Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 1000,0 мг пирацетам



Дата09.06.2016
өлшемі66 Kb.
#124914
түріҚұрамы







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2010 жылғы “ 20 ” 01

№ 31 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН





Дәрілік заттың медицинада

қолданылуы жөніндегі

нұсқаулық
ПИРАЦЕТАМ
Саудалық атауы

Пирацетам


Халықаралық патенттелмеген атауы

Пирацетам


Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 20% ерітінді, 5 мл


Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында



белсенді зат – 1000,0 мг пирацетам,

қосымша заттар: натрий ацетаты, ерітілген сірке қышқылы, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе сәл боялған сұйықтық


Фармакотерапиялық тобы

Басқадай психикалық әрекеттерді ынталандырғыш және ноотропты дәрілер

АТЖ коды N06BX03
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізгеннен кейін пирацетам жақсы сіңеді және әртүрлі ағзаларға және тіндерге енеді. Қанда ең жоғары қанығу деңгейі, адамға препаратты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң байқалады. Гематоэнцефалиялық және плацентарлы бөгеттер арқылы өтеді. Ми тіндерінде әрбір 1-4 сағат сайын жиналады. Жұлын сұйықтығынан, басқа тіндерге қарағанда, едәуір баяу шығарылады, ол ми тіндеріне жоғары тропизмді айғақтайды. Организмде пирацетам биоөзгеріске тіпті ұшырамайды және өзгермеген күйінде бүйректер арқылы бөлініп шығады. Жартылай шығарылу кезеңі 4,5-5 сағатты құрайды. Биожетімділігі 100%-ға жуық дәрілік түрге тәуелді емес.



Фармакодинамикасы

Пирацетам ноотропты препарат болып табылады.

Пирацетам оқу, есте сақтау, зейін қою қабілеті сияқты когнитивті (танымдық) процестерді, сондай-ақ тыныштандырушы әрі психикалық әрекеттерді көтермелей-ақ әсерді дамытпай ойлау қабілетін жақсарта отырып миға тікелей әсер етеді. Түрлі жолдармен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді: мидағы қозудың таралу жылдамдығын өзгертеді, жүйке жасушаларындағы метаболикалық үдерістерді жақсартады, қанның реологиялық сипаттамаларына әсер ете отырып, қан тамырлары кеңеюін туындатпай отырып, микроциркуляцияны жақсартады. Ми жарты шарларының арасындағы байланыстарды және неокортикальдік құрылымдардағы синапстық өткізгіштікті жақсартады, ойлау қабілетін жақсартады, мидағы қан ағымын жақсартады. Пирацетам тромбоциттер агрегациясын тежейді және эритроцит жарғақшаларының иілгіштігін қалпына келтіреді, эритроциттер адгезиясын азайтады.

Препараттың гипоксия, уыттану немесе жарақаттардың салдарынан ми қызметі бұзылғанда протекторлы және қалпына келтіретін әсері бар. Пирацетам вестибулярлы нистагмның айқындылығы мен ұзақтығын азайтады.


Қолданылуы

Неврологиялық тәжірибеде:

  • жадының, зейіннің, сөйлеудің бұзылуы, бас айналу және бас ауыру түрінде білінетін цереброваскулярлы созылмалы жеткіліксіздік құбылыстары бар бас мидың қантамырлық ауруларында (атеросклероз, артериялық гипертензия, қантамырлық паркинсонизм)

  • ми қан айналымының бұзылуында

  • генезі қан тамырлық, жарақаттық және әртүрлі, жарақаттан кейінгі коматозды және субкоматозды жағдайларда

  • егде жастағы адамдарда жады бұзылғанда, зейінді жұмылдыру төмендегенде

Психиатриялық іс-тәжірибеде:

  • клиникалық көрінісінде адинамия, астениялық және сенесто-ипохондриялық бұзылулар белгілері, идиомоторлы тежелушілік құбылыстарының белгілері басым болатын депрессиялық жағдайларда

  • енжар-апатикалық ақаулы жағдайларда

  • сенильді және атрофиялық үдерістерде

  • психикалық ауруларда (жиынтық ем құрамында)

  • қояншық ауруында

Наркологиялық іс-тәжірибеде:

  • маскүнемдікте және нашақорлық кезінде болатын абстинентті, сандырақ алды және сандырақтан кейінгі жағдайларды басуға

  • алкогольмен, морфинмен, барбитураттармен, фенаминмен және басқалармен жедел уланған кезде

  • психикалық қызметі тұрақты бұзылған созылмалы маскүнемдікте


Қолдану тәсілі және дозалары

Пирацетам бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне (тамшылатып), ересектерге, бастапқы дозасы 2,0-4,0г (2-4 ампулалар) және 2-4 г-нан бастап, дозаны тәулігіне 4,0-6,0 г-ға дейін (4-6 ампулалар) жеткізе отырып, енгізіледі. Емделушілерге көктамырға енгізген ауыр жағдайларда тәуліктік доза 12 г-ды құрауы мүмкін. Балаларға дене салмағына шаққанда тәулігіне 30-50 мг-нан, 1 жастан 5 жасқа дейінгілерге тәулігіне 0,6-0,8 г-нан, 5-16 жастағыларға - тәулігне 1,2-1,8 г-нан, 8-13 жастағыларға (оқу қабілеті төмендегенде) – тәулігіне 3,3 г-ға дейін.


Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату, асқазан мен іштің ауыруы

- бас айналуы, бас ауыруы, атаксия, қимылдаудың тежелуі, зейінді жұмылдыру қабілетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы

кейбір жағдайларда

- әлсіздік, ұйқышщылдық

- абыржу, қозу, қобалжу, елестеу, жыныстың жоғарлауы

- аллергиялық раекциялар (дерматит, қышу, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)


Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ препараттың құрамдас бөліктеріне жоғарғы сезімталдықта

  • ми қан айналымының жедел бұзылуында (геморрагиялық инсультте)

  • бүйрек қызметінің айқын жеткіліксіздігінде

  • 1 жасқа дейінгі балаларға.

  • жүктілікте және лактация кезеңінде


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пирацетам қалқанша без гормондары және антипсихотикалық дәрілік препараттардың (нейролептиктер) тиімділігін арттырады. Бір мезгілде нейролептиктермен бірге тағайындағанда пирацетам экстрапирамидалы бұзылулуар пайда болу қаупін азайтады. ОЖЖ көтермелегіштерін бір мезгілде қолданғанда психиканы көтермелейтін әсерлер күшеюі мүмкін.


Айрықша нұсқаулар

Пирацетамның тромбоциттер агрегациясына әсер етуіне орай препаратты гемостазыбұзылған емделушілерге, ауқымды хирургиялық араласуларда немесе ауыр қан кету белгілері, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Кортикальді миоклонияны емдегенде емдеуді шұғыл тоқтатудан аулақ болу керек, бұл ұстамалардың жаңғыруын туғызуы мүмкін.

Ұзақ емделгенде егде жастағы емделушілердің бүйрек қызметін ұдайы бақылап отыру керек.



Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықтимал жағымсыз әсерлерін ескере отырып, емделуші автокөлікті жүргізу жүргізу және механимзедрмен жұмыс істеу кезінде сақ болулары керек.


Артық дозаланғанда

Белгілері: мүмкін болатын жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емдеу: белгілеріне қарай ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы

Бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда 5 мл-ден, пішінді ұяшықты қаптамаға мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқалықпен бірге 5 ампуладан салынған.


Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

5 жыл


Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.
Дәріханалардан босату шарттары

Рецепт арқылы


Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, б/н, т/ф.: 8-(725-2) 56-13-42.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет