|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
2012 жылғы “ 03 ” 10
№ 736 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
|
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы
жөніндегі нұсқаулық
Авиценна
Саудалық атауы
Авиценна
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
250 мл бальзам
Құрамы
250 мл препараттың құрамында
белсенді заттар:
кәдімгі анис жемістері
|
0,05г
|
итмұрын жемістері
|
0,7г
|
қайың бүршіктері
|
0,025г
|
бұрыш жалбызының жапырақтары
|
0,05г
|
үлкен жолжелкен жапырақтары
|
0,1125г
|
шатыраш жапырақтары
|
0,075г
|
дәрілік алтей шөбі
|
0,0375г
|
кәдімгі жұпаргүл шөбі
|
0,0875г
|
шілтер жапырақты шайқурай шөбі
|
0,1375г
|
жатаған жебіршөп (тасшөп шөбі)
|
0,125г
|
дала қырықбуыны шөбі
|
0,05г
|
жантақ шөбі
|
0,1г
|
тырнақгүл гүлдері
|
0,05г
|
түймешетен гүлдері
|
0,12г
|
түймедақ гүлдері
|
0,0875г
|
мия тамыры
|
0,05г
|
женьшень тұнбасы
|
0,25 мл
|
кәдімгі анар шырыны
|
50,0 мл
| қосымша заттар: табиғи бал, қант, 96 % этанол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қызылдау – қоңырдан қызыл күрең – қызыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жалпы сергіткіш препараттар.
АТХ коды А13А
Фармакологиялық қасиеттері
Авиценна бальзамының құрамына Орта Азия аумағында өсіп-өнетін 17 дәрілік өсімдіктің сығындылары кіреді. Бальзам құрамына кіретін дәрілік өсімдіктер сулы-спиртті тұнбасының құрамында биологиялық белсенді қосылыстар кешені бар: каротиноидтар, флавоноидтар, иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, витаминдер, микро- және макроэлементтер, полисахаридтер, сапониндер.
Бальзам құрамына кіретін әрбір өсімдіктің және тау балының құрамында фармакологиялық ауқымды әсерін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттар бар.
Анис – ішектегі шірітетін және ашытатын үдерістерді кідіртеді, микробтар дамуын тежейді, құрсақ қуысы ағзаларының түйілуін басады;
Итмұрын - поливитаминді, жалпы нығайтқыш және организмнің қарсыласуын жоғарылататын дәрі
Қайың бүршіктері – несеп айдайтын, өт айдайтын, зарарсыздандырушы және қақарық түсіретін әсері бар
Бұрыш жалбызы - асқазандық, түйілуге қарсы, қабынуға қарсы, терлететін және ауырғанды басатын дәрі
Үлкен жолжелкен – жараны, күйікті, іріңді ісікті жазатын әсер береді, тыныс жолдарының ісінуін басады
Шатыраш – қабыну ауруларында, іріңдейтін жаралар мен ойық жараларды емдеуде, жеңіл күйіктер мен үсу кезінде қолданылатын қабынуға қарсы дәрі;
Дәрілік алтей – бүркемелеуші және қабынуға қарсы әсер береді, қақырықтың шығарылуы мен жөтелді азайтады, сондай-ақ дәрілік заттардың әсерін ұзартады
Жұпаргүл – қалыпты ас қорытуға ықпал етеді және жүйке жүйесінің жеңіл аурулары кезінде нығайтушы әсер етеді.
Шайқурай - антисептикалық, бактерияға қарсы, айқын тұтқыр әсер береді, тіндер регенерациясын көтермелейді
Тасшөп – ас қорытуды қалыпқа түсіреді, газдың шығуын жақсартады, ішек микрофлорасын қалыпқа келтіреді
Дала қырықбуыны – қан айналуын жақсартатын дәрі
Жантақ – өт бөлінуін ұлғайтады, тұтқырлық әсері бар, терлететін және ыстықты түсіретін әсерге ие
Тырнақгүл - стафилококктарға және аурудың басқа қоздырғыштарына қарсы зарарсыздандыратын және бактерицидті дәрі
Түймешетен – ішек құртына қарсы, өт айдайтын және бактерицидті айқын қасиеттері бар
Түймедақ – қабынуға қарсы, антисептикалық және ауырғанды басатын дәрі
Мия – қақырық түсіретін, бүркемелеуші және жөтелді жұмсартатын дәрі;
Женьшень – иммунды жүйені нығайтады, тонусын жоғарылатады, потенцияға жағымды әсер етеді
Анар шырыны – гемоглобинді жоғарылатады, асқазан қызметін реттейді, табиғи радиациялық дәрі болып табылады, сергітеді және адам организмінің жұқпалы ауруларға қарсыластығын жоғарылатады.
Тау балы – антисептикалық, қабынуға қарсы және уыттылыққа қарсы әсер етеді, зат алмасудың жақсаруына ықпал етеді, сондай-ақ жайландыратын әсер береді.
Авиценна бальзамы сыртқы жарақаттар кезінде қабынуға қарсы, тыныштандыратын, адаптогендік, жалпы сергітетін, жалпы нығайтатын, ауырғанды жергілікті басатын әсер береді, сондай-ақ өт айдайтын, антисептикалық және регенеративтік қасиеттері бар. Ішке қабылдаған кезде организмнің жалпы жұмысын тұрақтандырады, зат алмасуды, жүрек-тамыр жүйесі мен асқазан-ішек жолының жұмысын қалыпқа түсіреді, жөтел орталығын тыныштандырады, потенция мен организмнің қорғаныш күштерін жоғарылатады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында, сауығу кезеңінде:
- иммунитетті жоғарылату және суық тию ауруларының алдын алуда
- өткерген аурулардан, операциядан, жоғары дене және ақыл-ой жүктемелерінен, жарақаттардан, стрестен кейін
- жоғары жүйке қозғыштығы мен ұйқының бұзылуында
- потенцияны арттыру үшін
- суық тию аурулары кезіндегі жөтелде
- созылмалы гастритте, өт шығару жолдары дискинезиясында, өт іркілісінде, іш қатуға бейімділікте
- жүрек-тамыр жүйесі ауруларында (кардионевроз)
- липид алмасудың бұзылуларында, гиперлипидемияда
- салдарлы иммунологиялық жеткіліксіздігі бар науқастарда, оның ішінде радиотерапия алатын науқастарда организмнің спецификалық емес төзімділігін арттыруда
Жергілікті қолдану
- жарақаттанудан кейін және ревматизмнің ауыруын емдеу үшін ауырғанды басатын жеңіл әсері бар жергілікті қабынуға қарсы дәрі ретінде
- жұтқыншақ пен ауыз қуысының қабыну аурулары кезінде антисептикалық дәрі ретінде
- күйіктер, жаралар мен үсудің жазылуын тездету және жәндіктер шаққан жерлерде қабыну мен қышынуды басу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, 50-100 мл су немесе шайда сұйытылмаған немесе сұйытылған 2-4 шай қасық (10-20 мл) препараттан тамақтануға дейін жарты сағат бұрын, жоғары қышқылдықта тамақтанудан кейін бір сағаттан соң күніне 2-3 рет. Жергілікті қолдану
Ауыз қуысы немесе жұтқыншақтың жедел немесе созылмалы қабыну аурулары өршуінде препараттың 3 қасығын ½ стақан сумен (100 мл-де 15 мл) сұйылтады және ауыз немесе тамақты күніне үш рет 1-3 минут бойы шайқау керек.
Буын аурулары және жұмсақ тіндердің жабық жарақаттық зақымданулары кезінде бальзамның қажетті мөлшерін ауыратын бөліктің терісіне жағып, толық сіңгенше ысқылау керек, мұнан соң құрғақ қыздыратын компресс салу немесе орау керек.
Жәндіктер шаққанда, тері мен шырышты қабықтардың қабыну ауруларында (тері жабындарының салдарлы зақымдануынсыз) зақымданған жерді препараттың қажетті мөлшерімен сулау керек.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар: тері гиперемиясы, бөртпе, қышу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі бауыр циррозы, обтурация, және бауыр жеткіліксіздігі жүктілік және лактация балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Авиценна бальзамын жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік немесе қозғалатын механизмдерді басқару кезінде сақтық танытқан жөн, өйткені препарат құрамында этил спирті бар.
Артық дозалануы
Симптомдары – жүрек айнуы, құсуы мүмкін.
Емі - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған «Santo» - 250 В – 1057 және ас сұйықтықтарына арналған шыны бөтелкеге 250 мл құйылған.
Бөтелкелерге контрзаттаңбалар мен кольереткаларды бөтелкеге жапсыруға жол беріледі.
Бөтелкелер медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 561342
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,
Рашидов к-сі, н/ ж, т/ф: 560882
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы standart@santo.kz
Достарыңызбен бөлісу: |