«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде ақпарат 2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй 2020»



Дата24.02.2016
өлшемі17.64 Kb.
#13318
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын жүзеге асыру

жөнінде ақпарат
2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 4820,54 млн.теңге (РБ – 4350,0 және ОБ – 470,54) бөлініп, жылдық қорытындымен игерілгені-4277,4 млн.теңге (жоспарға 98% ) оның ішінде:

  1. Кезекте тұрған азаматтарға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына – 911,1 млн.теңге (РБ -700,0 және ОБ- 211,1 млн.теңге.) оның ішінде:

- Қызылорда қаласынадағы жеті үйдің құрылысына – 807,46 млн.теңге (36, 24 және 18 пәтерлік);

- Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарына 17 тұрғын үйге – 103,6 млн.теңге.

Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес ауданы 11,8 мың ш.м. 166 пәтер пайдалануға берілуі жоспарланып,

2013 жылдың қорытындысымен пәтерлердің ауданы – 10,0 мың ш.м. болатын Қызылорда қаласынан 144 пәтерді құрайтын 7 тұрғын үй және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 1 пәтерлі 17 тұрғын үй барлығы 161 пәтер пайдалануға берілді, 687,4 млн.теңге игерілді (жоспарға 98%).



  1. Жас отбасыларға арналған арендалық тұрғын үй құрылысына – 606,3 млн.теңге (РБ-470,0 және ОБ – 136,31 млн.теңге),

оның ішінде: - Қызылорда қаласындағы үш тұрғын үй (50 және 30 пәтерлік) құрылысына -606,3 млн.теңге.

2013 жылдың соңына дейін жоспарға сәйкес ауданы 5,2 мың ш.м. құрайтын 80 пәтер пайдалануға берілуі жоспарланған, 2013 жылдың қорытындысымен жалпы ауданы 3,1 мың.ш.м. болатын бір 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Игерілгені-463,9 млн.теңге (жоспарға 99%).



  1. Несиелік тұрғын үй құрылысына – 1643,6 млн.теңге (РБ – 1565,0 және ОБ – 78,6 млн.тенге), оның ішінде: - Қызылорда қаласында бес 50 пәтерлік үйдің құрылысына - 1643,6 млн.теңге.

2013 жылдың соңына дейін ауданы 11,6 мың.ш.м. құрайтын 200 пәтер пайдалануға беру жоспарланып, жоспар толығымен орындалды. Игерілгені-1526,9 млн.теңге (жоспарға 98%).

  1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысына – 1659,5 млн.теңге ( РБ -1615,0 және ОБ- 44,53 млн.тенге):

2013 жылдың соңына дейін 116,3 км құрайтын инженерлік желілерді пайдалануға жоспарланған.



2013 жылдың қорытындысымен 129,2 км құрайтын инженерлік желілер пайдалануға беріліп, 1 599,2 млн.теңге игерілген (жоспарға 99%).

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тәртібімен 2013 жылға барлығы 368,4 млн.теңге (РБ - 357,3 және ОБ – 101,822) қаралған, игерілгені-354,6 млн.теңге (жоспарға 99%). 2013 жылы пәтерлерінің ауданы 7,8 мың.ш.м. болатын 113 пәтер (55 үй) пайдалануға берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет