ҚР-ы кәсіпкерлік қызметтің даму және оның ерекшеліктері
жоспары:
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму жолдары мен құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік-құқықтық реттеу проблемалары
1. Кәсіпкерлік қызметтің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерліктің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын, өндіріс, кәсіпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесі бар кәсіпкерлік құрылымдарын құру, дамыту болып табылады. Демек, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда болмысын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп айта аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушылардың өз қарамағындағы мүліктері мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берілетін несиелер есебінен, ағымдағы заңдардың көлемінде (шегінде) жүзеге асырылатын (мүдделі) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметті айтамыз. Кәсіпкерлік халыққа қажетті тауарлар, өнеркәсіп өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы мемлекетіміздегі сұраныстар мен ұсысыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсіпкерге ғана емес халыққа да тиімді болып табылады.
Осы жағдайлардың айғағы ретінде қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамкорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңдарға сәйкес актілердің қабылдауына және өркениетті жекешелендіру саясатының бірқалыпты жүргізілуіне қарамастан кәсіпкерліктің, әсіресе өндіріс, өнеркәсіп аясындағы кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.
Себебі бюрократиялық апараттың әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемімеуі.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттер болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысады. Енді аздап осы кәсіпкерліктің мәні мен маңызына тоқталайық. Бұл жөнінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі көзқарастан бөлек келешегі бар концепцияда адамның мынадай іс-қимыл-әрекеті өзінің сипатына байланысты мынадай екі негізгі типке: бастапқы базистік еркін-ерікті қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген.
Сол бірінші ерікті қызмет кәсіпкерлікке жатады, өйткені ол қызметті жүзеге асырушы тұлғаның мүддесіне, жүзеге асыру жолдары мен әдістерін таңдау еркіне, мақсат еткен нәтижесіне жетуіне, өзінің қаражат-мүлкіне негізделген. Бірақ қанша ерікті қызмет болғанымен заңда белгіленген шектен шықпаулары қажет. Өйткені мемлекет мүддесіне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесіне зиян келуі мүмкін.
Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі ерікті сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органның мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функцияларына, әдістеріне және т.б. негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшелінеді, мемлекеттің өзі саяси биліктің субъектісі және мемлекеттік меншік иесі болғандықтан тікелей шаруашылық кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметтерге алаласпайды, ол тек әзірше (мүмкіндігінше толығымен жекешелендірілген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетіп жатқан мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдары арқылы кәсіпкерлік қызметке араласады.
Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексінің 10-бабында дәл айтылған сияқты. “Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғаларының, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет”. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсіпкердің кім екені жөнінде түсінік бере кету қажет. Кәсіпкер деп өзатынан және өз қаражаттары (меншікті немесе қарызға алған) есебінен тауарлар мен өнімдерді өндіру, сату немесе сатып алу жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметті (кәсіпкерлік қызметті) ұдайы (тұрақты) негізінде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік берілген. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкілетті органдар қамтамасыз етеді.
Дәл осы жерде кәсіпкерліктің құқықтық режимі жөнінде айта кетуіміз қажет. Негізі қай салада болмасын құқықтық режимнің екі түрі: жалпыға бірдей рұқсат етілген яғни диспозитивтік түрі, сондай-ақ рұқсат беру арқылы көрініс табатын императивтік түрі белгіленеді. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық режимі тек рұқсат етілген құқықтық реттеу сипатында болады, сондықтан қатысушы екі жақ тарап заң жүзінде тең құқықты.
Кәсіпкерлік қызметте әрбір жасалатын әрекет (іс-қимыл) жөнінде арнайы нормативтік-құқықтық ақт қабылдау арқылы оны реттеу сияқты қызметтер қажет емес.
Кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретінде-жеке меншік нысаны, құқықтық негізгі ретінде-заңдар бар.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап құқылы. Патент бір мезгілде азаматтың кәсіпкер ретінде тіркелгені жөніндегі куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия болып табылады.
Ал шаруы (фермер) қожалығы құрамында мердігерлік шарт және өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде бір жолғы жұмыс атқаратын; көтерме және бөлшек сауда желісінен басқа өздеріне тиесілі мүлікті, сондай-ақ өндірілген, өңделген, сатып алынған өнімдерді, оған қоса импорттық өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын сол үшін арнайы бөлінген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс істеп, қызмет көрсетудің түсімі жылына ең төменгі жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттік тіркеуден босатылады, яғни қызметтерін заңды тұлға құрмай жүзеге асырады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтірудің көздейтін (коммерциялық) ұйым заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар, толық серіктестіктер, (коммандиттік) сенім серіктестіктері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер, өндірістік кооперативтер жатады.
Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет екі түрге бөлінеді деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсіпкерлік, яғни жеке кәсіпкерлік сондай-ақ мемлекеттік кәсіпкерлікке бөлу кәсіпкерліктің экономикалық негізінің заңды маңызын білуге және реттеуге себін тигізеді. Кәсіпкерліктің түрлері заңдар арқылы белгіленеді, сондықтан олар оның құқықтық негізі болып табылады.
Мысалы, заң жүзінде кәсіпкерліктің түсінігі берілген және жоғарыда аталған субъектілерден басқа да қызмет түрлері мен субъектілер туралы айтылған қызмет түрлеріне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесі; шоу-бизнес; венчурлік фирмалар; шағын кәсіпкерлік ифрақұрылымы. Субъектілер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың есептелінген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпкерліктің бір түрі ретінде әкімшілік-аумақтық бірліктің меншігі негізінде жүзеге асырылатын қызметті айтуға болады.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні болады дегендей. Белгілі ғалым М.К.Сүлейменовтың айтуы бойынша, ешқандай меншік нысаны болмайды, тек меншіктің түсінігі және меншік құқығы ғана бар. Біздің құқықтық теория бойынша меншік құқығы мүлікті өз ұйғарымы бойынша пайдалану. Сонда дәстүрлі қалыптасқан түсінік бойынша меншік нысаны үшке бөлінеді: мемлекеттік (республикалық және коммуналдық); ұжымдық (кооперативтік, арендалық, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және т.б.); азаматтардың (өзіндік және жеке меншік). Қазіргі кезде меншіктің екі түрі көрсетілген: мемлекеттік және жеке меншік (мемлекеттік емес меншік). Жеке меншік азаматтардың, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншіктерін қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншікке деп айта аламыз.
Ал егер аралас жеке меншік, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпкерлік болса бақылау пакеті мемлекеттік емес құрылымның қолында болған жағдайда ғана қызмет кәсіпкерлік болып есептелінеді.
Мемлекет меншік иесі ретінде кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алмайды. Сондықтан аралас меншік бар жердегі мемлекеттік заңды тұлға өзінің шаруашылықты жүргізу құқығын жүзеге асырушы кәіпкер ретінде көрініс табады. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту барысында кәсіпкерлікпен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметтерін бақылап, шектеп және тежеп отырады.
Ұмытпай тұрғанда, бірден айта кететін жай кәсіпкерлік тек жеке меншікке ғана негізделіп қоймай, сонымен қатар шаруашылықты жүргізу құқығына да негізделеді. Алғашқы кездерде кәсіпкерлік жеке немесе шағын кәсіпорындардеп аталған болатын және заң жүзінде олардың құқығы да белгіленген еді.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметтің басты көрінісі оның жеке меншікке негізделе отырып ерікті және еркін сипатта жүзеге асырылуы. Бірақ кәсіпкер ретінде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ қандай да заңды тұлға болмысын өздерінің жүріс-тұрыстарын реттейтін заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгіленген шеңберден шықпауға тиісті.
1. ҚР Заңдарында қайшы келмейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай-да болмасын түрлерін құру;
2. Өздерінің мүлігімен және заңды негізде алынған мүліктермен өзге шаруашылық сұбъектілерінің қызметтеріне қатысу;
3. Екі жақтың келісімі бойынша заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктерін пайдалану;
4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтіндей контракт немесе өзге де шарттар негізінде қандай да болмасын мөлшерде жұмыскерлерді жалдау немесе жұмыстан босату;
5. Банк мекемелерінде өз ақша қаражаттарын сақтау үшін шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыру;
6. Жұмыскерлерінің еңбектеріне ақы төлеу нысандарын, жүйесін, және мөлшерін сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгілеу;
7. Шаруашылық қызметтерінің бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнімді/жұмысты, қызметті/ тұтынушылар мен алып жеткізушілерді /сатушыларды/ таңдау және шарт негізінде мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін жұмыстарды және жеткізу қызметтерін орындау;
8. Заңды тікелей көрсетілген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының /жұмыс, қызметтерінің/ тарифтерін, бағасын расценкаларын өз бетімен белгілеу;
9. Өздерінің меншік нысандарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүліктерді алу және оларға байланысты мүліктік құқықтарды иелену;
10. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеумен қалған кәсіпкерлік қызметтің табыстарын, пайдаларын еркін пайдалану;
11. Мөлшерлері бойынша шектелмеген табыс алу (табу);
12. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;
13. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін өз беттерімен таңдап алу арқылы қолдану.
Негізінде кәсіпкерлік қызмет, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелесу рыногының өте маңызды әрі таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсіпкерліктің, әсіресе шағын кәсіпкерліктің басты сипаты қандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемді түрде ат салысуға қабілеттілігінің болуы.
Бұл жерде бірден айта кететін жәйт, кәсіпкерліктің негізгі қағидасы: “мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнім шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру” тек шағын кәсіпкерліктің арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргізіледі. Оның себебі, біріншіден, рыноктардың қажетті бөліктерінде әрекеттенеді; екіншіден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшіншіден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейімделген; төртіншіден, олардың тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз етуі; бесіншіден, бұл кәсіпкерлік түрі тікелей кәсіпкердің басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды).
Бірақ экономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бір сарынмен жүре беруге тағы болмайды. Демек бұл жағдай шағын, орта және ірі кәсіпорындарды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай алға қойылатын мақсат – қазіргі кезеңде кәсіпорынның орташа көлемін төмендету және жаңа типтегі шаруашылық кешенін құру арқылы өте икемді, ұсақ (серилы) өнімдерді шығаруға бейімделген өндірісті аз шығынмен көп өнім шығаруға бірте-бірте ауыстыру. Осы жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді біріктіру мүмкіндігі тек ішкі фирмалық кәсіпкерлік құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функцияларды бар бөлімшелер құру жолымен және өндірісті үзбей жаңартып отыру арқасында туындайды.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы ҚР азаматтық кодексі сондай-ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтік актілері болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан-2030” атты көпжылдық бағдарламасында көрініс тапқан болатын. Мысалы, Н.А.Назарбаев: “үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімшілік араласуын жоюға; жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға тиіспіз... ”. “ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшін кредиттері арзандатамыз; ... шағын және орта бизнесті дамытамыз; ... қызмет көрсету саласын, әсіресе туризмді белсенді дамытамыз деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын”
Кәсіпкерліктің түсінігін, дамуын, т.б. ерекшеліктерін біршама сипаттап өтсек те, басталу кезеңінде көзделетін мәселелер қалыс қалып қойған сияқты. Мысалы, шағын кәсіпорын-фирманы алайық. Фирманың жұмысын ойдағыдай бастау үшін, кәсіпкер өзінің қызметіне немесе атқаратын міндеттеріне қарамастан рыноктың, макро және микроэкономиканың жалпы негіздерін міндетті түрде білуге тиісті.
Кәсіпкерліктің қағидаттары жөнінде айтарымыз бұл жерде біз көптеген жылдар бойы көрініс табатын тұрақты қағидаттарды көре аламыз. Себебі бәрі рыноктың болуына байланысты. Тек қана бір қағида тұрғылықты болып саналады, ол “тұтынушыларды көздей отырып өндіру, қызмет көрсету”. Жанағы айтқан шағын фирмамыз кәсіпкерліктің жүйесі ретінде көз алдындағы көптеген байланыстарды мүлт жібермей қадағалап отырады. Сол байланыстардың субъектілері мыналар болып есептелінеді. 1) маңызды бәсекелестер; 2) маңызды сатушылар; 3) маңызды сатып алушылар; 4) корпорациялар; 5) кәсіподақтар; 6) орталық және жергілікті билік органдары; 7) азаматтық ұйымдар (қоғамдар), т.б.
Шағын фирма көптеген нысаналаулар мен шектеулердің, реттеуші нормалардың, құқықтық талаптардың, әлеуметтік сұраныстардың ішінде қызмет атқарады. Олардың ең бастысы, әрине, кәсіпкерлік туралы Заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілер болып табылады. Ал қалғандары: кәсіпкерлік дамыту мақсаты; менеджмент қағидаттары; фирманың даму сатылары және дәстүрлі; технология және ғылыми техникалық прогресс; жалпы адамзаттық сипаттағы критерийлер мен құндылықтар және мәдениет.
Фирманың басқару моделіне жоспарланған мәселелерге жету, өндіріс мәдениеті және әлеуметтік әділеттілік талаптарын орындау жатады.
Шағын фирманы дамыту мақсатында рыноктың аясын және фирманың қаржылық тұрақтылығын жатқызуға болады.
Түсінікті етіп айтсақ осы екі жай, яғни рыноктық потенциал мен фирманың потенциалы мақсатын белгілеу (көзеу) кезінде есепке алынады. Фирманың потенциалы пайда, айналым, қорлар мен инвестициялар, шығындарды өтеу дәрежесі мен сипаты және т.б. болып табылады. Ал рыноктың потенциалы-оның өсу көрсеткіші және фирмадағы үлесі.
Мақсаттар екі түрде көрініс табады: 1)сандық; 2)сапалық.
Сандық мақсаттарғы мыналар жатады: қаржылы-капитал және өткізу (сату) құрылымы экономикалық пайда және рентабельділік; рыноктық айналым, өсу және рыноктағы үлес.
Сапалық мақсаттар мыналар: өнімнің сапасы: фирманың тәуелсіздігі; фирмадағы әлеуметтік жағдайлар.
Басқару механизімінің құрылымы: материалдық шаруашылық; өндіріс (өнім); өткізу; қызметшілер; капитал мен ивестиция; ақпараттан тұрады.
Басқару жүйесінде үш функция, әрқашанда, жүзеге асырылады: ұйымдастыру; жоспарлау; бақылау – қадағалау. Жоспарлау екіге бөлінеді: стратегиялық жоспарлау, бақылау –қадағалау. Яғни ұзақ мерзімдік мақсаттарға жетуге бағытталған жоспарлау; тікелей жоспарлау – фирмадағы басқарудың орта денгейін қамтиды, бақылау кәсіпкерліктің әлсіз жақтарын жою, резервтерді ашу және т.б. сияқты қызмет атқарады. Кәсіпкерлікті айтарлықтай жүзеге асыруға тигізетін жоспарлар жүйесі тағы бар.
Олар өздерінің құрылымы мен әзірлену тәртібі бойынша мынадай болып келеді:
1. Өткізу жоспары бірнеше жылға белгіленеді және тұтынушылар топтары мен рынок есепке алынады.
Айналым жоспары өткізу жоспарының көрсеткіштері бойынша есептелінеді. Саны өнімнің бағасына көбейтіледі. Өндіріс жоспары да өткізу жоспарының көрсеткіштеріне байланысты әзірленеді. Технологиялық принциптер сипатталады және уақыт пен жұмыс күшіне деген мұқтаждық анықталады. Инвестициялар жоспарында қызметкерлер, олардың мамандықтары, төлем тәртібі мен принциптері есептелінеді.
Материалдық – техникалық жабдықтау жоспары өндіріс көлемі мен ассортименттерге байланысты есептелінеді. Материалдық запастар жоспары бойынша ағымдағы материалдық запастар анықталады. Дайын өнімдер запастарының жоспары бойынша қоғамдағы дайын бұймдардың запасы анықталады. Қаржылық жоспар бойынша қанша капитал және оларды қайдан алуға болатыны белгіленеді. Тез өткізу жоспары күнделікті қызметті жүзеге асыруға қажетті қаражат мөлшері жөніндегі мәліметтерден тұрады.
Жоспарлық баланс кәсіпорынының қаржылық жағдайын оның қарыздарымен салыстырудан тұрады.
Осы аталған факторларға қоса, айтарлықтай жетістіктерге жету үшін мына жайларды білу қажет. 1) шағын фирма шығаратын өнімдер мен тауарларға және көрсететін қызметтерге деген сол аумақтағы өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және халықтың нақты және болжамдалатын мұқтаждықтарын анықтау; 2) стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып фирманың оны қанағаттандыру жөніндегі мүмкіндіктерін есептеу (талдау); 3) ұтымды, тиімді түрде жарнаманы пайдалану; 4) көрсетілетін қызметтің және өндіретін өнімнің түрлерін, тізімін кеңейту; 5) өнімдерді ойдағыдай өткізуді және қызмет аясын кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында әріптестерімен келіссөз жүргізу.
Шағын кәсіпорынның ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі оны ғылыми-техникалық және экономикалық информациялармен қамтамасыз етуге міндетті. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі шағын кәсіпорындарының қызметкерлеріне ойдағыдай жағдай жасауды мақсат етеді. Қаржылық жүйенің (бухгалтерияның) міндеттері қаржы ресурстарын алу және тиімді пайдалану. Юридикалық жүйе (заң бөлімі немесе юристконсульт) кәсіпкерліктің құқытың негіздерін және оның мүдделерін қамтамасыз етуге арналған. Әрине осы аталған жүйелердің бәрін әр жерде, әр уақытта пайдалана беруге болады деп тұжырымдай аламыз. Мысалы, қандайда болмасын ірі акционерлік қоғамда мына келесідей құрылымдық бөлімшелер құрылады: 1) секретариаты (көмекшілері, референттері, сараптамашылары, секретарлары және т.б) бар дирекция; 2) кадрлармен қамтамасыз ету бөлімін қосқанда ұйымдастыру қызметі; 3) экономистер мен бухгалтерлерді қосқанда экономикалық және қаржылық қызмет; 4) менеджмент және маркетинг бөлімдері; 5) заң жағынан қамтамасыз ету қызметі; 6) бақылау және контрактілермен қамтамасыз ету қызметі; 7) материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету қызметі; 8) ішкі қауіпсіздік қызметі.
Бұл жүйе жаңа жоғарыда айтқанымыздай орта немесе ірі кәсіпкерлікке арналған.
АҚШ ұсақ бизнес жөніндегі әкімшілік-кәсіпкердің бойында мынадай қасиеттер болуы керек деп санайды: 1) ойлау қабілеттілігі; 2) күш қуаты, жұмысты істеткізу қабілеттелегі; 3) адамдармен өзара қатынастарын құру қабілеттілігі; 4) икемділік, кіммен болса да тіл таба білу қабілеттілігі; 5) техника мен технологияны білу. Осы қасиеттерге ие болу кәсіпкерлікті ойдағыдай жүзеге асыруға көмектеседі.
Жоғарыда сипаттап өткен факторлардың бәрі кәсіпкерлікті шағын орта түрінде дамытуға, жүргізуге бағытталғанын байқадық. Енді аздап кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау жөнінде шешім қабылдауға ықпал ететін факторларға тоқталамыз.
Қандай да болмасын ұйымдық-құқықтық насанды таңдау жөнінде шешім қабылдау кезінде кәсіпкер: біріншіден, мемлекеттегі ағымдағы заңдардың, болашақ кәсіпкерлік қызметтің мәніне, әріптестер (партнерлер) шеңберіне, өнім шығару немесе қызмет көрсету бағыттарына байланысты келешектерінің көлемі мен деңгейін анықтайды:екіншіден, құрылатын кәсіпорынның жарғылық қорының қалыптастырылу нысаны туралы мәселені шешеді. Бұған қоса құрылып жатқан кәсіпорынның меншік нысаны жөнінде шешім қабылданды; үшіншіден, құрылып жатқан кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өте тиімді нысанын және осы кәсіпорында басқару схемасын таңдайды; төртіншіден, жоғарыда аталған жайлар бойынша таңдауларды кәсіпкерлік құқыққа негіздейді. Себебі кәсіпкерлік құқық шаруашылық құқығының өте маңызды құрамдық бөлігі болып саналады. Кәсіпкердің мәртебесі (статусы) ол мемлекеттік тіркеуден кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде өткен кезде белгіленеді. Қазіргі кезде кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің екі нысаны бар деп айта аламыз. Құқықтық мәртебесі жеке кәсіпкер және коммерциялық емес болып бөлінеді. Заңды тұлға мына төмендегідей белгілі бір құқықтық ерекшеліктерімен немесе белгілерімен сипатталады: 1) өзінің міндеттемелері бойынша өзінің ерекшеленген мүліктерімен жауап береді; 2) ерекшеленген мүлкі бар; 3) жеке балансы бар; 4) жеке есеп айырысу шоты бар; 5) өзіне артылған міндеті бар; 6) сотта жауапкер немесе талап етуші бола алады; 7) бірыңғай Қазақстандық заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріне енгізген; 8) мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін азаматтық құқықтары бар; 9) өкілдік, филиал, бөлімше сияқты ерекшелінген құрылымдық бөлімдері бар.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді деп айтып өткенбіз. Енді оларды жекелеп сипаттап көрейік.
Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктерді, өндірістік кооперативтер, шаруашылық ұйымдар; діни ұйымдар; қайырымдылық және өзге қорлар; меншік иесі толығымен немесе жартылай қаржыландыратын мекеме және т.б.
Сонымен коммерциялық ұйымдар деп негізгі мақсаттары пайда табу және оны құрылтайшылар арасында бөлу болып табылатын заңды тұлғаларды айтамыз.
Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаты тапқан пайданы өздерін дамытуға және жарғыда көрсетілген бағыттарға жұмсау.
Шағын және орта кәсіпорында ашу қызмет атқару барысында, міне жоғарыдағыдай факторларды және т.б. есепке алуға тура келеді. Бірақ кейбір жағдайларда кәсіпкерлік қызмет аясында барша, яғни құрылған және жұмыс істер жатқан кәсіпорынды сатып алу арқылы келуге болады. Бұл нысан дүние жүзінде өте кең тараған. Кәсіпорынды сатып алу кезінде алушы болашақ кәсіпкерге, оның құзырына меншікпен қоса құқықтар мен міндеттер де ауысады. Сатып алушы алдында, бұл жерде екі проблема туындайды. 1)кәсіпорынның құнын бағалау; 2) сатып алу-сату кезінде жасалған мәмлелер арқылы кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі міндеттерін (қаржылық және қарызы жөніндегі міндеттемелері) айқындау.
Кәсіпорынды сатып алу әр алуан нысанда жүргізілуі мүмкін. Мысалы: 1) баланстық құны бойынша; 2) аукцион арқылы сатып алу; 3) “пайдалылығына” қарай сатып алу. 4) тіркелген, бірақ әлі қызмет атқармаған кәсіпорынды сатып алу.
Сонымен Қазақстанда кәсіпкерлерліктің ірге тасын қалауға себеп болған және дамуының арқауы ретінде құқықтық базасы болып себін тигізген мына заңдарды айтып өтуге тиістіміз: Қазақ ҚСР-ының 1990 жылғы 11 желтоқсанындағы “Қазақстан Республикасындағы шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңы; Қазақ КСР-інің 1990 жылғы 15 жетоқсандағы “меншік туралы” Заңы; /Бұл заңға 1993 жылы 9 сәуірінде қабылданған Заң арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын/; Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 13 ақпандағы “Кәсіпорындар туралы” Заңы /Бұл Заңға 2 мәрте 1992 жылғы 23 желтоқсанда және 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған Заңдарға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын/; Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” Заң; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы “Өндірістік кооператив туралы” заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Заңы; Казақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңы және т.б.
2. Бүгінде, Қазақстан Республикасы Президентінің аса назар аударып жатқан аясы кәсіпкерлікті оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қолдау, жетілдіру және материалдық, құқытық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын мүмкіндігінше шешу болып табылады. Әсіресе кәсіпкерлік қызметті, өндірістік-шаруашылық қызметтерді құқықтық реттеуге де айтарлықтай көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу процесі көптеген бағыттары бойынша заңмен реттелетінін білеміз. Бір қарағанымызда бұл дұрыс та сияқты, ал екенші жағынан назар аударсақ кәсіпкерлер, кәсіпкерлік әртүрлі меншік нысандарына сүйене отырып қызмет атқаратындықтан мемлекеттің осы саланы реттеуге қатысқаны қажет емес сияқты көрінеді. Өйткені атқарылып жатқан кәсіпкерлік қызметтерге заңда тыйым салынбаса, онда олар заңға қайшы емес әрекеттер болып табылады.
Бұл жерде айта кететін бір жайт кәсіпкерелр өздерінің қызметтерін жүзеге асыру процесінде басқа тұлғаларға және олардың заңды мүдделері мен құқықтарына нұқсан кетіруге қақылары жоқ. Сондықтан, кәсіпкерлікті, өндірістік-шаруашылық қызмет аясының мемлекеттің тарапынан қарқынды түрде реттелуі осыған байланысты болады. Өндіріс процесінде жоғарыда аталған тұлғалардың жеке басының мүдделері; еңбек ұжымдарының, мемлекеттің қызметкерлердің, тұтынушылардың мүдделері орын алғандықтан, оларды үйлестіру, белгілі бір шешімгі және бәрінің мүддесіне сай келетіндей қорытындыға келу сияқты мәселелер туындайды. Осы жағдайда мемлекеттің көмегі өте қажет болады. Біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу; екіншіден кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару; үшіншіден, салық салу және әлеуметтік мәселелерді шешуге кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз қатыстыра бермеу; төртіншіден бақылау органдарының кәсіпкерлік объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін тәртіпке келтіре отырып, бәсендету, оларды нормаларды сақтау жөніндегі талаптарының орынды болуын қадағалау.
Сонымен, кәсіпкерлік қызметті, оны жүргізу процесіне қатысушылардың мүдделерін есепке ала отырып, олармен келісе отырып (бұл жерде олардың мүдделерінің заң щеңберінен шықпауына назар аудару қажет) құқықтық реттеумен айналысуға болады.
Осы субъектілерді атап көрсетсек, олар мына төмендегідей болып келеді:
қоғам және оның мүддесін қорғауға ат салысатын мемлекет;
кәсіпорындардың еңбек ұжымдары;
тауарлар мен өнімдерді тұтынушылар;
контрагенттер.
Осы субъектілердің мүдделері кәсіпкерлік қызметтің барлық сатыларында немесе жеке дара сатыларында әртүрлі құқықтық нормалармен және әрқалай көрсетілген.
Кейде кәсіпкерліктің алғашқы сатысында заң жүзінде белгілі бір талаптар қойылады. Ал, өндіру процесінде кәсіпорындарға әр сипаттағы талаптар қойылады: табиғатты пайдалану, санитарлық, бухгалтерлік есеп нормаларын сақтау; әртүрлі қорларға (зейнет ақы қорына, әлеуметті сақтандыру және т.б. ) міндетті төлемдерді аударуды жүзеге асыру, жасалған өнімдердің технологиялық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету.
Кәсіпкерліктің шаруашылық қызметтерінің нәтижелері қаржы міндеттемелері тұрғысынан (бюджет алдындағы), сондай-ақ есеп беру тұрғысынан реттеу аясына жатады. Оған басқа да позицияларды қосуға болады. Мысалы, ұжымдық шартты орындау.
Кәсіпкерлікті құру барысында кәсіпорындарға мемлекеттік тіркеуден өту жөніндегі талап қойылады. Осындай талап, заңды тұлға құрмай қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге де қойлады. Осы мемлекеттік тіркеу кәсіпкерлік құқықтың (шаруашылық құқығының) субъектісінің пайда болуының негізі болып табылады.
Мемлекеттік тіркеусіз шаруашылық қызметті жүзеге асыру мүмкін емес және экономикалық айналым аясына заңды түрде араласуға мүмкіндік болмай қалады. Банк мекемелерінде шот ашу, шартқа отыру, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия алу тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысудың ерекше нысаны тиісті қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензия болып табылады. Лицензия беру заң жүзінде белгіленіп, жүзеге асырылады. Лицензия берілетін қызмет түрлері де заң жүзінде белгіленеді. Меншік иесінің мүлікінің базасында өз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы кәсіпкер өзінің меншік иесімен ара-қатынасын шартқа (контрактіге) отыру арқылы айқындауға міндетті. Контрактіде олардың өзара қатынастары көрініс табады: әр жақтың міндеттемелері; мүлікті пайдалану құқығын шектеу; қаржылық өзара қатынастарының тәртібі және жағдайлары; екі жақтың материалдық жауапкершіліктері; шарттарды бұзудың негіздері және жайлары; кейбір қызмет түрлерімен айналысу құқығын шектеу.
Егер осы аталған шарттар бұзылатын болса кәсіпкер мүлік иесінің (меншік иесі) алдында міндеттемесін орындамағыны үшін жауап береді. Меншік иесімен арасындағы қатынас кәсіпорын жарғысында да көрініс табады. Өйткені, жарғыда құқықтар мен міндеттері ереже түрінде белгіленеді. Кәсіпорын өз қызметін дербес түрде, өз еркімен жоспарлайды, демек белестерін белгілейді және мына көптеген кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету қажеттілігін, оның қызметкерлерінің жеке табыстарынжоғарылату сияқты факторларды есепке алады. Алайда, кейбір белгілі жағдайларда кәсіпорын жоспарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісе отырып жасауға талап қойылады. Мысалы, экономикалық демографиялық және басқа да зардаптары болуы мүмкін кәсіпорындарының жоспарлары сол жергілікті жерлердегі халықтың мүддесіне нұқсан келтіретіндіктен сол аудандық, қалалық, селолық әкімшіліктермен келісіп жоспарлауды қажет етеді.
Кәсіпкерлікті құру сатысында оның құрылымын таңдау, бөлімдерін құру, олардың мәртебелерін бекіту және шаруашылық жүргізу құзыреттерін белгілеу нысаналанады.
Бөлімшелер мен бөлімдер өздерінің кәсіпорынының ұйымдық-құқықтық нысандарында байланысты әртүрлі құқықтық мәртебеге және құзыретке ие болады. Белгілі бір құқықтық мүмкіндіктерді осы аталған бөлімге заң арқылы да беруге болады. Мысалы, мемлекеттік немесе муниципалдық кәсіпорынның бөлініп шығу жөніндегі құрылымдық бөлімнің құқығы. Осы айтылғандарға қарамастан өз бөлімдерінің негізгі мәртебелерін, құрылымдарын, штатын, мүліктерін, өз атынан қызмет атқару құқықтарын кәсіпорындарының өзі анықтайды.
Кәсіпкерлерікті алғашқы рет жүзеге асыру барысында, алғашқы сатыларында кәсіпорындар мына келесі заң талаптарын орындауға міндетті:
1) Экология бойынша талаптар осыған байланысты кәсіпкерлер, кәсіпорындар мына қоршаған ортаны қорғау принциптерін сақтауға міндетті: адамның өмірін және денсаулығын қорғау басымдылығы; адамдардың таза және жанға жайлы қоршаған ортаға деген құқытарын шынайы қамтамасыз ететін, ғылыми негізделген экологиялық және экономикалық мүдделерін ұштастыру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; табиғатты қорғау заңдарының талаптарын сақтау; қоршаған ортаны қорғау және халықаралық кызметті жүзеге асыру, т.б.
Осы принциптерді сақтау қажеттілігі заңда белгіленген құқықтық нысандарда жүзеге асырылады. Мысалы, мына құқықтық нысанды айтуға болады, кешенді табиғатты пайдалану жөніндегі шарт (келісім).
Жоғарыда атап өткеніміздей бұл шарт облыс, аудан, қала және т.б. әкімшіліктермен лицензияның және экологиялық эспертизасының барлығын ескере отырып келісімге келу арқылы жасалады.
Лицензия табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі қызметтің түрлері, көлемі (шекті мөлшері) көрсетіледі, экологиялық талаптар және оларды орындамауға байланысты жауапкершілік түрлері белгілегенді. Табиғатты пайдалану арқылы болады. Ал кәсіпорындарды экологиялық апаттардан, авариялардан төтенше жағдайлардан экологиялық сақтандыру ерікті және міндетті сақтандыру нысанында белгіленеді.
Бұлардан басқа заң жүзінде қоршаған ортаның сапасы нормалау тәртібі және нормативтері белгіленеді; экологиялық талаптар қалыптастырылады; қорықтарда, ұлттық парктерде, заказниктерде және басқа зоналарды кәсіпорындарды іске қосу кезіндегі экологиялық талаптар қалыптастырылады. Экологиялық құқық бұзушылыққа байланысты зардаптар үшін жаупкершілік белгіленеді. Жер қойнауын пайдаланушылар да белгілі бір лицензиялар, контрактілер және т.б. келісімдер, құқытар арқылы өз қызметтерін жүзеге асырады. Бонус, роялти үстеме пайдаға салынатын салық осы жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлемдері болып табылады. Халықтық санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы туралы заңға байланысты кәсіпорындар мен кәсіпкерлер санитарлық нормалардың талаптарын сақтауға міндетті. Халықтық санитарлық-эпидемиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ережеде мына принциптер көрініс тапқан: Өз қызметтерін жүзеге асыра отырып кәсіпорындар, мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар:
- қолданылып жүрген санитарлық заңдарды, санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтері сақтауды қамтамасыз етуге;
- айналадағы ортаның ластануының, жұқпалы, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу мен жоюға бағытталған саннитарлық-эпидемиялық қарсы шараларды жасауға және жүзеге асыруға;
- шығарылатын өнімнің сапасына, жұмыс істеп жүрген адамдардың еңбек жағдайына, айналадағы ортаға және халықтың денсаулығына әсерін тигізетін өндірістік факторларға дербес бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Апаттар, жаппай және топтық жұқпалы, паразиттік және кәсіптік аурулар туындаған, санитарлық эпидемиологиялық төтенше жағдай нашарлай түскен жағдайда кәсіпкерлер, кәсіпорындар мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелеріне хабарлауға міндетті.
Нормативтік – техникалық құжаттамалар жасаушылар шикізаттың жаңа түрлерінің, технологиялық құрал-жабдықтар мен процестердің, аспаптардың, азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдерінің, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелердің, ыдыстардың химиялық биологиялық және дәрі-дәрмек заттардың, буын қаптайтын орағыштар мен полимерлік материалдардың, парфюмерлік-косметикалық өнімдердің және басқа да халық тұтынатын тауарлардың стандарттарын, техникалық шарттарын, рецептерін ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің келісуіне ұсынуға міндетті.
Өлшем бірлігін сақтау жөніндегі талаптар стандарттау, сертификациялауды жүзеге асыру және кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың өнімдерін, жұмыстарын қызметтерін тұтынушылардың құқытары мен заңдары мүддлелерін қорғауға бағытталған, сондай-ақ “Өлшем бірлігі туралы” ҚР Заңының талаптарына сай келеді . Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары:
өндіріс тиімділігін, өнімдердің, процестер мен қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру;
ғылыми зерттеу және тәжірибе – конструкторлық жұмыстарының, эксперименттер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;
өнімдердің үйлесімділігі мен өзара алмастырылуын қамтамасыз ету;
материалдық игіліктер мен энергия ресурстарының сенімді есебінен қамтамасыз ету, аурудың алдын алу, диагноз қою және емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларынның қауіпсіздігін бақылау, айналадағы ортаны қорғау, табиғат ресурстарын бағалау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларының тиімділігін арттыру.
Өлшем құралдары олардың қолдануға жарамдылығын белгілеу мақсатында міндетті түрде мемлекеттік немесе ведомствалық салыстырылуға тиісті: сауда да, денсаулық сақтауда, ғылымда, өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, ауыл шаруашылығында, гидрометрологияларда, байланыста, коммуналдық шаруашылықта және спортта қолданылатын өлшем құралдары; сауда-коммерциялық кедендік, почта және салық операцияларын жүргізу кезінде; дәрі –дәрмектерді бақылау кезінде; ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде; адамның ауруына диагноз қою кезінде; улы, тез жанатын жарылғыш және радиоактивтік заттарды сақтау, тасымалдау және жою кезінде; сертификатталатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын айқындау кезінде; өлшем құралдарында мемлекеттік сынақ, тексеру және метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде; пайдалы қазбалар өндіру кезінде мемлекеттік салыстыруға жатады.
Бухгалтерлік есеп алу жөніндегі талаптар. ҚР аумағында жұмыс істейтін барлық субъектілер, олардың ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруге міндетті. Бұл талаптар ҚР Презинетінің заң күші бар “Бухгалтерлік есепке алу туралы” жарлығында байланысты туындап отыр. Субъектінің активтері, өз капиталы, міндеттемелері және ол жүзеге асыратын оперициялар бухгалтерлік есепке алу объектілері болып табылады.
Шаруашылық операциялар олар жүргізілетін есепті кезіндегі шоттарда көрсетіледі. Бухгалтерік есепке алудың міндеттері субъектіні, сондай-ақ басқа да мүдделі адамдарды олардың шаруашылық қызметтері туралы толық әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету; субъект шаруашылық қызметін жүзеге асырған кезде ҚР заңдарын сақтауына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |