ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАТЦИЯ
ОРЫНДАҒАН: МАХАМБЕТОВ.О
ТОБЫ:ИП-22-7К1.
ҚАБЫЛДАҒАН:СЕЙТОВА.В
- Mercedes маркалы көліктерді шығаратын Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясының тарихы 1900 жылдан бастау алады. Компания автокөліктерден басқа кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысатын. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі - сол кездегі компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылды. 1926 жылы Daimler және Benz компаниялары қосылып кетеді, нәтижесінде марканың белгісі лавр жапырағымен кескінделеді. Бұл белгі қазіргі кезде де қолданыста.
ГОТТЛИБ ДАЙМЛЕР
1901 жылдан бастап Mercedes маркасы Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясы шығарған көліктердің сауда белгісі ретінде таныла бастады. Оның негізін салушы Готтлиб Даймлер тұңғыш рет 4 дөңгелегі бар бензиндік мотор орнатылған көлікті 1885-1886 жылдары жасаған. Ол компанияны Штутгард маңындағы Бад Каннштат қалашығындағы шеберханасының негізінде құрған. 1899 жылы Вильгельм Майбах Даймлердің бірінші көліктерін шығаруға белсенді түрде қатысады.
Алғашқы Mercedes-35Р5 4 цилиндрлі, мотордың пайдалы жұмыс көлемі 5913 куб.см құрып, құрылғыларының орналасуы классикалық стилде болған екен. Көліктің сыртқы пішіні де классикалық түрде орындалған. Осы үлгі 1902 жылдан бастап Mercedes-Simplex сауда белгісімен шығарылған көліктердің негізі ретінде танылды. Топтаманың ең танымал өкілдеріне: 40/45PS және 60PS үлгілерін жатқыза аламыз. Қозғалқыштардың көлемі 6785 және 9235 куб.см-ді құрып, көліктің максимал жылдамдығы 90км/сағ.-қа дейін жеткен.
Соғыстан кейін шығарылған 28/95PS үлгілері
1926 жылы Daimler мен Benz компанияларының қосылу салдарынан жаңа Daimler-Benz концерні екі компания конструкторларының біліктілігі мен тәжірибелерін дұрыс қолдана алды. Конструкторлардың басын біріктіріп, басты маман Фердинанд Порше болып тағайындалды. Ол өндірістің бағдарламасын толықтай өзгертіп, Daimler компаниясының соңғы үлгілерін негізге алып Mercedes-Benz сауда белгісімен жаңа үлгілерді шығара бастады. 1926 жылы жарық көрген Поршенің жаңа жобасы К топтамасының өкілі 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 6240 куб.см. болатын 24/110/160 PS үлгісі еді. Қуатты әрі жылдамдығы жоғары көлікті «Өлім қақпаны» деп атап кеткен. Осы көлік негізінде жаңа S топтамасы жарық көрді.
Mercedes-Benz Mannheim-370
1930 жылы Grosser Merceries атты жаңа үлгісі «Mercedes-Benz-770» деп те аталған. Көлік 8 цилиндірлі, 200 а.к., көлемі 7655 см3 болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Ал 1931 жылы компания кішігірім көлемді моторы бар көліктерді шығарды. Осындай көліктердің бірі Mercedes-170 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 1692 куб.см құрайтын.
Достарыңызбен бөлісу: |