Сабақ жоспары Тарау- 3



Дата11.02.2022
өлшемі27.54 Kb.
#455295
түріСабақ
Адами қарым қатынас жар 7с


Эксперт Кабдолдина И.М.

директорың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орындасары


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Тарау- 3

Адам және әлем


Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Бекишева Гульаим Муратбековна

Мерізімі:

12.01.2022г.

Класс: 7 А

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №17

Адами қарым-қатынас жарастығы



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, өмір мәні ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру


Құндылық


ДұрыДұрыс әрекет


Қасиеттер

Әдепті болу, сенімділік, парыз.


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға қарым-қатынас мәдениеті туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

1. Білімділік: Оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас жасаудағы парыздың мәнін түсіндіру

2. Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алу қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)

1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп.Талап.Тазалық

Татулық.Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. 

Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.

Жағымды күйге келу

Жағымды көңіл-күйге келу. «Су асты патшалығына ойша саяхат».


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.



Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Презентация,

слайд
Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть

https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc



2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

(3-5 мин)




1. №16 сабақ. «Мен қоғам үшін не істей аламын» тақырыбында эссе жазу.

2. Сабақ. №17, Шәкәрім шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу.



Сұрақтар:

1. Автор неліктен адамдардың тату, тыныш өмір сүруінің негізін «адал еңбек», «ақ жүрек», «арлы ақылдан» іздейді?

2. Автордың мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдықтың тек қана ақ жүректен шығады деуінің себебі неде?

3. Бұл қасиеттердің адами қарым-қатынаста алатын орны қандай? Оларсыз жақсы қарым-қатынас орнату мүмкін бе? Неліктен?

4. Автор мәтінде арлы, ақылды адамды қалай сипаттайды?

5. Қандай қасиеттері бар адам қарым-қатынаста келеңсіз жағдайларға барады екен?



Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын айтып пікір білдіреді.

Оқулық,



3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады».

Әбу Насыр Әл-Фараби

Әбу Насыр Әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшы, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.

Сұрақтар:

1. Адам бойындағы қандай қасиеттер мақсатқа жеткізер жолды табуға көмектеседі?

2. Өмір сүру барысында адамдарға сенімділік қасиеттінің маңыздылығы неде?

3. Ой, сөз, іс-әрекет үйлесімдігі қандай құндылыққа жол ашады?

4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?



Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне жазып алады. Жаттап алуға болады.

Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.


4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Кішкентай бір ауылда жас адам кішкентай дүкен ашып өз ісін бастаған екен. Адам ақпейілді, жақсы мінезді болғаны үшін сол ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын да, таныстарына да тек қана сол адамнан алуға кеңес беретін. Ісін кішкентай дүкеннен бастаған адам бір жыл ішінде Американың түкпір-түкпіріне жайылған дүкендер тізгігінің иесі болады.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден көз жұмуына аз қалғанын сезеді де, үш ұлын қасына шақырып:

– Үшеуіңнің біреуің барлық дүкендерімнің иесі боласыңдар. Мирасымды соған қалдырамын. Қайсысыңның оған лайықты екеніңді білу үшін әрқайсысыңа бір доллардан беремін. Барып сол долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келіп алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігі алдында тиышсызданды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:

– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым, – деді да, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

– Магазинге барып екі жастық алдым – деді да, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлме ішінде шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

Долларды ұсақтап, 50 центін шіркеуге бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін де садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым, – деді да, қалтасынан сіріңке мен шырағдан шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырағданды жақты. Сабан мен жүнмен толмаған бөлме аз уақыт ішінде жарықпен толды.

Әке баласына риза болып:

– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені, өмір сүрудің ең жақсы жолын білесің, ол – айналаңа жарық тарату.

Сұрақтар:


  1. Әкесі мирасын неге үшінші баласына қалдырады?

  2. Қандай істермен айналаға жарық таратуға болады?

  3. Өмір сүрудің ең жақсы жолы сіздер үшін қандай? Неге?

Дұрыс әрекетпен айналаға жарық шашу жолдары қандай? Мысалдарды өз тәжірибелеріңізден келтіріңіздер.

Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.

Мөлдір бұлақтан 1- том 163 бет


5. Шығармашылық жұмыс ( жеке)

(12-15 мин)




Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Жағдаяттарды сахналау.

1-топ. «Автобуста болған жағдай» арқылы Дұрыс әрекет жасау

2-топ. «Көшеден өте алмай тұрған адамға көмектесу» арқылы Дұрыс әрекет жасау.

3-топ.  «Жүрегі ауырған адамға көмек көрсету» арқылы Дұрыс әрекет жасау


Оқушылар тапсырманы орындайды


Оқулық түрлі қағаздар

6.Үй тапсырмасы

(1-2 мин)



1. №17 сабақ. Төменде берілген Шәкәрімнің өлең жолдарын басшылыққа алып, адами қарым-қатынас жасаудың ережесін құрастырыңдар.


... «Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,
«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет»
Түп қазығы – «Ақ ниет».

2. Сабақ. №18, Құрманалин Мұхтардың «Әйнектің сынығы» мәтінін оқып келу.



Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Оқулықтағы 32бетте


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)




Достар құшағында
Сөзін жазған Сағи Жиенбаев
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.

Қайырмасы:
Кел, жан-достарым,
Мен бір ән бастадым.
Шырқайық желпіндіріп тау асқарын.
Келеді көктем, келеді жаздар
Қырларға балғын гүлдерін алып.
Тұрады сәуле көңілде маздап,
Жатса да зулап күндерім ағып.
Қайырмасы.
Аспаным нұрын төгеді көктен,
Күтеді қызық таңдарым алда.
Құшағы жалын, көңілі көктем –
Өздерің барда, арманым бар ма?!

Бәріміз бірге ән шырқаймыз

https://matinder.kz/song/kuandyk-rahym/

8.Сабақтың қортынды сәті

(1 мин)

Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Рақмет!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет