Психология. Психологияның даму тарихы. Психологияның салалары. Психологияның зерттеу әдістері



Дата31.10.2022
өлшемі1.16 Mb.
#463675
психология срс

Психология. Психологияның даму тарихы. Психологияның салалары. Психологияның зерттеу әдістері

Орындаған: Темирбекова Аида Биотехнология 3 топ, 1 курс

Тексерген: Адилова Эльнур 

«Психология» ұғымы

Психология (грек. «psyche» (жан, мінез), «logos» (ғылым) - адам психикасын, жеке адамдар мен олардың мінез-құлық заңдылықтарын, сондай-ақ олардың әрқайсысымен өзара ерекшеліктерін зерттейтін ғылым

Психологияның даму тарихы

Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады:

1-ші кезең ( б.з.д. V ғасыр.)

Психология - жан туралы ғылым. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді

2-ші кезең

Психология - сана туралы ғылым. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-1650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады

3-ші кезең

Психология - мінез-құлық туралы ғылым. Американ психологы Д.Уотсонның психологияны «Психология – бихевиористің көзқарасы тұрғысынан» мінез-құлық жөніндегі еңбегі жарық көрді

4-ші кезең

Психология - психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Р. Лурия зерттеулері айрықша орын алды

Психологияның салалары

  • Тәлім-тәрбие психология. Зерттеу объектісі – адамды оқыту және тірбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар.
  • Жас ерекшілік психология. Адамның әрқилы психикалық процестерінің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейді.
  • Арнаулы психология. Адамның бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми дертіне шалдыққандардың психикалық күйзелісі мен осы саладағы әрқилы аурулардың себептерің қарастырады
  • Еңбек психология. Адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізгі сүйене отырып ұйымдастыру мәселесін қарастырады
  • Авиациялық психология. Ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарларын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімдеудегі ерешеліктерін зерттейді

Психологияның салалары

  • Ғарышкерлік психология. Адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жұмыс істеу сәтіндегі аса қиын жағдайларындағы психологиясын зерттейді
  • Медициналық психология. Дәрігерлердің қызметі мен науқастардың мінез-құлқын зерттейді
  • Әскери психология. Ең басты міндеті – азаматты ел-жұртты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психиқалық тұрғыдан дайындау
  • Спорт психология. Спротшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады
  • Сауда психология. Жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады

Психологияның салалары

  • Ғылыми-шығармашылық психология. Адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі сипаттары зерттеледі
  • Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторларын қарастырады
  • Салыстырмалы психология. Психиканың филогенетикалық түрлерін, яғни адам мен жануарлар психикасын салыстыра отырып зерттейді
  • Әлеуметтік психология. Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады
  • Заң психология. Құқыққа қатысты жайттарды реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерімен айналысады

Психологияның зерттеу әдістері

Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті жэне объективті

Субъективті әдісіне: бақылау (өзін бақылау, қосылған бақылау), сауал (ауызша, жазбаша, еркін) және тест (сауалнама-тест, тапсырма-тест) жатады

Объективті әдісіне: тесттер (жобалық тест) және эксперимент (табиғи, зертханалық) жатады

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет