. Жыл құжаттарына талдауды келесі оқу жылына қалдырмай жасап отыру қажет. Өйткені каникул кезінде көп нәрсе естен шығып, кейбір позициялар мен көзқарастар өзгеріп кетеді. Дұрысы, жыл бойғы жұмысты оқу жылы аяқталған соң бір-екі апта ішінде қорытқан жөн. Жыл сайынғы «жинақтаманы» жүргізу ісін жаңа оқу жылы басталысымен бір аптаның ішінде қолға алу қажет. Ол жаңа оқу жылынан, өз кәсібінен, оқушылардан, әріптестерден, жалпы мектептен күтетін нәрселер, өз даму бағдары мен мақсаттары туралы күнделікке түсетін рефлексифтік ой қорытындылары немесе дербес эссе түрінде жазылуы мүмкін. Бұдан ары кәсіби бағдарлардың біреуі таңдалып алынады. Маман сол бағытпен жыл бойы жұмыс жүргізетін болады. Оқу жылына арналған бұл жұмыстардың нобайы жасалып, мақсаты белгіленеді. Айына бір рет алға қойылған сол негізгі мақсатқа байланысты атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасалып, жалпы ай қорытындысы талданады. Жыл бойы портфолиоға әдістер мен әдістемелік тәсілдерді қолдану үлгілері, қызмет жоспары мен бағдарламалары, оқушылар әзірлеген жұмыстар, консультациялар мен сабақтардың фрагменттері, әдебиет конспектілері, мақалалар, кітаптарға шолулар және т. б. келіп қосылады. Жыл соңында мақсатқа сәйкес жүргізілген және жалпы атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіледі.
Талдау барысында бәрі бірдей мұғалімнің ақыл-ойы мен іс жүргізу қабілетіне байланысты бола бермейтіні де ескеріледі. Оның жұмыс тиімділігіне ықпал ететін аса маңызды факторлар арасынан мыналарды бөліп атауға болады: а) мектептегі жұмыстарды ұйымдастыру – оның оқушылар ұжымы мен педагогтар ұжымы арасындағы, сондай-ақ мұғалімдер мен шәкірттер арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыратын ұйымдастырушылық мәдениеті, өзге де ұйымдық факторлар; ә) оқушыларға байланысты факторлар; б) өзге педагогтарға байланысты факторлар; в) қолданыстағы жұмыс әдістерін жетілдіруге байланысты. Өзін өзі дамыту бағытында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде мұғалім өз мектебінде жоғары лауазымға жетуге, неғұрлым жоғары разряд бойынша жалақы алуға немесе аттестацияланған категорияны иеленуге мүмкіндігі болады. Әкімшілік қызметке өтіп, жұмыс орынын ауыстыруына да жол ашылады. Барлық жағдайда да ол өз портфолиосында кәсіби дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізгенін дәлелдейтін ақпараттарды көрсете білуі керек. Мұны өз кәсібіне, мұғалімдерге, балаларға, ата-аналарға, оқытып-үйрету мен тәрбие процесіне деген көзқарасын толық әрі дәл сипаттайттын шағын эсседен бастағаны дұрыс. Мұндай эссенің мақсаты – маманның құнды бағыт-бағдарын, оның мотивациясын және жұмыстағы негізгі мазмұндық мақсатын айқындау болып табылады. Эссе мұғалімнің жаңа жұмысқа қабылдау кезіндегі әңгімелесуде немесе лауазымын өсіруге байланысты әкішілікпен кездесуінде өз ойларын нақты да, толық жеткізуіне көмектесетін болады.
Ойды дәл жеткізе білу барлық деңгейдегі әкімшілік алдында адамның мәртебін жоғарылатады. Педагог карьерасын өсіруге көмектесетін портфолионың тағы бір тарауы – оның жұмыстарына ресми түрде баға беретін құжаттар. Бұл дипломдар, сертификаттар, грамоталар, анықтамалар, куәліктер, аттестациялау комиссияларының қорытындылары, мінездемелер, жыл бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша жасалған құжаттар, ұсынымдар және т. б. болуы мүмкін. Құжаттардың бәрінде датасы, жауапты тұлғалардың лауазымдары мен атақтары көрсетілген болуы тиіс. Егер маман жұмысына оқушылар немесе ата-аналар тарапынан жазбаша түрде берілген бағалау құжаттары болса, олар да ұсынылуы қажет.
Педагогтың кәсіби дамуына орай өздігінен жүргізетін жұмыстарын іс жүзінде ұйымдастыруға байланысты мынадай кеңестерді алға тартуға болады: 1. Кәсіби дамуға талдау жасау кезінде екі процеске – білімді жеткізу және оларды оқушылардың игеру процестеріне тереңнен ой жібере отырып қарау, айрықша назар аудару қажет. 2. Мұғалім кәсіби даму барысында әрқашан екі бірдей рөлді: оқытып-үйретуші және оқушы рөлін бірдей атқарады. 3. Даму негізінде мұғалімнің жеке белсенділігі, оның жаңа тәжірибелер мен ілім-білімді игеру және оларды өз тәжірибесіне ендіру бағытында өздігінен әрекет ете білу қабілеті жатыр. 4. Дамудың бір емес, бірнеше жолын меңгерген (мәселен, оқытып-үйретудің сан алуан әдістемелік тәсілдерін, әр түрлі технологияларын игеру және т. б.) мұғалімде даму көрсеткіші әрқашан жоғары болмақ. 5. Жаңа тәжірибені игеру кезінде әріптестермен серіктесу үлкен көмек береді. Істі әріптестермен бірге талқылау кезінде туындайтын рефлексия тиімділігі топ ішінде анағұрлым жоғары болады және ол «педагогикалық дүниетанымның» жылдам өзгеруіне ықпал етеді. 6. Соңғы ереже – «жаттығуға» немесе жаңа ілім-білімдер мен әдіс-тәсілдерді іс жүзінде сынақтан өткізуге бірден кірісу. Жаңалықты сыныпта сынамас бұрын, алдымен әріптестер тобында «жаттығу» өткізіп байқау керек. Мұндай «жаттығу» кезінде мұғалім өзін оқушы рөлінде сезіне отырып, шәкірттердің оқыту әдістемелері мен мазмұнындағы өзгерістерге реакцияларын жақсы түсінетін болады. Қорытындыда, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесетін педагогикалық творчество түрлеріне сипаттама беріп өтеміз. Дидактикалық творчество – оқытып-үйрету саласында оқу материалын таңдап, жүйелеудің әр түрлі тәсілдерін, оны оқушыларға жеткізу мен игертудің әдістерін жасауға байланысты қызмет. Дидактикалық творчество – мұғалімдер мен оқушылар үшін мейлінше кең тараған және қол жетімді процесс. Мұның варианттары өте көп. Ол оқушылар іс-әрекетін құрастырып-үйлестіру, өзара байланыс сабақтастығын пайдалану, қосымшалар ендіру, жаңа тәсілдер ойлап табу секілді толып жатқан ізденіс нәтижелері түрінде көрінеді. Белгілі бір тақырыптар аясында әңгімені сүйемелдеуге арналған музыкаларды қолдану да, білім деңгейін ата-аналар арқылы бағалату да, өзін өзі бағалау да, түрлі түсті жарықтармен сүйемелденетін музыканы, ойын автоматтарын, анықтамалық қондырғыны пайдалану да дидактикалық творчествоға жатады.
Ұйымдастырушылық творчествосы – бұл жоспарлаудың, бақылаудың, жұмыс күштерін орналастырудың, ресурстарды жұмылдырудың, ортамен байланыстың, оқушылар мен мұғалімдерге тән өзара байланыстың жаңа тәсілдерін жасау жөніндегі және т. б. ұйымдастыру қызметін басқару саласындағы творчество. Ұйымдастырушылық творчествосы еңбектің ғылыми ұйымдастырылуын, барлық факторлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатқа неғұрлым тиімді жолмен жетуге мүмкіндік береді. Технологиялық творчество – бұл шәкірттерді оқытып-үйрету мен тәрбиелеу нәтижесін арттыруға көмектесетін педагогикалық жүйелердің, педагогикалық процестер мен оқу жағдайларының жаңа модельдерін іздестіруге және жасауға байланысты жұмыстар кезінде атқарылатын педагогикалық технологиялар мен жобалау саласындағы қызмет. Технологиялық творчество педагогикалық творчествоның ең күрделі түрі болып табылады. Ол мұғалім мен оқушы қызметін түгелдей қамтиды. Творчествоның бұл түріне мыналар жатады: – пәнаралық байланыстар негізінде интерактивті сабақтар әзірлеу; – шәкірттерді оқытып-үйретудің топтық формасын ұйымдастыру; – оқытып-үйретудің ақпараттық технологияларын қолдану; – оқу процесін оқытып-үйрету технологияларының негізінде жүргізу және т. б.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Современные методы обучения и контроля знаний. Владивосток: 1999. – 125 с.
2.Аванесов В.С. Композиция тестовых заданий. М.: Ассоциация инженеров-педагогов г. Москвы, 1996.
3. А. Сағымбаева Мектеп информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау әдістері. // Информатика негіздері, 2009, №1
4.http://rudocs.exdat.com/docs/index-28313.html






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет