Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі339.5 Kb.
#124267
түріПрограмма дисциплины
  1   2   3
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар




Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов

БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы ____________Ж .Т.Сарбалаев

«___»_____________2007ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәні бойынша 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2007 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___


ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова

Оқытушы туралы мәлімет:

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Гүлден Кенесқызы

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: сәрсенбі сағ. 16.45

Пән туралы мәліметтер:

«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәні 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 6 семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –90 с, дәріс -22,5 с, тәжірибешілік -22,5 с, СӨЖ-45 с.


Студент білімінің дағдылық, іскерлік қабілетін дамытып, сын жанрының табиғатын тереңінен танытып, жәй-жапсарын түсіндіріп, қазақ әдеби сынының дамуы, өркендеуі туралы жүйелі білім беріледі. Сын тарихының зерттелуі жайын, әдеби сын жайындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдарды игереді. Қазақ әдеби сынының туып, қалыптасуының кезеңдерін меңгереді. Әдеби сынның арналарын біледі. Қазақ әдеби сынының жанрлық қалыптасуы мен әдебиеттану ғылымының өркендеуі жөнінде ғылыми мағлұмат алады.
Пәннің қысқаша аннотациясы

Әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғарту, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету. Сыншылық ой-пікірдің пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-әлекметтік толгғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел жұрт түсінігінің, эстетикалық таным бірлігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті арта түседі.


Пәннің мақсаты:

Пәнді оқыту барысында қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, өткен ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. Сынның әлеуметтік, эстетикалық міндеттерін, қазақ әдеби сынының жанрлық қалыптасуын, қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен қазіргі әдеби сынның дамуы жөнінде мағлұмат беру



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары.-А., 1989

  2. Бисенғали З. XX ғасыр басындағы қазақ романы.-А., 1997

  3. Қамзабекұлы Д. Руханият. –А., 1997

  4. Кәкішев Т. Сын сапары. –А., 1971

  5. Кәкішев Т. Оңаша отау. –А.,1987

  6. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы.-А.,1994

  7. Қабдолов З.Сөз өнері. –А.,2002

  8. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.-А.,1999

  9. Нұрғали Р. Вершины возвращенной казахской литературы. –А.,1998

  10. Ордалиев С. Қазақ драматургиясының очеркі.-А.,1964

  11. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –А.,1997

  12. Серікқалиев З. Алтын жамбы.-А.,2001

  13. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. –А.,1993

  14. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары.-А., 1999

Қосымша:

  1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. –А.,1995

  2. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –А.,1995

  3. Әуезов М.Әдебиет тарихы. –А.,1991

  4. әл-Фараби. Избранные трактаты. –А.,1994

  5. Әшімбаев С. Сын мұраты. –А.,1974

  6. Әдібаев Х.Талап пен талғам. –А.,1970

  7. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А.,1981

  8. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. –А.,1971

  9. Егеубаев А.Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі. –А., 1999

  10. Жолдасбеков М.Асыл арналар. –А.,1986

  11. Кәкішев Т. Мағжан-Сәкен. –А.,1999

  12. Кәкішев Т. Сәбең әлемі. –А.,2000

  13. Қамзабекұлы Д. Смағұл Садуақасов. –А.,1996

  14. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. –А.,1992

  15. Қирабаев С. Әдебиетімздің ақтаңдақ беттері. –А.,1995

  16. Нәубет. –А.,1990

  17. Сыздықов К.Мұхтартанудың беймәлім беттері. –А.,1997

  18. Ысқаққұлы Д. Сын сымбаты. –А., 2000


Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07



Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ


1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1







2

Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдеби сынының арналары. Халықтық эстетика. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.

1

1

3

3

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

1

1

3

4

Баспа сөз және сын. Жазба әдебиет және сын.

1

1

3

5

Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы және әдебиеттану.

2

2

3

6

Дарындар –сын додасында

2

2

3

7

Өркендеу өзегі-көркемдік әдіс

2

2

3

8

Ұйымдасудың қияметі мен қиястығы

2

2

3

9

Әдеби мұра және оны игеру мәселелері.

2

2

3

10

Оқулық жасау және әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі.

1

1

3

11

Сынның жанр ретінде қалыптасуы

1

1

4

12

Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы және қазіргі әдеби сынның жай-күйі. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдеби сын. Қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы жаңа ізденістер

2

2

3

13

Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.

1

2

3

14

60-90 жылдардағы қазақ әдеби сыны

2

2

4

15

Қазақ әдеби сынының бүгінгі жай-күйі

1.5

1.5

4

Барлығы: сағат

22.5

22.5

45

Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Кіріспе

Әлемдік эстетикалық ойдың сын туралы тұжырымы. Сынның әлеуметтік-және эстетикалық міндеттері. Сыншы дарыны ол жөніндегі ой-пікрлер. Жалпы курстың мақсаты. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазн революциясына дейінгі әдеби сын жандағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең-қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс – қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.



2-тақырып. Қазақтың сыни пікірінің оянуы және әдебиет сынының тууы. Әдеби сынының арналары. Халықтық эстетика. Көне дәуірдегі сүбелі ойлар.

Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырады. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар. Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі. Ұсақтан іріге, майдадан күрделіге ұмтылу барысында әр түрлі арналардан нәр алады, қоғамдық-әлеуметтік және эстетикалық ой-пікірлердің оянуына, өсіп-жетілуіне жағдай жасалды. Сын - жазба әдебиетке тән және кенжелеп туатын жанр. Сын элементтерінің халықтық эстетикадан көрінуі, ауыз әдебиеті үлгілерінің молдығы, оның ғасырдан ғасырға мұра болып сақталуы, халықтық түсінік-талғам жасауы. Халықтық эстетиканың негізі- әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келісізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жамандықпен күресу. Ол жайында ой-тілек білдергенімен, эстетикалық талдау жасамайтындығы. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе юмор мен сатиралық нұсқаларда жиі кездесуі. Сыншылық ой-пікірдің мол арнасы – ақындар айтысы. Әдеби сын элементтерінің әсері, өнерге қойылар халықтық талап-тілектің айқындалуы. Көне түрік жұртында туған әдеби-мәдени мұралардың ортақтығы. Этникалық жіктелістің көркемдік бояуды ажарлай түсетіндігі және әралуандығы. 6-9-шы ғасырлар – бүкіл түркі әдебиетінің тарихи- эстетикалық арнаға шығуы, өзіндік дәстүр қалыптастырған дәуірі. Орхон-Енисей ескерткіштерінің эпостық сипаты және олардың поэзиясын тудырудағы тарихи рөлі. Көне түрік дүниесі мен мәдениетінің тоғысуы, әлеуметтік, ғылыми-эстетикалық салдары. Отырардың шыққан әл-Фарабидің әлемдік екінші ұстазына айналуы. «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру», «Сөз ғылымын классификациялау», «Музыканың ұлы кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары», «Өлең мен ұйқас» т.б. шығармалары. Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен тұжырымдаған ой-пікірлер бүгінгі таным-білікке әсері және ұласу жайлары. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және ғалымдық айналасы, олардың түрік, сөз өнеріне жасаған ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы. Түрік тілінің тұңғыш поэтикалық ұлы ескерткіші- «Құдадғу білік», оның авторы жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білікке» өлеңмен және қарасөзбен жзған алғысөзі, оның сыни танымға қатысы. Әділ-Дәулет-Қанағат ұғымдарының мәні және олардың баламасы. Өлең сөздің қасиеті туралы ойлар. М.Қашқари – түрік лұғатшысы әрі поэзиялық інжу-маржандарды жинаушы. «Жаз бен қыстың айтысы» 1985 жыл жинағындағы нұсқалар. Суфизмнің идеялық және поэтикалық негізін қалаушылардың бірі, әдебиетінің классигі Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани хикмет» Адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті қадірлеу, әділдікті насихаттау, қанағатшылдықты пір тұту, тахуалық тәрбие негізі болумен қатар рухани таным-білікті қалыптастыруы. Насреддин Рабғузи, Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан жалғастық Ахмет Иүгінеки, Сайф Сарай, Хорезми, Күли Гали, Лутф көркем туындылары, Захаридден Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жаларидің тарихи еңбектерінің танымдық сипаттары. Қазақ хандығы тұсындағы ұлы жыраулар мен ойшылдарының толғамдарының мәні. Мағыналы шешендік сөздердің мемлекеттік ден көтерілуі, қоғамдық және эстетикалық сананың бұлағына айналуы.

3-тақырып. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ойлары

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектеріндегі сыни ой-пікірлер. Г.Потаниннің Ш.Уәлиханов «Қазақ әдебиетінің өркендеуіне сала алар еді» деген тезисінің мәні және Шоқан еңбектерінің көркем қасиеттері мен публицистикалық ой-түйіндері. Шоқан – қырғыздың ұлы эпосы «Манасты» тұңғыш зерттеуші. Шоқанның ауыз әдебиетіне көзқарасы және оның үлгілерін жинап, зерттеуі. «Қазақтың халықтық өлеңдерінің түрлері туралы» еңбегінде қазақ өлең түрлері мен өнерпаз дарындарды классификациялауы. Шоқан- қазақ халқының ғылыми ой-пікірі оянуының қарлығашы. Ыбырай Алтынсарин жасаған «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Хрестоматия жасау – ғылыми-сыни ойдың жемісі. Ыбырайдың ана тілінің тазалығын сақтау жолындағы күресі және қазақ тілін өркендету жайындағы ойлары. Ыбырай – қазақ халқының педагогикалық ой-пікірін жүйелі негізге салған, сыншылық ойға педагогикалық арна дарытқан дарын. Абай Құнанбаев – сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын.



Өлеңге, ақындық дарынға Абайдың көзқарасы. Көркем сөздің қоғамыдық және әлеуметтік мәнін ашуда Абайдың рөлі. Өнерпаз дарынды қадірлеу, көркем сөзді ел кәдесіне асыру, қазақтың мақал-мәтелдерінің мәні және оларды сын елегінен өткізе бағалауы, түр мен мазмұнның ажыраспас бірлігін талап ету, оқушы мен тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем шығарманың әлеуметтік мәнін ашу –Абай негізін қалаған жаңа эстетикалық мұраттың негіздері. Абай – қазақтың эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасаушы. Қазақтың ұлы ағартушы-демократтарының сыни ой-пікірдің қадасын қадап, өрісті арна тауып берудегі тарихи еңбектердің мәні.

4-тақырып. Баспа сөз және сын. Жазба әдебиет және сын.

Қазақсанның Россияға бағынуының пайда-зияны және оның ықпалы. XIX ғ. аяқ шенінде саяси-әлеуметтік жағдай және сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа әдебиеттің тууы. «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882) – қазақ баспасөзінің тұңғышы және оның әлеуметтік ой-пікірді оятудағы орны. Шоқан, Орынбай жөніндегі материалдар. «Қисса Қожа Ғафан һәм Садуақас» туралы пікір және тіл тазалығы жөніндегі көзқарастың өріс алуы. «Дала уалаяты» газетінің (1882-1904) сыни ой-пікірді оятудағы рөлі. Шоқан, Ыбырай және қазақ зиялыларының тарихи рөлі туралы пікірлер. Қазақ тілінің тазалығын сақтау туралы Алтынсарин идеясының осы кездегі қазақ публицистеріне тигізген әсері. Әдеби ағымдар елесі, Шортанбай өлеңінің жариялануы және ол туралы пікір. Абай өлеңдерінің озық пікірге өзек болуы. XX ғ. басындағы қазақ газеттеріндегі әдебиет жөніндегі мақалалар-әдеби сынның тууына дайындықтың көрінісі. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің әдебиет сынын тудырудағы тарихи маңызы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі орны. Журнал мен газеттің ағартушы-демократтық бағыты. «Айқаптың» жер, өнер-білім, отырықшылық, дін, әйел теңдігі мәселелеріне көзқарасы. Журанал мен газеттің осы мәселелері төңірегіндегі көзқарастары, олардың әлеуметтік мәні. Сұлтамахмұттың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласы. «Азамат» жинағына жазған сыны және «Түсімде», «Бұлар кім?», «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» атты өлеңдерінің әлеуметтік сыры. «Айқап» пен «Қазақ» газетінің мәдениет пен әдебиетті өркендету жолындағы еңбектері. Мұхаметжан Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Самат Нұржанов, Әкірам Ғалымов т.б. шығармаларының жариялануы, олардың қазақ әдебиетіндегі орны. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің жариялануы, оны жинап, жарыққа шығару жөніндегі игі қадамдар мен ойлар. Әлихан Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры жайындағы сериялы мақалалары - әдеби мұраны игерудің жөн-жосығын аңғартуға бағытталған қадам. «Айқаптың» шығыс әдебиетінің классикалық үлгілеріне орын беруі. «Шаһнаманың» дүниежүзілік мәні мен көркемдік қасиетін табу. «Рүстем-Сууһрап» бөлімінің аударылу жайы. Қазақтың әліппесін жасау, оқулығын шығару, шәкірттерді ана тілінде оқыту жөнінде А.Байтұрсыновтың күресі. Абай - өрелі сынның өзегі. А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың мақалалары.«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің орыс әдебиетімен байланысы. Пушкин, Лермонтов, Чехов, Кольцов, Никитин, Крылов, Чернышевский, Добролюбов, Писаревтің ой-пікірлерін насихаттауы. «Айқап» пен «Қазақтың» татар зиялыларымен байланысы. Шагабуддин Маржани, Ғабдолла Тоқайдың дүние салу мен олар қалдырған мұраның тарихи мәні жайындағы пікірлер. Ғалымжан Ибаргимовтың «Аң» («Білім), журналында қазақ әдебиеті туралы пікір айтуы. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланған сын материалдар, оларды жүйелеу. «Айқаптың», «Фельетон», өлең-жырлар, кітаптар хақында һәм ғылым бабынан кеңес» беруге айрықша ыждаһаттанудың мәні. Журнал бетінде жарияланған педагогикалық сипаты бар сын материалдардың практикалық қажеттілікке бағытталуы, олардың саяси-әлеуметтік мәні. Қазақ әліппелері және қазақ емлесін жүйеге салу жайындағы «Айқаптың» позициясы. «Қазақ» газетінің қазақ тілінің тазалығын сақтау, ана тілін көркейте беру жайын ойластырған кітаптар мен мақалалардың мәні, грамматика мен орфографиялық жүйе жасау жайындағы ой-пікірлер. Тіл мәселесінің сыншылық ой-пікірмен сабақтастығы. «Қазақ», «Айқап» - әдебиеттегі жаңалықтардың жаршысы және эстетикалық сындардың ұйтқысы. Әдеби ойлардың нақтылыққа ойысуы. Нұржан Наушабаевтың өлең жинағына жасалған ескертпе және ол төңірегінде болған айтыс-тартыс. Өлең жырлардың шындықтан туып, көркем бейнеге айналуы керектігінің қылаң беруі. өнерге қатаң талап қою ниетінің аңғарылуы. «Айқап» журналының бетінде отызға тарта өлең жинақтарына сын жариялануы және әр жинақ бойынша белгілі бір сыни ой-пікірдің айтылуы. «Қазақ» газетінде проблемалық материалдың, әсіресе қазақ әдебиетінің тарихы жөнінде Р.Марсеков, М.Дулатов мақалалары, әдеби жанрлар, әсіресе роман мәселесі жөніндегі ойлар, әдебиет кештерінің мәні, «Манап» драмасы туралы сындар, «Надандық құрбаны» сүбелі ойға бастау салуы, дастандар туралы пікірлер әдеби сынның марқайғандығының белгісі. Рецензия мен жарнама сын формаларының көрінуі және оның эстетикалық қауқары. Шолу және проблемалық мақаларда әдебиеттің өзекті мәселелерінің көтерілуі. М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, Г.Мамеков, М.Малдыбаев, Уалиолла Халели т.б. мақалалары. Әдебиеттің қоғамдық мәні, ақын-жазушыларды құрметтеу қажеттігі, өлең кітаптарының мән-жайын шолу, жалпы әдеби даму процесін бағдарлау, демократтық ой-пікірлерді қоштау, Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау, бүгінгі өмір шындығына шығарма арқауына айналдыру, реализмге ойысу, көркем образ жасау қажеттігі шығарманың мазмұнына түрі сай, халыққа түсінікті болуы, кітап шығару мәдениетін көтеру, өнерді қадірлеу идеяларының сын материалдарына өзек болуы. С.Торайғыров –жалынды сыншы, жауынгер публицист. Сұлтанмахмұттың «Айқап» журналында жарияланған сын мақаларының мәні және олардың қазақ әдебиет сынының туу процесіндегі орны. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардан –жарнама сын, аннотация, оқушы хаты, рецензия, айтыс және оның шолу мақалалары, ғұмырнама, публицистикалық сын түрлерінің көрініп, қалыптасуға ден қоюы – «Айқап» пен «Қазақтың» әдебиет сынын тудырудағы тарихи рөлінің көрсеткіші, «Қазақстан», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің, «Садақ» журналының әдебиет сынына қосқан үлестері.

Сын жанрының жазба әдебиетке тән жанр екендігі. Қазақ әдебиетіндегі ағымдар және олардың сынға әсері. Жазба әдебиет өкілдері: Абай, Сұлтанмахмұт, Омар, Сәбит, Мағжан, Сәкен, Шәңгерей, Мұхаметжан шығармаларының сын жанрын тудыруға жасаған ықпалдары. Қазақ революциясы қарсаңында өлең жинақтарының көптеп жариялануы, оған алғы сөздері түріндегі дәйектеме сындардың жазылуы. Дәйектеме-сынның эстетикалық талдаудан гөрі түсіндіруге, мәселенің жәй-күйін баяндап беруге бейімділігі, дәйектеме-сынның әр қилы формада көрінуі. Дәйектеменің авторлық сынға жақындығы, оқушы назарын белгілі бағытқа бейімдеуі. Әдеби сын элементі қалың дәйектемелерінің белгілі бір мақсатқа бағытталуы және ой-пікірдің қоюлығы. Ғұмырнаманың тууы. Абайдың 1909 жылғы өлеңдер жинағы, оған Кәкітай Ысқақовтың «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» деген мақаласының қоса жариялануы және оның тарихи мәні. Абай жинағын құрастыру принципі, оның сыншылық ой-пікірге қатысы. Абайтану ілімінің басталуы. «Айқап» жураныл мен «Қазақ» газетінде Абай туралы жарияланған мақалалрдың мән-мақсаты және эстетикалық құны. Ұлы ақын творчествосының қазақтың әдеби ой-пікірінің оянуына, сын жанрының тууына жасаған әсері мен ықпалы. Қазан революциясына дейін қазақ әдебиеті сынының туып, ішкі жанрлық белгілермен көріне бастауы.



5-тақырып. Қазақ сынының жанрлық қалыптасуы және әдебиеттану.

Заман және көркемдік мұрат. Қазан революциясының саяси-қоғамдық, экономикалық өзгерістерімен қатар халықтың ой-санасына, эстетикалық талап-талғамына төңкеріс жасауы. Оның тарихи, көркемдік мәні, салдары. Коммунистік партия мен В.Лениннің әдебиетті күрес құралына айналдыру жөніндегі саясаты. Маркстік-лениндік эстетиканың негіздері. В.Лениннің 1905 жылғы «Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» атты еңбегінің прграммалық сипаты. Партиялық және таптық принциптің жалпы азаммттық таным-біліктен оқшаулануы. Творчестволық бостандықтың әр қилы көрінстері. Халық өмірін білу, бүгінгі шындықты жыға түсуі, оның мәнді арналарын суртетеу –эстетиканың өзекті талабы. Көркемдік шеберлікті шынайы түсіну –жаңа әдебиеттің қоғамдық-әлекууметтік функциясын күшейтудің негізгі арнасы. Социалистік реализм әдісінің принциптері, форамлизм, футуризм, символизм, акмеизм пролеткультшылардың теріс көзқарасатры. Мәдени мұра жне оныигеру мәселесі. Әрбір ұлттық мәдениеттен түрлі мәдениет элементтернің болатындығы турал қағиданың жалғандығы. Советтік әдебиеттің ұйымдық негізі. Пролеткульт және оның қателіктері. «Кузница», «Леф», «Перевал», «На литературном посту», ВОАПП, РАПП ұйымдары, олардың творчестволық күшті біріктіру жолындағы қадамдары мен жасаған қателіктері. «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты» туралы 1925 жылғы қаулы – таптық әдебиетті өркендетудің программасы, ақын-жазушылардың творчестволық бағытын жасау арнасы. Қазақстан баспасөздерінің қазақ кеңес әдебиетін өркендетудегі 1925 жылы Қаз АПП-тың құрылуы. Қаз АПП-тың әдебиет кадрын таптық тұрғыда топтастырудағы, көркем шығармалардың партиялық принципін айқындаудағы әрекеті, алаш қазақ-жазушыларына қарсы жүргізілген күресіндегі артық-кем сілтестер, Қаз АПП жұмысындағы қате-кемшіліктер. Тұрпайы социлологизмнің зияны творчество саласында әкімшілікке бой ұрудың терістігі, жолбикелердің достық қарым-қатынасының кемдігі, эстетикалық сын принциптерінің бұрмалануы.Көркемөнер ұйымдарын қайтадан құру туралы 1932 жылғы 23 сәуірдегі қаулы. Совет жазушыларының бүкілодақтық бірінші съезінің (1934) мәні. Көп ұлтты совет әдебиетінің творчестволық әдісі - социалистік реализм жариялануы. Эстетикалық сынның өріс алуына жағдай жасалуы, жаңа эстетикалық мұраттың қалыптасуы. «Қазақ мұңы», «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған алғашқы материалдардың сипаты. 1921 жылы Қазақ мемлекеттік баспасөзінің құрылуы. «Асау тұлпар», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына» (С.Сейфуллин), «Еңлік-Кебек», «Қорғансыздың күні» (М.Әуезов), Мағжан өлеңдер жинағы, «Біздің де күніміз туды» (А.Асылбеков), «Адасқан өмір» (С.Торайғыров) атты шығармалардың жариялануы, оларға жазылған сындардың саяси-әлеуметтік, эстетикалық мәні.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет