Рабочая учебная программа Мамандық: 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»



Дата13.06.2016
өлшемі160.07 Kb.
#131462
түріРабочая учебная программа




Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапалы менеджмент жүйесі

Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

МжКФ деканы
______________М. Дудкин

___________________2014 ж.


КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Жұмыс оқу бағдарламасы
ЭКСПЛУАТАЦИЯ И ОБСЛУЖИВАНИЕ ТРАНСПОРТНОЙ ТЕХНИКИ
Рабочая учебная программа

Мамандық: 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»

Дайындау бағыты: ғылыми-педагогикалық (2 жыл)

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру ҚР ЖМБС 7.09.047-2008 стандарты негізінде «Көлік және логистика» кафедрасында дайындалып, 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығындағы магистранттарға арналған.

«Көлік және логистика» кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі В. Вдовин
№____ хаттама ____________________ж.

Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.


Төраға А. Вавилов
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады


т.ғ.к., доцент М. Мұздыбаев

Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ


семестр

Кредит саны

Оқу түрі

МӨЖ сағат саны

Жалпы сағат саны

Бақылау түрі

Байланыс сағат саны

Дәріс

Семинар. (тәжір.)

оқу

Зертханал оқу

МОӨЖ

Барлық сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Күндізгі оқу түрі (бейінді бағыты)

2

2

15

15

-

15

45

45

90

емтихан

2. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


2.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
«Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету» пәні міндетті болып табылады. Ол аталған мамандық бойынша магистрді ғылыми және кәсіби тұрғыдан дайындауда маңызды роль атқарады.

«Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету» пәні дәріс оқу, тәжірибелік сабақ, сонымен қатар өздік жұмыс арқылы оқытылады.

Дәрістерде пайдаланудың қысылтаяң жағдайында көлік техникасының құрылымында болатын құбылыстардың физикалық мәнін ашатын көлік техникасын техникалық пайдаланудың теориялық негіздері, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және оның технологиясы, көліктегі экологиялық және өндірістік қауіпсіздік саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер және олардың талаптарын қамтамасыз ету әдістері қарастырылады. Оқылатын пәннің барлық бөлімдері тәжірибелік сабақтарда бекітіледі.
2.2 Пәнді оқытудағы мақсат пен міндеттер
Пәнді оқытудың мақсаты өндірісте тәжірибелік мәселелерді шешу барысында аталған мамандықтың маманына қажетті көлік техникасын техникалық пайдаланудың қолданбалы сипаттағы арнайы мәселелері бойынша магистранттардың кәсіби білімдерін кеңейту және тереңдету болып табылады.

Осы пәнді оқу көлік техникасы саласындағы болашақ магистрді кәсіби дайындауда аяқтаушы кезең болып табылады.

Пәннің міндеттері:


  • шиналарды пайдалану, оларды техникалық күту және жөндеу әдістерін;

  • аса қатаң жағдайларда (төмен температурада) көлік техникасын техникалық пайдалану ерекшеліктерін;

  • ашық алаңдарда сақтау кезінде көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қолдау әдістерін;

  • қысқы кезеңде қозғалтқышты іске қосу әдістерін;

  • тұрақты базадан тысқары жұмыс істейтін көлік техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру әдістері мен түрлерін;

  • көлік техникасына желіде техникалық көмек көрсету әдістері мен түрлерін;

  • автомобиль көлігіндегі материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін;

  • отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу әдістерін;

  • көлік техникасының зиянды әрекеттерінен қоршаған ортаны қорғау әдістері мен түрлерін;

  • автокөлік кәсіпорындарындағы техникалық қызметті ұйымдастыру мен басқару әдістері мен түрлерін;

  • аймақтағы көлік техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісінің мамандануы мен шоғырлануның әдістері мен түрлерін оқыту болып табылады.


2.3. Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі:

Магистранттар білуі тиіс:



  • төмен температураның көлік техникасының техникалдық күйіне тигізетін әсерін және аталған әсерге қарсы әрекет ету әдістерін;

  • көлік техникасын материалдық-техникалық қамтуды жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін;

  • көлік техникасын техникалық пайдалану тиімділігін арттыру іс-шараларының қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету әдістерін;

  • отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу әдістерін;

  • автокөлік кәсіпорындарында ТҚК және жөндеу өндірісін басқарудың қазіргі заманға сай әдістерін.

Дағдылары:

- көлік техникасының техникалық күйіне әсер ететін төмен температураны бейтараптандыруға арналған іс-шараларды дайындау;

- көлік техникасын материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;

- көлік техникасын техникалық пайдаланудың тиімділігін арттыратын іс-шаралардың қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкестігін бағалау;

- негізгі базадан тысқары жұмыс істейтін көлік техникасына ТҚК және жөндеу өндірісін қамтамасыз ету бойынша шаралар құрамын анықтау.

Құзыреттері:

Негізгі құзыреттер болып табылады:



  • автомоибль шиналарын пайдалану сапасын басқару жүйесін қалыптастыру қабілеттілігі;

  • көлік техникасын пайдалану жағдайының факторларын талдау;

  • отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу әдістерін қолдану қабілеттілігі;

  • автокөлік кәсіпорындарында қазіргі заманға сай ТҚК және жөндеу өндірісін басқаруды жетілдіру қабілеттілігі.



2.4 Пререквизиттер
Мамандық бойынша жоғары білімді растайтын диплом (бакалавриат).
2.5 Постреквизиттер
Диссертация.
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Оқу жұмысының жоспары


Тақырып атауы

Еңбек сыйым дылығы, сағ

1

2

Дәріс сабақтары




Тақырып 1. Кіріспе. Инженерлік-техникалық қызмет персоналы және оның ТҚК және жөндеу тиімділігін, еңбек өнімділігін, материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеуді арттыру кезінде ғылым мен техниканың жетістіктерін қолданудағы рөлі.

2

Тақырып 2. Шиналар мен доңғалақтардың құрылымының ерекшеліктері және пайдалану сапалары. Олардың құрылымдарының даму тенденциясы. Шиналар мен доңғалақтардың халықтаралық жіктемесі мен белгіленуі. Құрылымдары мен қолдану мақсаттары әртүрлі шиналардың салыстырмалы сипаттамасы. Шина құрылымының отын үнемділігіне, көлік техникасының қаіпсіздігіне, жайлылыққа әсер етуі.

2

Тақырып 3. Шиналарды пайдалану және жөндеу. Көлік техникасын сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын жалпы шығындар бабындағы шинаға кететін шығындар. Жылжымалы құрамды шинамен қамтамасыз ету.

2

Тақырып 4. Шинаның сенімділігіне әсер ететін факторлар. Шинаның тербелуге кедергісі және оған көлік техникасының техникалық күйіне әсер етуі. Пайдалану процесі кезіндегі шинаның тозуы. Шина бұжыртабанының тозуының негізгі заңдылықтары және оның автомобильдің техникалық күйінің параметріне әсер етуі.

2

Тақырып 5. Аса суық жағдайда автомобильдерді техникалық пайдалану. Гаражсыз сақтау және төмен температурада көлік техникасына қызмет көрсету. Әртүрлі климаттық жағдайда көлік техникасын гаражсыз сақтау жағдайының сипаттамасы. Көлік техникасын қыс уақытында гаражсыз сақтау ерекшеліктері.

2

Тақырып 6. Қысқы жағдайда қозғалтқышты іске қосу қиыншылығы, төмен температураның көлік техни касының сенімділігіне тигізетін әсері. Қозғалтқышты іске қосуды жеңілдету тәсілдері мен құралдары. Алдыңғы жұмыстан қалған жылуды пайдалана отырып, қозғалтқышты іске қосу, жылуды сақтау құралдары, жылудың сыртқы көздерін пайдалану, «суықтай іске қосу». Ауысымға шығар алдындағы немесе ауысым аралық уақытта қозғалтқышты қыздыруға кететін жылудың есебі.

2

Тақырып 7. Қозғалтқыштар мен көлік техникасын қыздыруға арналған құралдар мен технологиялар. Жылудың топтық көздері (ыстық су, бу, ыстық ауа, газ, электр энергиясы). Жеке қыздырғыштар. Қыздырмай қозғалтқышты іске қосу құралдары мен технологиясы. Іске қосу сұйықтарын қыста қолданылатын майлармен (көлбеу тұтқырлық-температуралық сипаттамасымен) бірге қолдану.

2

Тақырып 8. Гаражсызх сақөтау тұрақтарына арналған жабдықтар. Қыздыру құралдарымен жабдықталған ашық тұрақтарда көлік техникасын орналастыру тәсілдері. Экономикалық және энергетикалық көрсеткіштері бойынша тәсілдерді салыстыру. Төмен температурада көлік техникасын гаражсыз сақтаудың экологиялылығы мен эргономикалығы: көлік техникасында жүргізушінің жұмыс істеу шарты, пайдаланудағы ыңғайлылық, гаражсыз сақтау кезіндегі құралдар эмиссиясының қоршаған ортаға тигізетін әсері.

2

Тақырып 9. Әртүрлі климаттық аймақтар үшін жылжымалы құрамды гаражсыз сақтау құралдары мен тәсілдерін таңдау әдістемесі. Өртке қарсы іс-шаралар мен еңбекті қорғау. Агрессиялы ортада жылжымалы құрамды пайдалану ерекшеліктері, сенімділікке әсер етуі, көлік техникасының ТҚК және жөндеу нормативтері.

2

Тақырып 10. Көлік техникасын тұрақты базадан тысқары қолдану мен жұмыс істеу жағдайының сипаттамасы мен жіктемесі. Көлік техникасының жылжымалы құрамын іріктеуге мен жеке құрамды жасақтауға қойылатын талаптар. Тұрақты базадан тысқары жұмыс істейтін көлік техникасына ТҚК мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру.

2

Тақырып 11. Тұрақты базадан тысқары жұмыс істейтін көлік техникасына ТҚК мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру түрлері. ТҚК мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудың типтік сұлбалары. Жылжымалы құрамның нақты жұмыс жағдайы үшін ұйымдастыру сұлбасын таңдау және негіздеу.

2

Тақырып 12. Көлік техникасына ТҚК мен АЖ-дің жылжымалы және егістік құралдарының құрылымдары мен жабдықтары. Көлік техникасына ТҚК мен АЖ-дің жылжымалы және егістік құралдарының жабдықтарының жіктемесі. Оларға қойылатын техникалық талаптар. Жылжымалы механикаландырылған колонналарды, автоотрядтарды, автоколонналарды ұйымдастырудың типтік сұлбалары. Желіде техникалық көмекті ұйымдастыру.

2

Тақырып 13. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және көлік техникасын пайдалану кезінде ресурстарды үнемдеу. Қоймалардың құрылысы. Қойма операцияларын механикаландыру мен автоматтандыру. Негізгі есепке алу құжаттары мен құжат айналымы. Жинақтау, жуу-ақауды қалпына келтіру учаскесінің, аралық қойманың мақсаты, міндеттері және құрамы. Аралық қоймадағы қорларды азайтпауды қолдауды басқару және нормалау жүйесі.

2

Тақырып 14. Көлік техникасына қосалқы бөлшектер мен материалдарды жоспарлау мен қамтамасыз етумен байланысты кәсіпорынның құрылымы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрлері мен әдістері. Қосалқы бөлшектер, отын және материалдар шығындарын нормалау және қамтамасыз ету ұйымдарында тапсырысты жүзеге асыру тәртібі.

2

Тақырып 15. Көлік техникасын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Өндірісті және орындаушыларды шоғырландыру, бірлестіру, мамандандыру. Көлік техникасына ТҚК және жөндеу өндірісін ұйымдастыру әдістері мен түрлері. Еңбекті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарында инженерлік-техникалық қызмет персоналын басқару құрылымы.

2

Семинарлық (тәжірибелік) сабақтар




Тақырып 1. Инженерлік-техникалық қызмет құрылымын талдау. МАмандардың лауазымдық міндеттерін бөлу.

1

Тақырып 2. Құрылымы мен қызметіне байланысты шиналардың жіктемелдік сипаттамасы мен талдауы. Шинаның отын үнемділігіне, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығына тигізетін әсерін бағалау.

1

Тақырып 3. Шинаға кететін шығындарды (сатып алу мен пайдалануға) талдау және бағалау. Шинаның жүруін есептеу.

1

Тақырып 4. Шина бұжыртабанының тозуының дәрежесі мен қарқындылығын бағалау. Тозу себептерін (автомобильдің техникалық параметрлерінің күйін) талдау.

1

Тақырып 5. Қыс кезінде көлік техникасын гаражсыз сақтауды қандай да бір кәсіпорын үлгісінде талдау.

1

Тақырып 6. Ауысымға шығар алдындағы немесе ауысым аралық уақытта қозғалтқышты қыздыруға қажетті жылу көлемін есептеу.

1

Тақырып 7. Қозғалтқыш пен көлік техникасын қыздыруға дайындаудың технологиялық картасын құрастыру.

1

Тақырып 8. Қыздыру құралдарымен жабдықталған ашық тұрақтарға арналған жабдықтарды іріктеу.

1

Тақырып 9. Әртүрлі климаттық аймақтар үшін жылжымалы құрамды гаражсыз сақтау құралдары мен тәсілдерін таңдау әдістемесі.

1

Тақырып 10. Негізгі базадан тыс жұмыс істеу үшін көлік техникасы отрядының (колонна) құрамын қалыптастыру және жеке құраммен жинақтау.

1

Тақырып 11. Негізгі базадан тыс жұмыс істеу үшін көлік техникасының отрядына (колонна) ТҚК мен АЖ-ді ұйымдастыру сұлбасын құрастыру.

1

Тақырып 12. Желідегі техникалық көмек құрамын қалыптастыру.

1

Тақырып 13. Жинақтау, жуу-ақауды қалпына келтіру учаскесінің, аралық қойманың қызметін талдау.

1

Тақырып 14. Көлік техникасын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық сұлбасын құрастыру.

1

Тақырып 15. Көлік техникасына ТҚК мен жөндеу өндірісін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдау және негіздеу.

1

Магистранттың оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы




Тақырып 1. Инженерлік-техникалық қызмет құрылымын талдау. Мамандардың лауазымдық міндеттерін бөлу.

1

Тақырып 2. Құрылымы мен қызметіне байланысты шиналардың жіктемелдік сипаттамасы мен талдауы. Шинаның отын үнемділігіне, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығына тигізетін әсерін бағалау.

1

Тақырып 3. Шинаға кететін шығындарды (сатып алу мен пайдалануға) талдау және бағалау. Шинаның жүруін есептеу.

1

Тақырып 4. Шина бұжыртабанының тозуының дәрежесі мен қарқындылығын бағалау. Тозу себептерін (автомобильдің техникалық параметрлерінің күйін) талдау.

1

Тақырып 5. Қыс кезінде көлік техникасын гаражсыз сақтауды қандай да бір кәсіпорын үлгісінде талдау.

1

Тақырып 6. Ауысымға шығар алдындағы немесе ауысым аралық уақытта қозғалтқышты қыздыруға қажетті жылу көлемін есептеу.

1

Тақырып 7. Қозғалтқыш пен көлік техникасын қыздыруға дайындаудың технологиялық картасын құрастыру.

1

Тақырып 8. Қыздыру құралдарымен жабдықталған ашық тұрақтарға арналған жабдықтарды іріктеу.

1

Тақырып 9. Әртүрлі климаттық аймақтар үшін жылжымалы құрамды гаражсыз сақтау құралдары мен тәсілдерін таңдау әдістемесі.

1

Тақырып 10. Негізгі базадан тыс жұмыс істеу үшін көлік техникасы отрядының (колонна) құрамын қалыптастыру және жеке құраммен жинақтау.

1

Тақырып 11. Негізгі базадан тыс жұмыс істеу үшін көлік техникасының отрядына (колонна) ТҚК мен АЖ-ді ұйымдастыру сұлбасын құрастыру.

1

Тақырып 12. Желідегі техникалық көмек құрамын қалыптастыру.

1

Тақырып 13. Жинақтау, жуу-ақауды қалпына келтіру учаскесінің, аралық қойманың қызметін талдау.

1

Тақырып 14. Көлік техникасын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық сұлбасын құрастыру.

1

Тақырып 15. Көлік техникасына ТҚК мен жөндеу өндірісін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдау және негіздеу.

1

Магистранттың өздік жұмысы




Тақырып 1. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындаудың технологиялық процесін қалыптастыру.

5

Тақырып 2. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында жұмыстарды орындау орны мен тәсілдерін таңдау

5

Тақырып 3. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында ТҚК-дің техникалық шартын түзету

5

Тақырып 4. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында ТҚК операцияларын орындауға арналған технологиялық жабдықтардың, құралдардың, саймандардың номенклатуасын іріктеу.

5

Тақырып 5. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында ТҚК жабдықтарына қажеттілікті анықтау және олардың санын есептеу.

5

Тақырып 6. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында ТҚК-дің технологиялық процесінің операцияларын орындауға кететін уақыт есебі.

5

Тақырып 7. Қысылтаяң жағдайда пайдалануға түйіндерді/агрегаттарды дайындау барысында ТҚК орындаушыларына қажеттілікті және олардың біліктілігін анықтау

5

Тақырып 8. Көлік техникасының негізгі өндірістік базадан тыс жұмыс істеу кезінде түйіндерге/агрегаттарға арналған қосалқы бөлшектердің нормасын түзету.

5

Тақырып 9. Көлік техникасын негізгі өндірістік базадан тыс пайдалану кезінде түйіндерге/агрегаттарға ағымдағы жөндеу жүргізуге технологиялық процесті бейімдеу

5

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Негізгі әдебиеттер
1 Техническая эксплуатация автомобилей. Е.С.Кузнецов. – Наука, 2001. – 534 с.

2 Техническая эксплуатация автомобилей. Н.А. Коваленко, В.П. Лобах, Н.В. Вепринцев. - Новое знание, 2008. – 352 с.

3 Техническая эксплуатация автомобилей: Учебник для ВУЗов./под ред. Г.В.Крамаренко. – М.: Транспорт, 1983. – 488 с.

4 Кузнецов Е.С. Управление технической эксплуатацией автомобилей. – М.: Транспорт, 1982. – 224 с.


Қосымша әдебиеттер
5 Крамаренко Г.В., Николаев В.А., Шаталов А.И. Безгаражное хранение автомобилей при низких температурах. – М.: Транспорт, 1984. – 136 с.

6 Руководство по техническому обслуживанию и текущему ремонту автомобилей, работающих в отрыве от основной базы. – Алма-Ата, 1977. – 138 с.

7 Власов В.М. Управление технологическими процессами ТО и ТР автомобиля. Ч.I. – М.: МАДИ, 1982. – 74 с.

8 Правила технической эксплуатации автотранспортных средств. Утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2008 года N 203.



9 ГОСТ 4754. Межгосударственный стандарт. Шины пневматические для легковых автомобилей, прицепов к ним, легковых грузовых автомобилей и автобусов особо малой вместимости.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет