Презентация сауд арабиясы



Дата17.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473856
түріПрезентация
САУД АРАБИЯСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

САУД АРАБИЯСЫ


Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Сауд Арабия патшалығы (араб.: المملكة العربية السعودية‎ әл-Мәмләка әл-'Арабия ас-Су’удия Arabic pronunciation (ақп.)) — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде ИорданияИрак және Кувейт, шығысында Катар және Біріккен Араб Әмірліктері, оңтүстік-шығысында Оман, оңтүстігінде Йеменмен шектеседі. Солтүстік-шығысында Парсы шығанағы, батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.
Сауд Арабияны «Харам жері» деп атайды. Харам деп аталуына себеп Мекке және Медине қалаларының орналасуында. Араб тілінде қысқаша — ас-Саудия (араб.: السعودية‎) деп айтылады.
Сауд Арабиясы қазіргі таңда Иордания Хашимит Патшалығы (Хашимиттер әулеті билікте) мен Лихтенштейн Княздігін (князьдер фон унд цу Лихтенштейннің иелігі) қоса есептегенде билеуші ​​әулеттің (Саудиттердің) құрметіне аталған әлемдегі үш мемлекеттің бірі.
Сауд Арабиясы өзінің үлкен мұнай қорымен мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) негізгі мемлекеті болып табылады. 2015 жылы мұнай экспорты бойынша әлемде бірінші орынды[6], 2017 жылы мұнай өндіру бойынша екінші орынды (Ресейден кейін) иеленді. Мұнай экспорты экспорттың 95% - ын және ел кірісінің 75% - ын құрайды
Дубай (араб.: دبيّ‎) — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала, Дубай әмірлігінің әкімшілік орталығы.
Таяу Шығыс елінің іскерлік орталығы, үнемі кеңею үстіндегі Парсы шығанағына Иран, Үндістан, Шығыс Африка, тіпті шеткері Шығыс елдері үшін “ену қақпасы” болып табылады, Біріккен Араб Әмірліктері астанасы – Дубай қаласы. Ол қаланы екі бөлікке бөлетін Хор-Дубай шығанағымен қиылысып жатыр.
Көлемі бойынша 3885 км-ді құрайтын екінші Эмират, халқының саны – 600 мың адам. Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әртүрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскерлік кеңселері орналасқан. Туристер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, жануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Әл-Джумейра саябағы болып табылады.
Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Әл-Хор шығанағымен өтетін Әл-Мактум және Әл-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Әл-Шандага үңгіртауымен байланысқан.
Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды.
Көптеген саяхатшылар мұнда атақты Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін дәне қаланы екі бөлікке бөлетін арналған дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар, паба, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өміріне орану үшін ат терлетіп келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет