Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін көрсетіңіз: int main



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата05.11.2023
өлшемі489.61 Kb.
#482391
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6
№4




№4 
1. Алгоритмнің жалпыламалық қасиеті.
2. Параметрлі циклдың орындалуы схемасы мен жазылуы.
3. Төмендегі программа үзіндісінің орындалу нәтижесін көрсетіңіз:
int main()
{
int i,j;
for(i=2;i>=0; i--)
cout << “\n” <
} 
Жауабы: 
1. Алгоритмнің жалпыламалық қасиеті. Кез келген есепті шешу - 
берілген алғашқы мәліметтерді пайдаланып, нәтиже алуды талап етеді, яғни 
есепті шешу алгоритмі алғашқы мәліметтерді бірте-бірте түрлендіру 
арқылы нәтиже алу жолын сипаттайды. Көздеген мақсатқа жетуге
қойылған мәселені шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін 
атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы алгоритм деп 
анықталады. Алгоритм атауын атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед 
ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi (Алгоритм) болып 
жазылуынан шыққан.  
Алгоритмдеу – есепті шығару алгоритмін құрастыру процесі, мұның 
нәтижесінде мәліметтерді өңдеу процесінің ке зеңдері айқындалады да, 
кезеңдер мазмұны формальды (жасанды) түрде жазылып, солардың орындалу 
реттілігі анықталады. Алгоритм – бастапқы айнымалы түрде берілген 
мәліметтерден қажетті нәтижеге қол жеткізу жолында атқарылатын есептеу 
процесін анықтайтын дәлме-дәл нұсқаулар жиыны. Алгоритмдік тіл – 
алгоритмдерді жазуға арналған символдар мен сол символдардан тұратын 
конструкцияларды құрастыру және түсіндіру ережелерінің 
жиыны.
Алгоритмнің қасиеттері:
1Детерминділік (анықтылық, бір мәнділік) – басқаша түсінуге жол 
бермей, тек қана көрсетілген әрекеттерді айқын түрде орындауға арналған 
нұсқаулар дәлдігі;
2. Дискреттілік – есептеу процесін жекеленген қарапайым операцияларға 
бөлу қасиетінің болуы, яғни күрделі есепті атқарылуына күдік келтіруге 
болмайтын шағын бөліктерге жіктеу мүмкіндігінің болуы;
3. Нәтижелілік – белгілі бір әрекеттер саны атқарылған соң, процестің 
қажетті нәтижесін алып, оны аяқтау мүмкіндігінің болуы немесе есептеу 
процесін ары қарай жалғастыруға болмайтындығы жайлы мәлімет алу;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет