Презентация жасаған: Дәуренұлы М



бет1/3
Дата27.11.2022
өлшемі2.79 Mb.
#465887
түріПрезентация
  1   2   3
Мадияр молекулалық биология3 (1)

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Жасаған:Дәуренұлы М.

Тобы:ЖМҚ-10-22

Қабылдаған:Жасықбаева Г.Т.

Шымкент-2022


Биология және биохимия кафедрасы
Тақырып:Жасушалардың молекулалық құрылымы және олардың қызметі бұзылған жағдайда туындайтын аурулар

Жоспар

Жасуша дегеніміз не?

  • Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

Жасуша қызметі және көбеюі

  • Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.Жалпы жасуша митоз жолымен бөлінеді, оның өзі іштей 4 фазадан тұрады (Профаза, Метафаза, Анафаза, Телофаза.)

Жасушаның молекулалық құрылымы

  • Жасуша- плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.
  • Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет