Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы : Шыңғысхан әскерлерінің Орталық Азияға қарсы жорығы
Қабылдаған: Базарбаев Қ.
Орындаған: Серикбаева Д.
Тобы: ФҚӘ-111
Жоспар
Кіріспе
1. Шыңғысханның Қытайға жорығы.
2. Хорезмшах мемлекеті мен Моңғол империясы арасындағы қарым-қатынас.
3. Отырарға басып кіруі
4. Бұқараға жорығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Моңғол империясының негізін қалаушы Шыңғысхан ортағасырдағы ең бір мәнді тұлғалардың бірі болып саналады. Ол Дунайдан Жапон теңізіне дейін, Ұлы Новгородтан Вьетнамға дейінгі аумақты жаулап алған. Моңғол билеушісі жан-жақта бытырап жүрген моңғол тайпаларының басын біріктіріп, 1206 жылы мемлекеттің негізін құрап, жаулаушылық жорықтарымен Солтүстік Қытайға аттанады. Көп ұзамай Цзинь мемлекеті құлағаннан кейін Шыңғысхан назарын Қазақстан мен Орта Азия жаққа бұрады.
1. Шыңғысханның Қытайға жорығы
Тарихшылар Цзинь империясы 1215 жылы құрыды деп айтады. Бұл кезге қарай моңғолдар төрт жыл бойы Солтүстік қытайға жорықтар жасап келген, осы уақыт ішінде қытайдың 862 қаласы моңғолдардың билеуіне көшті. 1215 жылы Шыңғысхан Моңғолияға аттанады. Осы жылдары қаған батысқа, Орта Азияға жорыққа дайындалған деген пікір бар. Сол жылдары қазіргі Қытайдың солтүстігінде орналасқан Цзинь империясы моңғолдардың атақты атты әскерінің тегеурінін қайтаруға жанталасып жатты. Қытайлардың ойсыра жеңілуіне қарамастан, Солтүстік Қытай аумағын жаулап алуы моңғол әскерін күшті қыла алмады. Солтүстік Қытайдың жаулап алынған аумағында го-ван ретінде Шыңғысхан өзінің жақын үзеңгілестерінің бірі Мұқалайды қалдырады, онымен бірге 10 мың моңғол әскері қалады, кейін моңғол әскері 23 мыңға дейін өседі. Қытай саяхатшысы әрі елші болған Чжао Хун Мұқалайды былай сипаттайды:
«Мұқалай императордың аудиенциясында болып, Аспан асты елі әскерінің бас қолбасшысы және басқарушысы лауазымы мен тай-ши және го-ван атақтарына ие болады. Ол – қара татар (чёрный татарин). Соңғы он жылда ол шығыс пен батысқа жазалаушы жорықтар жасап, варварлар мен қытайлықтардың зәре-құтын қашырып отырған. Жорықтар мен соғыстарға қатысты барлық маңызды істер соның өзімен ғана шешіледі. Сондықтан да оны императорды уақытша алмастырушы деп атайды. Ол көркем келбетті, басқа татарлар сияқты төбе шашын қырып тастағанды қаламайды, тек басын орамалмен байлап жүреді, тар көйлек киеді, түрлі елдердің тілінде сөйлей алады» Мэн-да бэй-лу («Моңғол-татарлардың толық сипаттамасы»)
1215 жылы ойсырай жеңілгеннен кейін Цзинь империясының қалған әскері Хуанхэ өзенінен әрі өтіп, сол жерде күштерін жинай бастайды. Тіпті ойсырай жеңілгеннен кейін де Цзинь империясы мықты қарсылас болып қала берді және саны жағынан да моңғол әскерінен басым түсті деп санайды тарихшылар. Солтүстік Қытайда қалдырылған Мұқалай 23 мың моңғол әскерін басқарды. Оның үстіне ол өз әскері қатарына қидандарды, жеңілген Цзинь империясының әскерін, қытай коллаборационистерін және қытайдың көптеген генералдарын қосып алды. Осы күштердің барлығын ескере келе, тарихшылар Мұқалайдың әскері 70 мыңға жетті деп санайды. Бірақ Қытайды толық жаулап алу үшін бұл күш жеткіліксіз еді.
Зерттеушілер Шыңғысхан шынымен де Қытайды жаулап алуға дайындалған дегенді тілге тиек етеді. Олар өз болжамдарын Шыңғысхан әкесі Есугейдің өлімі үшін кек алғысы келді деп уәждейді. Сонымен қатар, зерттеушілер Шыңғысхан көзі тірісінде жаулап алған қытай территориясын басқару мәселесін сол күйі шешкен жоқ деп атап көрсетеді. 1230 жылы моңғол нояндарының бір бөлігі қытайлардан ешқандай пайда жоқ, одан да олардың көзін құртып, жерлерін жайылымдық жерге айналдырайық деп Үгедейге ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысқа Елюй Чуцай қарсы шығады. Ол нақты есептер арқылы, халықты қырып-жойғаннан гөрі, олардан тұрақты салық жинау жүйесін енгізу әлдеқайда тиімді екендігін дәлелдеп береді.
Моңғол империясын соғыс асырады. Бірақ, соғыс көп күшті талап еткендіктен, Шыңғысхан Мұхаммед Хорезмшахпен сауда қарым-қатынасын орнатуды жоспарлайды. Хорезмшах мемлекеті Мәуереннахрда XIII ғасырдың басында пайда болған. Билеушілердің иелігіне Қазақстан мен Орта Азияның байтақ жері, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының маңызды маршруттары енген. Сауда-саттық моңғол империясының тіршілігін қамтамасыз етер еді. Сол себепті де Шыңғысхан сауда-саттық туралы келісу үшін елшілерін Бұқараға Хорезмшахқа аттандырады.
Өз кезегінде Хорезмшах елшілерін Моңғолияға жібереді, оларға Шыңғысхан өзі жаулап алған Солтүстік Қытайды, олжасын және моңғол армиясының бүкіл күшін көрсетеді. Көргендеріне таңғалған Мұхаммедтің елшілері елге оралып, келіссөздер басталады, ал Шыңғысхан Хорезмге үлкен керуен дайындайды. Алайда, Шыңғысхан мен Хорезмшах мемлекеті арасындағы сауда-саттықтан ештеңе шықпады.
Өзін «Исламның қылышы» санаған Мұхаммед Хорезмшах тіпті бағдадтың халифімен де сөз таластырып отырушы еді, ол Қытайды жаулап алуым керек деп санайтын. Қытайды моңғолдардың жаулап алғанын естігенде қатты қапаланды. Ол өзінен осынша олжаны тартып алып кеткен Шыңғысхан мен моңғолдар деген кім екенін түсінбей дал болатын. Ал көпестер оның осынау үлкен державасымен салыстырғанда Шыңғысханның ордасы «даладағы сыздықтаған түтіндей» деп жағымпазданатын, ал ол оларға сенді. Шыңғысханның елшілерін Мұхаммед өте менмен қабылдады. Шыңғысхан хатында сауда-саттық жасағысы келетінін білдірген еді («Мен саған өзімнің сүйікті ұлдарымның біріндей қараймын»), ал бұл Хорезмшахқа мүлде ұнамады. Шығыста біреуге ұлыңа сияқты қарау бағыныштылық дәрежесін көрсететін. Ал, Мұхаммед Хорезмшах өзін ұлы билеушімін деп санайтын. Ол қайдағы бір «лас» Шыңғысханның баласы болуы мүмкін емес еді. Ал, Шыңғысхан бұл кезде Қытайда, бірнеше жеңістерінен кейін, өзінен «көк тәңірінің ұлымын» деп санай бастаған. Оның тіпті «Көкте - Құдай, жерде - қаған» деп бедерленген мөрі де болды. Оның өзіндік нәсілдік теориясы да болды, ол бойынша моңғолдар – құдайдың таңдаған адамдары, моңғол қыздары ешбір әшекейсіз-ақ сұлу, моңғол жігіттері – ақылды әрі батыр, ал өзінің руы – дарындар ортасы.
Достарыңызбен бөлісу: |