Дәріс 1
Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру
1. Орман питомнигіне орын таңдау
2. Питомниктің шаруашылық – ұйымдастыру жоспары
3. Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру
Питомник ұйымдастыратын жерді таңдау кезінде келесі көрсеткіштерге назар аударады: жалпы есептелген питомник көлеміне; тандалған учаскенің жағдайына өсірілетін ағаш және бұта биологиялық сәйкестігіне; қатысу жолдарының ыңғайлығына; су көздерінің жақындығы не жасанды суару ыңғайлығы; учаскеде машина мен механизмдер қолдану ммүмкіншілігі; табиғат қорғау және санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкестігі; айналадағыы өсімдіктерге; ағаш және бұта түрлерінің зиянкес жәндіктер мен аурулардың зақымдалуына;
Рельеф (жер бедері) Питомникке тандалған участіктің рельефі тегіс және жеңіл желпі бұйрат болғаны дұрыс, ылғалдылығы 2-3°аспайтын. Суарылмайтын жеңіл топырақты учаскаларда 5° ылди жерлерді пайдаланады, ал таулы жерлерде 15-20° шейін сол баурайларды міндетті түрде терассалайды. Орман және дала орман аумақтарда баурайлар бағыты - батыс және оңтүстік – батыс, ал дала аймағында – батыс, солтүстік – батыс, солтүстік - шығыс болу керек.
Гидрологиялық жағдайы. Орман питомниктерді су көзі жақын жерлерге ұйымдастыру керек. Суаратын суы тұщы немесе суда еритін тұздардың мөлшерлері аз болу керек. Егер питомникке таңдалған жердің сортандануы көміртегі, оттегі (CO2) ионмен 0,02% асса, көміртегі, оттегі қышқыл ионы (HCO2) 0,12% хлор ионы 0,03%, натрий және магний ионы 0,05% және жер астындағы минирализациясы 3г/л асса, ал хлор (Ce) ионы 1г/л кем болмаса, осындай участоктер орман питомнигіне жарамайды.
Жер астындағы судың қолайлы тереңдігі: құмды топырақ жерлерде 1-1,25 м; құмайт - 2,5м; сазды - 3-4м.
Жер астындағы су бір (1м) метрден жақын су басатын, жаңбыр және еріген су ұзақ уақыт жерсінбей тұратын жерлер питомник ұйымдастыруға жарамайды. Айтылған жерлерде көшеттердің өсуі ұзақ күзге дейін созылады, өсмдіктер толық жетілмейді, сондықтан қысқы суықтарға шыдамай өсімдіктерге зақым келеді. Ерте көктемде өткізілетін себу және көшеттер отырғызу жұмыстары дымқыл жерлерде созылады сонымен бірге басқа жұмыстарда кеш өткізіліп керекті нәтиже алынбайды. Мысалы: дымқыл жерде өскен көшеттердің тамыр жүйелері нашар дамиды, отырғызған кезде нашар жерсінеді және әр түрлі ауруларды тез қабылдайды.
Топырақ. Питомникке арналған учатоктің топырағы жеткілікті құнарлы (гумусы 2% асса), құрылымы терең және жақсы құрғатылған, механикалық ұрылысы жеңіл және орташа болуы тиісті. Питомникке жарамайтын участоктер: құнарсыз топырақты жерлер, жермен жеңіл қобырайтын топырақтар, аз тереңдікте тас немесе жарықшақтармен төселегн жерлерде, балшықтанған, торфталған, саз балшықты, структурланбаған.
Айтылған барлық топырақтардың типтеріне бірнеше жыл органикалық тыңайтқыштар қолданғаннан кейін пайдаланады. Питомниктерді шамадан жоғары сілтіленген (рН 8 асса ) топырақтарды алдын ала гипстелгеннен кейін және шамадан жоғары қышқыл топырақтарды алдын ала (известелгеннен) кейін пайдаланады.
Өсімдіктер. Питомніктің көлемінің ішіндегі және айналадағы өсімдіктер, көшеттер өсіру үшін өте күрделі әсерін тигізеді. Орман питомниктерді үлкен алаңдарда не шабылған жерлерде, айналасы сирек өскен ағаштармен қоршалған жерлерде ұйымдастырады. Тағы бір байқайтын жағдай питомникте өсетін көшеттердің түрлерінің аурулардың айналадағы өсетін ағаштармен сәйкес болмау керек.
Орман питомниктерді құрғақ оңтүстік – шығыс және салқын солтүстік желдерлен қорғау үшін арнайы қорғаныш жолақтарын отырғызады. Орман питомниктер орналасатын тамыр сабақты және тамыр атқыны тәрізді көбейетін арамшөптер мысалы: қалуен, жатаған бидайық, айрауық, мынбас шырмауық өспегені жөн, себебі арамшөптермен күресу үшін біраз уақыт күште кетеді, ал егер өссе, онда басында күресу жұмыстарын өткізу қажет.
Зиянкестер. Орман пиомниктеріде өсетін көшеттерге зақым келтіретін зиянкестер: орман питомұйымдастыратын топырақтардың және өсімдіктердің зиянкестер мен аурулардан зақым келу дәрежесін білу үшін арнайы сынамалы көлем белгіленеді, оның жалпы көлемі зерттелетін көлемінің 0,1% кем болмау керек.
Топырақта өмір сүретін зиянкестерді қазу әдісі арқылы зерттеу жұмыстарын өткізеді. Ол үшін 1га учаскеде тереңдігі 0,4 – 0, 5 м шұңқыр қазу керек (көлемі 1х1м). Қазу жұмыстарының мақсаты ауру ошағының дәрежесін және шекарасын білу. Қазып аланған топырақтар уақталып зиянкестер саны анықталажды, содан кейін 1м² кездесетін зинкестердің арифмитикалық орташасы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |