Python тілінде тырнақшалар (" ") арасындағы сөздер немесе сандар жолдармен жұмыс жасауға негіз бола алады



Дата11.11.2023
өлшемі5.02 Mb.
#482976
Python2


Жолдар(string)
Python тілінде тырнақшалар (" ") арасындағы сөздер немесе сандар жолдармен жұмыс жасауға негіз бола алады.
Тырнақша ішіндегі сөздердің бірінші жолынан бастап соңғы жолына дейін немесе әр символын [] [:] таңбаларын пайдаланып қиып алып, қосымша жолдар жасауға болады.
Сондай-ақ басталғанға дейін соңғы таңба үшін -1 ден кері индекстеуді, яғни тырнақша ішіндегі символдарды кері жазуды қолдана аласыңдар.
Жолдар үшін қосу(+) операторы екі жолды, жылдызша(*) жолдарды қайталайды.


len - ұзындығы


Тапсырма:













Стандартты функциялар
Стандартты функциялар – жиі кездесетін математикалық және басқа да функциялардың программалау тілінің ішкі объектісі ретінде берілуі.
Стандартты функцияларды қолдану үшін math модулін шақыру қажет:

Функция

Қызметі

Мысал

math.fabs(x)

Х нақты санның модулі

import math
y=-9
print(math.fabs(y))#9.0

abs(x)

Х бүтін санның модулі

y=-9
print(abs(y))#9

math.sqrt(x)

Х санның квадрат түбірін есептеу

import math
print(math.sqrt(8))#2.828
print(math.sqrt(16))#4.0

math.pow(x,y)

Х санының у дірежесін есептеу

import math
print(math.pow(2,3))#8.0
print(math.pow(25,1/2))#5.0

math.exp(x)

е х дәрежесінің фунекциясының мәні

import math
print(math.exp(1))#2.718
print(math.exp(0))#1.0

math.factorial(x)

Х санның факториалы

import math
y=5
print(math.factorial(y))#120

math.pi

Пи мәні

import math
print(math.pi)#3,1415926…

math.e

е мәні

import math
print(math.e)#2.7182818

math.floor(x)

Х санын ең кіші бүтінге дейін дөңгелектеу

import math
x=5.32; y=7.65
print(math.floor(x))#5
print(math.floor(y))#7

math.ceil(x)

Х санын ең жақын үлкен санға дейін дөңгелектеу

import math
print(math.ceil(4.214))#5
print(math.ceil(-2.17))#-2

math.fmod(x,y)

Х санын у-ке бөлгендегі қалдығын анықтау

import math
print(math.fmod(9,4))#1.0

round(x)

Х нақты санын бүтін санға дөңгелектейді

print(round(4.5166))#5

round(x,y)

Х санның бөлшек бөлігі үшін у санды қалып дөңгелектейді

print(round(4.5166,2))#4.52

max(тізбек)

Берілген тізбек элементтерінің үлкенін анықтайды

print(max(4,5,6,7,8))#8

min(тізбек)

Берілген тізбек элементтерінің кішісін анықтайды

print(min(4,5,11,2,15))#2




bin(x) – x бүтін санды екілік жолға түрлендіру
a=5
print(bin(a)) #0b101
Егер, а айнымалысына екілік санды меншіктейтін болсақ, онда орындау нәтижесінде ондық санау жүйесіндегі мәнді қайтарады:
a=0b101
print(a)#5
Мұндағы:
0b – екілік санау жүйесі үшін;
0x – он алтылық санау жүйесі үшін;
0o - сегіздік санау жүйесі үшін;
hex(x) – x бүтін санды оналтылық жолға түрлендіру
a=17
print(hex(a))#0x11
oct(x) – x бүтін санды сегіздік жолға түрлендіру
a=10
print(oct(a)) #0o12
Басқа санау жүйелеріне түрлендіру

Мысалдар:
Берілген екі катет бойынша гипотенузаны анықтау.
Тапсырмалар:

  1. Берілген a,b табандары және h биіктігі бойынша трапецияның ауданын есептеу программасын құру.

  2. Берілген радиусы бойынша шеңбердің ауданын есептеу программасын құру.

  3. Берілген радиусы және биіктігі бойынша цилиндрдің ауданын есептеу программасын құру.

  4. Берілген екі қабырғасы және арасындағы бұрышы бойынша параллелограмның ауданын есептеу программасын құру.










Тест тапсырмалары

  1. х санын ең кіші бүтінге дейін дөңгелектеу

math.floor()
math.ceil()
math.fmod()
math.sqrt()

  1. х санның квадрат түбірін есептеу

math.floor()
math.ceil()
math.sqrt()
math.sqrt()

  1. Математикалық өрнекті Python тілінде жазыңыз:

y=math.cos(x)+abs(x)+2x
y=math.cos(x)+math.fabs(x)+2*x
y=math.cos(x)+math.fabs(x)+2x
y=math.cos(x)+math.abs(x)+2x

  1. Өрнекті Python тілінде жазыңыз

y=math.fabs(x)+4**x
y=math.abs(x)+4x
y=math.fabs(x)+4*x

  1. Берілген a,b катеттері бойынша с гипотенузаны есептеу

c=math.sqrt(a*a+b*b)
c=math.sqrt(a**a+b**b)
c=math.sqrt(a**3+b**3)

  1. x**y өрнегіне эквивалаентті өрнекті көрсетіңіз

math.pow(x,y)
math.pow(x,x)
math.sqrt(x,y)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет