Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған «Морфология»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ФЖжӨ факультетінің деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2010 жыл
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова Г.Т
Қазақ филологиясы кафедрасы
050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Морфология»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2010__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2010 ж. «05»1 0 №3 Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010 ж. «05» 2010 ж
(қолы) (аты-жөні)
_______Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ___________Жұманқұлова Е.Н. 2010_ж. «_____»___________
(қолы) (аты-жөні)
1 Оқытушы туралы мәлімет:
ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова Г.Т
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қазақ филологиясы кафедрасы А-1 корпусында (Ломов к-сі, 64), 324-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67-36-83 (22-55).
2 Пән туралы мәліметтер
«Морфология» пәні 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында семестрде 15 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –135, дәріс -30с, тәжірибешілік -15, СӨЖ-90с.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау түрлері
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практи-ка
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СОӨЖ
|
4
|
3
|
135
|
30
|
15
|
-
|
-
|
|
|
|
|
Бар-лығы
|
3
|
135
|
30
|
15
|
|
|
|
90
|
90
|
|
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәннің мақсаты:
«Морфология» пәнінде студенттерге негізгі теориялық мағлұматтар беру. Негізінен морфологияға қатысты соңы ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, студенттердің білімін тексеру мақсатында, я меңгергенін білу үшін түрлі өздік жұмыс, тест жүйесі, кейбір даулы, қиын тілдік құбылыстар жайында пікірталас тақырыптарды алып жүргізу.
5 Пәннің мақсаты:
Студенттерге теориялық білім беріп, сол теориялық түсінікті пайдаланыпа тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін талдаулар жасау арқылы ерікін пайымдай алатындай дәрежеде білім беру.
Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалы өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.
6 Пререквезиттер:
- Қазақ әдебиетінің тарихы
- Қазақ тілінің лексикологиясы
- Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.
7 Постреквизиттер
- Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
- Фонетика.
8 Тақырыптық жоспар
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Күндізгі бөлім
|
Дәріс
|
Тәж
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Грамматика және оның салалары. Негізі грамматикалық ұғымдар
|
3
|
1
|
7
|
2
|
Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер
|
3
|
1
|
7
|
3
|
Зат есімнің құрылымы. Зат есімнің грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Зат есімнің тәуелділік категориясы.
|
2
|
1
|
7
|
4
|
Септік категориясы. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Зат есімнің жіктелуі
|
2
|
1
|
7
|
5
|
Сын есім. Шырай категориясы
|
2
|
1
|
7
|
6
|
Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары
|
2
|
1
|
7
|
7
|
Есімдік
|
2
|
1
|
7
|
8
|
Етістік. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялар. Салт және сабақты категориясы.
|
3
|
1
|
7
|
9
|
Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.
|
3
|
1
|
7
|
10
|
Рай категориясы.
|
2
|
1
|
7
|
11
|
Шақ категориясы.
|
2
|
1
|
7
|
12
|
Үстеу. Еліктеу сөздер.
|
2
|
2
|
7
|
13
|
Шылау. Одағай
|
2
|
1
|
6
|
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
90
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Бағдарлама қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалы өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.
10 Курстың компоненттері
Дәріс сабақтарының тақырыптары.
1-тақырып. Кіріспе. Грамматика және оның салалары. Негізі грамматикалық ұғымдар
Сөздердің граматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің граматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны. Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны. Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатын және олардың сөйлемді қалай құрастыратын, яғни сөйлемнің қырын-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология және синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.
Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфолгия саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы. Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зертейтін ғылым екендігі. Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылғын зерттегенімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқартын өзіндік қызметі болатынын, ол қызметтің синтаксиске қатынасынан морфология мен синтаксистің байланыс шығатыны. Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылғы морфологияға қатысты болғанмен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте ғана деуге болмайтын, сөздің сөздікте көрсетілетін лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталатыны. Сөйлем мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде берілетіні.
Сөздер сөйлемде қолданылғанда, грамматикалық құрылыстың қармағына түсіп, оның заңдылығына сай түрленіп, оның мағыналарын білдіретіндігі. Оның сөйлемге қатысы. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма (тұлға) туралы түсініктер. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланысы. Грамматикалық мағынаның өзіндік белгілері, ерекшеліктері. Грамматикалық форманың белгілері, ерекшеліктері. Грамматиканың мағынаның түрлі тілдердегі әмбебаптық қасиеттері. Грамматикалық категория, анықтамасы, белгілері, грамматикалық категорияның шарттары. Әр категорияның мағыналық құрамы, көрсеткіштері, жасалу әдістері болатыны.
Грамматикалық категорияның мағынасы гармматикалық мағынанағ жататыны, ол мағынаны білдіретін тұлғаларыдң грамматикалық формаға жататыны. Грамматикалық категориялардың сөз таптарына байланыстылығы. Грамматикалық категориялардың қолданылу аясының бір сөз табының құрамында қалып қоймай, кеңею мүмкіндіктері. Сөз таптарының бәрінің де грамматикалық категориялары бола бермейтіні. Грамматикалық категориялардың туыстас тілдермен туыстас емес тілдермен де әмбебаптық қасиеті.
2-тақырып. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есімдер.
Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқартын қызмет жағынан түрлігі. Ғылымда сөз атауының үш үлкен топқа бөлуі: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер. Атауыш сөздердің негізгі белгілері (мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі). Көмекші сөздердің грамматикалық дамудың нәтижесінде қазіргі қалыпқа жеткен, лексикалық мағынасынан айырылғаны, грамматикалық мағынаға көшкені, соның арқасында дербес сөзге тіркесіп, оған үстеме мағына қосатын нұсқа қызметінде қолданлуы, дербес сөздер сияқты сөйлемде өзінше қызмет атқармауы. Көмекші сөздердің өзара ерекшелігі соған байланысты бірнеше түрге бөлінуі, көмекші сөздердің түрлері. Одағай сөздердің адамның көңіл-күйін, түрлі сезімін білдіретіндігі. Одағай сөздердің ақиқат өмірдегі зат, құбылыс, оның түрлі белгілерін, қимыл-әрекет білдірмейтіні, сондықтан да оның сөйлемедгі ойды білдіретін сөздердің қатарында қолданылмай, сөйлемнен оқшау қолданылатыны.
Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшелікке толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы. Тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігі. Сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатыны. Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық(морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталатыны. Бұл үш принциптің ішкі мазмұны.
Сөз таптарының бәрі бірдей бұл үш белгіге сай келе бермейтіні. Олардың ішінде грамматикалық категориялары жоқ, түрленбейтін сөз тапары болатыны. Одағай түрленбейді, сөйлемде синатксистік қызмет атқармайды, үстеу мен еліктеу сөздер түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Қазақ тілінде негізгі сөз таптары: Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Зат есімнің өте ірі, негізгі сөз таптарына жататын, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге, грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы екені. Зат есім өмірдегі адамды қоршаған заттардың, заттық ұғымдардың, түрлі құбылыстардың, уақиғалардың атын білдіретін сөз табы екендігі. Зат есімнің мағыналық сипаты. Зат есімнің мағыналық жағынан сыр-сипатының молдығы. Деректі, дерексіз мағныалы зат есімдер, олардың арнайы көрсеткіш арқылы жасалатын қалыптасқан тұрақты үлгісі жоқтығы. Бұл мағыналардың сөздің лексикалық мағынасымен бірге берілетін мағына екені. Бірақ зат есім жасаушы кейбір жұрнақтардың көбіне дерексіз мағыналы зат есім жасайтындардың бары.
Зат есімнің жалпы, жалқы мағынасы. Ол мағынаның лексикалық мағынаға қатысы. Жалпы мағыналы зат есімдер, оның өзіндік ерекшелігі. Зат есімнің жалқы мағынасы, оның ішкі топтары, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ тілінде зат есімдерді кім? не? сұрақтарына жауап беруіне байланысты үлкен екі топқа бөлінуі. Кім? сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық топтары. Не? сұрағына жауап беретін зат есімдердің ішкі мағыналық екі табы: 1) жанды заттардың атаулары; 2) жансыз заттардың атаулары.
Зат есім атаулының лексикалық мағынада, дербес сөз ретінде қолданылатын негізгі тобымен бірге, осындай дербес сөздерге тіркесіп қолданылатын сөз табы бары. Мұндай сөздерге көмекші сөздер жататын. Көмекші сөздердің мағынасы, оның жалпылығы, толық мағыналы сөздерге тіркесе қолданылып, оған мағына үстеуші тілдік нұсқалардың қызметін атқаруы. Тілдегі белгілі қосымшалардың көмекші есімдерді дербес сөзбен тіркесетін қызметті атқаратыны, оның тұрақтылығы. Қосымшалардың көмекші есімнің дербес сөзге тіркесе қолданылу қызметінің тұрақтылығына, әбден қалыптасқанына байланыстылығы.
Көмекші есімдердің ішкі мағыналық құрамы оның тіркесетін дербес сөздің мағынасына байланыстылығы. (үйдің іші). Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы. Көмекші есімдердің түрлену қабілеті, ол арқылы шылаулардан ерекшеленетіні. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі, зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі. Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың пікірі. Көмекші есімдердің қолданыста кейде дербес сөзсіз жеке тұруының кездесетіні, оның себебі: 1) үстіне кигені; 2) сыртта тұр; 3) үсті-үстіне келіп жатыр; 4) сырттағы адам. Бұлардың өзіндік ерекшеліктері, көмекші есімге жататыны, көмекші есімге жатпайтындары, себебі.
3-тақырып. Зат есімнің құрылымы. Зат есімнің грамматикалық категориялары және түрлену жүйесі. Зат есімнің тәуелділік категориясы.
Зат есім сөздер құрылымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Жалаң зат есімдердің іштей 2 топқа бөлінуі: 1) негзігі түбір зат есімдер; 2) туынды түбір зат есімдер. Негізгі түбір зат есімнің бөлуге келмейтін бір ғана мағыналы бөлшектен тұратыны. Туынды түбір зат есімнің негізгі түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан құралатыны, туынды түбір зат есімнің туынды лексикалқ мағынасы бар, оның туынды лексикалық мағынасының жасалуына негізгі түбірдің мағынасның негіз болатыны. Туынды түбір зат есім тек негзі түбірден ғана жасалып қана қоймай, туынды түбірден жасалады да жиі кездесетін құбылысқа жататыны. Мұндайда туынды түбір зат есімнің құрамында сөзжасамдық жұрнақтың екі онан да көп болатыны. Туынды түбір зат есімнің жасалуына тек негізгі түбір сөзден басқа сөздердің негіз болуы кездесетіні, оның ішкі түрлері де баршылық екені: бірікен зат есімдер, қосарланған зат есімдер, құрама зат есімдер, қысқарған зат есімдер. Күрделі зат есімдердің осы түрлерінің мағына негізділігі, әрқайсысының жасалу тәсіліне сай ерекшеліктері.
Зат есім грамматикалық категорияларға бай сөз табына жататыны. Заттардың санын дәл атау қажет емес жағдайлардың көптеп кездесуі. Тіліміздің бұл ерекшілігн білдіру үшін арнайы категория бар. Оған жекелік, көптік категориясы жататыны, жекелік-көптік мағыналарының зат есімге қатыстығы. Зат есімнің көптік мағынасы жекелік мағынаның зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде берілетіні, зат есімнің түбір сөзінде жекелік мағынаның бары, соны білдіретін қосымшаның жоқтығы, нөлдік форма арқылы беріле алатыны. Зат есімнің көптік мағынасы, оның заттың нақтылы көптік мағынасынан айырмасы. Көптік мағынаның берілу жолдары, көрсеткіштері, олардың қолданылу ерекшеліктері.
Бір заттың екінші затқа меншіктінгін білдіретін арнайы грамматикалық категория тәуелдік категория екендігі. Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы берілуі, тәуелдік жалғаудың меншіктелуін зат атауына жалғануы. Тәуелдік жалғауларының жекеше, көпше, жақты, анайы, сыпайы түрде қолданылатыны. Оңаша, ортақ тәуелдену, олардың айырмасы.
Тәуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде үнемі ілік септіктегі сөзбен тіркесте қолданылуы, оның себебі бұндай тіркстегі сөздердің кейде біреуінің қосымшасының түсіп қалып та қолданылуы кездесетіні (мектеп үйі, біздң үй). Қолданыста тәуелді жалғаудың басқа мағына да беретіні. Тәуелдік мағынаның жұрнақ арқылы берілуі. Тәуелдік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі,-тікі жұрнақтарының заттың иесінің атына, яғни иеленушіге жалғануы, ал меншікті заттың ешбір қосымшасыз қолданылатыны (кітіп сенікі), мұнда меншікті заттың өз тұлғасының оның меншіктігі көрінбейтіні. Оның мағынасының иеленуші зат атауымен тіркесте ғана көрінетіні.
4-тақырып. Септік категориясы. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Зат есімнің жіктелуі
Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын категория екендігі. Сөз арысындағы қарым-қатынастың түрлілігіне қарай септік катгеориясының мағнасының түрлі болатынын. Септік категориясының мағынасының септік жалғаулары арқылы берілетіні. Қазақ тіліндегі жеті септік бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше сұрақтары болатыны. Сөздердің септелуінің екі түрі: жай септеу, тәуелді септеу. Жай септеудің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары.
Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі, ол туралы ғылымдағы пікірлер. Ілік септіктің тұлғасы. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі қызметі. Табыссептіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз) қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар. Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік қызметі. Жеті септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Шығыс септік тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.
Зат есімнің ішінде белгілі бір тобының ғана жіктік жалғау арқылы түрлене алатыны. Зат есімге жіктік жалғаудың толық түрі жалғанатыны. Зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларының бәрінен соң ғана жіктік жалғауы жалғана алатыны. Зат есім барлық жағдайда жіктеле бермей, тек баяндауыш қызметінде ғғана жіктелетіні, яғни зат есімнің жіктелуі нақтылы бір синтаксистік қызметке ғана байланыстылығы. Зат есімнің жіктік жалғауын түбір сөзге тікелей қабылдау қабілеті, оның етістіктің жіктелуінен ерекшелігі.
5-тақырып. Сын есім. Шырай категориясы
Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан алуан түрлі қасиеттерін білдіретін сөз табы екендігі. Осы ерекшелік оның зат есіммен тіркесте қолданылуын керек ететінні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бары. Сын есімнің мағыналық жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер, қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан белгілерінің сапасын, сипатын, түрі, түсін, аумағы мен салмағын т.б. да сындық белгілерін білдіретіндігі. Сапалық сындардың басым көпшілігінің негізгі түбір болғанымен, тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер да бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып отыратыны.
Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері.
Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың морфемдік құрамы: негізгі морфема, көмекші морфемадан тұратыны, әрқайсысысның атқаратын қызметі. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі. Сын есімдерді құрылымына қарай ерекшілігі.. жалаң және күрделі түрлері бары. Жалаң сын есімдердің негізгі және туынды түбір сын есім болып бөлінетіні. Күрделі сын есімдердің ең кемі екі сөзден құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты; 3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз т.б.
Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сын есімінің шырай категориясы екендігі. Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері бары. Шырай категорясының мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі. Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.
Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары., әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |