Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Дәрмен, Андрей, Полидуб, Сұлтанмахмұт бейнелері



бет5/6
Дата10.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#126375
1   2   3   4   5   6

Дәрмен, Андрей, Полидуб, Сұлтанмахмұт бейнелері

Шығармада көзге түсетін кейіпкерлердің бірі – Дәрмен. Ол әсіресе 1916 жылғы көтерілісте, ақтардың елге бықпырттай тиген кезінде көзге түседі.

Ол – балуан, әнші. «Омырауды ашып тастап, әнмен бауырын жазып алған ақын әрі-беріден соң қара өлеңге басты.

Ол қазақтың еркін күнін, ескі дәуірін жоқтады, бұрынғы өткен ерлерді, батырларды, билерді жоқтады. Ол күндегі байлықты, берекені, бірлікті, ерлікті, серілікті өлеңге қосты. Бері таман келген соң қазақтың алты ауыз болып орысқа бағынғанын, елдің азғанын, жаттан көрген зорлығын, қала салғанын, жерді қақол алғанын, қол-аяқты кісендеп, жылдан-жылға өрісті тарылтып бара жатқанын сөйледі. Бір жағынан қазақтан шыққан жақсылар елдің қамын ойламай, шенге, шекпенге мастанып, елді қанап, пара жеп, жауыздыққа салынғанына кектенді. Елде қызық қалмады, өнері бар жігіт аз өмірін немен жұбатып өткізу керек? Бұ күнде қолдан күш кетіп, азамат басына күн туып, қазақтың басы қаңғырып, не болары белгісіз екенін сарнап, сары даланы басына көтеріп, күңіренді. Тыңдаушылардың сай-сүйегі сырқырап, көзіне жас алды» [9, 72 б.].

Мұндай жоқтау, бұрынғыны аңсау Мағжан шығармасында көп кездесетін. Жүсіпбек те көптің көкейінде жүрген дертті Дәрменге айтқызған. Бұл – жазушының да мұңы, торығуы.

Дәрмен мен Бәтіш арасындағы махаббат хикаясы да қызғылықты баяндалады. Бәтіш – бір байдың қызы, ұрын келген күйеуінің түрінен шошып, қаңғып өлейін деп шыққанда Дәрменге жолығады. «Үлде мен бүлдеге оранған, ай мен күндей бір сұлу қыз! Хордың қызы екен деп ойладым» [9, 74 б.].

Екеуі серттесіп, атқа қонады. Үш күннен соң қалың жылқыға тап болып, Дәрмен ат алмақшы болғанда ұсталып қалады. Бәтішті артынан іздеушілер алып кетеді.

Дәрменнің кейінгі істеген ерліктерін Қартқожа да естиді. «Ақтардың зорлығына жұрт тұяқ серпе алмады. Бірақ Дәрмен сықылды өжет ерлер кегін алды. Шашау шыққан солдаттардың, бастықтарын бас салып, қырып тастап отырды. 15 шақты жігіт іріктеліп алынып, күні-түні аттан түспеген. Оның бір жерде жетісін, бір жерде төртін бауыздап, атып, құдыққа тастағандары болған» [9, 120 б.].

Кейін Дәрмен бір ел бүлдіргіштің үстінен материал жинап, арыз жазамын деп, соның қолынан қаза табады.

Романда Сұлтанмахмұт Торайғыров бейнесі де көрініп қалады. «Сол жылы Сұлтанмахмұт деген жас ақын Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа Махмұтты білетін. Ол ақ жүрек, кедейшіл, жалынды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, жуан атаның нашарға істеген қиянатын, зорлығын газетке жазып, күштілермен ұстасып жүретін. Сұлтанмахмұт жуандардан қорықпайтын, бетің-жүзің бар демей, көңілдегісін айтып салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты қолдайтын, үлкендері адамгершілігін, турашылдығын, тазалығын, ақындығын бағалап сыйлайтын. Қартқожа ай-жай болған соң, әдейі іздеп Торайғыр ауылына келді.

Махмұт үйде екен. Қартқожаның келгеніне қуанып қалды. Бірақ жүдеу екен, жөтелі жиі ұстап, көп сөйлесе зорланып қалады екен. Қартқожаның қолын ұстасымен:

– Е, Қарт-екем! Күнің туды, балшабек табарыштарды көрдік, – деді күліп.Жөтелі басылған соң тасымалдап тағы сөйледі:

– Бұлардың тұтынған жолы, идеясы жақсы ғой, кедейге пайдалы. Түбінде қазақ ел болатын болса, балшабектердің арқасында болады. Тірі болсаң, көрерсің. Мен көрмеймін ғой…

– Неге? Олай демеңіз?

– Қызық заман ғой! Не керек… Әттең 10-15 жыл өмірім болар ма еді!

Махмұттың көңілі бұзылайын деді. Қартқожа басқа сөзге жұбатқысы келді» [9, 121 б.].

Мұнда жас ақынның өмірінің соңғы күндері көрсетіледі. Өмірі қысқа екенін ақынның өзі де сезеді. Ол большевиктерге сенеді. Қазаққа жамандық жасамайды деп үміттенеді.

Майданда жүргенде Қартқожаның көзін ашқан – Андрей. Қазақшаға судай, қазақ ішінде бес жыл тұрған, қазақтан көрген жақсылығын ұмытпайды.

«Қазақ қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт. Ауыз әдебиеті, музыкасы бай. Оқыса, қазақ тез түзеліп кетеді. Оқу керек. Патша жаман. Қазақты ел қылмайды», – дейді Андрей [9, 100 б.].

Қартқожаға Омбыда көмек беруші – губерниялық атқару комитетінің бастығы Полидуб. Жайдарқан секілді оқығаннан гөрі орыс та болса Полидубтың адамшылығы артық боп шығады. Ол да қазақпен, қазақ оқығандарымен таныс болады.

Мұнан автордың қазақтың да қазаққа қайырымсызы, басқа жұрттың да қайырымдылары болады деген ойы аңғарылады.

Романның көркемдігі

«Шығарманың шұрайлы тілі – жазушы шеберлігінің айқын көрінісі. Ондағы суреттер ел өмірін, дала тіршілігін, ондағы адамдар ұғым-түсінігін оқырманның көз алдына жайып салып отырады» [9,

13 б.].

Жазушы жұт болардағы халықтық жорамал, ұғымдарды келтіре кетеді: «Биыл жұт болады деп күн бұрын есепшілер де айтқан: шөптің шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бұйдай бас, көде, боз қаптап кетті. Тышқанның шөп жинауы бұзық, інінің төңірегін тап-тақыр қып тастапты. Құмырсқаның илеу ортасы шұқырайып кетіпті. Сиыр далаға түнеп, жусамайды, кеш болса, ауылға жүгіреді. Жылқы аңырайып, тыраңдап, жатпайды. Малдың ындыны құрып барады, «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Адал құс ерте қайтты» [9,



42 б.].

Жүсіпбек ел іші жағдайымен таныстығын, ауылда өскендігін білдіреді. Оқу-тоқуы болмаса да халық тәжірибеге сүйеніп, жыл мезгілдерін алдын-ала болжап отыратын болған.

Жазушы көбіне ауылда көріп өскендерін басқа нәрсені сипаттарда ұқсата қояды: «Қарашолақ азаматтарының ащы тері шықты. Шешендердің шеке тамыры білеудей болып, жыққан сиыр көзденіп, сөзге қонақ беріспеді» [9, 113 б.].

Қызыл кеңірдек боп, мәселені шеше алмай жатқан адамдардың сиыр көзденіп кетуі – сенімді. Жай сиыр емес, жыққан сиырдың көзі аларатыны рас. Мұнда әзіл, мысқыл да байқалады.

«Дауыл үдеді. Құтырған құйын шеттегі қараша лашықтарды доптай ұшырды. Үлкен үйлер де алдына таман итініп, ұйықтап тұрған қатынның жаулығы құсап, қисайып қалды» [9, 91 б.].

Мұнда қисайып қалған үйді айтып отырса да, жаулығымен ұйықтай салатын еріншек әйелдерді де қоса қағытып отырған тәрізді.

Жүсіпбек Бейімбет секілді ауыл әйелдерінің әр түрлі мінездерін көргіш. Қартқожаның жеңгесінің ашулы жүргенін былай көрсетеді:

«Бір жұмаға шейін теріс қарап жатып, қыран жапқандай қылып балаларын жылатып, отты өртеп жағып, сүтті суалтып, қыр көрсетіп жүрді» [9, 118 б.].

Ашулы әйел өшін балаларынан алатынын, істеген шаруасынан білінетінін жазушы дөп басқан.

Жұт болған жылғы қыстың суреті де жанды:

«Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей-ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай ызғырады да тұрады. Енді жұт болмағанда несі қалды?» [9, 42 б.].

Күннің жаңа түскен келіндей ақ пердеге жасырынуы күнде ақ түтек соғып, борандатуын, аяздың қатты болуын білдіреді.

Пейзаж да дала суретін, тіршілігін көз алдымызға жайып салады:

«Мидай жазық, кең дала, жел жоқ. Күн шуақ. Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар. Деген шеке қызып, ми қайнар уақыт. Инелік, шегіртке, бөгелек, масаның қалың шөптің арасынан ұшып, әуені қаптап, шарықтап, олай-былай жүйткіп, шыр-шыр етіп, қанаттары дырылдап, ызылдағанынан басқа, екі аттың пысқырып, құйрығы суылдап, аяғын тебініп, бөгелек жасқағанынан басқа, анда-санда шық-шық еткен торғайдың даусынан басқа жаңғырыққан ешбір тықыр не бір үн естілмейді.» [9, 40 б.].

Көзге ыстық көрінетін, далада өскен әрбір қазақтың жүрегін елжірететін сурет. Бізге шегіркелердің ұшқаны, аттың пысқырғаны, торғайдың шықылы – бәрі құлағымызға естіліп тұрғандай әсер аламыз.

Кешкі ауылдың суреті Қартқожа көзімен суреттеледі, мұнда лиризм қоса беріледі:

«Кісі-місі көрінер ме екен деп, Қартқожа төбеге шықты. Көрінбейді. Құдық басында жылқы су ішіп жатыр. Желтен қара мал тырағайлап жайылып жатыр. Оты қанған бөдес тайлар бірін-бірі қуалап, шапқыласып, секірісіп, тістелесіп жүр. Кенже торы құлыны құйрығын тігіп алып, енесін айнала зырқырап шабады. Енесі қасында, тамағы тоқ, ойнамай қайтсін! Ойында түк жоқ! Менен де торы құлын ырысты-ау! Қарашы, бұлталаңдап, асыр салып жүргенін… Қандай жақсы! Бір күнде осыларды көруге де зар болармыз-ау! деп ойлап тұр Қартқожа» [9, 58 б.].

Қартқожа өзін құлынмен салыстырып, өмірінің алаңсыз, шат-шадыман болмағанына қамығады. Ауылдың сәні малымен екені, ауыл баласы үшін мал мінездері де ыстық екені аңғарылады.

Қорыта айтқанда, «Қартқожа» романы келелі тақырып, танымдық деңгейінің жоғарылығымен, толыққанды кейіпкерлер, бай тілімен жазушының шебер жазушы екенін айғақтайды.
3 Б.Майлиннің «Қара шелек» әңгімесі
Бейімбет Майлиннің әңгіме жанрының шебері екендігі туралы кеңес дәуіріндегі ғалымдар жеткілікті айтқан болатын. Т.Нұртазин : «Қазақ әңгімесі» дегенде алдымен Бейімбет Майлин есімі тілге оралады. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды. Бұл пікірді басты жазушымыз, көркемсөз шебері, әдеби теорияға жетік М.Әуезов сан реет пысықтап айтып жүрді» [14, 46 б.].

М.Қаратаев «Шеберлік шыңына» атты еңбегінде былай дейді: «Бейімбет Майлин прозасының қалыптасқан белгі, сипаттары мыналар: оқиғалары мен фактыларының нақтылығы, ақиқаттығы, шын тұрмыстан алынатындығы, образдарының айқындылығы, стилінің қарапайымдығы, суреттерінің шағын да болса шығарма көлеміне шақ, өрнектілігі, байырғылығы, сөйлемдерінің келте, қысқа болғанымен оралымдылығы, диалогтарының мағыналылығы, әңгімелеу сарынында сезімталдық пен әзілшеңдіктің басымдығы» [15, 242 б.].

«Қара шелек» әңгімесі былай басталады: «Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстеңкенің дүкенінен алдырған шелек еді. Айшаның жинақылығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:

– Көріне бірге алып кетсе көрерміз; әйтпесе кімнен қалмаған дүние, – деп бұрқылдасады.

Бұл жерде бірден Айшаның пысық, шаруақорлығы ашылады.

«Сол қара шелек бүгін майып болыпты. Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін:

– Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар,- дейтін.

Айшаның оңайлықпен біреуге шелегін бермейтіні көрінеді. Енді келіп салақ қара тоқалға шелекті қалай беріп қойған себебі мынау: «Бүгін сонысын айта алмай ќалды. Айта алмай қалған себебі болды: бүгін айға толды, Бірмағамбет жоқ! «Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5- ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті.» – деген сияқты хабар еміс-еміс естіледі. Науқаны несі? Байларда не жұмысы бар? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды? Бұл не сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола ма екен? – деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі - дерті Бірмағамбет болады да жүреді». Айша осындай қалың оймен Бірмағамбетті уайымдап жүріп, оның үстіне жиылыста біреу коллективке қатысты:

– Әйелдерді де ортаға салатын болсақ екен, – дейді-ау. Шынымен солай болса, әйелдер де ортаға салынса... Айшаның ойына Бірмағамбеттің мінезі түсе қалды: қызғаншақ, күйгелек, томырық... «Сені жанымдай көремін, саған біреу тікелеп қараса, ішім күйіп кетеді...» дейтін Бірмағамбет кейде.

Бейімбеттің кейіпкері ой үстінде жүргенде іс-әрекетте суреттеледі.Жоғарыдағы мысалда Айша күл шығарып, от жағады, сиырын суатқа апарады. Осындай үй жұмыстарын атқарып жүріп, Бірмағамбетті ойлаумен болады. Бұндай тәсіл Чехов әңгімелерінде де кездеседі. Оның «Святкиде» әңгімесінде қызын ойлап жүрген кемпір былай суреттелетін: «Кемпір сорлы таңертең ерте тұрып сиыр сауып жүрсе де, пешке от жақса да, түнде ұйқылы-ояу жатса да: Ефимьям не болды екен, аман-есен жүр ме екен деп қызын ғана ойлайтын» [16,

331 б.]

Коллектив туралы осындай алып-қашпа сөздерді ойлап отырғанда шелек сұрап қара тоқал келеді. Айша таза әйел болса, ол керісінше салақ: «Жаулығы салтақ-салтақ кір. Аяғындағы кебісі бір жамбастап қисайып кеткен. Жау қуып келгеннен жаман ентігіп, қотыр малдай пешке сүйене тұрды да:

– Апырым-ай, Құдайдың күніне не болып кетті, түбі түсіп кеткен шығар, күнде боран, есті тандыратын болды ғой. Осы боранда ерігіп, жиылысқа келіп жүргендерін айтам-ау, «Шоққайыңның» 4-5 адамы үйге келіп, әкемдей болып сіресіп отырып алды. Соларға шай қойып беріп құтылайын деп едім, екі шелекпен бармасам, боранда қайта-қайта барып жүру қиын, шелегіңді бересің бе, келін? – деді.

Қара тоқалдың не айтып, не қойғанын Айша ұғынған жоқ, сөзіне құлақ та салған жоқ. Жалғыз-ақ «шелек» дегенін ұғынып қалды. Шелекті бермесе қара тоқал мылжыңдап мазасын ала беретін сияқты болды. Содан құтылғанша асықты. Өзі үйде оңаша қалып, істеген ісін тағы бір ойлап шықпақшы болды.

– Ана жақта тұрған шығар, ал! – дей салды.

Қара шелек қолынан осылай шығып кетіп еді.

Бейімбет – шағын әңгімеге барлық мәселені сыйғызып жіберетін шебер жазушы. Айшаның ойы арқылы коллективтендірудің қалай өтіп жатқанын, өзінің артель бастығы болып сайланғаны, мал ортақ болады дегенде әзер дегенде жинаған 2-3 малын уайымдағаны, әсіресе бір шелек сүт беретін ала сиырын уайымдағаны – бәрі бізге мәлім болады. Осындай нәрселерді ойлап отырып, шелекке мән бермеуі – логикалық дәлел.

Ал, қара тоқалдың шелек сұрап келуіне де себепкер – жиналысқа келген адамдар.

Қара тоқалдың салақ екені де айтылып қалады. Жалпы, Бейімбет әңгімелерінде әйелдердің салақтығы не көкдолылығы немесе тағы басқа мінездері қағыс қалмайды. Бірақ таза әйелдерден гөрі салақ әйелдер көбірек сыналады.

Бір ғана қара шелек арқылы сол кездегі жұрттың колхоздастыруға қатысты түсініктері, заманның астан-кестеңі шыққанын айқын көреміз. Шелек оқиғасы сюжетте байланыс қызметін де атқарып тұр.

«Кеш болып, үй-іші қара көлеңке тартқан соң, суға барайын десе, шелегі жоқ. Шелегін қара тоқалдың алып кеткені Айшаның есіне сонда түсті. Жаны шығып кете жаздады, өйткені, қара тоқалдың қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес: кесе алса, екі бөліп қайтарады, ќұманша алса, шүмегін сындырып қайтарады, шелек алса...

Айша шыдай алмай үйден шыға жүгірді. Екі үйдің арасына жалданып тұрған қарға тізесінен батып малтықты, оған да тоқтаған жоқ, қара тоқалдың үйіне жеткенше, қара шелекті көргенше асықты».

Айшаныњ қарға малтығып жүгіруі – деталь. Өйткені, тоқалдың ыдысты сау қайтармайтынын біледі. Уақытты кетірмей тез жету керек. Айша қара тоқалдың үйіне барса:

«Шашы обырап, күлді бұрқыратып қара тоқал пештің алдында отыр еді. Есіктен кірген Айшаны көрді де, ашуланған пішінмен шымшуырмен отты көсеп-көсеп қалды. Күл бұрқырап пештің аузынан көлбеп ұша берді.

– Шелекке келіп едім, – деді Айша әлденеден қорыққандай.

– Әлгі қағынғыр бала... өзінің де сыйын бердім... – деп қара тоқал отпен бола берді.

Айша шошынып, сезіктеніп, қара тоқалға төне түсті. Тоқал қаймыққан түрмен қарап:

– Неге төндің? Үлкенді сыйлап именсе қайтеді екен бұлар? Әне, жатыр шелегің, – деді.

Айша босағаға қараса, екі бүктетіліп, түбі аламайымен сөгіліп, қара шелек жатыр! Жаны шығып кете жаздады. Жалма-жан шелекті алып, қара тоқалға жіберіп ұрды. Ызаланып көзінен жасы ыршып-ыршып кетті.

–Ойбай, өлтірді мына иттің баласы! – деп қара тоқал шаңқылдап, үйді басына көтерді».

Қара тоқалдың екінші рет салақтығы көрінеді: шашы қобырап кетуі, күлді бұрқыратып алуы. Айшаны көргенде бүлінген шелек есіне түсіп, соған өзі де ызаланып, бір жағынан Айшаның да құр кетпейтінін алдын-ала сезгендей – осының бәрі бір-ақ қимыл арқылы, шымшуырмен отты салып қалуынан байқалады. Ашуланып қимылдағаны соншалық, күлді бұрқыратып жібереді.

Айша шелектің «қазасын» естуге қорқып, күдіктеніп сұрағанда даусының да қалай шығатыны белгілі.

Тоқал бір-екі сөзбен ғана болған жайды аңдатады. Шелекті бүлдірген бала екенін, өзінің де таяқ жегенін аңғарамыз.

Айша шелектің бүлінгеніне көз жеткізу үшін тоқалдың жанына жетіп барады. Қара шелек жай майыса салмаған, жарамастай боп бүлінген. Сондықтан Айшаның жаны шығып кете жаздайды. Шелектің бүлінгені қатты батқаны соншалық, тоқалды шелекпен ұрады. Ызаланғанынан көзінен жас шыққаны – шелекке қолы әрең жетіп еді, ол кезде ыдыс ќымбат тұрады, алу оңай емес.

Жазушы көлемі шағын диалог пен баяндаудан екі әйелдің образын, психологиясын өте дәл, ықшам, шебер түрде жеткізген. Қабдолов айтатын дәлдік пен ықшамдылық бар. Бір сөздің өзі кейіпкердің ішкі жағдайын ашып береді. Ауыл әйелдерінің мінез-құлқы айна-қатесіз нақты беріледі. Әйелдердің қандай жағдайда қалай сөйлейтіндіктерін жетік меңгерген.

«Шам жаға Қожағұл келді. Бет-аузына жабысқан қар еріп, сақалынан тамшылап тұр Екі үйдің арасы әжептәуір алыс екені, қар борап тұрғаны білінетін деталь.

– Келін шырағым, біздің әйелге қол тигізбей-ақ қойсаң болмай ма? – деп күрсінді ( тоқалының кінәсін біліп тұр).

-Сындырмасын, бүлдірмесін біреудің нәрсесін!

-Сындырмасын дегеніңіз дұрыс қой, бірақ «біреудікі» дегенді қойса да болады ғой. Мана өзіңіз бар емес пе едіңіз, не деп еді өкіл? «Керекті құралды ортақ пайдаланасыңдар» демеп пе еді? Сол құралдың бірі шелек қой. Бастық адам ұрмас болар, «бастығымыз осылай қылды, ұрды» деп арыз берсек, «потсот» кететініңізді білесіз бе?».

Мұнда адамдардың «ортақ мүлік» дегенді қалай ұғатындары байқалады.

Айша өзін тентекке санады. «Шынында, солай екен: ортақ мүлік, алып пайдаланды. Сындырса да еркі бар емес пе?», – деп ойлады. Ойлап еді, көз алдына жапырылған қара шелек елестегендей болды, шашы жалбырап, пеш алдында албасты құсап отырған қара тоқал елестеген сияқтанды» Айша колхоз заңына бағынса да, қара тоқалдың ісін мақұлдай алмайды. Кейіпкердің ішкі психологиясы көрінеді.

Бірмағамбет келгенде Айша болған жайды айтады. Қожағұлдың сотқа берем дегенін де айтады.

– Туу, содан қорқып жүргенің бе? Қожағұл сотқа беруші ме еді? Қожағұлдың кім екенін білесің бе? Ол – саудагер, ол – молда. Берікболдың жаназасын шығарып, қызыл бұзауды алғаны биыл күз емес пе еді? Ортақ мүлікке шелек қосылушы ма еді?

Сол кездегі саясат бойынша қайтыс болған адамға жаназа шығаруға тыйым салына бастағанын аңғарамыз. Атеизм қағидасы тұрғысынан мұндай істер кеңес өкіметіне жат боп саналды. Ол кезде саудамен айналысқан адамды алыпсатар деп айыптайтын.

Колхоз туралы жиылыс болып жатқанда:

– Иә, Алла, өзің медет бере гөр! – деп Қайралап ауыр күрсінеді. Осы Қайралапты колхозға алмаймыз деп, жиылыстан қуады.

Қайралапқа жоғарыдағы сөзді жазушының айтқызуында көп мєн жатыр. Сол сөзді жазушының өзі айтып отырғандай.

Теориялық сұрақтар
1. Мағжанның табиғат лирикасына тән стильдік ерекшеліктер ?

2. Мағжан романтизмі

3. Мағжан өлеңдеріндегі символизм

4. Мағжан поэзиясындағы мифопоэтика

5. Мағжанның философиялық өлеңдері

6. Мағжанның азаматтық лирикасы

7. Мағжанның махаббат лирикасы

8. Мағжанның «Қорқыт» поэмасының идеясы

9.Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы» поэмасындағы бақсылық туралы ұғым

10. Мағжан «Жүсіп хан» поэмасында кеңес дәуірінің қандай саясатын әшкерелейді?

11. ағжанның саяси-әлеуметтік өлеңдері

12. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы орыс әдебиетінде қай шығармаға ұқсайды?

13. Жүсіпбектің «Ақбілек» романының жанры

14. Жүсіпбектің «Ақбілек» романының идеясы ?

15. Жүсіпбектің «Ақбілек» романындағы Қарамұрт қандай бейне?

16. Жүсіпбектің «Ақбілек» романындағы Мұқыш қандай бейне?

17. Жүсіпбек кейіпкердің ішкі ойын беру үшін қандай тәсіл қолданады?

18. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының тақырыбы не?

19. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының идеясы не?

20. «Ақбілек» романында қандай детальдар кездеседі?



Тапсырмалар
1. Мағжанның табиғат лирикасын Бальмонт өлеңдерімен салыстыр.

2. Мағжанның символдық өлеңдерін Блок, Брюсов өлеңдерімен салыстыр.

3. «Батыр Баян» поэмасын Гогольдың «Тарас Бульба» повесімен салыстыр.

4. «Батыр Баян» поэмасынан психологизмге мысалдар келтір.

5. Мағжан шығармашылығы туралы ғалымдар пікірін келтір.

6. Жүсіпбектің «Ақбілек» романынан портретке мысалдар келтір.

7. Жүсіпбектің «Ақбілек» романынан ақ өлең үлгісіне мысал келтір.

8. Жүсіпбектің «Ақбілек» романынан сюжеттегі байланысты көрсет.

9. Жүсіпбектің «Ақбілек» романынан шиеленісті көрсет.

10. Жүсіпбектің «Ақбілек» романынан жан диалектикасына мысал келтір.

11. Жүсіпбектің «Ақбілек» романы мен Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романынан ұқсастықты көрсет.

12. Жүсіпбектің «Ақбілек» романы мен Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романынан адам қатыгездігі туралы ұқсас пікірлерді тап.

13. Бейімбет әңгімелерін Чехов әңгімелерімен салыстырып, кейіпкер жасау тәсілдері мен юмор жағынан ұқсастықтарды тап.
Тест сұрақтары
1-нұсқа

1. М. Жұмабаевтың Шығыс және Батыс елдері туралы философиялық өлеңдері:

A) «Пайғамбар», «Тәңір», «Орал», «От»;

B) «Толқын», «Сағындым», «Айға»;

C) «Алдамшы өмір», «Көкшетау», «Ой»;

D) «Мені де, өлім, әлдиле», «Жан сөзі», «Зар»;

E) «Өмір», «Тұтқын», «Жатыр».
2 М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының басты мұраты:

A) Ел қорғаушы батыр мен хандарды дәріптеу;

B) Ру тартысын сынау, ескі салтқа қарсылық;

C) Махаббатты, сүйіспеншілікті жырлау;

D) Еркіндікті, бостандықты дәріптеу;

E) Ашу-ызаны, қан төгісті айыптау.


3. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының тақырыптық-мұраттық бағыты:

A) Халыққа адалдық, жауға өшпенділік, биік адамгершілік;

B) Махаббат еркіндігі мен бостандық жолындағы күресі;

C) Жауынгерлік рух;

D) Ұлттық әдет-ғұрпы пен озық дәстүрі;

E) Ел басқару ісіндегі ақыл-өнеге және билік тапқырлық.


4. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының қаһармандары:

A) Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан;

B) Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан, Еспембет;

C) Баян, Ноян, қалмақ қызы, Абылай хан, Ер Қосай, Ер Көкше;

D) Баян, Ноян, Ардақ, Адақ;

E) Баян, Ноян, Ардақ, Адақ, Бөгембай, Қабанбай.


5. М. Жұмабаевтың «Батыр Баянына» тақырыптас шығарманы көрсетіңіз:

A) В. Гогольдың «Тарас Бульба» повесі;

B) М. Горькийдің «Хан мен ұлы» әңгімесі;

C) Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы;

D) Мамин-Сибиряқтың «Ақ боз ат» әңгімесі;

E) М. Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесі.


6. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының жанры:

A) Лирикалық;

B) Тарихи-әлеуметтік;

C) Философиялық;

D) Мемуарлық;

E) Тұрмыс-салт туралы.


7. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік ерекшелігі:

A) Психологизм;

B) Тарихи-әлеуметік;

C) Ұлттық болмысты философиялық тереңдікпен жырлау;

D) Халық басындағы тозық дәстүрді сынау;

E) Жеке адамдарды бейнелеу.


8. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның інісі мен қалмақ қызының соңынан қуу себебі:

A) Ақсақалдың «... бір масқара іс өткен болып қапты...», ─ деген сөзінің әсерінен;

B) Қалмақ қызын қызғануы;

C) Ноянға деген қимастық сезім;


D) Екі жасты қайтару;

E) Екі жаспен қоштасу.


9. М. Жұмабаевтың «Батыр Баянына» «симфониялық жыр» деп баға берген кім?

A) Ә. Тәжібаев;

B) М. Әуезов;

C) Ж. Аймауытов;

D) Ш. Елеукенов;

E) М. Базарбаев.


10. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының оқиға желісіндегі шиеленісті көрсет:

A) Ноян мен қалмақ қызының бір-біріне ғашық боп, елден қашуы;

B) Баянның қалмақ қызын алып қайтуы;

C) Баянның інісін өлтіруі;


D) Баянның жау қоршауында қалуы;

E) Абылайдың қол жинауы.


11. М. Жұмабаевтың романтизміне тән ерекшелік:

A) Тұспалдау арқылы қоғамға наразылығын білдіреді;

B) Қоғамды ашық түрде айыптауды;

C) Болашаққа деген сенімі мол;

D) Өмірді жарқын жағынан көреді;

E) Ерекше көңіл аударарлық оқиға басым.


12. Мына сөздер көркемдік тәсілдің қай түріне жатады?

Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,

Асығып екі жастың қанын ішті.

A) Кейіптеу;

B) Метафора;

C) Метонимия;

D) Теңеу;

E) Эпитет.


13. М. Жұмабаевтың сталиндік қуғын-сүргінді әшкерелейтін шығармасы:

A) «Жүсіп хан»;

B) «Қорқыт»;

C) «Қойлыбайдың қобызы»;

D) «Тоқсанның тобы»;

E) «Оқжетпестің қиясында».


14. М. Жұмабаевтың табиғат лирикасы:

A) «Жел», «Қысқы жолда», «Жазғытұрым»;

B) «Көбелек», «Күміс нұрлы ай», «Түн еді», «Батқан күн, атқан таңның жыры»;

C) «Жұлдыздарға», «Жазғы түнде», «Жұмбақ»;

D) «Күншығыс», «Орал», «Орал тауы»;

E) «Жер жүзіне», «Бір күні», «Жоғалған алтын».


15. М. Жұмабаевтың махаббат лирикасы:

A) «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Сүйгенім анық», «Гүлсім ханымға»;

B) «Менің тілегім», «Мен кім», «Өткен күн»;

C) «Өнер-білім қайтсе табылар», «Домбыра», «Сыр сандық»;

D) «Толқын», «Махаббат не?», «Жан сөзі», «Ой»;

E) «Жаралы жан», «Өткен күн», «Сүйемін».


16. М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэмасы кімнің шығармасымен үндес?

A) М. Ахундов;

B) Низами;

C) Хамза;

D) Әлішер Науаи;

E) Мақтымқұлы.


17. М. Жұмабаевтың бұқарашылдық өлеңдері:

A) «Қазағым», «Түркістан», «Өнер-білім қайтсе табылар»;

B) «Сен сұлу», «Батыр Баян», «Сағындым», «Мен жастарға сенемін»;

C) «Толқын», «Сен сұлу», «Орамал», «Сәрсенбайдың жыры»;

D) «Мұра», «Біздің жақта», «Сыр сандық», «Менің тілегім»;

E) «Қойлыбайдың қобызы», «Совпарттағы қарындасыма», «Мені де, өлім, әлдиле».


18. М. Жұмабаев «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі орыс ақындарының қайсысымен үндес?

A) Бальмонт;

B) Брюсов;

C) А. Блок;

D) Лермонтов;

E) Есенин.


19. М. Жұмабаевтың табиғат лирикасына тән ерекшелік.

A) Табиғат пен адам жан дүниесі бірге өріліп, астасады.


B) Табиғат пен адам тіршілігі шыншыл түрде беріледі.

C) Табиғатты ерекше суреттейді.

D) Табиғат пен махаббат сезімі қатар алынады.

E) Туған жерге деген сезім басым көрінеді.


20. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесінің тақырыбы:

A) Әйел тағдыры туралы.

B) Қазақ әйелінің теңсіздігі.

C) Жаңа заман шындығын көрсету.

D) Әйелдердің теңдік алуы.

E) Оқыған қазақ әйелдерін үлгі ету.


21. Мағжанның қай шығармасынан алынған?

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

A) «Батыр Баян».

B) «Оқжетпестің қиясында».

C) «Қойлыбайдың қобызы».

D) «Қорқыт».

E) «Толғау»


22. Белгіленген сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?

Көрмесең жан-жарыңды өлгендей боп,

Қайғырып күлден кебін киген қандай?

[М. Жұмабаев, «Батыр Баян»)

A) Метафоралық тіркес.

B) Метонимия.

C) Синекдоха.

D) Теңеу.

E) Символ.
23. М. Жұмабаевтың аудармаларын көрсет:

A) «Жұртын сүйген жүрек», «Сұңқар жыры», «Хан мен ұлы».

B) «Евгений Онегин», «Ревизор», «Отелло».

C) «Асауға тұсау», «Ақсүйектер», «Дворян ұясы».

D) «Полтава», «Маскарад», «Ана».

E) «Бородино», «Вадим», «Қанжар».


24. Асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі?

Арқаға аяқ салып түскен барып,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет