Процестері мен аппараттары


 Жылуалмасу аппараттарын зерттеу



Pdf көрінісі
бет25/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
procester men apparattar

4.3 Жылуалмасу аппараттарын зерттеу 
Әрекет ету принципі бойынша жылуалмастырғыштар рекуперативті, 
регенеративті және араластырғышты болып бөлінеді.
Рекуперативті жылуалмастырғыштарда жылутасығыштар қабырғамен 
бөлінге және жылу бір жылутасығыштан басқа жылутасығышқа олырды 
бөлетін қабырға арқылы беріледі.
Регенеративті жылуалмакстырғыштарда бір жылуалмасқыш бет ыстық 
және 
суық 
жылутасығыштармен 
алма-кезек 
шайылады. 
Ыстық 
жылутасығышпен шайылу кезінде оның жылуы әсеріненен бет қызады, ал суық 
жылутасығышпен шайылу кезінде ол жылуды беріп, салқындайды. Осылайша 
жылуалмасқыш бет ыстық жылутасығыштың жылуын жинап, содан кейін оны 
суық жылутасығышқа береді. 
Араластырғыш аппараттарда жылу жылутасығыштармен тікелей 
әрекеттесу кезінде беріледі.
Рекуперативті 
жылуалмастырғыштар 
құрылымына 
байланысты 
қаптамақұбырлы, «құбыр құбырда» типіндегі, жылан түтікті, пластиналы, 
спиралды, сұйықтандырғыш және жиделі болып бөлінеді.
Қаптамақұбырлы жылуалмастырғыштар тамақ өңдірісінде кеңінен 
тараған. Олар конденсацияланатын бу мен сұйық арасында жылуалмасу үшін 
қолданылады. Сұйық құбыр бойымен, ал бу құбыраралық кеңістіктен 
өткізіледі. 
Қаптамақұбырлы жылуалмасқыштардың артықшылығы ықшамдығымен
металдың аз жұмсалуымен және құбырды ішінен тазарту жеңілдігімен 
сипатталады.
Бұл жылуалмасқыштардың кемшіліктері: жылутасығыштардың жоғары 
жылдамдыққа жету қиындығы; құбыраралық кеңістікті тазарту, қарау және 
жөндеу қиындығы; балқытып біріктіруге келмейтін материалдардан жасау 
күрделілігі. 


50 
 «Құбыр құбырда» типіндегі жылуалмасқыштар үлкен диаметрлі 
бірнеше сыртқы құбырлардан және олардың ішінде орналасқан кішкентай 
диаметрлі құбырлардан тұрады (сурет 12). Ішкі және сыртқы құбырлар бір-
бірімен буын мен түтіктер көмегімен қосылған. Жылутасығыштардың бірі І – 
ішкі құбыр бойымен, ал екіншісі ІІ – ішкі және сыртқы құбырлармен 
қалыптасқан сақиналы канал бойымен қозғалады. Жылуалмасу ішкі құбырдың 
қабырғасы арқылы жүзеге асады. 
Бұл жылуалмасқыштарда құбырда да, құбыраралық кеңістікте де 
жылутасығыштар 
жоғары 
жылдамдыққа 
жетеді. 
Аталған 
жылуалмасқыштардың артықшылығы жасау қарапайымдылығы және қос 
жылутасығыштың жоғары жылдамдығы салдарынан жылуберудің жоғарғы 
коэффициентімен сипатталады.
Бұл жылуалмасқыштардың кемшіліктері: абажадайлығы; жоғары 
металсыйымдылық; құбыраралық кеңістікті тазарту қиындығы. 
Бұл жылуалмастырғыштарды екі сұйық арасында жылуалмасу үшін 
жылутасығыштардың кішкене шығыны кезінде қолданады. 
Жылан түтікті жылуалмасқыштар жылан түрінде иілген және сұйық 
орталы аппаратқа салынған құбыр болып табылады (сурет 13). Жылутасығыш 
жылан түтіктің ішінде қозғалады.
Жылан 
түтікті 
жылуалмасқыштардың 
артықшылығы 
– 
жасау 
қарапайымдылығы. Бірақ бұндай жылуалмасқыштар абажадай және тазарту 
қиынға соғады. Бұл жылуалмасқыштарды конденсатты қыздыру және суыту 
үшін қолданады.
Сурет 12 – «Құбыр құбырда» типіндегі 
жылуалмасқыш 
– сыртқы құбыр; 2 – ішкі құбыр; 3 –
буын; 4 – түтік; І, ІІ - жылутасығыштар
Сурет 13 – Жылан түтікті 
жылуалмасқыш 
1 – жылан түтік; – корпус
Сұйықтандырғыш жылуалмасқыштарды сұйықтарды, газдарды суыту 
және буларды конденсациялау үшін қолданады. Олар бірінің үстіне бірі 
орналасқан, буындармен қосылған бірнеше құбырлардан тұрады (сурет 14). 
Құбыр бойымен суытылатын жылутасығыш ағады. Суыйтын су бөлгіш 
астаушаға келеді, одан біркелкі жылуалмасқыштың жоғарғы құбырына ағады. 


51 
Суыйтын судың жартысы құбыр бетінде буланады. Төменгі құбыр астында 
суды жинауға арналған астауша орналасқан. Бұндай жылуалмасқыштардағы 
жылу беру коэффициенті үлкен емес.
Сұйықтандырғыш жылуалмасқыштар құрылымы бойынша қарапайым, 
бірақ металсыйымды. әдетте оларды ашық ауада орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет