|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20 ж. “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Канефрон® Н
Саудалық атауы
Канефрон® Н
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар, 100 мл
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар:
Толғақшөп шөбі 0.6 г
Дәрілік сүйментамыр тамыры 0.6 г
Гүлшетен жапырақтары 0.6 г
қосымша заттар:
этанол 59 % (к/к), тазартылған су
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі мен Сүйментамыр тамырының ащылау дәмі бар сарғыш-қоңыр түсті мөлдір немесе сәл бұлыңғырлау сұйықтық. Сақтаған кезде шөгінді түсуі мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қосқанда урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04BX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат біріктірілген, сондықтан кинетикалық зерттеулердің жүргізілуі мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Канефрон® Н белсенді компоненттері диуретикалық, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және қан айналымын көтермелейтін әсерге ие. Маңызды фармакологиялық ингредиенттер мыналар болып табылады: эфир майлары (сүйментамыр, гүлшетен), фенольді қышқылдар (гүлшетен, сүйментамыр, толғақшөп шөбі), фталидтер (сүйментамыр) және кермектер (толғақшөп шөбі).
Препараттың спазмолитикалық әсері дәрілік сүйментамыр тамыры мен толғақшөп шөбінің кермектері құрамына кіретін фталидтер (бутилидин мен лигустилид) есебінен таралады. Қан тамырларын кеңейтетін әсерлері қуық пен несеп шығару жолдарының тамыр қабырғаларының тонусын төмендетуде көрінеді, бұл диурездің ұлғаюына әкеледі. Несеп айдайтын әсері гүлшетен жапырақтары құрамындағы фенилкарбон қышқылдарының осмостық қысымының жоғарылауымен түсіндіріледі.
Қабынуға қарсы қасиеттері липооксигеназаның өзіне тән емес комплементарлық белсенділігін және осылайша қабыну үдерісін іске асыруға қатысатын лейкотриендер синтезін бөгейтін гүлшетен қышқылы әсерімен байланысты. Мұнан бөлек, дәрілік препараттың құрамына кіретін барлық өсімдіктер құрамында микробқа қарсы заттар бар.
Қолданылуы
- жедел және созылмалы цистит, пиелонефрит (қосымша емдеу дәрісі ретінде)
- несеп тастарының түзілуінің алдын алуда
- несеп тастарын операциялық алғаннан кейін
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге 50 тамшыдан күніне 3 рет.
6 жастан асқан балаларға: 25 тамшыдан күніне 3 рет.
Бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: 10-15 тамшыдан күніне 3рет.
Ауыру жеделдігі әлсірегеннен кейін емдеуді 2-4 апта бойы жалғастыру керек.
Жағымсыз әсерлері
болуы мүмкін:
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)
- асқазан-ішек бұзылыстары (құсу, диарея)
Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- жедел кезеңдегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы
- 1 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгісіз. Этиопатогенетикалық емдеу мақсатында бактерияға қарсы дәрілік препараттармен біріктірілуі мүмкін және мақсатқа сай.
Бүйректің қабыну ауруларымен ауыратын және/немесе бүйрек қызметінің бұзылуы бар емделушілерге емделушінің жағдайы медициналық бақылауды қажет ететінін/қажет етпейтінін бағалау үшін препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет. Сонымен қатар, бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін емделушілерге сұйықтықты пайдаланудың рұқсат етілетін мөлшерін дәрігер белгілеуі тиіс.
Аталмыш препарат құрамында көлемі бойынша 19% алкоголь бар.
Ішуге арналған тамшыларды маскүнемдікпен ауыратын науқастарға, сонымен қатар, маскүнемдікке қарсы нәтижелі емделуден кейін қолдануға болмайды. Бауыр, эпилепсия, ми аурулары бар емделушілерге сақтықпен қабылдау керек.
Сақтау кезінде сәл бұлыңғырлану немесе елеусіз шөгінді түсуіне жол беріледі. Бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.
Қолданар алдында шайқау керек!
Жүктілік және лактация
Жүктілік және бала емізу кезінде анасы мен баласы үшін күтілетін пайдасы анасы мен баласы үшін ықтималды қауіптен асатын жағдайда ғана препаратты қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын және бұралатын қақпағы, жоғарғы жағында дозалағыш тамшылатқыш құрылғысы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыда.
1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі
Алматы қ., «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz
Достарыңызбен бөлісу: |