Развитие малого и среднего бизнеса за 2012 год.
Үдемелі динамикасы бар қаланың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіші экономиканың аталған секторын дамытудағы оң тенденциясын айғақтайды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың оң жақтарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайтумен өндірілетін өнім және қызметтер номенклатурасын артуды жатқызуға болады.
2013 жылдың 1 қаңтар ахуалы бойынша Саран қаласының аумағында шағын және орта кәсіпкерліктің 1398 субъектісі тіркелді, яғни 2011 жылдың көрсеткішінен 3,9% артты, соның ішінде:
заңды тұлға – 299 (2011 жылға қарағанда 106% );
жеке тұлға – 1099 (2011 жылға қарағанда 103,4%);
жалпы санынан 1321 немесе 94,5% жұмыс істейді.
Шағын және орта бизнес қаланың аумағында дамыған экономиканың барлығы дерлік саласын қамтиды: өнеркәсіп, көлік, сауда, қызмет көрсету саласы. Көбісі сауда саласында жұмыс істейді –59,2 %, одан кейін көлік салысында – 10,1%, өнеркәсіп өндірісінде – 9,4%, құрылыста – 5%, ауыл шаруашылықта, ресторан бизнесінде және қызметтің өзге түрлерінде –16,3%.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары саны 2011 жылмен салыстырғанда 3,4% артты және 1233 бірлікті құрады.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін жандандыру, жаңа өндірістерді іске қосу 2011 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар санының 2,1% өсуіне себепші болды, жұмыспен қамтылғандар саны 7291 адам.
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен шығарылған өнім (жұмыстар, қызметтер) көлемі есептік кезең ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен шығарылатын өнім көлемінің 109,6% нақты көлем индексінде 8290,2 млн. теңге сомасын құрады.
Сыртқы инвесторларды іздеуге көмек көрсету үшін есептік кезең ішінде кәсіпорындардың халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы ұйымдастырылды.
Қаланың кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жандандырылды.
2012 жыл ішінде «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағытының аясында банк кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 137,9 млн. теңге кредиттің жалпы құнымен 3 инвестициялық жоба кредиттелді.
Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға Үйлестіру кеңесінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау және Саран қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы автомобиль жолдарын қайта жөндеу бойынша жоба мақұлданды. Жобаның бастамашылары: «ККК Бетон» ЖШС, «Спецсталь» ЖШС, «Геополимер» ЖШС.
«Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдігін төмендету» – үшінші бағыты бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша (кредит сомасы 1105,6 млн. теңге) экспортшы-кәсіпорын («Қарағандырезинотехника») кредиттелді.
Бұдан басқа, 2012 жылы қаржылай емес қолдауды қаланың 89 кәсіпкері алды, соның ішінде бизнес негіздерін оқыған – 86 жаңа бастап келе жатан және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, «Шаған және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» және «Іскерлік байланыстар» компоненттерінде – жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің 3 кәсіпорыны қатысты.
Шағын және орта бизнестің қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың тиімді объектілерін дамыту бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Қалада қалалық Кәсіпкерлер қауымдастығы жұмыс істейді. Кәсіпкерліктің әрі-қарай даму болашағын анықтау үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қалалық комиссия отырысы тоқсан сайын өткізілді. Мемлекеттік органдардың заң жобалы жұмысына кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің қызметі ұйымдастырылды.
2012 жылдың қараша айында «Даму» қорымен бірлесе отырып қалада Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, онда бизнесмендерге «бір терезе» режимінде қызметтер кешені көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президентімен анықталған шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының бірі болып жеңілдік кредитке қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін 2012 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктердің және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды филиалы өкілдерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай-кредиттік қолдау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен 4 кездесу ұйымдастырылды.
Бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайту және рұқсат беру жүйені жеңілдету мақсатында және 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін кейінгі реформалау концепциясын орындау үшін ағымдағы жылдың маусым айында рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерді) және хабарладыруды түгендеу бойынша жұмыс жалғастырылды – қысқартылған рұқсат беру құжаттар (рәсімдер) тізбесі қайта қаралды және қалыптастырылды. Оңтайландыруға 22 рәсім ұсынылды
«Саран газеті» қалалық газетінде және бөлім сайтында қала кәсіпкерлері үшін хабарландырулар, нормативтік-құқықтық актілер, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттарына, қала кәсіпорындарының жетістіктеріне қатысты ақпарат тұрақты түрде жарияланады.
2012 жылы кәсіпкерлік қызметті дамыту және қолдау бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 1 млн. теңге бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |