8
age =
19
name =
'Азат'
print
(
'{0} биыл {1} жаста.'
. format(name, age))
print
(
'Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'
.format(name))
Бұл программа нәтижесі мынадай түрде болады:
Бұл программа қалай жұмыс істейді:
Тіркес ішіне қандай да бір жаңа символдарды енгізуімізге болады, ол үшін format әдісі
қолданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы {0} деген жазу үтірден
кейінгі алғашқы
тұрған name айнымалысы
мәнін шығаруды көрсетеді, ол format
әдісінің бірінші аргументі
болып табылады. Соған ұқсас, {1} деген екінші жазу age айнымалысына сәйкес келеді де, ол
format әдісінін екінші аргументі болып табылады. Python санауды 0-ден бастайды, сондықтан,
бірінші позиция – 0 нөмірі, екінші – 1 нөмірі және т.с.с. болып жалғаса береді.
Үш тіркесті де бірден біріктіре салуға болатын еді:
name + ' биыл ' + str(age) + ' ' жаста екен.',
бірақ мұндай жағдайларда қателесіп кетуге болады. Жалпы,
format әдісі арқылы тіркестерді
түрлендіру автоматты түрде іске асады. Оған қоса, format әдісін қолданғанда айнымалыларға
тиіспей шығарылатын тіркестік мәліметтерді (мәтіндерді) өзгертіп отыру мүмкіндігі бар.
Сандарды жоғарыдағыдай түрде жазу міндетті емес. Оларды басқаша да жазуға болар еді:
age =
19
name =
'Азат'
print
(
'{} биыл {} жаста.'
.format(name, age))
print
(
'Енді {0} Python тілінде программалауды үйреніп жүр.'
.format(name))
Мұның да нәтижесі алдыңғыдай болады. Сонымен, format әдісі арқылы әрбір аргументтің
мәнін өзіміз қалаған орынға қоя алады екенбіз.
Достарыңызбен бөлісу: