ҚР жер заңдылығы бойынша пайдаланылмауына байланысты жер салығы ставкаларын көтеру туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-iy санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



Дата06.07.2016
өлшемі56.25 Kb.
#181253
жоба

ҚР жер заңдылығы бойынша

пайдаланылмауына байланысты

жер салығы ставкаларын

көтеру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IY санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (бұдан-әрі Салық кодексі) 387-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңақорған ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 378 бабында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, шөлейт, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде салынатын базалық ставкаларын, Салық кодексінің 387-бабының 1-1 тармағы негізінде:

1).Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің базалық ставкасын ұлғайту мөлшері 5 есе мөлшерге жоғарылатылсын.


    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық     мәслихат


  сессиясының төрағасы                      

      Аудандық мәслихат


      хатшысы         

Жаңақорған ауданы мәслихатымен қабылданатын Жаңақорған ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) белгіленген, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, шөлейт, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде салынатын базалық ставкаларын жер салығының базалық ставкаларын Жаңақорған аудандық мәслихатының шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Жаңақорған ауданының мәслихаты

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IY санды «Салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі» 387-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Жаңақорған ауданы мәслихатының регламентін Жаңақорған ауданы бойынша жер салығының базалық ставкалары Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378 бабында белгіленген, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, шөлейт, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде салынатын базалық ставкаларын жер салығының базалық ставкаларын белгілеу мақсатында әзірленіп отыр.

4


Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Аудандық бюджетті көбейту мақсатында: 1)Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары бұрынғы 2,4-1013,3 теңге болса, 5 еселенген мөлшерден кейін 12,0-5066,5 теңге.

2)шөлейт, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары 2,4-250,9 теңге болса, 5 еселенген мөлшерден кейін 12,0-1254,5 теңге.



7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Хабарландырулар жарияланды


9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің акредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

№1 қосымша



Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері

Салық кодексінің 378 бабының 2 тармағы бойынша

Р/с

Салық салынатын обьектінің түрі

Бонитет балы

Базалық ставка, теңге

Ұлғайту мөлшері, есе

Есептелетін салық мөлшері, (га) теңге

1

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

1-101

2,4 - 1013,3

5

12,0 - 5066,5



Салық кодексінің 378 бабының 3 тармағы бойынша

Р/с

Салық салынатын обьектінің түрі

Бонитет балы

Базалық ставка, теңге

Ұлғайту мөлшері, есе

Есептелетін салық мөлшері, (га) теңге

1

Шөлейт, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары

1-101

2,4 - 250,9

5

12,0 - 1254,5


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет