Псориаз – созылмалы, қайталанып тұратын, тері ауруы. Ауру 16 мен 25 жас аралығында көбірек кездеседі, бірақ тіпті бала кезінде басталуы да мүмкін. Этиологиясы мен патогенезі



бет1/3
Дата26.09.2024
өлшемі0.56 Mb.
#504050
  1   2   3
Қамытаев Ә СӨЖ ДВ

СӨЖ Псориаз


Ораныдаған:Қамытаев Ә ЖМ-613

Псориаз – созылмалы, қайталанып тұратын, тері ауруы. Ауру 16 мен 25 жас аралығында көбірек кездеседі, бірақ тіпті бала кезінде басталуы да мүмкін.

Этиологиясы мен патогенезі

  •  Осы күнге дейін бұл сұраққа түбегейлі жауап жоқ. Псориаздың дамуы әсіресе стресстен кейін басталады, кейде ішкі секреция бездер жұмысының бұзылуымен байланысты. Бұған дәлел ретінде екі қабат кезінде әйелдерде псориаздың жазылып кетуін келтіруге болады. Зат алмасу процесстерінің бұзылуымен, әсіресе холестеринмен де байланысты болуы да мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этиологиясынан гөрі патогенезін жақсы түсіндіреді. Кейбір адамдарда тұқым қуалайды, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл теория дәлелденбеген . Инфекция ошақтарының болуы да псориаздың дамуына әсерін тигізді деп есептелінеді.

Клиникалық көрінісі.

  •  Псориаз жедел басталады, терінің үстінде тарының дәніндей немесе кішірек бұршақ тәріздес ұсақ бөртпе – түйіншектер шығады, алғашында олар ашық түсті болады, тез арада олардың үстін күміс түсті ақ қабыршақтар жауып кетеді.
  • Түйіншектер бірте-бірте үлкейіп, әр түрлі көлемді табақшаларға (бляшка) айналады. Бұлар кейде бір-бірімен қосылып кетіп терінің бірталай көлемін алып жатады және олардың шеті ирек-ирек болып келеді. Кейде табақшалар шетіне қарай өсе бергенімен орталығында жұқаланып жазыла бастайды, сондықтан олар дөңгелек тәріздес қалыпқа енеді. Кейбірде түйіншектер барлық терінің үстіне қаптап шығады.

Псориаздың табақшалары шектеулі болады, ашық-қызғылт немесе қызыл түсті , бетінде көптеген қабыршақтар болады. Түйіншектердің бетін тырнау арқылы псориазға тән “псориаздық үштік” атты феномендерді көруге болады, бұл феномендердің болуы –гистопатологиялық өзгерістерге байланысты . Түйіншектердің бетін тырнағанда алдымен “стеарин дағы” белгісін көруге болады, ол қабыршақтардың майдаланып, қаптап түлей түсуі.

  • Псориаздың табақшалары шектеулі болады, ашық-қызғылт немесе қызыл түсті , бетінде көптеген қабыршақтар болады. Түйіншектердің бетін тырнау арқылы псориазға тән “псориаздық үштік” атты феномендерді көруге болады, бұл феномендердің болуы –гистопатологиялық өзгерістерге байланысты . Түйіншектердің бетін тырнағанда алдымен “стеарин дағы” белгісін көруге болады, ол қабыршақтардың майдаланып, қаптап түлей түсуі.
  • Псориаз табақшалары әр адамда әр түрлі көлемде өсіп келеді де, ем қолданбаған жағдайда әрі қарай үлкеймей тоқтап қалады. Осы күйінде бірнеше айға, кеде тіпті жылдарға дейін өзгеріссіз тұра беруі мүмкін. Егер ем қолданса (кейде онсыз да) табақшалардың бетіндегі қабыршақтар азайып, бірте-бірте жұқарып мүлдем жоқ болып кетеді, кейде олардың орнында ақшыл немесе қоңырқай дақтар қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет