Радиациялық авариялар жайында сұрақтар



Дата15.12.2023
өлшемі35.16 Kb.
#486712
file-2509 5

1.8 Радиациялық авариялар жайында сұрақтар




  1. Авариялар классификациясы.

  2. Радиациялық - қауіпті авариялардың алдын – алу.

  3. Радиациялық авариялар кезіндегі көмектің бес деңгейі мен санитарлық медициналық жәрдем көрсету.

  4. Сәулелік жарақаттану кезінде бірінші көмек көрсету.

  5. Алдын - ала санитарлық бақылау.


Күрделі авариялар мен табиғат апаттары нәтижесін жою анализі көрсеткендей, апаттардың түрі мен олардың күрделілігіне қарамастан дереу медициналық көмек (ДМК), қауіп төндіру мүмкіндігі бар жұмыс орындарымен, табиғат апаттары болу салдары бар аудандарына жақын орналасқан емдеу-профилактикалық мекемелердің күшімен жүзеге асырылуы қажет. Дереу медициналық көмек көрсету қызметінің бірінші буыны - емдеу профилактикалық мекемелердің базасында құрылған дереу қызмет көрсету жасақтары (ДККЖ) болып саналады. ДККЖ қауіп төндіру мүмкіндігі бар объектілерде немесе табиғат апаты болу қаупі бар аудандардың орталық емдеу-профилактикалық мекемелерінде қызмет көрсетеді. ДККЖ құрамына кіретіндер: авария кезінде ДМК көрсетуші радиолог - дәрігер (2), гематолог - дәрігер - лаборант (1), физик - дозиметрист (2), гигиенист - гематолог (1).
Ұйымдастыру, қаржыландыру, материалдық техникалық қамтамасыздандыру ДККЖ кіретін емдеу профилактикалық мекеме жауапты.
Жасақтың негізгі мақсаты – жарақат алғандарға ДМК көрсетіп, оларды жергілікті емдеу мекемелеріне жеткізу. Егер жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің көмегі жеткіліксіз болса, аудандық және орталық ДМК көрсету қызметтерінің ДККЖ қызметі дереу іске қосылады.
ДМК-ның аймақтық орталықтары дереу және жоспарлы консультативті көмек көрсету станциялары негізінде ұйымдастырылады. Олардың ұйымдастыру штаттық құрылымы радиациялық қауіпті объектілердің сипаты мен санына байланысты. Сонымен қатар бұл объектілер орналасқан аймақтың экономикалық, экологиялық, географиялық және климат ерекшеліктері ескеріледі.
Аймақтық орталықтардың міндеті:
Авария болғанға дейін дайындық мерзімде, аймақта мүмкін болатын радиациялық авариялардан кейінгі қажет болатын медициналық-экологиялық көмек көрсету көлемін болжау; мемлекеттік бақылау ұйымдарымен және азаматтық қауіпсіздік жасақтарымен байланысу; жетпіс екі тәулік мерзімінде ДККЖ-ның жұмыс істеу есебінен медициналық көмек көрсету заттарының қорын жинау; радиоактивті заттар көп мөлшерде қоршаған ортаға таралған жағдайда, жарақаттанғандар мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жолдарын анықтау; жарақаттанғандарды эвакуациялауға ДККЖ дайындығын тексеру.
Авария болған жағдайда келесі іс-шаралар орындалады: апат болған жерге, аймақтық орталықтың жауапты мүшелері ДККЖ құрылымын бағыттайды; апат болған объектімен үздіксіз хабарласып, ондағы жағдайды денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіледі; қажет болған жағдайда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылады.
Қосымша күштерді көтеру жөніндегі сұрақты шешу үшін, радиациялық авариялар кезінде көрсетілетін ДМСК критерийлер шкаласы қолданылады. Осыған байланысты қатысудың (вмешательство) 5 деңгейі бар:

БЕСІНШІ ДЕҢГЕЙ


Негізгі критерийлері:

  • персоналдың 1 Грей дозасынан артық сәулеленуі;

  • күю, аралас жаралар алу және өзге де жарақаттар алу;

  • тұрғындарды қорғау жөнінде дереу көмекті талап ететін, қоршаған ортаға радиоактивті заттардың көп мөлшерінің тарауы;

Авария түрі:

  • МАГАТЭ - ның АЭС радиациялық авариялар түрлерінің 7-5 деңгейлер шкаласына сәйкес келетін ядролық энергетикалық қондырғыларда (ЯЭҚ) болатын авариялар;

  • радиоактивті материалдарды (ядролық отын, радиоактивті қалдықтар) тасымалдау кезінде болатын авариялар;

  • кемелердің ЯЭҚ-да болатын авариялар.


Көмек көрсету сипаты:

  • жартылай немесе толық ВАГ қызметін іске қосу;

  • ВАГ қызметін ДККЖ қызметімен қосымша қамтамасыз ету;

  • медициналық-санитарлық бөлімдермен ДККЖ-ның база орталықтарының күштерін бағыттау;

  • арнайы емдеу мекемелерін тарту.


Негізгі функциялар:

  • жарақаттану диагностикасын өткізіп, жарақаттанғандарды жарақат алу деңгейіне байланысты бөлу;

  • жедел медициналық көмек көрсету;

  • жарақат алған адамдарды эвакуациялап, арнайы жасақталған стационарларға жеткізу;

  • жергілікті тұрғындар мен объект персоналын тексеру бойынша іс- шараларға қатысу;

  • санитарлық гигиеналық іс-шараларды өткізу;

  • жергілікті тұрғындар мен объект персоналының әрі қарайғы сәулеленуін алдын-алу жөніндегі мәселелерді шешу.


ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙ
Негізгі критерийлері:

  • персоналдың 1 Грей дозасынан артық сәулеленуі;

  • жұмыс орындары мен ондағы құрылғылар тазалығының бұзылуы;

  • жедел медициналық көмекті талап ететін жарақаттардың болу мүмкіндігі;

  • жедел медициналық көмекті талап ететін адамдар саны 50-ден аспау керек.

Авария түрі:

  • МАГАТЭ- ның АЭС радиациялық авариялар түрлерінің 5-4 деңгейлер шкаласына сәйкес келетін ядролық энергетикалық қондырғыларда (ЯЭҚ) болатын авариялар;

  • транспорттық авариялар;

  • радиоактивті қалдықтар қоймаларында болатын авариялар;

  • радиоактивті материалдарды (ядролық отын, радиоактивті қалдықтар) пайдалану немесе оларды өндірумен байланысты кәсіпорындардың жеке технологиялық учаскелері мен зерттеу лабораторияларында болатын авариялар;

  • кемелердің ЯЭҚ-да болатын авариялар;

  • радиоактивті изотоптың көп мөлшері бар жабық радиоактивті көздерінің герметизациялануы бұзылып, олардың сыртқа шығуына байланысты болатын авариялар.

Көмек көрсету сипаты:



  • ВАГ қызметін жартылай іске қосу;

  • базалық орталықтың ДККЖ қызметін тарту;


Негізгі функциялар:

  • апат болған объектінің радиация деңгейіне баға беру;

  • жарақаттану диагностикасын өткізіп, жарақаттанғандарды жарақат алу деңгейіне байланысты бөлу;

  • жедел медициналық көмек көрсету;

  • жарақат алған адамдарды эвакуациялап, арнайы жасақталған стационарларға жеткізу;

  • жергілікті тұрғындар мен объект персоналын тексеру бойынша іс шараларға қатысу;

  • санитарлық гигиеналық іс-шараларды өткізу;

  • объект персоналының әрі қарай сәулеленуін алдын алу жөніндегі мәселелерді шешу.

Төртінші деңгейдің функцияларын қарастырғанда, мұндағы жарақаттар санының аздығын ескеру қажет. Сонымен қатар бұл деңгейде жергілікті тұрғындар денсаулығына қауіп төнбейді.

ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ

Негізгі критерийлер:



  • жалпы ағзаға есептегенде, персоналдың сәулеленуі 0,5-1,0 Грей дозасынан артық болмауы керек;

  • локальды сәулеленудің жоғарғы дозаларын сіңіру мүмкіндігі;

  • іштей сәулелену мүмкіндігі;

  • кәсіпорынның жұмыс орындары мен ондағы құрылғыларына радиоактивті заттардың таралуы;

  • жедел медициналық көмекті талап ететін адамдар саны 15-20 аспауы керек;

Авария түрі:

  • МАГАТЭ- ның АЭС радиациялық авариялар түрлерінің 3 деңгейінің шкаласына сәйкес келетін ядролық энергетикалық қондырғыларда (ЯЭҚ) болатын авариялар;

  • радиоактивті материалдарды (ядролық отын, радиоактивті қалдықтар) пайдалану немесе оларды сақтаумен байланысты кәсіпорындардың жеке технологиялық учаскелері мен зерттеу лабораторияларында болатын авариялар;

  • радиоактивті изотоптың көп мөлшері бар жабық радиоактивті көздерінің герметизациялануы бұзылып, олардың сыртқа шығуына байланысты болатын авариялар.

Көмек көрсету сипаты:

  • ДККЖ қатысуы;

  • санитарлық-эпидемиялогия мамандарын іске қосу;

  • жекелеме зерттеулер жүргізіп, диагнозды толыққанды қою үшін, арнайы стационардың шектеулі қатысуы.

Негізгі функциялар:



  • апат сипатына және радиацияның таралу сипатына аға беру;

  • радиациялық факторға душар болған адамдарды дозиметриялық тексеруден өткізу;

  • арнайы стационар қарамағында әрі қарайғы емделу қажеттілігін анықтау;

  • объект персоналының әрі қарайғы сәулеленуін алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру.

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ



Негізгі критерийлер:

  • 0,25-0,5 Грей дозасы шамасында сәулеленген адамдар санының шектеулілігі (15адамнан кем емес);

  • кәсіпорынның жұмыс орындары мен ондағы құрылғылардың шектеулі санының радиоактивті заттармен сәулеленуі;

  • радиоактивті заттардың қоршаған ортаға аз мөлшерде түсуі.

Авария түрі:

  • МАГАТЭ - ның АЭС радиациялық авариялар түрлерінің 3 деңгейінің шкаласына сәйкес келетін ядролық энергетикалық қондырғыларда (ЯЭҚ) болатын авариялар;

  • радиоактивті материалдарды (ядролық отын, радиоактивті қалдықтар) пайдалану немесе оларды сақтаумен байланысты кәсіпорындардың жеке технологиялық учаскелері мен зерттеу лабораторияларында болатын авариялар;

  • радиоактивті изотоптың көп мөлшері бар жабық радиоактивті көздерінің герметизациялануы бұзылып, олардың сыртқа шығуына байланысты болатын авариялар.

Көмек көрсету сипаты:

  • аймақтық аза орталығы мен ДККЖ қызметінің қатысуы;

  • санитарлық-эпидемилогиялық мамандардың қатысуы.

Негізгі функциялары:

  • радиацияның таралу қаупіне шектеулі мөлшерде баға беру;

  • сәулелену дозасымен ішкі улануды бағалау үшін зерттеулер жүргізу;

  • санитарлық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру.

БІРІНШІ ДЕҢГЕЙ


Негізгі критерийлер:



  • персонал сәулеленуінің аз мөлшері ;

  • кәсіпорын учаскелерінің радиоактивті заттармен аз улануы;

  • территорияның локальды учаскелерінің улануы мен радиоактивті көздердің табылуы.


Авария түрі:

  • ионизациялау сәулелерінің сыртқа шығуымен байланысты құрылғыларды эксплуатациялау ережелерінің бұзылуы;

  • ашық және жабық радиоактивті көздерін сақтау мен эксплуатациялау ережелерінің бұзылуы;


Көмек көрсету сипаты:

  • санитарлық-эпидемиялогия мамандары және база орталығы мүшелерінің қатысуымен апаттың болу салдарын анықтау;

  • консультация өткізу;

  • экспертиза қорытындыларын дайындау.

Негізгі функциялар:



  • апаттың болу салдарын анықтауды ұйымдастыру;

  • жиналған мәліметтерге баға беру;

  • нәтижелер бойынша құжаттар дайындау.

Қалыпты жағдайда радиацияның әсері басқа да улы радиациялық емес факторлармен (күю, улану, азот оксидінің ағзаға түсуі, фтор және қышқылдар мен негіздердің әсері) қоса жүреді. Жарақат алғандарға жедел дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.Содан соң жоғарғы дәрежеде арнайы медициналық көмек шаралары көрсетіледі. Ең соңында, экспертизалық қорытынды нәтиже негізінде жұмысқа орналастыру шаралары орындалады.


Жедел дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек радионуклидтермен көп мөлшерде сәулеленгенде, 1 Грей дозасынан артық сыртқы сәулелену кезінде, 10 Грей дозасымен локальды сәулеленгенде көрсетіледі. Жедел дәрігерге дейінгі көмек апат болған кәсіпорындардың күштерімен көрсетіледі. Ал дәрігерлік көмек ДККЖ күштерімен жүзеге асырылады. 1-3 сағаттан кем емес мерзімде жарақат алғандарды медициналық тексеруден өткізіп, арнайы ем жүргізу үшін госпитализациялайды.
Дәрігерлік көмекті адамдар сәулеленген мезеттен (минут, сағат) бастап, көрсетеді. Дәрігерлік көмек дәрігерге дейінгі көрсетілетін көмектің тиімділігін тексеріп, оны толықтырады. Дене бөлігінің радиациялық жарақаттану немесе сәулелік ауруды туғызатын үлкен дозалардағы сыртқы сәулелену кезінде жедел (экстренная) медициналық көмек көрсетіледі. Бұл көмек кәдімгі стационарларда немесе жарақаттың күрделілігіне байланысты арнайы емдеу мекемелерінде жүзеге асырылады. Бұл медициналық көмектің негізгі принциптері.
Хабарлаушы санитарлық бақылау келесі радиологиялық объектілерді бақылайды: ионизация сәулелер көзіменен жұмыс жасайтын орындар, радиоактивті заттарды тасымалдау және сақтау қоймалары, радиоактивті заттарды көму орындары. Осы объектілерді бақылау радиациялық қауіпсіздікті сақтаудың дәлелі болып табылады. Бұл бақылауды жүзеге асырғанда, тек қана жалпы сипаттағы санитарлық бақылау жөніндегі құжаттардан басқа, арнайы мемлекеттік – нормативтік құжаттар мен радиологиялық объектілерге қатысты денсаулық сақтау министрлігінің көрсетілімі қажет.
Санитарлық бақылау талаптарын орындау радиациялық гигиенаның негізгі сауалдарын жүзеге асыру болып табылады. Радиациялық жарақаттану мен ауруларды алдын-алу және радиоактивті сәулелердің зиянды әсерін төмендету РҚН-99 білу арқылы жүзеге асырылады.
Ионизация сәулелерінің көзі пайдаланылатын объектілерді бірнеше топқа бөлуге болады: химиялық қызмет объектілері (стационарлы және қозғалмалы жөндеу бөлмелері, радиоактивті заттарды сақтау қоймалары); ионизация сәулелерінің көзімен жұмыс істейтін әскери бөлімдер, құрылыс ұйымдар және кәсіпорындардың объектілері (өндірістік гамма және рентгенодефектоскопия); емдеу-профилактика мекемелерінің объектілері (рентгенодиагностикалық бөлімдер, радиоизотоптық және радиоемдеу бөлімдері).
Медициналық қызмет, әскери аймақта (флот) салынатын барлық радиологиялық объектілерді тіркеуге міндетті. Тіркеу жасалмаған жағдайда, тек қана жобалау бойынша ғана емес, осы объектілерді санитарлық бақылау бойынша да барлық іс-әрекеттер бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар объектілердің алдын-ала жобаланбайтынын ескеру керек. Ал жобаланған жағдайда да, медициналық қызмет мамандарымен келіспей орындалғандықтан, орнатылған талаптардан үлкен ауытқулар болады. Сондықтан медициналық қызмет құрылыс фирмаларымен, жобалау ұйымдарымен дер кезде хабарласып, жүргізілетін жұмыс жайлы ақпарат алғаны дұрыс. Қазіргі кезде, бұл жағдай көп әскери аймақпен флоттарда, жалпылама алып қарағанда, жөнделді деп санауға болады.
Медициналық қызметтің белсенді қатысуы, радиологиялық объекілердің құрылысы толық аяқталғаннан кейін де қажет. Объектілердің көбі шаруашылық әдіспен салынғандығын ескеру керек. Объектілерді қабылдау комиссиясының құрамына объект территориясында санитарлық бақылауды жүзеге асыратын санитарлық-эпидемиялогия мекемесінің мүшелері кірмейді. Оларды,тіпті рентген кабинеттерін эксплуатациялағанда да комиссия құрамына қоспайды.
Санитарлық бақылаудың негізгі мақсаттарының бірі болып жобалау құжаттарын тексеру саналады. Нақты айтқанда, осы құжаттардың, орнатылған санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігін тексереді.
Стационарлы жөндеу-градуировка жасау орындарымен радиациялық материалдарды сақтау қоймасын салу үшін де сәйкес жобалар әзірленеді. Бірақ алғашқы кезде, әскери аймақтарда, қабылданған жобаларға сәйкес келмейтін объектілер салынады. Сондықтан бұл мәселені қарастырғанда, жұмыс орындарын сәулелендіру көзінен сақтау шаралары және қорғайтын қоршаулардың эффективтілігі, сигнализация жүйесінің жарамдылығы, активтілігі жоғары иондалу көздерімен жүргізілетін операциялардың механикаландырылуы, вентиляция және жарық беру жүйелерінің талаптармен сәйкестігіне көп назар аудару керек.
Емдеу-профилактикалық мекемелердің рентгенологиялық бөлімдері сәйкес санитарлық талаптарға сай жобалануы керек.
Ашық радиоактивті заттар көзімен жұмыс жасау, негізінен аймақтың әскери емханаларындағы родиоизотоптық бөлімдерінде жүзеге асырылады.Бұл бөлімдер радиотерапия әдісін пайдаланады. Осыдай объектілерді жобалау, салу, жөндеу бойынша санитарлық бақылау өткізгенде, ЦВМУ МО СССР № 101 басшылығының 1.03.1986 ж. Қабылданған талаптарға сәйкестігін тексеру керек. Бұл талаптарға келесі бөлімдер кіреді: әскери емханалардың радиоизотоптық диагностика бөлімшелерінің құрылымы мен эксплуатациясының санитарлық талаптары; радиоизотоптық диагностика лабораториясының М3-СССР №4-129-11-4140-86 СанЕН; «санитарлық-гигиеналық нормалар» және «Радондық лабораториялар және радиотерапия бөлімдері» бойынша СанЕН талаптары.
Ашық радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған объектілерді салу, жөндеу, жобалауда келесі міндеттерді мұқият сараптау керек: оъектінің орналасқан жері; қадағалау аймағымен санитарлық қорғау аймақтарын анықтау; өткізілетін жұмыс күрделілігіне байланысты жұмыс орындарын жобалау; радиоактивті заттармен жүргізілетін барлық жұмыстарды механикаландыру және герметизациялау; сыртқы сәулеленуге қарсы сенімді қорғаныс ұйымдастыру; вентиляцияның эффективті жұмыс істеуіне кепілдік алу; арнайы материалдармен жұмыс орындарының сыртын қаптау; жөндеу жұмыстарын, дезактивацияны апат салдарынан болған улануды жоятын арнайы жасақтардың жұмыс орнын әзірлеу; атмосфераға түсетін радиоактивті заттардан ауаны тазарту; радиоактивті қалдықтарды жаю; саншлюздарды ұйымдастыру.
Чернобыльда болған авариядан кейін, радиациялық фактормен байланысты көп мәселелер көтерілді. Олардың ішіндегі ең бастысы - жергілікті тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі. Егер АЭС авариясынан кейін жақын орналасқан аудандардағы адамдардың қауіпсіздігі толғандырса, қазір бұл проблема өзінің географиялық шекарасын кеңейтті. Табиғи иондалған сәулелену көзі, сәулеленудің жалпы дозасына қосатын үлесі 70% Бұл дозаның қомақты бөлігі (80 % дейін) адамдар тұрғын және қоғамдық орындарда болғанда алады. Сонымен қатар, жұмыс орын ішінде, адам тек қана құрылыс материалдарындағы радиоактивті материалдардан бөлінетін гамма сәулелермен сәулеленіп қана қоймай, ауадағы радонның реакция нәтижесінде пайда болатын екінші ретті өнімдерін жұтады.Осы мәселелерді шешу үшін, уақытша критерийлер қабылданады. Олар мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қолымен бекітіледі.
Бақылау сұрақтары:

  1. Радиациялық апаттардың классификациясын келтіріңіз.

  2. Радиациялық апат кезінде қатысудың деңгейлерін атаңыз.

  3. Радиациялық-қауіпті апаттарды алдын-алу бойынша қандай шаралар жүргізіледі?

  4. Сәулеленген жағдайда көрсетілетін жедел медициналық көмек жайлы айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет