Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Катонқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдық жұмыс туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі89.97 Kb.
#3933


Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті



ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Катонқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдық жұмыс туралы

ЕСЕБІ.

Катонқарағай ауданы.

маусым, 2014 жыл

2014 жылдың бірінші жартылылдық ҚР ТЖМ Шығыс-Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Катонқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы туралы есебі.
Катонқарағай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы ҚР Заңнамаларына, ҚР ТЖМ, ҚР ТЖМ ӨҚК бұйрықтарына (нұсқауларына), ҚР ТЖМ Операциялық жоспарына, ҚР ТЖМ Алқа, бастықтың жанындағы Кеңесті, ШҚО ТЖД облыстық жиналыс шешімдерін орындау бойынша ШҚО ТЖД және Катонқарағай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспарларына сай жүргізіледі.

Болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға, сонымен қатар залал мен олар туындай қалған жағдайдағы шығынды азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің 2014 жылға арналған Операциялық жоспарына, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алқа Қаулыларының тапсырмаларына сейкес іс-шараларды орындау туралы есеп белгіленген мерзімде уақытылы орындалады, жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалды.

Өткен кезең ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтарға, сонымен қатар жеке құраммен басқа да жағымсыз қылықтарға жол берілген жоқ. Есеп беру кезеңі ішінде қызмет атқару кезінде ҚТ ережесін бұзуына байланысты жарақаттану оқиғалары болған жоқ.

Бөлімшелердің жеке құрамымен тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаларын насихаттауға көп көңіл бөлінеді және ШҚО ТЖД операциялық жоспарының аясында бөлімшелердің жеке құрамының іс-әрекет жоспары әзірленіп, өңделді.

Бірінші жарты жылдықта төтенше жағдайлардың шұғыл жағдайы келесі түрде қалыптасты.

Техногенді және табиғи сипаттағы оқиғалардың 17 түрі тіркелді. Өрттерде адам өлімдері тіркелген жоқ.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалардың негізгі салмағы өрттерден келетінін көрсетті – 17 жағдай, өрттен болған материалдық шығын сомасы 1200000 теңге. Катонқарағай ауданының аумағында 17 өрт тіркелген, соның бәрі ҚР ҚПК 185 бабына сәйкес процессуалдық шешім қабылданды – 17 өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 256 бабының 1 бөлімі бойынша – 7 құжат және ҚР ҚК 188 бабы бойынша 7 құжат қылмыстық істен бас тартылды, ҚР ҚК 187 бабы және ҚР ҚК 188 бабтары бойынша тергеу ретімен ішкі істер бөліміне жіберілді. Өрт шығуына себепші болған өрт қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып сомасы 11112 теңге айыппұл салынды.

2014 жылдың жарты жылдығында Катонқарағай ауданының ТЖБ-мен өрт бойынша қылмыстық істер қозғалған жоқ.

2014 жылдың 12 наурызыда ТЖ бөлімінде жеке кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді оларға ҚР заңдылықтары және «Катонқарағай ауданының шаруашылық ету субъектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерінде, сауда үйлері мен базарларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту» мәселесі түсіндірілді.

Су тасқыны кезінде ТЖ болдырмау мақсатында ТЖ аудандық комиссиясының төрағасымен «2014 жылғы қыс, су тасқыны кезеңіндегі іс-шаралар жоспары» әзірленді.

Көктем кезінде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, Катонқарағай ауданында көктем кезіндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге дайындық пен адамдар өлімін болдырмау бойынша шаралар қабылдау мақсатында келесі жұмыстар жасалды: су басу қауіпі бар жерлерде орналасқан үйлерде тұратын адамдарға қол қою арқылы су тасқыны және көшіру кезінде дайындылық қажеттілігі мен жүріс-тұрыс ережелері туралы жадынамалар таратылды. Қауіпті сутоғандарына, дамбыларға, су өткізгіш каналдар жағдайына шұғыл тексеру жүргізілді. Көпір құрылымдарының қирауынан қорғану. Құтқару және шұғыл жұмыстарды, сонымен қатар болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою, тұрғындар мен мүліктерін көшіру бойынша жұмыстарды орындауға ауданның азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдары даярлыққа келтірілді. 6500 дана қап құмы бар , 210 ш.м. құмды-қиыршық тасты қоспасы, 11 тонна дизелдік жанармай және 8 тонна бензин қоры бар, 530 адамға бір реттік медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек («Катонқарағай ауданының орталық ауруханасы» КМҚ қамтамасыз етеді) қоры даярланды. Су басып қалу қаупі бар аймақтардан тұрғындар мен үй жануарларын көшіруге арналған жоспарлары нақтыланды. Су басып қалу қаупі бар аймақтардан зардап шеккен адамдарды орналастыру орындары анықталды. Қауіпті су айдындарына 2 мобилді топ құрылып, олардың құрамына Әкімдік, ТЖБ және Катонқарағай АІІБ қызметкерлері кірді. Су шаруашылығы құрылымдарында кезекшілік ұйымдастырылды. Құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу орындарында күзетті қамтамасыз ету мен заңдылықтың сақталуы бойынша қоғамдық тәртіпті күзету қызметінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді.

Ауылдық округтерінің Әкімдеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау, тұрғындарды ұйымдастырылған және жеке көшіру кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін оқыту қажеттілігі, жүзу құралдарының ақаусыздығы мен жинақтылығын тексеру туралы нұсқаулықтар жіберілді.

Катонқарағай ауданының ТЖ жою және алдын алу бойынша комиссия жұмыс жоспары бар, 2014 жылдың 30 қаңтарында ауданының жасанды сутоғандары мен өзендерінің жайылуы кезінде су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар мәселесі бойынша жиналыс өткізілді. Аудандық Әкімдігінің жауапты мамандарының кезекшілік кестесі бекітілді. ТЖК мүшелеріне хабарлау сызбасы, тасыма су жағдайы туралы орындарынан ақпаратты алу сызбасы және жедел тобына хабарлау сызбасы құрастырылды. Су тасқыны аймағына енетін елді мекендерде: Коробиха ауылы, Барлық ауылы, Сененое ауылы су тасқыны жағдайында халық пен құтқару командаларының іс-әрекеті бойынша жаттығулар өткізілді.

Ауданда 47 көпір, 518 су өткізгіш құбыры бар. 2014 жылдың 1 тоқсанында аудан аумағында ТЖ алдын алу бойынша су басу қауіпі бар участкелерде келесі іс шаралар атқарылды.

Су тасқыны жағдайына тұрғындарды көшіру үшін 4 пункт, сонымен қатар 51 автомобильді техника тартылу ұйымдастырылды. ТЖ туындаған кезінде техниканы, жеке құрамды және азық-түлікті жеткізуге шаруашылық етуші субъектілермен және көптеп сату базаларымен 17 келісім-шарт жасалды, 100 КВт жылжымалы дизельді электросанция бар.

Ауданының ТЖБ-мен ТЖ салдарын жоюға тартылатын органдардың, күштер мен құралдардың іс-қимылы бойынша командалық-штабтық 1 жаттығу жүргізілді.

2014 жылдың 1 наурызында су тасқынының салдарын жою бойынша жедел әрекет ету жасағының аудандық жаттығуы өткізілді. Күштер мен құралдарды тартудың аудандық жоспарына сәйкес ТЖ болған кезінде дабыл бойынша «Нарын» КМК аумағында ТЖ жоюға қатысатын ұйымдардың күштері мен құралдары уақытылы жинақталды. Жаттығу басшысымен адамдарды құтқару бойынша тапсырмалар мен мақсаттар белгіленді.

Ағымдағы жылы Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен ауданының аумағында орналасқан 76 объектіге ӨТТ жүргізілді.

Жоспар бойынша 54 нысан қамтылды


  • Тәуекел дәрежесі жоғарғы- 54

  • Тәуекел дәрежесі орташа- 0

  • Тәуекел дәрежесі болмашы- 0

Жоспардан тыс бойынша 22 нысан тексерілді.

  • Тәуекел дәрежесі жоғарғы- 18

  • Тәуекел дәрежесі орташа- 1

  • Тәуекел дәрежесі болмашы- 3

Қорғаныс министрінің, ҰҚК, Білім беру және орман шаруашылық нысандарына тексеру ұйымдастырылды және жүргізілуде.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 61 адам тартылды 429664 теңге мөлшерінде, соның ішінде лауазымды тұлғаларға 33/342620 тенге, жеке тұлғаларға 28/87044 тенге. Өндіріліп алынғаны 58/372252 тенге.

Катонқарағай ауданның ТЖБ қызметкерлерімен және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Катонқарағай ауданы бөлімшелерінің жеке құрамымен адамдар өлімі және өрттердің алдын алу бойынша тұрғын секторларында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Тұрғын секторында өртке қарсы режимді тексеру барысында тұрғындарға өртке қарсы іс-шараларды орындау бойынша жадынамаларды тапсырды, ӨҚЕ түсіндіріп, өртке қарсы нұсқалық өткізді.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен кезекшілік атқарудан бос уақыттарында қол қою арқылы тұрғын үй мен пәтер иелеріне жадынама тапсыру бойынша жұмыс жүргізіледі, барлығы тұрғын үйлер бойынша 1190 жадынама тапсырылып, 1190 адамды қамтыған 2499 нұсқаулық жүргізілді. Мекемелерде өрт қауіпсіздік және және төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында 29 лекциялар оқылып 698 адам қамтылды.

Аудандық «Арай Луч» газеттерінде өртке қарсы және ТЖ тақырыптарында 4 мақала, сонымен қатар «Су басу мен су тасқыны қауіпі туындаған кезде тұрғындардың жүріс-тұрыс ережесі» тақырыбына жарияланды. Катонқарағай ауданның ТЖБ су тасқыны жағдайында тұрғындардың іс-қимылы туралы жадынамалар әзірленіп, таратылды.

Ауданның орталығында адамдар көп жиналатын орындарда ТЖБ қызметкерлерімен өртке қарсы тақырыпта дауысқатайтқышпен 1 сөз сөйлеу жүргізілді.

Үгіт стендтеріне Катонқарағай ауданының ТЖБ өртке қарсы үгіт және насихат желісі бойынша ақпараттық, үгіттік және оқытушылық сипаттағы материалдарды үнемі орналастырады.

2014 жылдың жарты жылдығында Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері ауданның елді мекен пунктеріндегі азаматтардың 648 адамды қамтыған 18 жиынына қатысып, тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптарын түсіндірді, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Катонқарағай ауданында 5 жаңадан салынып жатқан объектілер бар: оның 2 объектісінің құрылысы басталған жоқ және 3 объектінің құрылысы салынуда.

ТЖБ қызметкерлері Катонқарағай АІІБ және жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесе 76 адамды қамтыған 2 рейд, оның ішінде тұрмысы нашар отбасылар бойынша 2 рейд өткізді.

Тұрмысы нашар отбасылар тұратын және тұрғылықты мекені жоқ тұлғалар жүретін жерлердің өртке қарсы жағдайы, сонымен қатар құқық бұзушылыққа жақын азаматтарды тексеру АІІБ учаскелік өкілдерімен бекітілген жоспар-кестеге сай үнемі жүргізіледі. Тұрғын үйлердегі өрттердің жағдайын тұрақтандыру мәселесінің шешімі мемлекеттік деңгейдегі, оның ішінде ТМЖ тұлғаларды сауықтандыру бойынша әсерлі шаралар қабылдау арқылы бақылауды күшейту, қарттар мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау бойынша өкілетті қызметтердің жұмысын күшейту, ескі үйлер мәселесін шешу бойынша бірқатар шаралар қабылданбайынша қиындық туғызады.

Жалпыға бірдей құқықтық оқу бойынша іс-шаралар жоспарына сай, Катонқарағай ауданының ТЖБ офицерлер құрамымен, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Катонқарағай ауданы бөлімшелерінің басшы және жеке құрамымен ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, ҚР бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқаулықтарын, әкімшілік құқық бұзушылық кодексін, сонымен қатар осы МӨБ қызметін реттейтін заңнамалық актілер, нормативтік құжаттардағы қосымшалар мен өзгерістерді зерделеу бойынша сабақтар өткізілуде.

ӨСБ атқарған жұмысы

2014 жылдың 2-ші тоқсанында ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 36,37 ӨСБ-нің аумағында 15 өрт тіркелді. Салыстырмалы нәтижелерге қарағанда өрттер саны 2013 жылмен салыстырғанда азайды (2013 жылда да 8 өрт). Өрт ретінде есепке алынбайтын жану оқиғалары – 2013 жылмен салыстырғанда -277 % артты.

Өрт объектілеріне келсек өрттердің ең көп саны тұрғын секторларында, жиі кездесетін себеп – отты абайсыз пайдалану. Тұрғын секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында 2014 жылдың 2-ші тоқсанында ТЖ және 36, 37 ӨСБ-нің жеке құрамымен Катонқарағай аумағында орналасқан елді мекендердегі 1190 тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі жайлы ұсыныс түбіртегі таратылып, 2499 адамға өрт қауіпсіздігі жайлы нұсқама өткізілді және тұрмысы нашар отбасыларына бірлескен рейдтер жүргізілді.

2014 жылдың 2-ші тоқсанының қортындысы бойынша ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 36, 37 ӨСБ-нің кезекші қарауылы дабыл бойынша 81 рет шығуды жүзеге асырды.

Есеп беру уақытындағы бір қарауылдың күшімен сөндірілген өрттер саны 13 (өрт)., соның ішінде өртті АЦ сыйымдылығынан бірінші оқпанмен 2 (өрт)., бірнеше АЦ-ның сыйымдылығымен су көзіне қоймастан 11 (өрт) сөндірілді.

техникалық және маусымдық қызметтер көрсетіліп, өрт техникалық жабдықтар мен құралдар сынақтан өткізілді.

Катонқарағай ауданының ТЖБ-да штат бойынша 4 адам, 4 адам жұмыс істейді, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Катонқарағай ауданы бөлімшелерінде штат бойынша 43 адам, тізім бойынша 42 адам.

Катонқарағай аудан аумағының әртүрлі апаттарға ұшырауына біршама жақындатады – жер сілкінісі, су тасқаны, сел, боран, орман және дала өрттері, ауа температурасының төмендеуі және қарлы борандар, эпидемиялар мен эпизоотиямалар. Жабдықтар мен негізгі қордың, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның ескіруі және тозуы, табиғи реурстарды әзірлеуді қарқындату, олардың тасымалдау және қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіптің өсуі үшін нақты негізін құрайды.



Ауданда ҚР ТЖМ өртке қарсы бөлімдері жоқ елді мекендерінде орналасқан өрт сөндірудің 3 тірек пункті жұмыс істейді (Солонока, Новоберезовка, Новополяковка). Солонока тіркеу пункті солоновка ауылдық округінде қарасты жерде дала өрттерін сөндіруге қатысты. Елді мекендерді қажетті қорғаумен қамтамасыз ету және ормандала өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қосымша базалар құру қажет және өртке қарсы техникамен елді мекендерді жарақтандыру қажет.

Катонқарағай ауданының ТЖБ бастығы

өртке қарсы қызметтің подполковнигі С. Жеңісқанов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет