7. 3 Соғылымды шойын
Соғылымды шойынды алу үшін ақ шойынды ұзақ уақыт (2 тәулік бойында) жоғары температурада (720-7600С- феррит алу үшін; 950-9700С- перлит алу үшін) жасытады. Жасытылған ақ шойындағы көміртегі үлпек тәрізді графит ретінде қалыптасады (7.3-суреті). Мұндай графит тілімшекті графитпен салыстырғанда шойын құрылымындағы металдық негіздің беріктігімен созымталдығын төмендетпейді. Соғылымды шойынның металдық негізі – ферритті. Перлиттік құрылым соғылымды шойында сирек кездеседі.
Соғылымды шойынды КЧ (ковкий чугун) әріптерімен және цифрмен маркілейді (МСТ 1215-79). Мысалы, КЧ35-10 маркісінде бірінші орындағы цифрлар беріктік шегін в 350 МПа, екінші цифр салыстырмалы созылуын δ 10% көрсетеді.
Соғылымды шойыннан ауыр соққы және айнымалы күштер түсетін, қажу шартында жұмыс атқаратын ауыл-шаруашылық, автокөлік, тоқыма машиналарын жасау, сукөлігі, қазандықтар-, вагондар-, дизель жасау салаларында беріктігі жоғары тетіктер жасауда кеңінен қолданылады.
Кемшілігі – қымбат бағалы жасытумен өндірілетіндіктен құны жоғары.
а – ферритті; б - ферритті-перлитті; в – перлитті
7.3- сурет. Слғылымды шойынның микроқұрылымы, (х 300).
7.3- кесте. Соғылымды шойынның механикалық қасиеттері
(ГОСТ 1215- 79).
Маркасы
|
в, МПа
|
δ, %
|
НВ, МПа
|
Металдық негізінің құрылымы
|
КЧ 30-6
КЧ 35-10
КЧ 37-12
КЧ 45-7
КЧ 60-3
КЧ 80-1,5
|
300
350
370
450
600
800
|
6
10
12
7
3
1,5
|
1000-1630
1000-1630
1100-1630
1500-2070
2000-2690
2700-3200
|
Феррит + (10-3%) перлит
Перлит + (20-0%) феррит
|
Достарыңызбен бөлісу: |