Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері


Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы



бет14/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
психология

17Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы. Ұлттық мінез – әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез – тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп тұрады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет