Психология кафедрасы



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.67 Mb.
#131808
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

БІЛІКТІЛІК ЖҰМЫС
Әмреева Алтын

ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ғылыми жетекшісі:

_________ пс.ғ.к. Бапаева М.К.

Қорғауға жіберілді:

Психология кафедрасының

меңгерушісі, профессор

_______Шериазданова Х.Т
“____”____________2004 ж

Алматы


2004

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.........................................................................................................3-6

1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



    1. Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.............................................................................................7-15

    2. Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері..........................................................16-25

    3. Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.................................25-41

  1. ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ...................................................................42-44

  1. ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

    1. Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу............................................................................45-50

    2. Балалардың топтағы қарым-қатынастарын бағалаудың талдамасы...........................................................................................51-59

    3. Уақытша ұжымда психологиялық ахуалды қалыптатырудың жолдары..............................................................................................60-66

2-ТАРАУ ТҰЖЫРЫМЫ..........................................................................67-69

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................70-72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................…...73-75

ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................76-98


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр.

Әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр.

Атап атқанда, ол балалардың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау.

Балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қилысады.

Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке бас қасиеттері дамып, психикалық сапалары қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болады. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы - олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.

Балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге- психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға белгілі және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.

Әлеуметтенудің негізінде адам өмір сүруге, басқа адамдармен өзара әрекеттестікте болуға ыңғайланады. Осындай әрекеттестік қарым-қатынаста жүзеге асады.

Қарым-қатынас адамның тіршілік әрекеті мен әлеуметтік топтардың әр қырында көрініс беретіндігімен, бұл мәселе әлеуметтік психологияның жетекші міндеттерінің бірі болып табылады. Қарым-қатынассыз адам, басқа адамдардың арасында тіршілік ету, даму, жаңа нәрсені ойлап табу дағдыларынан айрылып қалады. Әлеуметтік топтардың өмір сүруі мен дамуы да қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Кең мағынада, қарым-қатынас ұғымы адамдар арасындағы түрлі байланыстардың жиынтығын құрайды. Мұның барлығы қарым-қатынас процесінің жан-жақты қарастырылуын талап етеді.

Дипломдық жұмыстың барысында біз уақытша құрылған балалар ұжымындағы қарым-қатынас процестерін қарастырамыз.

Әлеуметтену процесінде жеке тұлға қоғамдық қатынастардың обьектісі мен субьектісі ретінде анықталады. А.В.Петровский /1/ жеке тұлғаның әлеуметтену процесінде дамуының үш сатысын қарастырады: бейімделу, даралану (индивидуализация) және интеграция. Балалық шақ кезеңіне тұспа-тұс келетін бейімделу кезеңінде балаға оның ата-аналарының, тәрбиешілердің, мұғалімдердің және оған қандай да бір дәрежеде жақындығы бар басқа адамдардың назары бағытталады. Осы сатыда адамдар қоршаған ортаның ыңғайына қалыптаса бастап, кейбір белгілер жүйесін, мінез-құлықтың қарапайым нормалары мен ережелерін, әлеуметтік рөлдерді меңгере бастайды. Адам жеке тұлға қасиетіне ие болу дағдысына үйренеді.

Даралану сатысында дара тұлғаның персонализация қажетілігі тудыратын, қандай да бір оқшаулану байқалады. Осы саты, бір адамның басқа адамдардан ерекшеленуіне ықпал етеді.

Интеграция сатысы, адам мен қоғам арасындағы қандай да бір тепе-теңдікке қол жеткізуді болжайды.

Осылайша, әлеуметтену процесінде дара тұлғаның енжар және белсенді позициясының динамикасы жүзеге асады.



Зерттеу жұмысының мақсаты. Қарым-қатынас пен тұлғалардың бір-бірін қабылдау процестерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні. Жеке тұлға мен топтың эмоционалды ахуалы, өзара қатынастары, даралық психикалық сипаттамалары, қарым-қатынас жасау кабілеттері.

Зерттеу жұмысының нысаны. Балалар шипажайында демалған балалар.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер әртүрлі жас шамасындағы балалардың уақытша топтарында қарым-қатынас процестерін зерттеп, кейін түзету жолымен топтың бір тұтастылығын қамтамасыз етуге бағытталған әдіс тәсілдерді жүйелі қолданса, онда ұжымның жағымды психологиялық ахуалы қалыптасады.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

  1. Балалардың жеке бас ерекшеліктері мен қарым-қатынас жасау қабілеттерін анықтау.

  2. Уақытша қалыптасқан ұжымда жарасымды психологиялық ахуалды тудыра отырып, ортаға біртіндеп бейімдеу.

  3. Әр жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіру мақсатында, әдістемелік нұсқау жасау.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Дипломдық жұмыс балалардың уақытша ұжымындағы өзара қатынастарының заңдылықтарын анықтауға жағдай жасайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ұжымның біртұтастылығын қамтамасыз ету, өзара қатынастарды жақсарту, түзеу мақсатында, мектептерде, балалар сауықтандыру орталықтарында, интернаттарда қолдануға болады.



Зерттеу жұмысының негізгі әдістері.

Бақылау, социометриялық сауалнама, Г.Айзенктің жеткіншектерге арналған сұрақнамасы”, “Индивидтің топты қабылдауы” әдістемесі, “Адам бейнесі” және Л.А.Кондратенко құрастырған “Орман мектебі” атты проективті әдістемелер.



Зерттеу жұмысының тәжірибелік базасы. Алматы қаласындағы “Алатау ” балалар шипажайы.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 14 кесте, 2 суреттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша соңында берілді.

1 ӘРТҮРЛІ ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.


1.1. Әртүрлі жас шамасындағы балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің педагогикалық - психологиялық мәселелері.
ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамаман бір уақытта пайда болып, тарала бастады.

Мұндай зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады.

Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.

С.И. Ожегов /2/ сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика -- осы сияқты, саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П.Буева /3/ іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С. Каган /4/ қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән деп қарастырады. М.В.Соковин /5/ адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады.

Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.

“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны - “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев /6/, М.И.Лисина /7/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова /8/, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева /9/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, әр жас шамасындағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық. А.Н.Леоньтев /10/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің /11/, А.А.Бодалевтің /12/ коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды.

Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов /13/ бүтіндей оқу-тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді.

Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста “субъект-субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау, тану, дамыту.

Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрлымдық компоненттерін анықтап алу зерттеуге арқау болатынын білдік. Бұл мәселені 1977ж. В.В.Давыдов /14/ көтергенді. Г.М.Андреев , П.Яноушек /15/ зерттеулерінде қарым-қатынас мақсат-бағдарлы, индивидтердің бір-бірін қабылдай алуы, түсіне алуы, өзара бірлесіп іс-әрекет жасауды және ақпарат алмасу үрдісі деп қарастырылады.

Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінге дейін “бала(лар) мен ересек(тер)” жүйесіндегі қарым-қатынас “бала-бала(лар)” жүйесіндегі зерттеулерден көш ілгері және жан-жақты қарастырылған.

Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді. Біздің зерттеу де осы позицияны арқалана отырып, балалардың ересектермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауын зерттеуде коммуникация, интеракция және перцепция ерекшеліктерін дамытуды алға қойды. Бұл контексте қарым-қатынастың теориялық негізіне іс-әрекеттің құрлымы жайлы түсінікті қабылдаймыз. Біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леоньтев /16/ М.И.Лисина /17/ концепцияларына сүйенеміз. Сонда қарым-қатынастың құрлымын анықтайтын коммуникация, интеракция және перцепция коммуникативті іс-әрекет деп қарастырылады.

Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағы мотивтер, қарым-қатынас әрекеті, міндеттері, құралдары мен нәтижесі де қарым-қатынас элементтері ретінде қарастырылады. Біз олардың әрқайысысын жекелей айқындадық.

Мұнда Т.В.Драгунова /18/ бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект рөлінде болатын басқа адам, яғни қарым-қатынас жасаудағы жұптас адам болады.

Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев /19/, М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский /20/, В.С.Мусина /21/, В:С.Мухина /22/ және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктерін тағайындаған.

М.И.Лисина, А.Г.Рузская, С.Ю.Мещерякова, және т.б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві “затталған қажеттілік ” деген А.Н. Леоньтев түсіндірмесіне негізделіп, адамның қарым-қатынаста танымдық іскерлік және жеке бас мотивтері болатындығы, баланың коммуникативтік мотивтерінің топтары мен генезисі сипатталады.

Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі (А.А. Леонтьев).

М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын эксперессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруды біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.

Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылды (М.И.Лисина, Д.А.Исмайлова т.б.). Әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада “коммуникациялық біліктілік ” (Т.В.Антонова), әсер ету, реттеу, байланыс жасау, ақпарат беру тәсілдері (Е.Г.Макарова ), жалпы нәтиже алуды қамтамасыз етуге беғытталған әсерлер жүйесі, әдіс пен амалдар жиынтығы (Д.А.Исмаилова, Ж.С.Әбішева) ретінде анықталады. Ал А.А.Бодалев қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру – ең негізгі мәселе болып табылды.

Қарым-қатынас анықтамасындағы (М.И.Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым-қатынастан шығатын материалдық және рухани сипаттағы құрылым алынады. Нақтыласақ, жалпы нәтиже - өзара қатынас (Я.Л.Коломинский /23/), таңдамалы бауырластық (С.В.Корницкая, Р.А.Смирнова), қарым-қатынас субъектілерінің бейнесі (А.А Бодалев, Н.Н. Авдеева, А.Н.Силвестру) деп қарастырылады.

Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсіністік сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С.Агеев, А.А.Бодалев / сынды ғалымдар топ ішіндегі және өзара қарым-қатынастың меха/низмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизация, каузалды атрибуция, ореол эффектісін жатқызады.

Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрлым пайда болады. Ол коммуникативті іс-әрекеттің даму деңгейін анықтайды. А.В.Запорожец, М.И.Лисина бұл ерекше құрлымдарды “қарым-қатынас онтогенезінің сатылары”, “қарым-қатынас формалары” деп атаған. Біз өз зерттеуімізде осы тұжырымдарға сүйенеміз.

Ал М.И.Бобнева /26/ қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан-дүниесі қалыптасатындығын қарым-қатынас формаларын зерттеу арқылы көз жеткізген. Көп ретте қарым-қатынас жайлы қарастырғанда “қарым-қатынас стилі” деген ұғым да анықталынады, “қарым-қатынас стилі” деп адамдардың байланыс жасау техникасын, не болмаса позициясын айтады (Х.Т.Шерьязданова, Т.Н.Суркова).

В.С.Мухина қарым-қатынас стилін “әлеуметтік” психологиялық әсер етудің дара –типологиялық ерекшелігі деп түсіндіріледі. 1930-шы жылдары Н.Левин үш стилін ұсынғанды. Осыдан соң Р.Липпит, К.Уйтд қарым-қатынас стилінің авторитарлық, демократиялық және либералды-босаң деген классификациясын жасаған еді. Қазірде Г.Андерсон, А.А.Бодалев, Р.С.Буре, И.М.Юсупова, т.б. ғалымдар қарым-қатынас стилінің классификацияларын ғылыми қорда берген.

Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев /25/ т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі.

Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).

Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.

В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.

Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.

Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс - тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады.

Педагогикалық қарым-қатынастың либералды – босаң стилі негізінде балалардың өз міндеттерін түсінбеуі, мінез-құлқын, жүріс –тұрысын реттей алмауы, топтық жағдайға бейімделе алмауы сияқты негативтер болады. Бұл педагогтың кәсіби әлсіздігімен, енжарлығымен түсіндіріледі.

Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, /27/ В.С.Мухина).

Педагогтың қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында өзара байланыс болатынын А.А. Бодалев жариялаған.

Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вервальды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бақылауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар – аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын – қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-әрекетін диагностау дәлдікке ие болды деп ұйғарамыз. Алайда, барлық қарым-қатынас компоненттерін зертттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын өзінің жеке басына “сіңіреді”, бұл жағдай балалар қарым-қатынасының локалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жүріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субектілерін ұлттық ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, “тексіз”, “ұлтсыз” пенде күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар едік.

Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құру арқылы өз-өзін тану, бағалау мүмкіндіктері болады (И.И.Чеснокова, Т.В.Драгунова, Д.Б.Эльконин, И.Непомнящая, және т.б. ). Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі “бала-бала” жүйесі В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.

Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:



  1. Баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;

  2. “бала-бала ” жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғырта алады;

  3. Балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.

1.2 Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері.



Жан–жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу, психология ғылымының аса мәнді теориялық және практикалық міндеттерінің бірі. Кеңес психологиясында балалардың қабылдау мен сезіну мәдениетінің қоғамдық–тарихи тәжірибесіне, “әлеуметтік меңгеру “ процесіндегі қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлінеді (Л.С.Выготский /26/, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин). Сондықтан, қоғамның қазіргі заманға лайықты даму сатысында, қоғамнық практикалық негізгі міндеттерін шешу жолында, қарым – қатынас мәселелерін шешіп алған жөн. Қарым-қатынас қоғамдық өмір құбылыстарының бірі. Бұл құбылыс адам өмірінің, іс - әрекет жағдайларының материалдық әсерінен тарихи тұрғыда пайда болады. Біріккен іс - әрекет еңбек негізінде, адамдардың қарым – қатынас қажеттілігі пайда болады .

А.А.Бодалев, М.И.Лисина /27/, А.А.Леонтьевтердің нақты зерттеу жұмыстарының бір қатары қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін зерттеуге арналған. Алайда, осындай байланыстың сипатын әртүрлі зерттеушілер әрқилы түсінеді .



А.А.Леонтьев, қарым-қатынас іс- әрекеті бұл–ең алдымен сөздік іс - әрекет, өйткені онда іс-әрекетке тән элементтердің барлығы бар (әрекеттер, операциялар, мотивтер және т.б.) десе, Б.М.Ломов қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігін мойындап, осы процестерді өзара байланыстырмай, адамның әлеуметтік болмысының екі жағы ретінде, оның өмір салты ретінде қарастырады .

Оқушылардың ересектермен қарым-қатынас қажеттілігінің мазмұны, балалардың жетекші іс-әрекетінің сипатымен детерменделеді (М.И.Лисина, А.Н.Леонтьев). Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен қарым–қатынасындағы жетекші мотивтері ретінде іскер және жеке мотивтері көрінеді. Қарым-қатынас пен жеке тұлғаның даму мәселелерін зерттеу жұмысы, “қатынас“, “ өзара қатынас “ ұғымдарын пайдалануды болжайды. В.М. Бехтерев /28/ пен А.Ф.Лазурский сияқты ғалымдардың қарым-қатынас мәнін ашудағы орны ерекше. Эксперименталды тұрғыда осы мәселені А.А.Бодалев, оқушылардың адам қасиеттерін тәрбиелеу аспектісінде, Л.И.Божович және Л.С.Славина оқушылардың оқуға қатынасының мінез-құлық мотивациялары мәселерімен тығыз байланыста зерттейді. В.Н.Мясищев адамның қатынастары нақты қажеттіліктерден туындап, тұрақтылыққа жалпылылыққа ие болады деген. Адамның қатынастары танымдық, еріктік, эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады. В.Н.Мясишевтің пікірі бойынша, адамдардың қатынастары әр бір нақты жеке тұлғаның мәнін ашатын әрекет ретінде адамның мінез-құлқын өз бетінше ұйымдастыра алады. Жеке тұлға құрылымында қатынастардың осылайша абсолюттенуі С.Л.Рубинштейннің /29/ сынына ұшырайды . С.Л.Рубинштейіннің ойынша, психологиялықтың негізі қоршаған әлемге қатынасы арқылы анықталып, адамның басқа адамдармен қатынасын ашуға бағытталған адам өмірінің шынайы психологиясының өзегін құрайды. Адамдардың қоршаған ортаға қатынасы бұл – ең алдымен оның өмірінің жағдайларын құрайтын объективті ақиқатқа қатынасы. Бірақ, адамның тіршілік әрекетінің бірінші міндеті басқа адам. Бастауыш мектеп кезеңі бұл –“жеке“ тұлғаның мәнді алғышарттарының қалыптасу аралығы болып табылады. В.В. Давыдов бала мектепке келісімен оқу процесінде жеке тұлғаның теориялық санасының негіздері жасалынатындығын (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды. Д.Б.Эльконин бойынша, бастауыш сыныптағы оқушы өзінің мектептегі жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс - әрекет ретінде қабылдай бастайды да, оның бойында оқудың жаңа қоғамдық сезімдегі мотивтері көріне бастайды. Б.Г. Ананьев, балалардың мектептегі оқу процесі олардың бүкіл өмірін жаңаша ұйымдастырып, баланың жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл қояды, өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады. /30/ Психологтар бастауыш мектеп жасындағы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, “оқушының ішкі позициясын қабыл алу“, (Л.И.Божович), “оның танымдық және адамгершілік күштерінің дамуының жаңа көздерін ашатын, мінез – құлық мотивтерінің өзгерісі “ (В.В.Давыдов), баланың “мектепте оқу міндетін“ сезінуде қамтылған қоғамдық орнының өзгерісі (Н.Ф.Добрынин) сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді. Кеңес психологиясында мотивациялық сфера өзінше қарастырылады, ол адамның ақиқатқа, өз-өзіне, басқа адамға белсенді түрде бағытталған қатынасының күрделі жүйесін құрайды, әрі түрткілердің әртүрін қамтиды (Л.И.Божович). Баланың қай мотивті өзіне жетекші мотиві ретінде таңдап алуына қатысты оның адамгершілік позициясы қалыптаса бастайды (Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев). Оқушының мотивациялық сферасы оның эмоционалды - еріктік сферасына, оның ақыл-ой әрекетіне әсер ететін түрлі қатынастардың қайта құрылуына әсер ететін өте мәнді фактор ретінде көрінетін “ педагогикалық бағамен“ анықталады.

Осы жастағы оқушылардың қарым–қатнастарының ерекшеліктерін сипаттай келе, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін бедел иесі болып табылатындығын көрсетеді. Д.Б.Эльконин, “баланың ересектермен қатынастарының барлық жүйесі жеке қарым–қатынасқа дейін оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады “ деген қорытындыға келеді. Баланың оқу іс-әрекетіне енуі ересектің оқушылардың өзіндік сана сезіміне әсер ету мүмкіншілігін ұлғайтады. Осындай көзқарастың негізінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ересектермен өзара қатынастары бір–біріне қайшы екі тенденциямен сипатталады. Бір жағынан ересектердің талаптарына мойынсыну, бағыну міндеті айқын көрінсе, екінші жағынан өзінің жеке басының дербестілігін, ынтасын, хұқығын қорғау мақсатында дербестік пен тәуелсіздік сезімі пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, ересектерге қатысты тәртіп сезімі әлі қалыптаса қоймайды. Дамудың осы сатысындағы балалардың, сана сезімі жаңадан қалыптаса астайды. Жеке басының жеткілікті дәрежеде жетілмеу себебінен, балалардың ересектермен қатынас қажеттілігі пайда болады. Психологтардың ойынша бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзара қатынастарының негізгі бет бейнесі, олардың достық қатынастарының сыртқы өмірлік жағдайлары мен кездейсоқ қызығушылықтарының бірігіп кетуінде. Құрдастарының берген бағасы өзіндік бағалаудың қалыптасуына негіз болмайды. Осы жас шамасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекеті болып табылады. Қарым-қатынас көбінде өз-өзін және басқа адамдарды тану қажетілігін қанағаттандыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады (М.И.Лисина). Баланың ересектермен қарым–қатынастарының жүйесі жеке қарым–қатынасының өзі оқу іс-әрекеті арқылы жанамаланады (Д.Б.Эльконин).

Баланың мектептегі өзгерістерден кейін өмірлік тәжірибесі пайда болады, құрбыларының арасында өзіне тән нақты орынды иелену ұмтылысы пайда болады. (А.Н.Леоньтев, Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Б.Г.Ананьев). Бастауыш мектеп жасында балалардың ересектермен, әсіресе мұғаліммен қарым–қатынастары ерекше мәнге ие болады, өйткені осы жас шамасындағы балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-әрекетіне, ересектермен және құрбылармен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайынығын қамтитын, оқушының әлеуметтік позициясы қалыптасады (Л.И.Божович). Балада мектепке келісімен оқығысы келу тілегімен қатар осы міндеттерді жүзеге асыра алмаумен байланысты қиыншылықтар мен қарама – қайшылықтары пайда болады. Ересек адам баланы жаңа іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым дұрыс үйрететін болса, оқушының оқуға деген қызығушылығы соғұрлым нығая түседі, оқудың қандайда бір жағымды мотивациясы қалыптасады. /31/ Соңғысы аса мәнді, өйткені бастауыш сыныптағы оқушының жеке тұлғасының дамуы көбіне оқу іс-әрекетінің мотивтерінің бағыттылығымен анықталады. Баланың жеке тұлғасы оның ересектермен қарым–қатынасында қалыптасатындығы белгілі. Ересек адам балаларға адамзат мәдениетінің жетістіктерін табыс етеді, адамның психикалық дамуын қамтамасыз етеді (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, М.И.Лисина). Балада қарым–қатынас қажеттілігінің пайда болуы оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып табылады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ересектермен қарым-қатынасы, олардың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Л.С.Славина мен Э.Л.Фрухтың пікірінше, балалардың ересектермен қарым–қатынасының жетіспеуі, олардың бір–бірімен қарым–қатынастарының мәнін ұлғайтады. 30–шы жылдардың өзінде кейбір балалардың теріс мінез–құлықтарының астарында “психикалық витаминдердің“ - әсіресе ересектер тарапынан қарым–қатынастың, мейірімнің, көңілдің жетіспеуі жатыр деген болатын. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыда қалай қойылмасын, махаббаттан, мейірімнен, көңілден айырылған баланың жаны да, тәні де қалжырайды. Осындай жағдайдағы баланың жеке тұлғасы толыққанды дами алмайды, өткені әлеуметтік дағды тәжірибесі бірден жүдеп кетеді, бала өзінің жеке басын дұрыс бағалай алмайды. (М.И.Лисина, В.С.Мухина, С.Г.Якобсон).

Жас ерекшелік психологиясының пәні психологиялық құбылыстардың өзі емес, олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне сай өзгеруі болып табылады. Психиканың түрлі формаларының адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің сатыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшелінеді, өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие. Дипломдық жұмысындағы адамдардың жас ерекшелігіне сай өзгерістерінің астарында олардың психикалық өмірінің заңдылықтары жатыр.

Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:

1) пренатальды (құрсақтағы)

2) балалық шақ

3) ересек балалық шақтың

4) ересек шақ

5) егде шақ, қарттық

Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:

1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)

2 – ерте балалық щақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.

3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін) – бала жеке тұлғасы мен таным процестерінің дамуымен сипатталады.

4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін) баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен білімдерінің дамуына сәйкес келеді.

Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:



  1. Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес келіп, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас шамасында жеткіншектің дене бітімінің өзгеруіне байланысты, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алады.

  2. 16 жастан 23 жасқа дейінгі балғын шақ кезеңінде адам ересектікке бет алады.

Бір жас шамасынан келесі жас шамасына өтуде адамның қоршаған ортамен қатынастарының бұрынғы қалпының бұзылуымен және басқа адамдармен, басқа әлеммен өзара қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасуымен байланысты дағдарыстар орын алады. Мұның барлығы адамның өзі үшін және оның әлеуметтік ортасы үшін мәнді психологиялық қиыншылықтарымен сипатталады.

1 жас, 3 жас, 7 жас, 13-14 жас, 17-18 жас шамаларына сай дағдарыстар кездеседі.

Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бөлігі – бастауыш мектеп жасы мен жеткіншек кезеңіндегі балалар болғандықтан, осы жас шамаларын тереңірек қарастырып көрелік.

Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттатғандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.

Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бойала бастайды. Баланың белгілі бір ережелерге бағына бастауы оның бойында мінез-құлқын реттей алу іскерлігінің қалыптасуына ықпал етіп, осы жас шамасы үшін мәнді жаңа ұйымдардың бірі болып табылатын ырықты түрде басшылыққа алудың ең жоғарғы кейпіне қол жеткізуінің кепілі бола алады. Балалардың басқа да танымдық процестерін алмастыратын сөздік-қисынды, ойлау қасиеті пайда болады.

Баланың мектепке келуі оның әлеуметтік қарым-қатынастарының шеңберін кеңейтіп, “Мен-концепциясына” міндетті түрде әсер етеді.

Мектеп, баланың дербестілігіне, оның ата-аналарынан оқшаулануына ықпал етеді, оны қоршаған әлеуметтік және физикалық әлемді зерттеудің кең мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді./32/

Баланың әлеуметтік ортаға енуінің салдарынан міндетті түрде терең, әрі әр сапалы өңделудің негізінде 6-7 жас шамасын әлеуметтік дамудың алғашқы кезеңі деп атауға болады. Адам өмірінің мектепте өткен кезеңі оның екінші сатысы болып табылады. Дамудың осы жас шамасында жеке тұлғаның және оқу-танымдық субьектісінің оқу процесін қамтамасыз ететін психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас шамасына дейін бала заттар әлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан қатынастар мен заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде іс-әрекет субьектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп, тікелей (баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасы) және әлеуметтік әсердің әрқилы каналдары арқылы, жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық әдебиет және т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен іс-әрекет субьектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде болжай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен іс-әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.

Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересектермен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек қарым-қатынас арқылы ғана психиканың әлеуметтік нормалары (сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса алады. Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас процесінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс қасиеттері, жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастайды. Осылайша, “топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы негізгі каналдардың бірі болып табылады.”/33/

Оқу, іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен танымды өзара байланыстырады. Сондықтан да, балалардың мектепке келу мерзімінен бастап және олардың осы кезеңге дейінгі ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу процесі орын алады. Оның оқу процесіндегі күрделілігі ұлғая түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі әлеуметтік жағдайлар мен топтардың әр түрлілігінің ұлғаюымен, қарым-қатынастың формалары мен түрлерінің сапалы өзгерістерімен байланысты. Балалардың жанұядағы және құрдастарымен қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты қарым-қатынастың жаңа түрлері, және оқушылардың түрлі үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың жүйесі де қалыптаса бастайды.

Қарым-қатынастың осындай түрлері мен формалары, баланың оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін, қарым-қатынас пен іс-әрекет субьектісін, жеке тұлғаның дамуына өте маңызды.

Б.Г.Ананьев бойынша, жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік топтары бар бүтіндей қоғаммен байланысының көп түрлілігі, жеке тұлғаның интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке қасиеттерімен ішкі әлемінің ұйымдасуын анықтайды.

Жас ерекшелік жіктеуде қарым-қатынас дербес іс-әрекет ретінде анықталады: балалық шақтағы объекті бойынша Б – Е(бала-ересек) жеткіншек кезеңінде құрдастарымен Б –Б(бала-бала).

Адам әлеуметтің ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, оның өмірін және дамуын адамдармен қарым-қатынасынсыз елестету мүмкін емес. /34/


1.3 Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар.

Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі; қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.



Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым–қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:

  1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.

  2. Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.

  3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.

  4. Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы--олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.

Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:

  1. “Бет-перделердің байланысуы ”-- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.

  2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.

  3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.

  4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.

  5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ымынан, бет әлпетінен, көзқарасынан бірден түсіне алады.

  6. Манипулятивті қарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана отырып, жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).

  7. Зиялы қарым-қатынастың мәні оның затының болмауында, яғни адамдар ойындағысын айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.

Адамдар бір-бірін қабылдау процесі қарым-қатынасының міндетті құрамды бөлігі ретінде танылып, перцепция деп аталады. С.Л. Рубинштейн /29/ бойынша адам мінез құлығының сыртқы көрінісінің негізінде оны танимыз, оны сыртқы мәліметтерінің мәнін ашамыз. Осының негізінде алынған нәрселер қарым-қатынас процесінде маңызды реттеуші рөлге ие. Біріншеден, басқа адамды тану барысында танушы индивидтің өзіде дамиды. Екіншіден, басқа адамды тану дәлдігінің өлшеміне онымен келісілген әрекеттердің жетістігі байланысты. Басқа адамды танудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі өзін-өзі соның орнына қою. Бұл сол адамның ішкі жай күйін ұғынудың ең тиімді жолы. Өзіңді басқа адамның орнына қоя отырып оны түсіну амалымен эмпатия құбылысының мәні ұқсас Эмпатия—басқа адамды ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезмдері мен ойларын ұғына отырып оны эмоцияналды түрде қабылдау қабілеті./35/

Өзінің және басқа адамдардың жеке қасиеттерін танудың қисынды түрі-рефлексия, яғни кері байланыс құбылысы. Бұл әрекет етіп отырған индивидтің өзінің серігімен қалай қабылданатындығын түсінуі. Рефлексия басқа адамды тану ғана емес, сонымен өзіңді басқа адамның қалай түсінетіндігін білу, яғни басқа адамдарды қабылдаудағы таптаурындардың, жалған сенімдердің және установкалардың да мәні зор. Таптаурындар басқа адамдардың тобы жайлы әдеттегі, ықшамдалған түсініктер жүйесі. Әр түрлі топтағы адамдар бір-бірімен етене араласа, жақындаса бастаса, ортақ мақсатқа жетуді тантаурындар өше бастайды. Жалған сенімдер адамдардың, өзін олардың мотивтерін, қылықтарын білместен бағалау нақты жағдайларды толығымен талдамастан алдын-ала құрастырылған қандайда бір бейнелерге назар аудару және кез-келген адамды үйреншікті түрде қабылдап, бағалауға қатысты адамның санадан тыс даярлығы. Өзара қатынаста ашық жарқын бола білген жөн, өйткені жақын қатынаста болмайынша адамдардың жылы қабылдауы екі талай.

Басқа адамдармен қатынасының ерекшеліктерін түсіне білгісі келген адам, олардың нақты жағдайдағы өзінің қылықтарына қатысты әсерін білген жөн, яғни өз мінез-құлқының нәтижеге әкелетіндігін ескеруі керек./36/

Өзара сенім кері байланыстың кепілі қарым-қатынастағы кері байланыс бұл басқа адамға, менің оны қалай қабылдағаным жайлы, оның мінез-құлқы менде қандай сезімдарді туғызатындығы жайлы ақпараттың жетуі (хабар алмасу).

Қарым-қатынас күрделі әлеуметтік психологиялық процесс бола тұра төмендегідей негізгі каналдар бойынша жүзеге асады: Сөйлеу тілі арқылы және сөйлеу тілінің қатысынсыз каналдары. Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде ақпараттың қайнар көзі ретінде әрі әңгімелесушіге әсер ету тәсілі ретінде көрінеді.

Зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, адам қарым-қатынасының күнделікті актісіндегі сөздер оның 7% құраса, дыбыстар мен дауыс ырғағы 37%, сөйлеу тілінің қатысынсыз жүрген әсер 33% құрайды екен.

Адамның ішкі күйін бейнелейтін бет әлпетіндегі бұлшық еттерінің қозғалыстары, оның күнделіктерінің шынайы мәнін табыс етеді. Ымдар ақпараттың 70% құрайды. Яғни адамның көздері, көзқарасы, бет-әлпеті оның айтылған сөзінен бетер анықтама бере алады. Адамның маңдайы, қасы, аузы ( еріні, көзі, мұрыны, иегі ) оның түр негізі эмоцияларын анықтайды.

Басқа адамдармен қарым-қатынасында кез-келген адамның нақты әлуметтік рөлдері бар. Осындай рөлдер жеке адам жайлы толыққанды ақпарат берумен қатар, оны кейбір тұстарын жасыруы да мүмкін. Алайда қандай рольді иеленуі адамның өзіне байланысты яғни оның күшіне, әлсіздігіне, ақыл-ой деңгейіне, өзіне қатысты сыншылдығына, мінез-құлқының икемділігіне байланысты.

Адамның өзі және басқа адамдар жайлы ақпараттары қарым-қатынас тәсілдерін және мәнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысына анықтайды. Осы орайда психологиялық тұрғыда хабардар болуы керек.

Адамның даралық психологиялық ерекшеліктері жоғары жүйке-жүйесінің типімен анықталып, ең алдымен темперамент қасиеттерінде көрініс табады.

Экстраверсия мен интраверсия адамның психикалық сипаттамалары ретінде қарым-қатынас арасында айқын түрде байқалады. Жүйке іс-әрекетінің неғұрлым күшті типімен байланысты, экстраверсиялық қасиеттері басым адамдар басқа адамдармен жеңіл тіл табысып кетеді, әрі таныстарының шеңбері кең келеді. Ондай адамдар айналасындағылардың көзқарасына тәуелді, әсерін тез алмасытрып отыруға тырысады, әртекті істерді орындағанды әрі ұнатады./37/

Интраверттер жүйке іс-әрекет әлсіз тиіптегі адамдар; олар өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарланған адамдар. Таныстарының шеңбері өте тар келеді, қарым-қатынаста өз серігін іріктеп отырады, таныстарының саны көбейіп кетсе оларадан шаршап кетеді.

Адам біреуіне жақын болып осындай психологиялық ақпаратпен санайтын болса сол типтерінің қарама-қарсы типтегі адамдарды түсіне алмас еді.

Әлеуметтік өмір адамдар арасындағы байланыста дамиды. Осының негізінде адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттестігінің негізі қалыптасады. Адамдар өзара әрекеттеседі, яғни бір-бірімен байланысқа түседі.

Серігінің сәйкес жауапты әрекетін күтудегі, басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге асатын әлеуметтік әрекет арқылы ұласатын адамдардың байланысын әлеуметтік байланыс деп атаймыз.

Адам шын мәнінде басқа адамдармен өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас жағдайларында тіршілік ететін әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік тірі ағза, тұлғалар арасындағы өзара әрекеттестіктің әрқилы формалары бар достық, махаббат, бәсекелестік, уақыт өткізу, ойын әлеуметтік әсер бағыну, дау-дамайлар, діни әрекеттестік т.б.

Әлеуметтік топ әлеуметтік өзара әрекеттестіктің жалпы формаларының бірі ретінде анықталады. Оның әрбір мүшесінің мінез-құлқы мен әлеуметтік дәрежесі басқа мүшелерінің іс-әрекетімен және тіршілігімен міндеттеледі./38/

Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның жалғыз қалғанымен басқа адамдардың тобында болуының арасындағы айырмашылық жер мен көктей (біршама алшақтау). Мұнда ең алдымен адамның өзі де өзгеріске түседі,-яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.

Адамдардың бір-бірімен араласа бастаса болды, олардың тобын байланыстыратын тартылыс пайда бола бастайды. Топ бұл өзіндік күйі мен құрлымы бар, қандайда бір бүтін ұйым. Сіз топтың әр мүшесін жақсы білуіңіз әбден мүмкін алайда тікелей қарым-қатынастағы іс-әрекетін немесе бүтінде топтың әрекетін алдын-ала болжауыңыз қиынға соғады.

Кіші топтар ұжымның табиғи әлеуметтік- психологиялық негізі іспеттес. Ал ұжым өз кезегінде кіші топтардың жоғары дәрежеде дамуымен анықталады. Ол күтпеген жерден пайда болмай, біртіндеп мақсатты түрде қалыптаса бастайды./39/

Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Балалар ұжымында қағаз жүзінде тіркелмеген, алайда жеке тұлғаның дамуыны ықпал ететін, әрі бүтіндей ұжымның өмірін анықтайтын, өзара түсіністіктің негізінде топтар пайда болып отырады. Дәл осындай топтың бала үшін маңызы зор болуы ықтимал, өйткені дәл осы жерде оның мінез-құлқы бағаланатындықтан оның мәні басқа топтарға қарағанда жоғарырақ болады.

“Біз”-деп аталатын топтар адамның дамуы мен мінез-құлқына түбегейлі өзгерістер енгізуі мүмкін. Әлеуметтік психологияда бұл топты референтті немесе эталон топ деп те атайды.

Референтті топтар шынайы тіршілік етумен қатар, ойданда шығарылуы да мүмкін, жағымды немесе жағымсыз бола алады. Қандай жағдайда да олардың атқаратын қызметі ортақ.


  1. Референтті топ жағымды не жағымсыз үлгілердің бастауы болғандықтан әлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.

  2. Референтті топ адам бейімделуге тырысытын ережелердің, пормалардың бастауы болғандықтан нормативті қызмет атқарады.

Іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты топтардың дамуының төмендегідей деңгейлері кездеседі.

  1. Атаулар тобы ұжымдық дамудың айқын көрсеткішінсіз тек қағаз жүзінде ғана тіршілік етеді. Ортақ қызығушылық, біріккен іс-әрекеттің азынаулақ тәжірибесі бар уақытша байланыстарымен, қатынастарымен көре түседі.

  2. Ассоциация тобының өзіндік құрлымы, іс-әрекеттің ортақ мақсаты болғанмен біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.

  3. Коорпорация (ұжымы) –топ ортақ мақсатпен және оны жүзеге асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың жеткілікті дәрежедегі топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет түріне даярлығын қамтамасыз етеді.

  4. Ұжым дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде қоғамдық құны бар мақсатттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғары деңгейін сипаттайды. Яғни бұл топқа ұжымға тән әлеуметтік психологиялық ересектіктің негізгі белгілері тән.

Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік, жүйенің өзіндік реттеуін және өзіндік бағдарлануын, жүйе бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың әрекеттерін қамтамасыз етеді./40/

Бұл құбылыс мынадай нәрселерді қамтиды.



    • Ақыл-ой бірлігі-белгілер жүйесін бір түрге келтіру қабілеті, топтың тілдің пайда болуы, шешімдерді қабылдаудың тиімді әдіс тәсілдерін анықтау.

    • Эмоционалды бірлік-бүкіл жүйе қал-ахуалының индикаторы, жүйені өзіндік реттеу, мінез-құлықтың бейімделу және орнын толтыру механизімдерін анықтау топ тіршілігінің қосымша энергоресурсын (күш қоймаларын) қалыптастыру қабілеттері.

    • Еріктік бірлік-топтың мақсатқа жетудегі кедергілерін жеңуде күшін жұмылдыру қабілетінде анықталатын топ жұмысының “күн-тәртібінің ” реттеушісі.

Ұжым іс әрекетінің тиімділігін оның мазмұны мен мақсаттарының эмоционалды тартымдылығы қамтамасыз етеді. Яғни іс-әрекеттің заттары мен процестерінің қызықты болуы, эмоцианалды күйлердің өзекшілігі айқын ашық жерге толы жеткіншектің қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Эмоционалды тартымдылықпен байланысты эмоциогенді жағдайлар;



  1. Басқа адамдармен өзара әрекеттестікте нақты рөлді иелене, жеке тұлғаның өзіндік айқындалуына жағдай жасалынытын психоролдік жағдайлар. Балалар ұжымындағы ойынның және ойын түріндегі іс-әрекеттің маңызы зор. Мұнда жеке тұлға әр қырынан ашыла түеді, біріккен күзелістерінің қажеттіліктері қанағаттандырылады. Жұмысты ойын түрде құрастырудың өзі балалар ұжымының көптеген мәселелерін шеше алады.

  2. Музыкалық-психологиялық жағдайлар, жалпы әуеннің өзі де адамның эмоционалды күйіне тереңінен әсер ете алады.

Іс-әрекетті орындаудағы шабыттың пайда болуында, қатынастарды реттеуде адамдардың басын қосудағы музыканың алар орыны ерекше.

Таныс адамдардың бірігіп ән салуының өзі алғашындағы күдіктің жағалауына ықпал етеді. Әуеннің дыбыстары ұжымдық еңбектің тиімділігін арттыруы не төмендетуі мүмкін.

Адамдардың қарым-қатынасындағы бәсекелестік - рух, пен күштің бастауы іспеттес. Бәсекелестік негізінен эмоционалды көрініс ретінде анықталады. Ол ұжымдағы эмоционалды ахуалдың туындап әсер ететін, адамзат қарым-қатынастың маңызды бір бөлігі./41/

Алайда күнделікті өмірде көңіл көтеру жағдайында ұмытпаған жөн. Бір қарағанда қарапайым көрінетін, алайда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып іс-әрекетті ұйымдастыру, адамдардың мінез-құлқын белсендіре түседі.

Алайда бір адамға жағымды әсер еткен нәрсе ұжым мүшелерінің басқаларына да соншалықты әсер ете қояры екі талай. Бұл мәселе әсіресе аз ғана уақыт мөлшерінде тіршілік ететін топтарда байқалады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардан, әртүрлі жас шамасындағы жеткіншектерден құралған ұжымның эмоцианалды белсенділігінің көрінісі біршама өзгеше болуы мүмкін.

Л.И.Уманскиймен оның қызметтестері топты ұжым ретінде сипаттай отырып, оның төмендегідей белгілерін бөліп алады:



  1. Топтың адамгершілік бағытындағы бағдарының мазмұны (топ мүшелері мақсатының, мотивтерінің бірлігі).

  2. Ұйымдасқан бірлік.

  3. Кез-келген іс-әрекет түрінде топтың бірлескен даярлығы.

  4. Психологиялық бірлік (интелектуалды, эмоциялы, еріктік).

Ұжымның екі жақты табиғаты бар. Бір жағынан оның көптеген қырлары, атап айтқанда, іс-әрекет түрлері мен сипаты мүшелерінің санын анықтайтын педагогтың саналы әрі мақсаты ықпалының объектісі болып табылады. Екінші жағынан, балалар тобы өзгеше әлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, дербес салыстырмалы түрде тәуелсіз құбылыс.

С.Л.Рубинштейн бойынша сыртқы әсерлер жеке тұлғаның ішкі құрлымында өзгеріске ұшырап, оның өзіне айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, ұжымның топтық даралығы іс-әрекеттің ұсынылған түрлерінің өзара күрделі әрекеттестігіне тәуелді келеді.Ұжымдағы өзараәрекеттестікте психологиялық ахуалдың рөлі ерекше.

Жағымды психологиялық ахуалмен сипаталатын ұжым ғана жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ете алады. Психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің адамгершілігімен анықталатын жеке және іс жағдайындағы өзара қатынастар эмоцианалды дәрежеде көрініс беретін, ұжымның психологиялық көңіл-күйі./42/

Ұжымның психологиялық ахуалы қарым-қатынас үрдісінде қалыптасады, оның негізінде бүтіндей топтың қажеттіліктері жүзеге асады, адамдар арасындағы және топтағы дау-дамайлар пайда болып өз шешімін табады.

Адамдар арасындағы өзара әрекеттестіктің жасырын, мәнді жағдайлары айқын сипатқа ие болады: бәсекелестік немесе құпия бақталастық, ұжымшылдық немесе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тәртіп. Адамдар өзара әрекеттестігінің барлық жағдайлары өзара әсерлесетін төрт негізгі тәсілі арқылы жүзеге асады, атап айтқанда, үгіттеу, жұқтыру, еліктеу және сендіру әрекеттері арқылы.

Үгіттеу – қандай да пікірдің немесе ой қортындысының логикалық негізін келтіру, жеке тұлғаның эмоцианалды әрі рационалды қыры арқылы оның өзіне немесе бүтіндей топқа әсер ету. Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айтысын яғни талқысын үгіттеу процесі деп атауға болады, демек үгіттеу монолог бола алмайды, бұл міндетті түрде диалог түріндегі пікірталас. Басқа сөзбен айтқанда үгіттеу тәрбиенің ең күрделі түрі. Тыңдаушылардың санасына жол табатын ерекше қисынды әңгіменің ырғағын таба білген жөн. Үгіттеу -- үгіттеушінің хабарындағы мазмұнды ақпараттың болуымен бірге қабылдаушының саналы қатысын болжайды.

Еліктеу -- индивиттің қандайда бір мінез-құлық көріністерін, мәнерлерін, әрекеттерін, қылықтарын қайталау.

Иланушылық (сендіру) адам психикасына тән қасиеттердің бірі. Әдетте, сенгіштік қасиет балаларда басымырақ келеді. Сендіру қарым-қатынастағы адамдардың өзара әсер ету процестерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз, тікелей немесе жанама болуы мүмкін, педагогикалық тұрғыда сендіру амалы дұрыс пайдаланылатын болса, ал өте күшті тәрбие құралына айналар еді.

Адамзат өміріндегі өзара қатынастардың шеңберінде өзара әсер етудің барлық әдісі қолданылғанымен сендіру жетекші орында. Әлеуметтік психолог В.Б.Ольшанский адамдардың бір-бірінің іс-әрекетіне өзара әсер етудің төмендегідей түрлерін келтіреді:



  1. Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.

  2. Өзара қиналу, яғни өзара қатысу әрқайсысының іс-әрекетінде қателердің пайда болуына ықпал етеді.

  3. Бір жақты жеңілдеу – бір серігінің қатысы басқасының іс-әрекетін жеңілдетеді. (мысалы, ересек пен бала ).

  4. Біржақты қиналу – біреуінің қатысы екіншісінің жұмысына кері әсерін тигізеді.

  5. Тәуелділік — екеуінің қатысы, ешқайсысының іс-әрекетіне әсер етпейді.

Іс-әрекетке әсер ету түрлерінің көптеп кездесуі психологиялық сыйысушылық деген құбылыстың айғағы бола алады. Психологиялық сыйысушылық дегеніміз өзара әрекеттесуші адамдардың ең аз дәрежедегі шығынындағы іс-әрекетінің жоғары дәрежедегі нәтижеге жеткізуі.

Әрбір тұлға белсенділігінің дәрежесі ұжымның тұлғаға тигізер әсерінің дәрежесі сияқты, оның сол ұжымдағы эмоцианалды саулығы мен анықталады.

Әрбір тұлғаның дамуына ықпал ететін және бүтіндей ұжымның еңбекқорлығын қамтамасыз ететін психологиялық ахуалды ұйымдастыруда топ мүшелерінің өзара қатынастарын реттеуден бастау керек.

Балалардың өзіндік басқаруына сүйене отырып, ортақ іс-әрекеттің негізінде, ұжымның қалыпты психологиялық ахуалын қамтамасыз ете отыра, оны топтастыруға болады. “Өзіндік реттеушісі жоқ ”, “ ұжымдық іс-әрекет” тәрбиелеуші фактор бола алмайды. Балалардың өзіндік басқаруын ескермей ұйымдастырылған іс-әрекет өтеу актісі болып қана қала береді.

Қазіргі заманға лайықты психология ғылымның аумағында еңбек, таным және ойын, іс-әрекеттің әлеуметтік негізгі түрлері ретінде қарастырылады. Еңбектің, танымның және ойынның үйлесімі балалар ұжымы тәрбиесінің тиімділігін арттырады.

Еңбек өзіндік басқарудың өзегі болса, ойын-оны ұйымдастыру тәсілі. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың алғырлығы, ықыластығы және аңқаулығының негізінде оларды кез-келген іс-әрекет түріне әсіресе ойынға тартуға болады. Ұжымдық, танымдық ойындардың түрлері әрқилы. Ойынның белгілі бір талаптарға сәйкес келуі шарт, мысалы: ұжымның топтасуына ықпал етуі, танымдық мәнінің болуы, жеткіншектердің іс-әрекетін жетілдіруі, ойынға қатысушылардың ой белсенділігін қамтамасыз етуі, балалар шығармашылығына жағдай жасауы.

Әлеуметтену және тұлғалардың бірін-бірі өзара қабылдауы сияқты екі феноменнің қарастырылуы өте күрделі міндеттердің бірі болып табылады, өйткені тұлғалардың өзара қабылдауы бір мезетте әлеуметтену құралы ретінде, әрі оның өнімі ретінде көрініс береді. Бір жағынан, тұлғалардың өзара қабылдауы әлеуметтену бір шарты болып табылады. Мысалы, жеке тұлға нормаларының құндылықтарының, мінез-құлық ерекшелерінің қалыптасуы оның өзінің дамуының міндеті шарты болып табылады.

Тұлғаның басқа адамдардың мінез-құлқтарын олардың құндылықтарын қабылдауы мен бағалауы жоғарыда аталған. Құрлымдардың дамуының негізі жеке әлеуметтенуде бастауыш мектеп жасының, жеткіншек пен жас өспірімдік кезеңнің маңызы көпшілікке мәлім.

Осы жас шамасы - адамдардың сана сезімі қарқынды түрде дамып, бағдарлаушы іс-әрекеті күш ала бастаумен ерекшеленеді. өмірдегі құбылыстардың барлығы “жаман- жақсы ”, “дұрыс-бұрыс” категорияларына топтастырыла бастайды. Әлеуметтік белсенділіктің өсуі, әлеуметтік рөлдердің ұлғаюы, оқушы қабылдайтын қоғамдық құбылыстардың шеңберін кеңейтеді. Осы жас шамасында адамның дүние танымына әсер еткендердің барлығы оның өмірінің соңына дейін сақталады.

Сана сезімнің дамуы әлеуметтенудің маңызды бір бөлігі болып табылады. Кері байланыс процесі қарқынмен дамып, бала өз ойын айналасындағылардың қөзқарасымен салыстыра бастайды. Осы шақта, оқушының зейінінің адам тұлғасының неғұрлым маңызды сапаларына бағдарлап, өзін және басқа адамдарды дұрыс бағалауына көмектескен жөн. Дәл осы шақта реңінің кемшіліктерінен, адамдармен тез араласа кете алмау салдарынан комплекстер пайда болуы әбден мүмкін. Көбінде ойдан шығарылған осындай проблемалардың көпшілігі мінездің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Басқалардың сені қалай қабылдайтындығына сәйкес аталған құбылыстар пайда бола бастайды. Бір адамды басқа бір адамның қабылдау бағасының парапарлығы адамдардың бірін-бірі танудың психологиясының өзегі болып табылады.

Қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік әлемді парапар қабылдауына баулу қажет, өйткені дәл осы жас шамасында оқушы айналасындағы әлеуметтік ақиқатты тануға, өзіндік танымға бағдар алады.

Оқушы үшін өзі мүшелік еткен топ әлеуметтік тәжірибенің мәнді бастауы ретінде көрінеді. Ол жанұя, мектеп сыныбы, спорт үйірмесі болуы мүмкін. Әрине, бұл топтардың мәні бірдей болғанымен, тұлғаның ұжымға сіңу дәрежесі, ұжымның өзгеше ерекшеліктері және оның басқа да сипаттамалары да маңызды.

Балалар шипажайының (шипажайы) аясында пайда болған ұжым - баланың жеке тұлғасының қалыптасуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Оның тиімділігі, күші көбіне-көп осындай ұжымдардың қалыптасуымен даму заңдылақтарын орынды пайдалана білуде. Арнайы педагогикалық ықпалдың жоқтығынан балалар ұжымының қалыптасуы екі талай. Ұжымдағы әлеуметтік-перцептивті процестердің динамикасы, балалар ұжымындағы, оның оқушының тұлғасына тигізер әсерінің аясындағы маңызды әлеуметтік психологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Оның шешімі, тұлғалар арасында қабылдауының ерекшеліктерінің ұжым дамуының әртүрлі сатыларымен байланысын анықтауға, топтың дамуы мен әлеуметтік-перцептивті процестердің интенсивтендіруге бағдарланған педагогикалық ықпалдың неғұрлым тиімді әдіс тәсілдерін табысты етуге жағдай жасайды.

Осындай ұжымның оқушының тұлғасына ықпал ету мүмкіншілігі мол. Жұмыс барысында, тез арада біріккен топтасқан ұжым пайда болады. Осындай қарқынды даму үрдісін балалар ұжымының өзіндік ерекшеліктері қамтамасыз етеді. Мұндай ұжымдардың негізгі ерекшеліктері - қысқамерзімділігі, құрамалылығы және дербестілігі.

Ұжымның қысқа мерзімділігі барлық әлеуметтік психологиялық, әсіресе әлеуметтік-прецептивті процестер ағымының қарқындылығын, қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ұжымның құрамалылығы баланың айналасындағы құрбыларын тану құралы іспеттес. Осы ұжымға балалар осыған дейінгі ұжымның негізінде сіңірген тәжірибелерін алып келеді. Әрқайсысының ұжымның нормалары жайлы жеке көзқарасы бар. Санаторий (шипажай) жағдайында қалыптасқан ұжымда, баланың сол өткен тәжірибесімен алмасып, ендігі жолда жаңа ұжымның қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Әрине, осындай қысқа мерзімде ұжымның толық қалыптаспауы мүмкін. Алайда, балалар арасында, қанық байланыстардың негізінде, балалардың әртүрлі іс-әрекет түрлерінде тәрбиешілермен қарым-қатынасының арқасында уақытша ұйым берік ұжымға айнала алады.

Біріккен іс-әрекет әлеуметтік–перцептивті процестердің детерминанты ретінде балалар ұжымындағы тұлғалардың өзара қабылдауында ерекше көрініс береді.

Л.И.Уманский біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың үш түрлі үлгісін келтіреді:



  1. Біріккен –дара

  2. Біріккен-- жүйелі

  3. Біріккен -- өзара әрекеттестік

Шынайы өмірде біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың осы үш үлгісі де бірдей кешенді түре көрініс беретіндігіне қарамастан, оның қандайда бір басым түрін бөліп алуға болады.


Бірінші тарау тұжырымы.

Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы болып табылады.

Қарым-қатынас ұғымын қазіргі кезде философия, психология, әлеуметтану, психолингивистика сияқты іргелі ғылымдар жан-жақты зерттейді.

Бұл тарауда біз қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі орнына, әр жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын талдауға, балалардың қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық.

А.Н. Леонтьев іс-әрекеттің қай түрі болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.

Б.Г.Ананьев, А.Бодалев концепциялары қарым-қатынасты “субъект-субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді.

Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет (В.В.Давыдов). Г.М.Андреева қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік.

Өз зертттеуімізде біз балалардың қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет деп қарастыратын А.Н.Леонтьев пен М.И.Лисинанның концепцияларына сүйендік.

Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербальды тестік әдістерге, сандық, сапалық жағынан бақылауға, эксперттік бағалауға негізделген.

Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді қолданса ғана олардың коммуникативті іс-әрекетін диагностикалық дәлдікке ие болады деп ойлаймыз.

Әрине, қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс-тәсілдерді толық қолдану уақытпен де байланысты. Ал, екішнші жағынан әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын бала өзінің жеке басына “сіңіреді”.

Баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы арқылы өз-өзін тануы, бағалау мүмкіндіктері болады (И.И.Чесноков, Т.В.Драгунова, Д.Б.Эльконин, И.Непомнящая т.б.) . Адамның қатынастары танымды, еріктік, эмоционалды компонентердің қатысуымен сипатталады.

Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының адамгершілік үгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-қатынастың алар орны ерекше.

Адам өзін үнемі бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Адамның жеке қалғанымен, басқа адамдардың тобында болуының арасынада үлкен айырмашылық бар. Мұнда адамның өзі де өзгеріске түседі, яғни оның қоршаған әлемге қатысты әсерлері, оның ойлары, сезімдері, тіптен бет-әлпетіне дейін өзгереді; екіншіден, тікелей қарым-қатынас жағдайында ғана көрініс беретін түбегейлі жаңа психикалық құбылыстар орын ала бастайды.

Арнайы зерттеу жұмыстары көрсеткендей, іскер және жеке қатынастар үйлесімінің дәрежесі қандайда да бір топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады.

Балалар ұжымында қағаз жүзінде тіркелген, алайда жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін, әрі бүтіндей ұжымның өмірін анықтайтын, өзара түсіністіктің негізінде топтар пайда болып отырады. Дәл осындай топтың бала үшін маңызы зор болуы ықтимал, өйткені дәл осы жерде оның мінез-құлқы бағаланатындықтан, оның мәні басқа топтарға қарағанда жоғарырақ болады,яғни референтті топ. Оқушы үшін өзі мүшелік еткен топ, әлеуметтік тәжірибенің мәнді бастауы ретінде көрінеді. Ол жанұя, мактеп сыныбы, спорт үйірмесі болуы мүмкін.

Әрине бұл топтардың мәні бірдей болғанымен, тұлғаның ұжымға сіңу дәрежесі, ұжымның өзгеше ерекшеліктері және оның басқа да сипаттамалары да маңызды.

Балалар шипажайында пайда болған ұжым - баланың жеке тұлғасының қалыптасуына өз әсерін айтарлықтай тигізеді. Оның тиімділігі, көбінесе осындай ұжымдардың қалыптасуымен психикалық даму заңдылықтарын орынды пайдалана білуде.

Ұжымның қысқа мерзімділігі, құрамалылығы барлық әлеуметтік психологиялық, әсіресе әлеуметтік перцептивті процестер ағымының қарқындылығын, қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ұжымның құрамалылығы баланың айналасындағы құбылыстарын тану құралы іспеттес. Осы ұжымға балалар осыған дейінгі ұжымның негізінде сіңірген тәжірибесін алып келеді. Әрқайысысының ұжымның нормалалары жалпы жеке көзқарасы бар.

Алайда, балалар арасында, қанық байланыстардың негізінде, балалардың әртүрлі іс-әрекет түрлерінде тәрбиешілермен қарым-қатынасының арасында уақытша ұжым - берік ұжымға айналуы мүмкін.


2 Әртүрлі жас шамасындағы балалардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу.
2.1 Әртүрлі жас шамасындағы балалардың даралық, тұлғалық қасиеттерін зерттеу.

Адам өз өмірінің барысында оларды өзінің даралық қасиеттеріне байланысты қайта өңдеп, өткен тәжірибесіне, ішкі ниеті мен сенімдеріне сүйене отырып, ассоциативті байланыстардың негізінде (мысалы суретті жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес талқыланды). Проективті әдістемелер жанама түрінде адамның эмоциялық ерекшеліктері мен невротикалық реакцияларын зерттеуге жағдай жасай отырып, оның даралықтарын көрсетеді.

Балалар жеке басының ерекшеліктерін зерттеу мақсатында, танымдық қабілеттерді зерттеуге арналған, алғаш Ф.Гудинаф ұсынған “Адамның бейнесі” атты тесті қолданылды. Кейінірек К.Маховер осы тестің көмегімен адам тұлғасының ерекшеліктерін бағалауға жағдай жасайтын белгілердің жүйесін құрастырады. Тестің аз ғана уақыт мөлшерін алуы, мектептегі дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі балаларды тексерудің тиімді жолын ұсынады. “Адамның бейнесі” әдістемесінің негізінде алынған мәліметтердің сенімділігі күмән келтіргенімен, баланың қай салада психологиялық кемшіліктерінің кездесетіндігі жайлы дәл жорамалды құрастыруға жағдай жасайды. Зерттеу Алматы қаласындағы “Алатау” балалар санаторийінің жазғы маусымында дем алған әртүрлі жас шамасындағы балалар тобымен жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет