Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Кәріпжанова Г



бет2/3
Дата20.07.2016
өлшемі470.29 Kb.
#211543
1   2   3

6-тақырып. Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары

Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре алатынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктелетіні: есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан. Сан есімнің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы мен зат есін тіркесінсіз қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.



7-тақырып. Есімдік

Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарына кем емес екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынаның жалпылығы арқылы сөйлемде білдірмейтіні. Есімдіктің бұл ерекшелігі сөздің сөйлемде қайталу қажеттілігінің құтқаратыны. Есімдіктің түрленуі, оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, есімдікке ғана тән сөз түрлендіруші қосымша, категория жоқ екендігі.

Есімдік синтаксистік қызметі де оның қай сөз табының орнына қолданылуына байланыстылығы, ссөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқаратыны. Есімдікке тән ортақ негізгі мағыналық ерекшелік жалпы мағына болғанымен, оыныңі штей түрлі өзіндік ерекшілігі бары, соған орай есімдіктің мағыналық топтары бары: 1) жіктеу есімдіктер; 2) сілтеу есімдіктері; 3) сұрау есімдіктер; 4) өздік есімдіктер; 5) белгісіздік есімдіктер; 6) болымсыздық есімдіктер; 7) жалпылау есімдіктер.

Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынаны білдіретіні, үш жақтың жекеше-көпше түрінің есімдіктері бары. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз (мен, сен, сіз, ол, сендер, сіздер, олар) болғанымен, сөйлемде өте жиі қолданылады. Жіктеу есімдіктерінің жақтық мағынасы сөйлеуші, тыңдаушы, бөгде адаммен байланысты болғандықтан, сөйлемде адам аттарының орынна қолданылып, олардың мағынасы адаммен байланысты екені. Жіктеу есімдігінің үш жағының сілтеу есімдігімен ортақтығы, бұл есімдіктің қолдану аясының кеңдігі. Жіктеу есімдіктерінің адам атауларының орнына қолданылу қабілеті оның зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшалармен түрленуін қамтамасыз ететіні. Жіктеу есімдіктерінің септелуі, жіктелуі есімдіктердің септелуінің өзіндік ерекшілігі. Жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауы боынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу есімдіктерінің жіктелуінің синтаксистік белгілі қызметті атқаруына қатысы. Тәуелдік жалғауымен түрлену жіктеу есімдіктерінің 3-жағына қатысы. Жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сілтеу есімдіктері, оның мағынасы, оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің негізінен заттың белгісін білдіретін сөздердің орнына қолданылатыны, оларға сұрақтың да соған лайық түрлері қолданылатыны. Сілтеу есімдіктерінің не кеңістікті, не мезгілге мезгейтіні, нұсқайтыны. Сілтеу есімдіктерінің кеңістікті нұсқағанда, онда алыстық, қашықтық мағынасы аңғарылатыны. Осы ерекшелігіне қарай сілтеу есімдіктері екі топқа жіктелуі.

Сілтеу есімдіктері мезгілге қатысты қолданылғанда, нұсқайтын жақындығын немесе бұрынырақтығын білдіретіні. Сілтеу есімдіктерінің түрленудегі ерекшелік, сілтеу есімдіктерінің ішкі топтарының түрленуі, оның айырмасы. Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі.

Сұрау есімдіктері, оның мағынасы, сұрау есімдіктеріне жататынс өздер. Сұрау есімдіктерінің морфемдік құрамы, олардың құрамындағы қосымшалардың оның қандай сөздердің тобына қойылатын сұрақ екеніне қатысы. Сұрау есімдіктерінің ішіндегі кім? не? сөздерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің қолданылуына қарай сұрау мағынасын білдірмейтін жағдайлары.

Өздік есімдікке жалғыз «өз» сөзі жатқанымен, оның тәуелденген формаларының тілде қолданылу аясының молдығы. Тәуелденген өз сөзі бастауыш болғанда, оның баяндауышпен жақ арқылы қиысуы, басқа тәуелденіп бастауыш болған сөзден айырмасы.

Тәуелденген өздік есімдіктің зат есімдерше түрленуі, соған лайық барлық сөйлем мүшесі қызметін атқаруы.

Белгісіздік есімдік, оның мағынасы, құрамындағы сөздер, олардың морфемдік құрамы. Белгісіздік есімдік жасауға белсенді қатысатын морфемалар.

Болымсыздық есімдіктер, олардың мағынасы. Болымсыздық есімдіктердің жасалуына белсенді қатысатын морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі, олардың тілде қолданылу аясы. Болымсыздық есімдіктердің қолданыста өзінен кейін, негізінен болымсыз формадағы мағынаның экспрессивтік мәнге ие болуына қатысуы. Болымсыздық есімдіктердің синатксистік қызметі.

Жалпылау есімдіктері, оның мағынасы, құрамындағы сөздер. Жалпылау есімдіктерінің заттық ұғымды білдіретіні және кейде анықтау ұғымдарын білдіруге қатыстылығы. Жалпылау есімдіктерінің жіктік жалғауды қабылдамайтыны. Олардың септелу ерекшеліктері. Жалпылау есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі.

8-тақырып. Етістік. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялар. Салт және сабақты категориясы.

Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі. Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі, өзі шінде қозғалыс, амалды білдіретін, өсіп-өну, бағыт-бағдар, көру-сес, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл-күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер. Күрделі етістіктер жүйесі ол туралы қазіргі тіл білімнің жаңа пайымдаулары тең компонет күрделі етістік, құрамды етістік, аналитикалық формалы етістік т.б. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктерідң түрлері. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форматтардың етістіктің гармматикалық категорияларын қатыстылығы. Етістіктің лексика-грамматикалық және гармматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы. Салт, сабақтылық мәннің етістіктің мағынасына, объект мен субъектіге қатыстылығы. Етістік категориясы субъекті мен объекті қимылға (және керсінше) түрліге қарым-қатынасын білдіретін арнайы грамматикалық формалар жүйесі екендігі. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері. Өздік етіс, білдіретін грамматикалық қимылға қатысты субъект, оының граммикалық тұлғасы, жасалуы, жұрнақтары. Ырықты етіс, мағынасы, жасалуы, жұранқаты. Оның басқа тұлғалармен ұқсастығы және айырмашылығы. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтар. Оны басқа ұқсас тұлғалардан ажырату. Етістік жұрнақтардың бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі.



9-тақырып. Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.

Етістіктің болымды-болымсыз катгеориясы. Болымды-болымсыздықтың бір грамматикалық категорияның қарам-қарсы екіжағы екендігі, етістіктердің болымды-болымсыздығының берілу жүйесі, болымдылық пен нолдік тұлғаның сәйкестігі, болымсыздық мағынаның етістікке синтетикалық, аналитикалық жолмен берілетіндігі туралы. Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке қатыстылығы.

Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.

Есімше, көсемше, тұйық етіс тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Есімше, оның түрлері, мағынасы, жасалуы.Есімшенің екі жақты қызмет атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызмет. Көсемше. Көсемшенің мағынасы, жасалуы. Көсемшенің әрі қимылды, әрі қимылдың амалын білдіретін қызметі туралы. Көсемше формалрының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқарытн қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-әрекеттің өту, істелу процесін емес, атауын білдіретіндігі, қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің көптелуі, септелуі,т әуелденуі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер.

10-тақырып. Рай категориясы.

Рай категориясы. Рай-мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі.

Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Ашық райдағы іс-әрекеттің шақтық ұғыммен байланыстылығы. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары I, II және III жақтағы мағналардың бұйыру мәнен қатыстылығы. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Бұйрық арйформаларындағы етістіктің жіктелу ерекшілктері. Бұйрық райдың жақ тұлғасы, етістіктің түбір тұлағыс, нольдік тұлға ұғымдарының бір-бірімен арақатынасы туралы қазақ тіл білімндегі зертеушілердіңой-пікірлері. Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу (синтетикалық, аналитикалық) көрсеткіштері. Жіктеу ерекшілігі, -са,-се жұрнағының қосалқы қызметтері және одан туындайтын модальдік мәндер. Қалау рай, білдіретін мағынасы қалау мағнасының түрлі нүктелері жне олардың берілу жолдары. Қалау райдың синтетикалық және аналитикалық формалары.

11-тақырып. Шақ категориясы.

Шақ категориясы етістікті өзге сөз таптарынан ерекшелендіретін негізгі грамматикалық категория екендігі. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Осы шақ, оның мағынасы, сол амғынаны білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің болымды-болымсыз формада қолданылуы. Өткен шақ, оның сөз ішінде бөлінуі, өткен шақтың түрлері, олардың берілу жолдары. Келер шақ, оның түрлері, жасалуы. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.



12-тақырып. Үстеу. Еліктеу сөздер.

Үстеу-сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жағдайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігі, өз алдына жеке сөз табы екендігі. Үстеу сөз қатарының тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқаны. Сондықтан басқа да сөздер тобымен төркіндігі морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болатындығы. Дара және күрделі үстеулер болып бөлінетіндігі. Үстеулердің арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеу грамматикалық категориясы жоқ сөз табы. Үстеу сөздердің мағынасына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы я дәл мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап берітіндігі, мезгіл үстеулердің қатары. Мезгіл үстеулер, олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мекен үстеулері, олар қимылдың орынн, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан? Мекен үстеуіне жататын сөздер, олардың тұлғаларының бірыңғай еместігі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы, үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын тұратындығы, алайда мезгіл үстеулерінің сөйлемде орын талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.

Еліктеу сөздердің лексикалық жне тұлғалық жағнан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің қатары айналадағы түрлі-түрлі дыбыстарға еліктеуден қимыл-әрекеттерді, қилы-қилы көріністерін бейнелеуден туатын сөздер тобы екендігі.

Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі. Еліктеу сөздердің іштей еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы.

Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу ырғағының қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заңдылықтарының бар екендігі. Еліктеу сөздердің құрылысына қарай дара және күрделі болып келетіндігі. Дара еліктеу сөздердің негзігі және туынды болып бөлінетіндігі. Негізгі еліктеу сөздерге есту, көру арқыл қабылднған табиғат құбылыстары, көрініс бейнелерінің атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы сипаттама. Күрделі еліктеу сөздер. Негізінен етістіктермен тіркесіп пысықтауыш мүше қызметін атқаратындығы, құранды мүшенің құрамында келіп бастауыш қызметінде қолданылуы. Зат есімдермен тіркесіп анықтауыштық қызметте де келетіндігі.

13-тақырып. Шылау. Одағай

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі дербестігінен айырылған көмекші сөздер ретінде қызмет атқаратыны. Шылаулардың дәнекерлік қзметінің және атаушы сөзддермен тіркесу қабілетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.

Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Жалғаулықтардың өзар тең дәрежедегі бірыңғай сөөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байлнстыратындығы. Байланыстру қабілетне қарай салыстрғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінетіндігі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастрғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамалары. Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап ететіндігі және тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мезгілдік грамматикалық мағыналарды үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай сұраулық, күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомсыну мәнді демеуліктері болып бөлінетіндігі.

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағнан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байлансты ишарттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негзгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағалардың мағынасына қарай бөлінулері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Одағайлардың сөйлемде лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы.: 1) көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында келгенде; 2) түрлі қосымшаларды қабылдау арқылы заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.


3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

Тәжірибешілік сабақтар теориялық жағынан өткен мәселелерді терең түсінук, тәжірибеде оны жан-жақтыталаду, игеру мақсатында жүргізіледі.


1-тақырып. Грамматика жән оның салалары. Тілдің грамматикалық құрылысы. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. Грамматикалық категория.

Грамматиканың зерттеу объектісі, грамматиканың салалары, морфология, синтаксис, морфологияның зерттеу объектісі. Тілдің грамматикалық құрылысы ұғымы не жайлы, негізгі грамматикалық ұғымдар.

Грамматикалық және лексикалқ мағына айырмашылығы, ара қатынасы. Грамматикалық мағына, түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері. Ол туралы ғалымдар пікірлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, олардың бір-бірімен байланыстылығы. Грамматикалық форманың берілу тәсілдері. Грамматикалық мағына ме грамматикалық форманың сәйкестігі. Ол туралы ғылымдағы көзқарастар. Нөльдік форманың қазақ тіліндегі парадигмалық сипаты. Грамматикалық категория ұғымы грамматикалық категорияның сипаты. Грамматикалық категория түрлері.

2-тақырып. Сөз таптары. Сөздерді таптастыру принциптері.

Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты. Сөз таптарының шығуы мен дамуы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Бейтарап сөздер.



3-тақырып. Зат есім.

Зат есімнің семантикалық сипаты. Семантикалық ерекшеліктері бар топтары адмзт, ғалмзат есімдері, жалпы, жалқы зат есісмдер. Жалқы есімдердің ауқымы, өз ішінде бөлінуі, қолдалынуо аясы. Даралау, жинақтау, көптік, эмоция-экспрессивтік мәнді зат есімдер. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімнің құрылымы: жалаң, күрделі зат есімдер. Түбір, туынды зат есімдер. Күрделі зат есімдер. Зат есімнің көптік категориясы. Зат есімнің тәуелдік категориясы. Зат есімнің септік категориясы. Зат есімнің жіктелу ерекшелігі. Көмекші есімдер, олардың көлемдік, мезгілдік мәнді білдіруі, көмекші есімдердің зат есім шеңберінде қолданылу ерекшелігі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның түрлену жүйесімен байланыстылығы.



4-тақырып. Сын есім

Сын есімнің мағынасы. Сын есімге жататын сөздер. Семантикалық сипаты. Сапа және қатыстық сын есімдер, құрамы. Сын есімнің грамматикалық сипаты. Сын есімнің шырай категориясы. Шырай түрлері, жасалуы. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.



5-тақырып. Сан есім.

Сан есімнің лексикалық және грамматикалық сипты. Сан есімнің құрылымына әсері, дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің мағыналық топтары, олардың сұрақтары, қатары, жасалуы, сөйлемдегі қызметі.



6-тақырып. Есімдік

Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты. Сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық түрлері. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық есімдіктері, ерекшелктері, олардың түрленуі, сөйлемдегі қызметі, есімдікке ауысқан сөздер.



7-тақырып. Етістік

Етістіктің лексика-семантикалық, грамматикалық сипаты. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің семантикалық топтары, зерттелуі, туынды етістіктер. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері, ғалымдар көзқарастары. Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Етістіктің аналитикалық форманттары, құрылымы, мағыналары. Қалып етістіктері. Қимылдың өту сипаты. Дара және күрделі етістктер. Күрделі етістік мәселесі туралы. Қазақ тіл біліміндегі жаңа көзқарастар, зерттеулер.

Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары. Салт, сабақты етістіктер. Салт, сабақтылықтың объект және субъектіге қатыстылығы. Салт етістіктің сабақтыға, сабақты етістіктің салтқа айналуы. Етістер, етістің түрлері: негізгі етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс. Етістердің білдіретін мағыналары, әрқайсысының жасалу ерекшелігі. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылуы.

8-тақырып. Етістік

Болымды, болымсыз етістіктер. Болымды мағыналық етістік, түбірмен сәйкестігі. Болымсыз мағынаның етістікте берілу тәсілдері. Синтетикалық, аналитикалық тәсілдер, көрсеткіштері. Болымды, болымсыз мағынаның барлық етістікке тән екендігі.

Есімше, оның жасалуы, мағыналық түрлері. Есімшенің есіммен етістікке қатыстылығы. Есімшенің түрленуі, синтаксистік қызметі, жіктелуі.

Көсемше, білдіретін мағынасы, негізгі және жанама қимылды білдіруі, жасалуы. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқаратын қызметі.

Тұйық етістік, білдіретін мағнасы. Тұйық етістіктің шақ категориясына қатыстылығы. Тұйық етістіктің қолданылу ерекшелігі, сөйлемдегі қызметі.

9-тақырып. Етістік

Етістіктің рай категориясы. Модальдік мағынаның рай формалары көрініес. Рай түрлері: ашық рай, бұйрыққ рай, қалау рай, шартты рай. Ашық рай оның басқа райлардан ерекшелігі, білдіретін мағынасы, ашық рай формасында қолданылатын етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай, мағынасы, семантикалық мәні. Бұйрық рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі. Қалау рай мағынасы, семантикалық мәні, рай жасаушы морфмемалар. Қалау райдың аналитикалық мәні. Қалау рай формасындағы етістіктің жіктелу ерекшелігі. Шартты рай, мағынасы, жасалуы, сөйлем құрылымдағы ерекшеліктері. Шартты райдың аналитикалық форманттары. Шартты рай формасындағы етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы, жіктелуі (қысқаша, толық, көпше, жекеше түрлері, етістіктің әр категориясын өткендегі жіктелуі туралы мәліметтерді жинақтау туралы)



10-тақырып.Үстеу

Үстеу-өз алдына жеке сөз табы. Үстеудің лексика-грамматикалқ сипаты. Үстеудің мағыналық топтар: мезгіл, мекен, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулер. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Оларға жататын сөздер, құрамы, қолданылу ерекшеліктері. Дара, күрделі үстеулер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.



11-тақырып. Еліктеу сөздер

Еліктеу сөздерге жататын сөздер. Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер, олардың, дыбыстық құрамы, буын жігі, қолданылуы. Еліктеу сөздердің құрамы, басқа сөздермен тіркесуі. Еліктеу сөздердің сөйлемедгі қызметі.



12-тақырып. Шылау

Шылаулардың сөз табы ретіндегі лексика-семантикалқы сипаты. Шылаулардың түрлері: жалғаулықтар, олардың негізі қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері; септеуліктер, олардың негзгі қызметі мен мағыналық түрлері, жалғаулық шылаулармен ұқсастығы және айырмашылығы; демеуліктер, олардың қызметі, өз ішіндегі мағыналық түрлері, кейбір демеуліктердің емілесі.



13-тақырып. Одағай

Одағайдың сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Одағайдың құрылымы. Одағайдың мағыналық түрлері. Одағайдың сөйлемдегі қызметі.


Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек.



  • әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау крек;

  • дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.

СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

12 (1х12)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

6 (1х6)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

30

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Реферат

Семестр тапсырмасын қорғау

22

5

Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысын қорғау

10

6

Бақылау шараларына дайындық




МБ

10




Барлығы







90


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар


  1. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікрлер. Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі. Күрделі зат есімдердің түрлері, орфографиясы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-50 беттер, [4], 3-70 беттер, [15], 5-20 беттер, [16], 5-23 беттер.

  1. Күрделі сын есімдердің ішкі құрамдарының түрлері. Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары. «Бір» сан есімнің қолданыс ерекшелігі. Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен қолданылуы.

Ұсынылатын әдебиет: [15], 5-80 беттер, [21], 5-100 беттер.

  1. Есімдіктің есімдер тобына жататындығы, мағынасының жалпылығы, оның қандай мағынада қолданылуы контекстен көрінетіндігі. Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің түрленуі.

Ұсынылатын әдебиет: [7], 5-50 беттер, [10], 30-70 беттер.

  1. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы. Қимылдың өту сипаты категориясы. Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 100-110 беттер, [16], 62-78 беттер.

  1. Шартты райдың мағынасы. Қалау рай мен шартты райлардың тұлғасындағы ұқсастық пен айырмашылығы. Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі. Етістіктің шақтары, жасалу жолдары, түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 105-115 беттер, [16], 56-79 беттер.

  1. Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері. Еліктеу сөздердің мағыналық топтары.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 56-98 беттер, [14], 46-73беттер.

  1. Жалғаулықты шылаулардың салаластырғыштық және сабақтастырғыштық болып екіге бөлінуі. Одағай, тұлғалық құрылмы.

Ұсынылатын әдебиет: [4],5-69 беттер, [11], 112-120беттер.

  1. Зат есімнің мағыналық топтары. Көмекші сөздердің қолданылу ерекшеліктері. Тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 52-65беттер, [4], 30-45беттер.

  1. Септік жалғауларының қызметі. Көптік мағынаның берілу жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [6], 16-36 беттер, [7], 15-35 беттер.

  1. Сын есімнің мағыналық ерекшеліктері. Сан есімнің мағыналық топтарының қолданыстағы ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [13],5-90 беттер, [18], 5-60беттер.

  1. Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиет: [14], 62-79 беттер, [15], 102-123беттер.

  1. Етістіктің лексика-семантикалық топтары. Күрделі етістіктердің құрылымдық ерекшеліктері. Есімшенің синтаксистік қызметі.

Ұсынылатын әдебиет: [12], 5-56 беттер, [16], 3-63 беттер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет