Тақырыбы: Дефиспен жазылатын сөздер емлесі



Дата08.06.2023
өлшемі5.35 Mb.
#474847
түріСабақ
Сабақ жоспар Жұпар

Тақырыбы: Дефиспен жазылатын сөздер емлесі

Дайындаған: Қосай жұпар

КЯЛ-20-1


Сабақтың мақсаты:
Жаңа әліпби негізінде дефиспен жазылатын сөздердің дұрыс, қатесіз жазылуын үйрету, сауаттылыққа баулу

Сабақ жоспары:


Дефис арқылы жазылатын сөздерді қайталап, жаңа әліпби негізінде жазылуын үйрену
Жаңа әліпби негізінде дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтану
Жаңа әліпби негізінде дефис арқылы жазылатын сөздерге байланысты тапсырмалар орындау

Жаңа әліпби негізінде дефиспен жазылатын сөздер емлесі

Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады

1. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek, alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp, taý-taý, qaıta-qaıta.

2. Қосарланған еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер және көңіл-күй, шақыру одағайлары дефис арқылы жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-shurt, sart-surt, tars-turs, pah-pah, shek-shek, qyraý-qyraý.

  • Сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы, жиынтық және жалпылама мәндегі, сондай-ақ мағынасы көмескіленген қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat, oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz.
  • Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазылады: bir-eki, alty-jeti.
  • Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер дефис арқылы жазылады: týradan-týra, qoldy-qolyna, ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke,
  • Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады, сондай-ақ түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyly, 5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, XXI ǵasyr, III tom, IV taraýБірақ № шартты белгісімен тіркесетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмайды: №82 mektep, dırektordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.
  • Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-ke, 10 0С-den tómen.

 Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qupБірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.

  •  Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qupБірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.
  • Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meeker
  • -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, 
  • Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, TMD-ǵа.

Қате жазылған сөздерді табыңыз
SD karta, áp-ádemi, úsh-tórteý, on onnan, TMD ǵa, ap-paq, №82-mektep, 100-ge deıin, qoldy qolyna.
Берілген сөздерді жаңа әліпби негізінде жазыңыздар
Алты-алтыдан, №6 мектеп директоры, оңтүстік-шығыс, сарт-сұрт, жалт-жұлт, қайта-қайта, көре-көре, қора-қора, 50 %-ға, шоу-бизнес, ток-шоу, келіпті-мыс, сен-ақ, ҚР-ның, ААҚ-ға
Sap-sary, jeke-jeke, on-onnan, shoý-bıznes, qolma-qol, ósip-ónip, kóılek-kónshek, syı-qurmet, salt-dástúr, qaıta-qaıta, sóıleı-sóıleı, kúsh-qaırat, satyr-sutyr, gúrs-gúrs, mań-mań.
Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар

Стикер

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қиын болып көрінді?
  • Не күрделі болды?
  • Мен енді нені үйренгім келеді?

Әңгімелесетін әріптестер

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;
  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы;
  • оларға қиын болып көрінгендер туралы;
  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет