Психотерапевтік әдіс ретінде музыкотерапияның ерекшеліктері ақымбек г. Ш



Дата05.07.2016
өлшемі69.47 Kb.
#179217
ПСИХОТЕРАПЕВТІК ӘДІС РЕТІНДЕ МУЗЫКОТЕРАПИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АҚЫМБЕК Г.Ш.

Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті

психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі

Музыкалық психология ғылымының алғашқы дамуын антикалық философтардың еңбектерінен табуға болады. Пифагор этикасының маңызды түсініктерінің бірі эвритмді зерттеуі болды, бұл арқылы адамның барлық өмірлік көріністерінде дұрыс ритмді таба алу қабілетін түсіндірді, яғни биде, ән айтуда және музыкалық аспаптарда ойнау ғана емес, сонымен қатар ойда, қылықта және сөйлеуде де. Платонның айтуы бойынша мемлекеттің өжеттілігі мен күші оларда қандай ырғақта және ритмде музыка салатынына тікелей тәуелді деді. Аристотель психиканы сол немесе басқа бағыттарда өзгертуге әкелетін музыкалық ырғақарды жан-жақты сипаттай отырып мимесис туралы оқуларды өндеді. Демокрит инфекциялық ауруларда музыканы тыңдауды ұсынды.

Антикалық музыканттар қойылым үшін қолданылатын аспаптардың ритмі, темпіне ерекше мән берген, себебі ол адамдардың көңіл-күйіне әсер етіп, эмоционалды күйін өзгертетінін байқаған. Б.з.д ІІІ ғасырда Парфян патшалығында арнайы таңдалынған әуендердің көмегімен жабырқауды, жүйке бұзылысын және жүрек ауруларын емдеген.

Ежелгі Қытай, Үнді, Мысыр өркениетінде храм абыздары, философтар және әншілер музыканы емдеу үшін қолданған. Олар оны ғылымға, қолөнер және діни мәдениетке жақын іс-әрекет түрі ретінде қарастырды. Көріп отырғанымыздай жалпы музыканың адам өмірінде алатын орынын ежелден ақ қарастыра бастаған.

Ал музыканы коррекция мақсатында, адамға әсер ету механизмі ретінде қарастыру ХХ ғасырда күшейе бастады. Ғылыми-техникалық жетістіктер музыканың әсеріне жауап ретінде ағзаның физиологиялық реакциясын терең зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл қызығушылық музыканы адамның күйін үйлестіруді қамтамасыз ететін емдік-коррекциялық тәсіл ретінде қолдануға болатынын анықтады: шиеленісті, қажуды шығару, эмоционалды тонусты көтеру, эстетикалық қажеттіліктерді дамыту [1].

Халықтар Достығы университетінің физиология кафедрасында және Мәскеу стоматологиялық институтының рефлексотерапия кафедрасында 90-жылдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде октавадан тұратын 12 дыбыс адам ағзасының 12 жүйесімен үйлесімді байланыста болатынын анықтаған. Музыкамен немесе әнмен әсер алған органдар максималды вибрация күйіне келеді. Нәтижесінде иммунды жүйе күшейеді, зат алмасу жақсарады, қайта қалыптастырушы процестер белсенді жүреді және адамдардың денсаулығы жақсарады. Қазіргі таңда музыкотерапияның пассивті және активті формаларын бөліп көрсетеді. Пассивті музыкотерапияда пациентке оның психологиялық денсаулығына және емделу жолына сәйкес түрлі музыкалық туындыларды тыңдауды ұсынады. Мұндағы мақсат белгілі бір эмоционалды, сондай ақ эстетикалық бастан кешу болып табылады, яғни жағдайды жаңаша қарауға түрткі беру және индивидтің негативті эмоцияларын жою.

Пассивті музыкотерапия музыканы терапевтік мақсатта қабылдау процесін көрсетеді. Пассивті музыкотерапия үш формада жүреді:



  • коммуникативті (тығыз байланысты, өзара түсінушілікті және сенімді қолдауға бағытталған музыкалық туындыларды бірігіп тыңдау);

  • реактивті (катарсиске жетуге бағытталған);

  • регулятивтік (жүйкелік-психикалық шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді) [2].

Музыкотерапияға мүмкіндік беретін тәсілдер ретінде қосымша әдістерді, тыныс алу жаттығулары, аутотренинг, гипноз, сурет өнері немесе биді жиі қолданады. Сол немесе басқа музыкалық туындыларды таңдау түрлі критерийлердің негізінде жүзеге асырылады: американдық мектепте музыкотерапия эмоционалды күйдің (қуаныш, қайғы, жан ашу және т.б.) өте кең спектрін тудыратын үзінділерді ұсынса; шведтік мектепте, ұсынылған музыка белгілі бір жасырын комплекстерді ашу үшін индивидуализацияланатын терең анализ жасауға негізделген.

Белсенді музыкотерапияда пациенттер музыкалық туындыларды орындауға (хорда немесе музыкалық оркестрде) музыкалық аспаптарды, сондай-ақ дауыс, шапалақ, дүрсіл, тықылдату арқылы өздері де қатысады. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат индивидті әлеуметтік топқа интеграциялау, өйткені музыкалық бірлестікте коммуникативті дағдылар жақсы өңделеді, жоғарғы ұялшақтық түзетіледі, ұстамдылық және өзін-өзі бақылау қалыптасады. Психиатриялық тәжірибеде музыкотерапия ақыл-ойы кем пациенттермен жұмыс жасауда неғұрлым тиімді болып табылады; бұл әдіс пенитенциарлық мекемелерде физикалық бұзылыстары бар (көзі көрмеу, естімеу) науқастарды оңалту үшін де қолданылады. Музыкотерапияда өңделген көптеген элементтер музыкалық білім алу тәжірибесінде қолданылады.

Музыкотерапия белсенді түрде эмоционалды ауытқуларды, қорқыныштар, қимыл-қозғалыс және сөйлеудегі бұзылыс, психосоматикалық аурулар, мінез-құлықтағы ауытқу, коммуникациядағы қиындықтар және т.б. коррекциялау үшін қолданылады.

Глубиндік психологияға бағдарланған шведтік мектеп, коррекциялық жұмыста музыкотерапия орталық рөлде болады, себебі музыка өзінің ерекшеліктерімен тұлғаның терең қабаттарына ене алады деп санайды. Альтшулер музыкалық әсердің белгілі бір типі арқылы пациенттерде физиологиялық өзгерісті байқады және оны музыкотерапияның изо-принципі деп атап, терапевтік бағытты негіздеді. Осы ережелерге сәйкес науқаспен сөздік тілдесу қиын болған жағдайда, егер музыка пациент күйінің эмоционалды тонусына сәйкес келсе онымен байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді, депрессия жағдайында музыка тыныш, сабырлы, ал қозу жағдайында – қатты дауыс, жылдам темпте болады [3].

Сонымен, музыкотерапия коррекциялық жұмыс үдерісінде эмоционалды жауапты жеңілдететін психолог пен клиент және тәсілдер арасында байланыс орнатудың көмекші құралы болып табылады.

Музыканың коррекциялық әрекетінің негізгі бағыттарын қарастыра келе, әдетте оның 4 аспектісін бөледі:



  1. Вербальды психотерапия барысында эмоционалды белсендендіру;

  2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын – коммуникативті функциялар және қабілеттерді дамыту;

  3. Психовегетативті процестерге әсерін реттеу;

  4. Эстетикалық қажеттіліктерді дамыту.

Адамға музыканың физиологиялық әсері, жүйке жүйесі және онымен бірге бұлшықет ритмді меңгеру қабілетін игеретініне негізделген. Музыка ритмдік тітіркендіргіш ретінде қимыл-қозғалыстық, сондай-ақ вегетативтік сфераларда ритмді түрде жүріп отыратын, ағзаның физиологиялық процестерін ынталандырады. Адамның жеке органдарының ритмдері әрқашанда мөлшерлес. Қимыл-қозғалыс ритмі мен ішкі органдар ритмдері арасында белгілі бір байланыс бар. Ритмдік қимыл-қозғалыс бірыңғай функционалды жүйені, қимыл-қозғалыс стереотипін көрсетеді. Ритмдік тітіркендіргіш ретінде музыканы қолдана отырып, ағзаның ритмдік процестерін неғұрлым қатаң ықшамдылықта көтеруге және энергиялық шығынды үнемдеуге болады.

Музыканың жеке элементтері – ритмнің эмоционалды мәнділігі зерттелген. Үндестілік – тітіркендіргішке сәйкес күйді тудыратынын көрсетті: минорлы үндестілік депрессиялық эффектіні анықтайды, жылдам жүретін ритмдер қозушы әсер беріп және теріс эмоцияны тудыртады, жіңішке ритмдер жұбандырады, диссонанс қоздырады, консонанс сабырландырады.

Коррекциялық әсердің психологиялық механизмдері ретінде музыкотерапия мынаны көрсетеді:

- катарсис – эмоционалды разрядка, эмоционалды күйді реттеу;

- өзіндік бастан кешулерін саналауды жеңілдету;

- өмірлік мәселелерді конфрантациялау;

- эмоционалды экспрессияның жаңа тәсілдерін меңгеру.

Эмоционалды шиеленісті шығару, жұбату үшін. Әлсіретуші әсерге флейта, скрипкада және фортепианода ойнау ие. Табиғат (көл, орман шуы) дыбыстары, вальстар, жұбататын эффектті тудырады. Классика: Вивальди, Бетховен «Симфония 6» – 2 бөлім, Брамс «Колыбельная», Шуберт «Аве Мария», Шопен «Ноктюрн соль-минор», Дебюсси «Свет луны».

Мазасыздық және сенімсіздік сезімін төмендету үшін. Мажорлы мелодиялар, ортадан төмен темп болу керек. Халықтық және балалар музыкасы уақытша қауіпсіздікті алуға көмектеседі. Жақсы әсерді этникалық композиция тудыруы мүмкін. Классика: Шопен «Мазурка» және «Прелюдия», Штраус «Вальстар», Рубинштейн «Мелодиялары».

Ашушаңдықты, жүйкелік қозуды төмендету. Классика: Бах «Кантата 2» және «Итальянский концерт», Гайдн «Симфония», Бетховен «Лунная соната» и «Симфония ля-минор».

Депрессивті көңіл-күйді шығару, көңіл-күйді көтеру үшін. Скрипкалық және шіркеулік музыка. Классика: Моцарт, Гендель «Менуэт», Бизе «Кармэн» - 3 бөлім туындылары.

Жалпы өмірлік тонусты көтеру, көңіл-күйді жақсарту, белсендендіру үшін. Енжар адамдарға ритмдік, сергек музыка қажет. Түрлі марштарды қолдануға болады: оларды тыңдау қалыпты күйде адамның жүрегінің қалыпты ритмін көтереді, сергек, белсенді әсерді көрсетеді. Классика: Чайковский «Шестая симфония» - 3 бөлім, Бетховен «Увертюра Эдмонд», Шопен «Прелюдия 1, опус 28», Лист «Венгерская рапсодия 2».

Мигрень, бас және басқада ауруларды шығару үшін. Діни музыка. Классика: Моцарт «Дон Жуан» және «Симфония № 40», Лист «Венгерская рапсодия 1», Хачатурян «Сюита Маскарад», Бетховен «Фиделио», Гершвин «Американец в Париже».

Ұйқысыздықтан, қалыпты және қатты ұйқы үшін. Сибелиус «Грустный вальс», Шуман «Грезы», Глюк «Мелодия», сонымен қатар Чайковский пьесалары. Егер бала нашар ұйықтайтын болса, оған ұйықтап жатқан кезде баяу темп және айқын ритмде музыканы қойып қою керек. Әрине тек классикалық музыканы ғана емес, басқа да стильдегі музыканы таңдауға болады. Алайда музыкотерапиямен жұмыс жасайтын психологтардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, классикалық музыка терең және ұзақ әсер ете отырып, емделу процесін жылдамдатады [4].

Сонымен, музыкотерапия – бұл музыканы коррекция тәсілі ретінде қолданылатын психотерапевтік әдіс. Музыкалық психология сферасында кәсіби шеберлікті меңгеруге, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын қазіргі тәжірибе психологтары ғылыми зерттеулердің перспективті бағыттарын білу керек, сонымен қатар музыкалық терапияның теориялық базаларын терең мағыналай отырып сол білімдерді өзінің жұмысында қолдана алуы қажет.


Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.

1. Герасимович Г.И., Эйныш Е.А. Применение музыкотерапии в медицине // Медицинские новости, 1999, №7, с. 17-20.

2. Денер-Фойгт Г.Г. Введение в музыкотерапию. СПб.: ПИТЕР, 2003.

3. Ковтунович М.Г. Связь психоакустических и психоэмоциональных характеристик восприятия музыки // Мир психологии, 2003, №4, с. 184-195.



4. Петрушин В.И. Музыкальная психология. М.: Пассим, 1994.

«Балалар музыка мектептерінде білім жүйесін жаңғырту жағдайында оқытудың инновациялық теориялары мен технологиялары». Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Астана 2011 ж. 3 желтоқсан. 18-22 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет